Алла Тағала Құран Кәрімде: «Адам баласын ең көркем мүсінде жараттым» – деген. Ал, соның ішінде әйел адамды әлсіз әрі әдемі етіп жаратқан. Сол әдемілік пен сұлулық бұл дүниеде біреуді өзіне қарату үшін, мақтанып, рия жасау үшін немесе өзгенің теріс ниеттерін іске асыру үшін арналмаған. Шын мәнінде боямасыз сұлулық дегеніміз қандай болуы керек?! Алла Тағаланың нығметіне бөленген әйелдер қауымын сұлуландыратын бес сипатты ұсынамыз.
Жастық шақтағы ең терең әрі салиқалы ойлардың төресі – «жарымды қалай таңдаймын?», «жар таңдағанда неге мән беру керек?» деген сауалдар төңірегінде. Әйтеуір, біріміз Төлегеннің Жібегіндей, Абайдың Әйкеріміндей аруды аңсап жүрміз, ал екінші тарап қиялына Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары секілді иманды, парасатты жігіттердің образын сақтап қойған.
Өткен аптадағы ел-жұрт қызу талқылағантақырыптың бірі – Алексей Цой басқаратын Денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы болды.
Оспан батырды да Сталин кезінде өз жағына тартуға тырысып, қауіпсіздік министрлігінің барлау қызметінің басшысы генерал Ланфанг, кеңесшісі Греднев, Ішкі Істер министрінің кеңесшісі генерал Пахомов пен Моңғолиядағы Сәвет елшісі Ивановтарға батырмен байланысуды тапсырған. Осындай мақсатпен олар....
Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ бо- лады.
—Бір жолы бәйгеге қырық ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. Отыз атқостым, біреуі де келмеді. Бесатқостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана аман жетті. Аман жеткені сол— келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенім- де, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда, қоян...
Бір замандарда әкім (уәли) қызметінде болған бір кісінің тамаша бақшасы бар еді. Түрлі-түсті гүлдермен безендірілген, нағыз жанның тыныш табатын, демалатын жер еді. Бір күні әкім осы бақшасына келеді. Бұл жерде бағбанның....
Пәктікпен әрбір қыз ертелі - кеш қоштасады. Алғашқы жыныстық қатынас кез келген бұрымды үшін өте маңызды. Өйткені дәл сол мезетте ол өзін ер адамға ұнамды екенін сезініп, ләззатқа батады.
Теледидардан тікелей эфирден репортаж жүріп жатыр. Диктор қолындағы микрофонды жас бір қызға ұсынды: - Әсемдік тақырыбында бір зерттеу жүргізудеміз. Әсіресе, терінің сұлулығы неге байланысты деп ойлайсыз? - Әлі жеткілікті мөлшерде табыс таппайтын болғандықтан бетіме қияр қабықтарын жапсырамын. Кейде қияр кремін қолданамын. Сондықтан жылтырап тұр, әрине. Диктор жас әйелге барып: - Сіз ше, ханым, сіздің де бетіңізге ерекше....
Бір ретінде хазреті Осман исламды енді қабылдап мәртебеленген бір қауымға былай деп насихат айтады: «Ей адамдар! Арақ ішуден сақ болыңдар. Еш күмәнсыз арақ бүкіл жамандықтардың анасы болып табылады. Бір замандарда сендерден бұрынғы қауымдардың бірінде бір салих (жақсы) кісі болады. Өте көп ғибадат ететін. Бір күні бір ауылдан өтіп бара жатып жаман әйелге кезігеді. Әйел бір сылтаулармен оны алдап үйіне кіргізеді. Іште кішкентай бала және бір ыдыста арақ бар еді. Жаман ниетті әйел салих кісіні ішке кіргізіп, есікті жақсылап құлптағаннан кейін....
Сиқыр– Алла тағаланың үмбеттерін тексерудің ең күрделі сынағының жоғарғы формасы. Ғұламалар өз уағында жеке тәжірибелік тұжырымдамаларына сүйеніп айтқан: «Сиқырдыемдеудің екі түрі болады:біріншісі– емдеуші мен сыйқырланған адам қайтадан шайтанға жүгінеді, дуаны бұлайша қайтаруда мағына жоқ.Екіншісі– дұға оқу, Аллаға жалбарыну және басқа да рұқсат етілген тәсілдермен емдеу.»
Құрметті оқырмандар! 8 наурызға арналған тілектер мен құттықтаулар анаға, қыздарға, әпкеге, қарындасқа, сүйіктіге, әйелге арналады. Сіздерге ұнайды деген ниеттеміз!
Әрбір адам ұйқы кезінде қызықты және мағыналы түстер көреді. Көптеген адамдар, оның көмегімен болашақта болатын оқиғаларды білуге болатындығына сенеді. Адам түс көріп уайымдай бермесін деп қазақ мынадай мәтел айтқан: «Түс түлкінің боғы». Сондықтан әр қашан Аллаға сиынып, өзінен амандық тілейік. Бұл мақаладағы материалдар, Миллердің түс жору кітабы және т.б. алынған.
Алфавит бойынша түс жоруосы ақпаратымыз əр заттың артында мағына жататынына сенетіндерге арналған. Өз түсіңізге қол сілтемеңіз! Олар – сіздің ішкі жан-дүниеңіздің айнасы, оның бағыт-бағдарын бағыңыз. Мұқият болыңыз, бүгінгі түсіңіз сізге қандай сыр жасырмақ?Түс жору қазақша алфавит бойынша Түнде түсіңізге кірген тылсым, құпия түстің мағынасын білгіңіз келеді ме? Біздің түс жорамалдарымыздың арқасында күнделікті түсіңіздің сырын ашып, бүгігіңіз бен ертеңіңізді зерттеп, ішкі уаймыңыз бен шешілмеген сұрақтарыңыздың жауабын табуыңызға болады.
Елордада көпбалалы аналар, жалғызбасты әйелдер және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар "Кәсіпкер ана" жобасы аясында білім алып, жаңа мамандықты игере алады
Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен. – Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қыдырып, ет жеуге, тіпті, ыңғайсыз болған соң көк шолақ атты мінбей, қоя беріп, үйінде жататын бопты. Бір күні қатыны Зарауқа даладан үйге жұлынып, бір нәрсеге тырысқандай түсі бұзылып кіреді. – Біздің көк атты үлкен атамның ауылындағы кіші енем қолына бақан алып, қуалап ұрып жүр. Дәрісі, үйіне сүйкенді білем. Арам қатқыр, ішің сұйылғыр, – дейді. Зарауқа жылап жібереді.
– Зарауқа, сен оған намыстанбай-ақ қой. Оны мұнда ұстап алып келші. Бір жаққа мініп кетейін, – дейді.
Зарауқа көк шолақ атты ұстап әкеліп, ерттеп береді. Үсен домбырасын ішінен байланып, Асы деген жерде Албан деген елге бармақшы болып, жүріп кетеді.
Жылы жағалай қонып, үш күнде Асыдағы Албанға барады.
Күн батып кеткен кезде бір түйе жинап келе жатқан ақсақалды шалға жолыға кетеді. Ақсақалды шал Үсенге:
Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды. Бір күні бұл екеуі кеңесіп: – Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы. – Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты. Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықтай білуге және оны бағалай алуға үйрету.
Бұрынғы өткен заманда бір кемпір-шал болыпты. Бұларда жар дегенде жалғыз ұлы болыпты. Он үш жасқа келгенше ұлын далаға шығармай үйде баққан екен. Бір күні шалы тұрып:
—Кемпір, басқалардың үш жастағы баласы да далада ойнап жүр. Біз де баламызды сыртқа шығарсақ,—дейді.
Кемпірі мақұл болып, астына бір ат міндіріп, қолына екі ділдә беріп, «өз көңіліңе ұнаған бір нәрсені сатып алып кел»—деп баласын жолға шығарады. Бала қалаға келеді. Ешнәрсе алмай келе жатады. Өзі хат танымайды. Базар көрмеген. Көшеде бір топ баланың бір мысықты қуалап жүргенін көріп: —Бұларың не қылғандарың, балалар?—дейді. «Бұл қасапшының етін жеп қоймаған соң қуып жүрміз»,—дейді.
—Онда маған сатып беріңдер—дейді. Балалар: «Мақұл, ал!»—дейді. Бала екі ділдәсін беріп, мысықты үйіне әкеледі. Әке-шешесі қуанып:
—Әкелгенің жақсы болыпты. Арыстанның түшкірігінен жаралған жарықтық, үйге керегі бар,—депті. Және бір күні «Тағы сынап көрелік. Базарға тағы жіберелік» деп қолына төрт ділдә беріп, «Осыған көңіліңе жаққан бір нәрсе алып кел»,—деп баласын базарға жібереді. Бала базарды аралап, көңіліне еш нәрсе жақпай келе жатқанда бір топ бала ит қуалап алдынан шығады.....
Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді.
Бастың сол шекесіне «Ауызбен татсаң ауыздан туыламын», маңдайына «Ұлы жоққа ұл боламын», оң шекесіне «Қырық екі адамның басын алып хан боламын» деп жазылыпты. Қойшыға ой түсіп, мұның үш түрлі әулиелігін көрейін дейді де қуарған басты өртеп, күлін беліндегі кісесіне орап салып алады. Ешкімге білдірмейді. Бір күні қойшы күл салынған кісесін алдына қойып «Аузымен татқанға аузымен туылғаның қане? Ұлы жоққа ұл болғаның қане? Тәжі киіп, таққа отырып, хан болғаның қане?» деп өзіне-өзі сөйлеп отырады. Мұны қасына келген он бес жасар қызы естіп:
—Әке, өзіңіз жалғыздан-жалғыз күбірлеп отырсыз ғой, кісеңіздегі бұл не зат?—деп сұрайды.
—Балам, бұл бір улы зат. Дәмін татып көруші болма!—дейді әкесі. Ертеңінде қыз: «мен әкемнің жалғызы болсам да сырын менен жасырады, мұның қандай құпиялығы бар екен, не болсам да кісесіндегі күлден ауыз тиіп көрейін»,—деген оймен түйіншектеулі күлді шешіп, сұқ саусағын батырып, дәмін татып көреді. Осы кезде қыздың өне бойы шымырлап, жүйе-жүйесі босап, қайта-қайта түшкіріп, рухында ләззат сезім пайда болып, тұңғыш рет махаббаттың жан рахатына кенеледі. Аз уақыттан кейін көкірек шөлі басылғандай жан дүниесі тоят табады. Көп өтпей қыздың денесі ауырлап, дел-сал күйге түседі де жүкті болғандығының бейнесі байқалады. Қыздың шешесі мұны сезіп, «бұл қалай болғаны?» деп бір оңашада бұл сырын еріне айтады. Қыздың әкесі ойланып отырып әйеліне :....
Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.
Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір ескі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ет, ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы шаттардан, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір шолақ жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара ту биені иығына салып ала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайрылып:....
Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да:
«Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»,—деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын Жандыбатыр деп қояды.
Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде балаға бақ қонып батыр болады, өзі алпауыт дәу болады, отырған орнынан жетпіс кісі тұрғыза алмайтын болады.....
Баяғыда Мұрат деген кісі жол жүріп келе жатып қатты шаршайды, шөлдейді. Бір уақытта жалғыз үйге кез келеді. Үйге келсе, бір әйел отыр, әйелдің қасында екі күшік жүгіріп жүр. Мұрат бүгін осында қонайын деп үйге түседі. Өзінің қатты шаршап келе жатқанын Мұрат жаңағы үй иесі әйелге айтады: «Нансаңыз, мен бір жолаушымын, жол үстінде дәм айдап осы үйге келіп отырмын, бар тамағыңды пісір, бізге ақың кетпес, пұлын берем»,—дейді ол. Жаңағы әйел етке, қымызға Мұратты тойғызады, тамақ ішіп болғаннан кейін бір-бірінен жөн сұрасады. Әуелі Мұрат келе жатқан жағын айтады.
Жаңағы бейтаныс әйел осы иен далада неғып отырғанын айтады.
—Менің күйеуімнің бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс. Ол қазір адам іздеп, әрі малын бағып далада жүр, кешке қарай келеді. Ал маған көрсеткен қорлығы ұшан-теңіз. Мен адам атаулыны көрмегелі бірталай жылдар болды. Енді адам атаулыдан сізді көріп отырмын. Мені осы пәледен құтқара көріңіз,—дейді. Мұрат бұған ықылас білдіреді. Әйел: «Енді оның келуі алыс емес, біз енді кететін болсақ, тез кеткеніміз жөн, өйткені ол сондай жүйрік, біздің бір күнде жүрген жерімізге ол көзді ашып-жұмғанша жетіп келеді. Ал енді біз осы үйді жығып тастап, әр затын әр жерге қояйық, сосын балаларының бәрін үйден алыстатып біреуін батысқа, біреуін шығысқа, енді біреуін темірқазық жұлдызының бағытына қарай апарып тастайық. Содан кейін тез кетейік.....
Баяғы өткен заманда Құрман қойшы деген бір байдың қойшысы болыпты. Құрман сол байда он сегіз-жиырма жыл қойын бағыпты. Алатын ақысы бір жылға екі тоқтылы қой екен. Егер қой жоғалтса, ақысын бермей соның есебіне алады екен. Құрман қойшының тапқаны киіміне жарамай сол байдың қойын бағып жүре беріпті. Құрман қойшы бір күні қойын бағып тұрғанда төрт-бес шақырым жерден жанған от көреді. От жанған қалпында тура қойшыға қарай тартады. Құрман қойшы ойлайды, «апырмай, мынау от қалай жүреді. От болса жан-жағына тарап жанар еді және қара түтін шығар еді. Ал мына от жайылып жанбай, тура тартып келе жатыр» деп тұрғанда, от та, Құрман қойшыға жақындап келеді. Анықтап қараса, оттың алдында ұзындығы бір құлаштай ақ жылан қашып келеді екен. От қайтсем де сені күйдірем деп келеді екен, ал жылан қашып келеді екен. Жылан қашқан қалпында Құрман қойшының шалбарының балағынан кіреді. Ол жыланды балағынан кіргізбеуге үлгіре алмайды. От та кіруге ыңғайланғанда сабап сөндіреді. Жылан жорғалай омырауынан шығып, оттың өшкенін көріп, жерге түседі.
Жерге түскеннен кейін адам тілімен сөйлей бастайды: «Сен мені өлімнен құтқардың, мен сенің жақсылығыңды өмірі ұмытпаймын, сен мына қойды таста да менің соңымнан ер, мен саған өзімнің қызымды беремін»,—дейді. Қойшы байғұс қуанады, бірақ «қойды тастап кете алмаймын» дейді. «Сен қойға қам жеме, қойдың өздері кешке аман-есен үйлеріне барады»,—дейді. Қойшы амалсыздан жыланға ілесіп кете барады, бір жерге барғанда бір тесікке түсіріп алады, сонан екеуі жер астымен кете барады, бір жерге келгенде төбедей үйілген көп жыланға кез келеді. Құрман қойшы «осынша жыланға жем қылуға алып келе жатыр екен» деп, зәресі зәр түбіне кетіп, өңі қашып тұра қалады. Жылан оның қорқып тұрып қалғанын біліп, «жүр саған олар тимейді» деді, ол амалсыз ере берді, жылан үйілген жыланға келгенде қатты ысқырып еді, жыландар екі жаққа айырылып ортасынан қақ бөлініп жол берді.....
Ол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік.
Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін....
Мөлдір — мектеп жасындағы жасөспірім қыз. Әкесі ол бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде ауылдағы жалғыз ауруханаға практикаға келген бір бойжеткенге ғашық болып, үш баласы мен келіншегін тастап, сол сүйген адамының соңынан қалаға кеткен. Содан бері ауылға ат ізін салған жан емес. Жалғыз шешесі бастапқы кезде тосын қайғыдан есін жия алмай, елге қарауға беті болмай, қатты намыстанып, туыс-туғанмен қатыспай, той-томалаққа да бармай, томаға-тұйық жүрді.Кейін келе өзі сияқты күйеуі басқа әйелге кетіп қалған жалғызбасты әйелдермен жиі-жиі бас қосып, арақ-шарап ішіп, таң атқанша барқырай ән салып, балаларының бар-жоғын ұмытып кететін болды. Үйге қарауды мүлде қойды. Есіктен төрге дейін шашылған төсек-орынның кірден түсі көрінбейді. Бағатын адам болмаған соң, мал құтая ма, сауып отырған жалғыз сиыр да, оншақты қой-қозы да бір жылға жетпей, жоқ болды. Өлгені өлді, өлмегенін ұры әкетті. Әйел түгілі еркек жеңе алмаған арақ бірте-бірте Мөлдірдің анасын да біржола өзіне тәуелді етті. Бас жазатын арақ алуға ақша таппаса, бар ыза-кегін үш баласынан алатын, қыз-ау, кішкентай-ау деп аямай, қолына не түссе сонымен ұрып-соғатын. Ал қарғап-сілегенін естіген адамның төбе шашы тік тұрады. Оған “Қарағым, қой, балаларыңды ойла” деп, ақыл айта келген туыс-туғанның көңілі қалғаны соншама, олар бұлардың босағасынан аттамайтын болғалы қашан! Киімі алба-жұлба, үйінің іші-сырты қоқыс, балалары аш-жалаңаш әйелдің бар ойы – арзан шарап болса да, бірдеңе тауып ішу. Адам сияқты ойланудан қалған әйелдің құлқынын тесіп бара жатқан жалғыз нәрсе – ол тек ішу, мас болу ғана. Қақаған қыста отынсыз үйде дірдек қағып шыққан ашқарын балаларын анасы аямағанда, кім аясын? Көршілері де олардан баяғыда теріс айналған. Балалардың ішінде бас көтерері – Мөлдір......
Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар. Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім. Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық. Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты. - Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар......
Көшеде келе жатып, үйленді деп естіген танысыма жолықтым. Аялдамада әңгімелесіп отырып қалдық. «Құс құтты болсын» деп қолын алдым. Ол қуана қоймады. «Келін қайдан?» дедім. «Солтүстіктен» деді. «Келініңіз міне мынау» деді соткасынан көрсетті. «Үлбіреген періште ғой мынауың» дедім. «Баяғыда біреу елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай деген екен, соның кебін киіп тұр бірақ» деді ол өкінгендей. Сөйтті де: «Жаңағы үлбіреген бет мені алдап соқты ғой» деді күрсініп. «Неге?» деп мен шошып кеттім. «Келін тура жиырма сегізде, бір баламыз бар. Келісті денеге, үлбіреген бетке мәз болып, бәріміз алданыппыз. Алғаш көргенде үй ішім де қуанған. Бәрі оны періштеге теңеген. Сөйтсек, салақтың салағы, көк долы болып шықты. Алғаш анам ары үйретті, бері үйретті. Бір дастархан жиюды бір апта үйретті. Әйелге тән қасиеттердің бәрін үйрету мүмкін емес. Ыдыс-аяқты таза ұстау, үйді жию, бәрінен мақұрым. Анам үйрете-үйрете ығыры шығып, бізді бөліп қойды. Бөлек тұрғаннан кейін дастарханды ашып қалсаң, не жоқ. Шаш қыстырғыш, вареньенің үстінде өлген шыбын, тазалап отырып нан жейсің. Айтсаң, бәлеге қалдың, тілі ұзын, шулатып жібереді. Адам өз кінәсін түсініп, ұялушы еді. Бұл шу шығарып, қорқытады. Жуылмай үйілген ыдыс, төсекті бір аптада бір жинамаймыз. Жата кетеміз. Мені де үйретіп алды. Бірде үйде кіре беріп, жуылмаған ыдыс-аяқтың арасындағы горшокты қағып кеттім. Неге төкпейсің, баққаның бір бала, неге үйге қарамайсың деп еркек болып ұрыстым. Жап аузыңды, менде бар қол, сенде де бар, алып тастап өтпейсің бе деді ол. Кісі келеді десе, зар жылайды......
Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…
Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа жанды, Ләззатты жақсы көремін…
Келесі күні үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрсе жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай, бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шартын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай, жасырын ұстауымды сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп — жалғыз ұлымыз Асқардың 1 айдан соң университетке түсетіндіктен, қабылдау емтиханы кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім. Екінші шарты да бар. Үйленген күні, есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апарып жүруімді сұрады. Басында «Есінен ауысқан ба?» деп ойладым. Бірақ, өткен жылдардың құрметіне келістім.....
Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ойындары, фольклоры. Қазақ халқы бұдан кенде емес. Халық аузында жүрген әрбір мақал-мәтелдің немесе тыйымның өз тәрбиелік мән-мағынасы бар. Бірақ, қазіргі жаһандану заманында бұл құндылықтар өз бағасын жоғалтып, өткеннің еншісінде қалып бара жатқандай. Оны айтып, ескеріп отыратын көнекөз қарияларымыздың да бүгінгі келбеті мүлдем бөлек. Ақ жаулығын таққан әже мен ақ сақалы мен тақиясы бар атаны бүгінде кезіктіру өте қиын. «Заманына қарай адамы» дегеннің әсері болар. Заман талабына қарай өзгере беретін болсақ, ұлттық құндылық түгілі, шыққан текті ұмыту қиын емес бұлай. Өйткені бүгінгі «заманауи» жас отбасылар ата-ана қадірі, туыстық байланыс, салт-дәстүрді біле бермейді. Барлығына топырақ шашудан аулақпын. Бұның барлығын өте жақсы білетін де жандар жетерлік. Өйткені, олар «отбасы институтынан» тәлім алған. Сол алған білімді ары қарай өз ұрпағына үйретіп, үнемі қайталап отырады.
Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын, пайдалы азамат шықпайды»,- деген сөзі бар. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде оның ататегін қоса үйреткен жөн. Жан-жақты болсын деп бірнеше шет тілін үйрету, бос уақыты болмасын деп түрлі үірмелерге жазып қою бүгінгі күннің «тенденциясы» деп те айтуға болатын шығар. Өзге тілді үйренемін деп, ана тілін білмей шүлдірлеп жүрген талай қара домалақтарды көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Сонда өз тілін білмеген бала өзге тілді қалай сыйлайды?! Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Бірақ, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың өз алар орны бар екенін жас ата-аналар ұмытпаса екен.......
Арабтың бiр қаласы шаһар Бағдат, Өткенi талай ғасыр, бұл ақиқат. Халқында Нәби Шайбан бiр туысқан, Дос болды ақыреттiк екi адамзат. Бекiлген қияметтiк достық шарты, Бiрi — Қамам, бiрiнiң Қалел аты. Жан қиған екеуiнiң достығына, Таң қалды Нәби Шайбан барлық халқы. Екеуi екi қышлаққа әкiм болған, Жүргiзген әдiлдiкпен үкiм қолдан. Перзентсiз елу жасқа келдi екеуi, Болмады еш перзентi қыз бен ұлдан. Әйелi екеуiнiң жүктi болып, Уақтылы тоғыз ай мен он күн толып, Қамамның әйелiнен ұғыл туды, Қалелдiң әйелiнен бiр қыз туып. Қыздан ұл бұрын туды алты сағат, Дүниеге келiп қалды екi бекзат. Той жасап қыздың атын Күлше қойып, Балаға Орақа* деп қойылды ат. ....
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген, Оқ даусы мәңгілік жойылсын. Бомбаның орнын тегістеген, Күректер музейге қойылсын. Соғыс. Бұл сөзді айтудың өзі жүрекке ауыр тиетіні хақ. Бұл - адамзатты құлдырататын күш! Дәл осылай! Соғыс – қорқынышты кинолардағы аузынан жалын атқан аждаһа дерсің. Соғыс - барыңды жалмап кететін, жеріңді оттай шоқ ететін, әлемдегі тіршіліктің көзін жоятын тажал. Сол қанды кезеңді газет-журнал материалдарынан, кинолардан көріп, көркем шығармалардан оқи отырып-ақ жаның түршігеді. Көз алдымызға елестетудің өз қиын. Ал сол соғыста жанын пида еткен ата-әжелеріміздің ерлік істерін ұмыту – бар тарихымызды өшіріп тастаумен тең. Жетпіс жылдан астам уақыт өткенмен де, осы күнге дейін еш нәрсе де ұмытылған жоқ. Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар?! - деп Сырбай Мәуленов атамыз жырлағандай, бұл соғыс талай отбасына қиыншылық әкеліп әкесінен, бауырынан айырды. Ұлын күткен ананың, әкесін күткен боздақ баланың жолға қараумен екі көзі төрт болып, жақындарын асыға күтті. Оларға деген сағынышы хат болып майдандағы жауынгерлерге барып жатты. Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық мақаласында болашақ үшін күресетінін былайша жазып кеткен болатын: «Менің досымның баласы бар, біздің артымызда өсіп келе жатқан жас буындар бар» деп, кейінгі ұрпақты бел етіп мен талай қуанбадым ба! Сенің кішкентай бөбегің маған күш-қуат бола алды ғой, Шығыс ұлы!». Ал, «Өмір мен өлім туралы» публицистикалық мақаласында «Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі... Ал естігенің де құрметтеп, бас иетін өлім бар! Ол – майданда ерлерше өлу» деген жолдардан өзі осы майданда қаза болса да, Біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін жанын қиятынын анық түсіне аламыз. Мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев та он жасынан өлең шығара бастағанын жақсы білеміз. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген болатын. Әкесі Сүлеймен тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпен қаза тапты. Сәби жүрек соғысқа кеткен әкесін сағынып, ең алғашқы жыр шумақтары әкеге деген сағыныштан туған еді........
Алматыда 60 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлаған. Бұл туралы жеткіншектің анасы айтып, жанайқайын жеткізді. Туған қызына өзінің кездесіп жүрген ер адамы зорлық көрсеткен. Алайда шырылдаған ана қызының зорланғанын бес ай бойы жасырып келіпті. Өйткені ер адам оны «өлтіремін» деп қорқытып келген, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Қойшы, екінші әйел ме, көңілдес пе тауып ала салсыншы. Қызғанбай-ақ та қойдым, маған тек тыныштық керек. Басқа ештеңе сұрамаймын. Балаларымды өзім асырай аламын. Онсыз да оның қатырып жатқаны шамалы.....
Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем салып отырады. Күйеудің туғандары, ағайындары бәрі отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйым шүберек байлап алып шығып отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады....
Сабақ: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ 5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды, кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.....