Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары
Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын-алу шаралары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ҚАННЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
1.1 Қанның физика және химиялық қасиеті.............................................................
1.2 Сыртқы факторлардың қанның морфофизиологиясына әсері.......................
1.3 Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен темір тапшылығының туындауы...................................................................................................................
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары мен орындары...............................................................
2.2 Қанның формалық элементтерін зерттеу......................................................
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
3.1 Анемия..............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н. Қазақстан халқына ұсынған «Қазақстан-2030» атты болашаққа бағытталған даму бағдарламасында, ең маңызды мәселенің бірі ретінде отанымыздың саяси, қорғаныс, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету деп атап өткен. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың бірден-бір жолы Республика тұрғындарының денсаулығы мықты, физикалық белсенділігі жоғары жастардың санын арттыру болды.[1]
Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік саясат халық денсаулығын басты назарда ұстап келді. Көп ұлтты, көп дінді зиялы қоғам құруға бағыт ұстанған Қазақстан Тәуелсіздікке ие болғаннан бастап өзінің өміршең мемлекеттік саясатын халық денсаулығы деп жариялап келеді.[2]
Халықтың денсаулығы – қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылды. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның, ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ-балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту–қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің бірі болып табылады. [3]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экологиялық зардаптар бүкіл адамзат ауруларының 33%, уыттанудың, 68%, астманың 44 %, онкологиялық аурулардың 19% және 1,3 млн. қатерлі ісіктен қайтыс болудың себептері болып табылады. [4]
Жер жүзінде экологиялық апатты аймақтардың пайда болуы, жаңа технологияларды қолданысқа кеңінен енгізу, урбанизация факторлары иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан бастап иммундық тапшылық ауруларына дейін әкеледі.
Әлемде, 2002 жылдан бастап ауа ластануынан қайтыс болғандар саны автокатастрофадан мерт болғандардан асып түсті. [5]
Иммундық жүйенің сезімталдығы антропогендік факторлардың тірі ағзаларға әсерлерін ерте басын анықтайтын бірден – бір индикаторлық көрсеткіш болып табылады. [6]
Иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін бірден- бір фактор қанның- морфофизиологиялық көрсеткіштерінің ауытқуы қазіргі заманғы денсаулық саласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің аз зерттелуінен жоғары мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіз адамдардың көбеюіне себеп болып отыр.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын жасушалардың мүшелерден қан айналымына ауысумен кері қайтуына арнайы лимфоидты мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы.[7]
Иммунды жүйе-қозғалмалы және үздіксіз жаңарып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның не жеке құрылымның сақталуына зор ықпал етеді. Иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін иммунитетті құрайды. Адам денесіндегі иммунды жүйені құрайтын мүшелердің жалпы салмағы шамамен 1,5- (1012 лимфоидты жасушалар). Анатомиялық тұрғыдан иммунды жүйенің қарым қатынасы бөлек болып көрінеді. Оның мүшелері мен жасушалары бүкіл денеге шашырап тарағанмен, олар тұтас бір жүйе қан және лимфа тамырлары мен байланысқан.[8]
Қан – тіршілік ету үшін өте қажет сұйықтық. Қанның негізгі қызметтері тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады, оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді, ішек – қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды тіндерге жеткізеді. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Қан жасушалары плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат улы заттарды бейтараптайды. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады. Қандағы биологиялық әсері күшті заттар – гормондар, медиаторлар, метоболиттер ағзалар мен тіндерге өтеді.[9]
Өзге жүйелер секілді иммундық жүйенің қызметі де бұзылуы мүмкін. Жалпы қызметінің бұзылуын 3 түрге бөліп қарастырсақ болады.
- иммундық жүйенің деффектісі немесе жетіспеушілігі (туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік);
- аутоагрессия дененің қалыпты компоненттеріне қарсы (аутоиммундық аурулар) және антиген-антидене (иммундық комплексттік аурулар) комплексінде артық өнім жиналуы;
- иммундық жүйенің осы немесе басқа буынында, басқа буындардың қызметіне зиян келтіретін гипертрофия белгілерінің (гипергаммаглобулинемия, буынның ауыр аурулары және т.б.) дисфункциясы.
Иммундық жүйенің толық құндылығын және оның жұмыс жасауының патологиялық бұзылуларын бағалау үшін арнайы клиникалық және лабораториялық әдістер қажет. Фундаметальды иммунологияның жетістіктері негізінде оларды өңдеу және клиникалық практиға ендіру клиникалық иммунологияның бірден бір басты мақсаты. Иммундық жүйенің қызметі бұзылса, көптеген қауіпті ауруларға (инфекциялық үрдістер, аутоиммундық бұзылулар, ісіктер, аллергия және т.б.) әкеліп соғады, сондықтан да клиникалық иммунологияның маңызы зор. Органдарды ауыстыратын донорларды іріктеу, трансплантациялау және аутоиммундық ауруларды емдеуде иммунодепрессивті терапия жүргізу, жас сәбиді - ана мен сәбидің резус-сәкессіздігінен туындайтын гемолитикалық ауруларға шалдығатынын ескерту, ракты емдеуде иммунотерапиялық және диагностикалық әдістерді өңдеу сияқты клиникалық иммунологияның маңызды тапсырмаларын қосқанда, клиникалық иммунология сөзсіз керек болады. [10]
Жұмыстың өзектілігі:
Бұл мәселе бойынша зерттелу жұмыстары өте сирек және оның барлығы дерлік клиникалық негізде орындалған болып шықты, ғылыми негіздерін жасау, бұл мәселені шешудің жаңа сапалық тұрғыдан қарастырудың бір бағыты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:
Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын-алу шаралары
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- Темір тапшылығы анемиясының белгілері мен туындау себептерін анықтау.
- Темір тапшылығы анемиясының алдын-алу шараларын қарастыру.
1 ҚАННЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
1. 1 Қанның физика және химиялық қасиеті
Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттар мен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзеді де, қанның түсі қызыл күрең тартады. [11]
Қанның келесі физикалық қазметі-оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршікрері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұрақтылығы қанның қоюлануына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұрақтылығы әдетте судың тұрақтылығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұрақтылығы 1,7-2,2. [12]
Қан сарғылттау келген сұйық зат-плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жазушаларынан, яғни пішінді элеметтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8 процентіне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер. (лейкоциттер), қан пластинкалары-тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58 процентіне, қан жасушалары 42-48 процентіне тең. Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48 процент, ал қанның әр литрінде 0,42-. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады. [13]
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер(лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер.Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары -42-48%-не тең
Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48%,ал қанның әр литрінде 0,42-.Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.
Плазманың құрамы 90-92 %-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады.Соңғыларының 8-9 %-i органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9%-0,1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%).Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (α,β,γ) фибриноген. Альбуминдер мен фибринтген бауырда, глобулиндер бауырда және кемігінде, көкбауырда,лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт, қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот болады.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
- тасымалдаушы қызмет – қан клеткаға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т. Б.) тасымалдайды. Қанмен бірге гормондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізіледі, клеткалардан көмір қышқыл газ алынып кетіледі;
- қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіліктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (клетка иммунитетті) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
- жылу реттеуші қызмет.толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді.Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
- байланыстырушы(коррелятивтік) қызмет.Әр түрлі мүшелер мен клеткалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездірі бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм клеткаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан әр түрлі клеткалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат – плазмадан және қан түйіршіктерінен (клеткаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктер (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60% -ын плазма, 40-45%-ын қан клеткалары құрайды.
Дененің жалпы массасының шамамен 6-8 пайызы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,5- қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде көбірек, ал семіз малда –азырақ болады
Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттар мен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзеді де, қанның түсі қызыл күрең тартады.
Күкірсутек (H2S) әсерінен сульфгемоглабин түзілсе қан қарайып кетеді. Гемоглабиннің оттегімен тұрақты қосындысы метгемоглабин қосындысынан қан қоңыр түске боялады. Қанның иісі оның құрамындағы тез буланатын май қышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, м.с. 1,050-1,060, плазманың м.с.-нан (1,025-1,035) жоғары, бірақ эритроцит тығыздығынан (1,090) төмен.
Есейген балаға қарағанда жаңа туған нәрестеде қанның меншікті салмағы едәуәір басым. Меншікті салмағы негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физикалық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп мөлшер саны артады. Жаздың өте ыстық күндері адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жұмыс істеп, қатты терлесе қанның меншікті салмағы 1,070-1,077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Науқас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық сұйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның тығыздығы азаяды. [14]
Қанның келесі физикалық қызметі оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұрақтылығы қанның қоюлануына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұрақтылығы әдетте судың тұрақтылығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұрақтылығы 1,7-2,2.
Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қаны қоюланып, эритроциттер саны көбейеді де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетеді, бірақ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланікімен теңеледі (4,6-5). [15]
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі –осмостық (итерме) қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасында мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық мөлшері мен осмостық қысымынан аз-көптігі еріген бөлшектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, еріген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады.Қанның осмостық қысымының 60%-і ас тұзы (NaCI) иондарына байланысты. Плазма құрамында белок көп (7,2-8,5%). Бірақ оның молекулалары ірі болатындықтан саны бейорганикалық зат иондарының санынан аз, сондықтан қанның жалпы осмостық қысымының 1/200 бөлігі ғана белок қысымына байланысты. Қанның осмостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте қанның қату температурасы (депрессия көрсеткіш) 0,56-. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5-7 ,6 атмосфераға тең, ал СИ жүйесі 302-.осм/л. Қан жасушалары мен плазманың осмостық қысымдары бірдей. Қанның белок молекулалары тудыратын онкос қысымы коллоидтық-осмостық қысым деп аталады. Ол 0,02-0,03 атмосфераға не сынап бағанасы бойынша 25-30 мм-ге тең. СИ жүйесі бойынша 2,0-.осм/л. Онкостық қысым аз, бірақ оның қан-тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап тұру) қасиеті өте жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұйықтығының сыртқа шығуы тоқтайды да тіндегі судың қан тамырына өтуі үдейді, сондықтан тамырдағы қанның көлемі плазмалық белок мөлшеріне байланысты. Сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға немесе кері қарай тінге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару үрдістері қандағы белок деңгейіне де байланысты. [16]
Осмостық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Мысалы, жылы қандылар үшін 0,85-0,9% NaCI ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп аталады. Қанға қарағанда тұзы аз болса-гипотониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде су тіндерге қарай өтетін болғандықтан олар ісіп кетеді.Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкостық қысымдар, тіршілік үрдістердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.
Адам қанның осмостық қысымы – бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарымен судың ара – қатынасы. Суды сіңіріп немесе қанға өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасымалдаушы ретінде тануға болады.
Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның бөлімдері осмостық қысымның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі-гипоталамус қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта сіңуі күшейеді. [17]
XIX ғасырдың аяғында Гамбургер қанның осмостық тұрақтылығын сақтауда, зат алмасуы барысында түзілген өнімдер мен суды, артық тұздарды уақытында сыртқа шығарып отыруда бүйрек т.б.ағзалардың айрықша мәні бар екенін дәлелдеді. Ол жылқының венасына күкірт қышқылды натрийдің 5%-тік ерітіндісін құйып тәжірибе жасады. Мұның нәтижесінде осмос қысымы көтерілмейтінін, тіпті өзгерместен бұрынғы қалпында қалатынын, бірақ ерітінді құйған соң 8-10 минут өтісімен аталған тұз ерітіндісі бүйрек арқылы яғни несеппен бірге сыртқа шығатынын байқайды.
Қан реакциясы сутегі (H) мен гидроксил (OH-) иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші (Рh) өте тұрақты гомеостаздың көрсеткіштерінің бірі. Мұның үлкен мәні бар; реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік үрдістер дұрыс бағытта өтеді. Қанның реакциясы-сәл сілтілі, вена мен артерия қанында бірдей емес. Вена қанында көмір қышқылы көбірек, сондықтан оның реакциясы (Рh) 7,35-7,36: артерия қанында 7,4-7,42 яғни сілтілеу келеді. Жасуша ішінде зат алмасу өнімдерінің көбеюіне байланысты Рh төменірек (7,0-7,2) , яғни қышқылдың Рh мөлшері әдетте 7,0-7,8 аралығында,бұдан әрі өзгерсе, ол тіршілік үшін қауіпті. PH ұзақ уақыт 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе де адам өледі. Тіршілік үрдістері барысында сутегі мөлшері көбейіп кетеді, әсіресе ауыр жүмыс істеген кезде көмір қышқыл газы, сүт қышқылы т.б. көптеген зат амасу өнімдері үздіксіз қанға өтеді де сутегі мөлшерін өзгертеді. Бірақ адам мен жануар денесінде сілті-қышқыл тепе-тендігін қамтамасыз ететін, яғни Ph мөлшерін бірқалыпты сақтайтын арнайы және күрделі әрекеттік жүйе бар. [18]
Плазманың құрамы 90-92%-ы судан, қалғаны құрғақ заттардан құралған. Соңғыларының 8-9 %-ы органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%, 0,9-1% бейорганикалық заттар. Бұлардың көбі ас тұзы органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин, фиброноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көк бауырда лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар, түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі көмір қышқылды газ, азоты болады. [19]
Эритроциттер – қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0х1012 эритроцит болады. әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7-4,5х1012. эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х1012 оданда төме) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да науқастардада кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық бөліп екі топқа бөлінеді.сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігіндетүзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қанқойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.
Абсолюттік эритроцитоз тінде оттегі азайғанда (гипоксия) болады. гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді. Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5-5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз – өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауының салдары не қан аурулары кезінде де болуы мүмкін.
Эритроцит – ядросыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядррсынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритоцит өз денесіндегі заттар тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді. [20]
Көлденеңнен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды: оның диаметрі 7,2-8,0 мкм,қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.
Эритроцит бетінің ауданы 140мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса , олардың ауаны 3000м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым.
Эритроциттердегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялық құрамы жағынан- хромопротеид, м.с. 68000. гемоглобин 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады. [21]
Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобиннің бірнеше түрі бар. Ересек адамның қанында А гемоглобині, ал эмбрионда ұрық НвР-сі көп. Эмбрион гемоглобині оттегімен лезде реакцияға түседі, ол екеуінің тартқыштық дәрежесі күшті. Адам денесінде қан, ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орй ер адам қанында гемоглобин көп болады. Ер адамның бір литр қанында 130,0-, әйелде 120,0- гемоглобин бар. 1л қанда ең көп дегенде 166,7 г/л Нв болады, бірақ оның мөлшері өзгеруі мүмкін, ол эритроцит санына сәйкес келе бермейді, кейде эритроцит саны азайғанымен Нв мөлшері қалыпты деңгейде қалады, ал екінші бір жағдайда эритроцит саны қалыпты болғанымен Нв мөлшері азайып кетеді. Сондықтан да, дәрігерлік жұмыста әрбір эритроциттегі гемоглобин мөлшері анықталады, қанның реңдік көрсеткіші есептеп шығарылады. [22]
Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Ұю қасиетінен айырылған қанды мензуркаға құйып бір сағат сақтаса қанның ең жеңіл бөлігі-плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы әр түрлі болады.
Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1-, әйелдерде 2-15мм. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады. Сағатына 30-. Жаңа туған нәрестелерде -0,3-,сағат. Денеде қабыну процесі басталса эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі. Эритроциттердің тұну жылдамдығы арқылы қабыну процесінің күшейгенінде бесеңдегенін білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірнеше рет анықталады. [23]
Эритроциттердің тұну себебі туралы көптеген пікірлер бар. Солардың бірі - эритроциттердің тұнуы -физикалық құбылыс, сондықтан эритроциттердің тұну жылдамдығын физика заңымен түсіндіруге болады. Мәселен, плазмаға қарағанда эритроциттердің меншікті салмағы жоғары, сондықтан да олар тез тұнады. Бірақ көптеген тәжірбиелер бұл пікірді растамайды.
1. Жылқы мен бұқа эритроциттерінің меншікті салмағы бірдей, бірақ жылқы эритроциттері тез шөгеді.
2. эритроцитер әдетте -жүзіп жүрген кішкене түйіруіштер.
Олар көпке дейін тұнбайды. Тұнар алдында олар бір-бірімен жабысып, теңгелер тізбегі сияқты бағана құрады. Демек, эритроциттер конгломерат күйінде тұрады. Сондықтан, конгломерат құрылуын тек физикалық заңдылықтар мен не белгілі бір химиялық затқа тән қасиеттермен түсіндіру қиын. [24]
Жүзіп жүрген бос түйіршіктер ретінде эритроциттер тұнатын болса, жоғарыда айтылған қағида бойынша эритроциттердің тұну дәрежесі плазманың тұтқырлығына байланысты болар еді, плазма неғұрлым тұтқыр болса, соғұрлым тұнуы баяу, керісінше плазма тұтқырлығы аз болса, эритроциттер соғұрлым тез тұнуға тиіс. Бірақ тәжірбие жүзінде плазма неғұрлым тұтқыр болса, эритроциттер соғұрлым тез тұнатыны байқалады. Бұл тәжірбиелердің мәнін физика-химиялық теориялар арқылы ұғуға болады.
Эритроциттердің тұнуы мен плазма қасиеттері мен өзара байланыстылығы анықталды. Бұл қан құрамындағы плазма мен эритроциттерді «айқастыра» араластыру арқылы дәлелденді.
Ер адам эритроциттерін екіқабат әйел плазмасына тоғытса, ал екіқабат әйел эритроциттерін ер адамның плазмасымен араластырса, эритроциттер шөгуінің өзгеруі плазма иесіне байланысты. Ер адам эритроциттері екіқабат әйел плазмасында тез шөгеді де, екіқабат әйел эритроциттерінің тұнуы ер адам плазмасында өте баяулайды. Мұның себеді жүкті әйелдер плазмасындағы құрамында дисперсиялық белоктар көбейіп кетеді. Әсіресе фибрингоген, иммундық глобулиндер мен гаптоглобулиндер көп болса, эритроциттер тез тұнады. Эритроциттер плазмада жеке дара жүзіп жүреді, яғни суспензия құрады. Эритроцит мембранасының сыртқы бетінде дене жасушаларына қарағанда сиан қышқылы көбірек, сондықтан әр эритроцит теріс зарядталған. Біріңғай зарядталған эритроциттер бірін- бірі теуіп, бір-біріне жақындай алмайды, көпке дейін шөкпейді. Қан белоктары теріс зарядталған, бірақ олардың заряды өте әлсіз. Белок мөлшері көбейсе, ал эритроцит бетіне адсорбцияланып, оның заряд күшін төмендетеді. Сондықтан бір- бірін жөнді тебе алмайды. Эритроциттер бетінде адсорбцияланған белоктар оның жабысқақтығын күшейтеді, сөйтіп эритроциттердің бір- бірімен жабысуына жағдай туғызылады. Эритроциттер жабысып «теңгелер тізбегін» құрып тез тұнады.
Эритроциттердің шөгуіне басқа себептер де әсер етеді. Мәселен, холестериннің, эритроциттер санының, плазмадағы қышқыл қалдықтардың көбеюі эритроциттерді тез тұндырады. [25]
Адам денесінде көптеген жағдайда жоғары температураның әсері болса, онда бұлшық еттердің желденуі ұлғайады. Бірақ бұл реакция адам денесіне әсер ететін температуралық өзгерістің бәріне бірдей ортақ емес. Ғылыми зерттеулердің деректеріне қарағанда, гипервентиляция, яғни адамның дем алу ырғағының жылдамдауы айналымдағы қан көлемінің азайуынан және қан айналудың бұзылуынан туындайды. Осыған байланысты, қан және ми-жұлын арасындағы сұйық қысымының өзгерістері көп ғылыми деректерге негіз бола алады. [26]
Қоршаған орта температураның жоғарлауынан туындайтын дене дегидратациясы организмдегі су көлемінің кемуі өкпенің желденуін азайтып, тыныс алу жиілігін кеңейтеді. Осы құбылыс жобаларға жүргізілген ғылыми тәжірбиеде анықталған. Ғылыми зерттеулердің қорытындысына қарағанда, ауа температурасының жоғарлауынан тыныс алудың жылдамдау мүмкіндігі айналымдағы қан қысымы мен көлемінің төмендеуі арқылы немесе қанның қоюлануынан жүзеге аспай қалады. [27]
Жүрек қан тамыры жүйесінде ауа температурасының жоғарлауына байланысты туындайтын өзгерістер көбінесе шеткі қан тамырларының кеңейуі арқылы жүзеге асады.
Осыдан айналымдағы қанның көлемі айтарлықтай жоғарлайды. Шеткі қан тамырларының кеңейуі айналымдағы қанның көлемінің артуымен жалғасын тапса, онда қанның қысымы мен көлемінің өзгеруіне өте сезімтал.
Сондықтан, кейбір адамдарда ауаның өте ыстық кезеңінде туындайтын ортостатикалық реакцияны, орталық жүйке жүйесінің жауабы деп қарастыру керек. Осыдан жүрек соғысы жылдамдайды, алайда шеткі қан тамырларындағы қан айналымы толық қамтамасыз етілмесе және жүрекке келетін вена қанының көлемі артпаса, онда қан қысымы күрт төмендейді. Жүрек пен қан тамырларының жұмысында декомпенсациялық жағдай қалыптасады. Жүректің жұмысы артады, бірақ жүрек жұмысының өнімділігі төмендей береді. [28]
Эритроциттердегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялық құрамы жағынан- хромопротеид, м.с. 68000. гемоглобин 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады.
Ұю қасиетінен айырылған қанды мензуркаға құйып бір сағат сақтаса қанның ең жеңіл бөлігі-плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы әр түрлі болады.
Кесте-1. Қан плазмасының химиялық құрамы.
плазма | Мөлшері | плазма | мөлшері |
компоненттері | % | компонеттері | % |
су | 90,5 | Натрий | 0,3 |
белоктар | 8 | Калий | 0,02 |
Липидтер | 0,3 | Кальций | 0,012 |
Нейтралды май | 0,2 | Магний | 0,0002 |
Глюкоза | од | Хлор | 0,35 |
Мочевина | 0,03 | Гидрокарбонат | 0,16 |
Несеп қышқылы | 0,004 | Фосфат | 0,03 |
Креатин | 0,006 | Сульфат | 0,02 |
Амин | 0,008 | ||
қышқылдары |
Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1-, әйелдерде 2-15мм. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады. Сағатына 30-. Жаңа туған нәрестелерде - 0,3-,сағат. Денеде қабыну процесі басталса эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі. Эритроциттердің тұну жылдамдығы арқылы қабыну процесінің күшейгенінде бесеңдегенін білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірнеше рет анықталады. [29]
Гемолиз- эритроциттердің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір.. Әсер ететін түрткілер түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады. Олар: физиологиялық гемолиз, осмостық гемолиз, химиялық гемолиз, биологиялық гемолиз, термиялық гемолиз, механикалық гемолиз, электрлік гемолиз деп бөлінеді. [30]
Қанда лейкоцит санының көбейуі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеуі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Дені сау адамдардың лейкоциттерінің барлық түрінің сипаттамасын 1-ші кестеден көруге болады.
Кесте-2. Дені сау адамдардың лейкоциттерінің барлық түрінің сипаттамасы
Сипаттама | Нейтрофилдер | Эозинофилдер | Базофилдер | Лимфоциттер | Моноциттер | |
Таяқша ядорлы | сегменттіядролы | |||||
Саны % | 1-6 | 47-72 | 0,5-5 | 0,1 | 19-37 | 3-11 |
Абс.саны х106/л | 40-300 | 2000-5500 | 20-300 | 0-65 | 1200-3000 | 90- 600 |
Ядро формасы | Жалғыз таяқшалы 3-4 сигментті | 2-3сигменттен тұрады | 2 формадан тұрады | Анықталмаған | Бұршақ тәрізді | Полиморфты |
Бояуы | Қанық күлгін | Қанық күлгін | Күлгін | Күлгін | Қанық күлгін | Ашық күлгін |
Цитоплаз-ма | Қызғылт | Қызғылт | Ашық қызғылт | Ашық қызғылт | Жіңішке көкшіл ойыс | Ақшыл көк |
Түйіршікті | Көп,ұсақ,ашық күлгін | Көп,ұсақ,ашық күлгін | Көп,ірі,қызғылт | Аз,тегіс емес, күлгін | Жалғыз,күлгүн, түйіршікті | Тұрақсыз,ұсақ,ашық күлгін |
Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (қатты шаттану, зорығу) салдары болуы мүмкін. Эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да, қан түзетін ағзаларды тітіркендіреді. Бірақ, лейкоцитоз қан түзетін ағзалар қызметінен тысқары жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. [31] Жас ерекшелігі бойынша лейкоцит пен лейкоцитарлық форманың өзгеруін 2- ші кестеден көруге болады.
Кесте – 3. Жас ерекшелігі бойынша лейкоцит пен лейкоцитарлық форманың өзгеруі.
Жасы | Лейкоциттер х10 9/л | Лейкоцитарлық форма,% | ||||
Нейтрофилдер | Лимфоциттер | Моноциттер | Эозинофилдер | Базофилдер | ||
2-4 апта | 10,25 | 26,0 | 58,0 | 12,0 | 3,0 | 0,5 |
1-6 ай | 12,0 | 27,0 | 57,0 | 11,0 | 2,5 | 0,5 |
7-12 ай | 11,0 | 31,0 | 54,0 | 11,0 | 1,5 | 0,5 |
1-3 жас | 11,0 | 36,5 | 51,5 | 10,0 | 1,5 | 0,5 |
4-5 жас | 10,0 | 45,5 | 44,5 | 9,0 | 1,0 | 0,5 |
6-8 жас | 10,0 | 44,5 | 45,0 | 9,0 | 1,0 | 0,5 |
8-10 жас | 8,6 | 51,5 | 38,5 | 8,0 | 2,0 | 0,5 |
10-12 жас | 7,9 | 52,5 | 36,0 | 9,0 | 2,0 | 0,5 |
13-14 жас | 8,3 | 56,5 | 32,0 | 8,5 | 2,5 | 0,5 |
14-15 жас | 7,6 | 60,5 | 28,0 | 9,0 | 2,0 | 0,5 |
Ересектер | 4,0-9,0 | 48-79,0 | 19-37,0 | 3-11,0 | 0,5-5,0 | 0-1,0 |
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттердің ең басты қызметі – оның фагацитоздық қабілеті. Бұл И.И.Мечников зерттеулерінде анықталған. Фагацитоз – обыру, жұту, қармап алу, жасуша деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда қармап алатын жасуша қорытады. Демек, фагоцитоз деп денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды лейкоциттер аяқтарымен қармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен қорытады. [32]
1. 2 Сыртқы орта факторлардың қанның морфофизиологиялық қасиетіне әсері
Зерттеу арқылы, қолайсыз факторлардың салдарын толық бағалау үшін күнделікті өмірде олардың қосар түрде әсер ету мүмкіндігін ескеру қажеттігі анықталды.[33]
Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының қосар әсер ету салдарынан, олардың зиянды әсерлерінің жинақталып, иммундық жүйеге тигізетін зардаптарының тереңдей түсетіні белгілі болды.[34]
Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік- экономиялық жағдайы жылдан- жылға жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Экономикамыз жақсарған сайын халықтың тұрмысы да түзелуде, жұмыспен қамтамасыз ету, адамдардың алатын жалақылары да өсуде. Бірақ экологиялық проблема, қоршаған ортаны қорғау, күту мәселесі еш өзгеріссіз қалып отыр. Сол себепті адамның денсаулығын қадағалап, күту қажет. Әрине, егер бізді қоршап тұрған табиғат әсем де, көз тартарлық сипатта болса, қандай ғажап болар еді. Сонымен қатар, адам денсаулығы мықты, адамдар әр жұмысқа қабілетті, ел экономикасының одан әрі дамуына әсер етеді. Ұлан- ғайыр кең даламыз бар, ал сонда тұратын халықтың саны тек 15 миллиондай ғана, демек бізге дені сау, білімді, қабілетті ұрпақ қажет.
Ұзақ уақыт емделу барысында антибиотиктерді шексіз пайдалану қан денешіктеріне тікелей әсер ететіндігі анықталды. Ал, бұл құбылыс иммундық жүйенің әлсіреуіне алып келеді. [35]
Сондықтан, құрамында организмде жағымсыз нәтижелер болдырмай нәтижелі әсер ететін, биологиялық белсенді қосылыстары бар өсімдіктекті дәрілік препараттарға қызығушылық жыл сайын арта түсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, жақын арадағы он жыл ішінде, қан физиологиясына әсері аз, иммундық жүйеге кері әсері жоқ фитопрепараттардың үлесі жалпы дәрі-дәрмектердің 60% құрайды. Сондықтан, көптеген ауруларды кең көлемде, симптоматикалық және этиопатогенездік тұрғыдан кешенді ұзақ емдеу үшін қолданылуға ұсынады. [36]
Жастар арасында темір тапшы күйлер таралуы Ресейлік құрдастарынан жиірек және Өзбек пен Қырғыз замандастарынан сиректеу екен.
Қыздардың жасы өскен сайын темір тапшы күйлер жиілігі артып отырады. Егер 18 жас аралықтағы студент - қыздарда темір тапшы күйлер 57,9% тіркелсе, онда 20 жастағыларда бұл көрсеткіш 65,4% дейін жетті. Ержеткендер арасында темір тапшы күйлер ең жиі кездескен жасы 17 жас болды, және олардың жасы өскен сайын темір тапшы күйлер жиілігінің сиреуге бейімділігі анықталды.
Жоғарғы оқу орын білімгерлер арасында оқу курстарына тәуелді темір тапшы күйлер таралу жиілігіне талдау жасағанда 1 және 2 курс студенттер темір тапшы анемиясы басым келгені анықталған, ол адаптацияның компенсаторлы қорғаныс механизмнің шамадан тыс тырысуымен және бейімделу процесінің «олқылығымен», сондай - ақ етек кірімен қан кетулердің «стажына» байланысты. Жасырын темір тапшылығы жиілігі жігіттерде білім алу барысында төмендесе, қыздарда жоғарлау тенденциясы байқалады. Бұл физиологиялық өзгерістер мен темір тапшылығына алып келетін себепші факторлар әсерінен адаптациялық процестердің қолайсыз ағымға өтуін және темір тапшы күйлерден зардап шегетін студенттер арасында емдік - сауықтыру шараларын ұйымдастыру деңгейінің қанағаттанарсыз болуын көрсетеді.
Білімгерлердің ұлттары бойынша темір тапшылығының таралу жиілігін талдаған кезде басқа ұлт қыздары мен ұлдарына(52,6% пен 9,7 %сәйкес) қарағанда, қазақ қыздары мен ұлдарында темір тапшы күйлер (63,0% пен 26,1 % сәйкес) басым келген. Сірә, ол ұлттық өмір сүру салтына, тамақтану ерекшеліктеріне байланысты түсіндіруге болады.
Қалада тұрғылықты тұратын студенттер арасында темір тапшы анемия мен жасырын темір тапшылықтың бірдей жиілікпен кездессе (23,3 бен 24,8%), ауылдық студенттер (24,8% бен 28,О% сәйкес) жасырын темір тапшылықтың басым келді. Ол тек қана гидрогеохимиялық, антропогендік, әдептік тұрмыстық емес, сондай - ақ тексерілген популяцияда ауылдық - студенттердің қоршаған ортаны қолайсыз (жатақханада тұру, тамақтану сапасы, жоғарғы оқу орын білім алудың қиыншылығы) шарттарына адаптацияның ерекше өту салдары болуы мүмкін. [37]
Темір тапшы анемиясынан зардап шегетін студент-қыздар тобының 40,7% жағдайда анемия дамуына бірнеше факторлардың қосарланып журуі алып келген. Олар созылмалы қан жоғалтудан басқа анасының осы баласына жүктілік кезіндегі анемияның салдарынан темір деңгейінің бастан кем болуы, қан жоғалту және ұн немесе сүт азықтарынан жасалған біркелкі тағамды, қою шайдф жиі (тәулігіне 4-5 ретке дейін), рационда ет пен етті тағамдарды жеткіліксіз (аптасына 1-2 рет) қолдану, бойдың тез өсуі мен көп мөлшердегі қан жоғалтқан етек кірі бастырмасындағы темірге сұраныстың жоғарлауы және тағыда басқа себептер. Қыздардың темір тапшы анемияға келесі жиі себебіне полименоррагиялар есебінен созылмалы қан жоғалтулар (29,6%) кірді. Көп мөлшерде және ұзақ жүретін етек кірі «дені сау» қыздармен салыстырғанда анемия бар қыздар арасында 7 есе жиі кездеседі (2,5% және 17,6% сәйкес). 13,0% жағдайда студент - қыздардың етек кірімен қан жоғалтудың мөлшері кәдімдігідей болуына қарамастан темір деңгейінің бастан кеи болуына, бойдық тез өсуіне, дене салмағының артық болуына темірге деген сұраныстың артуы темір тапшылығының айқындалуына өз үлесін қосады. Қан аздықтың жеке себебі ретінде тағаммен темір түсуінің немесе асқазан - ішек жолдарының потологиясы бастырмасындағы темір сіңірілуінің бұзылыстары 9,3% жағдайда тіркеледі. [38]
Жасырын темір тапшылықтың негізгі себебі темір тапшы анемия сияқты созылмалы қан жоғалтудың басқа да факторларымен қосарлануы (42,4%) еді және олардың ішінде темір деңгейінің бастан кем болуы (66%) басым келді. Ал 21,2% студент- қыздарда жасырын темір тапшылықтың тек созылмалы қан жоғалтулар алып келген және басым көпшілік (91,3%) жағдайда олар етек кірі цикілінің бұзылысына байланысты екен. 16,7% бойжеткендерде темір тапшы себебіне организмде темірге сұраныстың артуы болды және бұл сұраныс темір деңгейінің бастан кем болған студент - қыздарда (85,6%) айқындырақ білінді. Сондай-ақ темірдің тағаммен жеткіліксіз мөлшерде тусуі немесе оның дұрыс сіңірілмеуі 10,6% жағдайда жасырын темір тапшылыққа алып келген.
Жасырын темір тапшы анықталған ержеткендердегі темір алмасудың плазмалық және тасымалдаушы фонд көрсеткіштерін зерттеген кезде қан сарысуындағы темір 12,5 мкмоль/л төмен келуі 25,0%, Сарысулы трансферрин 4,0 г/л жоғарлауы -56,3%, трансферриннің темірге қанығу коэффиценті 16% төмен азаюы -50% жағдайларда тіркелген. Бозбалаларда темірдің тасымалдаушы фонд көрсеткіштері арасында қан сарысуындағы темір сезімталдығы төмендеу, ал сарысулы трансферрин сезімталдығы жоғарырақ болды.
Жоғары оқу орын студенттеріндегі темір тапшы анемиясының емдеу нәтижелеріне талдау жасағанда емнің 1аптасында - ақ тәжірибелік тобының ферроградумет + қалақай майы фитоферротерапия қабылдаған 39% науқастарда, бақылау (моноферротерапия) мен салыстыру (құрама ферротерапия) топтары өкілдерінің 30% жуығында жалпы жағдайлары жақсара бастаған. Барлық топтардың шеткі қандағы анықталған ретикулоцитоз емнің дұрыс бағытын көрсеткен. [39]
Сегіз апталық жүргізілген емнен кейін ферроградумент қабылдаған науқастардың көбінде (79,2%) анемиялық және сидеропениялық синдромдар кері қайтса, «ферроградумет + өсімдік майын» ішкен студенттердің клиникалық статус көрсеткіштерінің динамикасы айқынырақ болды және 86,4% жағдайларда жақсарып, әлсіздік, физикалық күштемедегі ентігу белгілері жоғалған. « Ферроградумент + қалақай майы » құрама емнен кейін темір тапшы анемиясы бар науқастар клиникасында анемиялық және астеновегетативті синдромдары 100% жойылған, темір тапшылығының тіңдік симптомдарының айтарлықтай азайғаны, көпшілік (70%) науқастарда диспесиялық және кардиалгия көріністері басылды.
Емдеу нәтижесінде сыналатын топтар арасында эритропоэздің регенераторлы процесінің үдегені анықталған. Салыстыру тобына қарағанда бақылау мен тәжірибелік топтарда эритроциттер саны 10,7%, 21,4% және 23,5% сәйкес артты. Шеткі қандағы гемоглобин дңгейінің өсуі бақылау мен салыстыру топтарымен салыстырғанда тәжірибелік топта жоғары болған.
Моно- және құрама ферротерапия нәтижелеріне қарағанда фитоферротерапия кезінде қанның плазмалық темір - қан сарысуындағы темір деңгейі өсті. Зерттеуге қатысқан үш топтың барлық өкілдерінде плазмадағы темірдің тасымалдаушы көрсеткіші сарысулы трансферрин қалыпты деңгейге дейін төмендеді. Трансферриннің темірге қанығу коэффиценті бақылау мен салыстыру топтарымен салыстырғанда тәжірибелік топта айқындықпен өсті.
Салыстырмалы қысқа мерзімде емдеу нәтижесінде зерттеуге қысқан науқастардың басым көпшілігінде темір қоры едәуір толған. Сонымен бақылау мен салыстыру тобына қарағанда тәжірибелік топта сарысудағы ферритин деңгейі артқан.
Ферроградумет пен өсімдік дәрумені «Қалақай майын» қоса қолдаған фитоферротеропия нәтижесі ферроградумет және « ферроградумет + өсімдік майы» құрама терапияның клинико -гемотологиялық тиімділігінен басым келеді. Сонымен қатар құрама фитоферротерапия барысында айтарлықтай күрделі жанама әсерлер байқалмады. Тәжірибелік топтың барлық студенттер 8 апталық емдеу курсын толық аяқтап шықты. Ферроградумет қабылдаған бақылаудағы студенттердің төртеуінде емнің алтыншы аптасында жүрек айну мен эпигастрий аймағының ауырсыну түрінде жанама әсерлер байланысты емді соңына дейін жүргізілмей, тоқталылған және осы топта феррорезистенттік байқалды. Құрама фитоферротерапия қабылдаған қыздардың клинико-гематологиялықи көріністердің айқындырақ өзгерістері сірә, «Қалақай майы» құрамында барлық таңызды заттардың табиғи түрде толық сақталуына, ал майлардың беткейлі белсенді қасиеттері олардың асқазан- ішек жолында олардың сіңуіне мүмкіндік жасалуына байланысты.
Фито-феррокоррекциясының нәтижесі тіндік темір тапшылығын клиникалық симптомдары кері қайтқанын, гематологиялық және организмнің темірмен қамтамассыз етілуін сипаттайтын биохимиялық көрсеткіштердің оңға өзгергенін көрсетті. Бірақ олардың айқындылығы әр түрлі болған.
Ферроградумет көмегімен жасалған феррокоррекцияның темір тасымалдаушы көрсеткіштер едәуір жақсарды. Сарысулы трансферринде концентрациясы 1,4 есе жене трансферриннің темірге қанығу коэффиценті 1,2 есе жоғарлап, сарысулы трансферринде деңгейі қалыпты мөлшерге дейін төмендеді. Сарысуындағы ферритин 1,6 есе өсті. [40]
Жасырын темір тапшылығы бар қыздардың, әсіресе өсімдік дәрумені «қалақай майын» қосарлай отырып ферроградуметті қабылдаған топшада темірдің тасымалдаушы және қор көрсеткіштерінің қалыптасуы темір тапшылығының дамуы бойынша қауіп факторлары бар адамдарда жасырын темір тапшылықтың біріншілік алдын алу шараларын жүргізу үшін құрама фито– феррокоррекциясын қолданған жөн екендігін көрсеткен.
Ізденіс жұмыстарының жеке кезеңіне темір тапшы күйден зардап шегетін оқырман жастардың ой қызметіне, психоэмоционалды күйіне феррокоррекцияның әсерін зерттеу болған.
Оқу күнінің динамикасында корректуралық сынау нәтижелерін талдай келе, темір тапшылығының коррекциясынан кейін күн және апта басы мен соңы ұзақтығындағы жұмыс істеу көлемінің артуы байқалды. Қаралатын белгілердің аптаның басында 34,4% және апта соңында 23,6% өсті. Жұмыс сапасы айтарлықтай артты, жалпы қателер саны апта басында 64,3% және апта соңында 80,8% кеміді.
Сонымен, адам организіміндегі темір тапшылығы жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен, оқу күні мен аптасының динамикасында айқын шаршаумен, организмнің психофункционалды күйлерінің нашарлауымен жүреді. Темір тапшылығының феррокоррекциясы атқарылатын жұмыстардың саны мен сапасын жоғарылатып, сезім, белсенділік және көңілдің жақсаруына алып келеді.
Феррокоррекция әсерінен эритропоэз және темір алмасу көрсеткіштері жақсарып, орталық жүйке жүйесінің қызметтері қалыптасады, ол студенттердің жоғары оқу орындарында білім алу процесіне бейімделу механизмін нығайтуға және оқуға ынтасын арттыруға көмектеседі. [41]
Иммундық жүйе жеткіліксіздіктерін қалыпқа келтіру үшін биологиялық тұрғыдан жақын болуына және жағымсыз әсерлердің аздығына дәрілік препараттарды дұрыс қолдану қажет.
Қанның морфофизоилогиясының өзгеруіне дұрыс пайдаланбаған дәрі дәрмектермен қатар, адам ағзасына нейрогуморалдық факторлардың да әсері аз емес. Адам өмірінде жиі кездесетін стресс факторлары әсерлерін сақтау мен олардың зиянды әсерін төмендету үшін елімізде көптеген алдын алу, сауықтыру шаралары жүргізіледі. [42]
Канада ғалымы Селье организмнің әр түрлі тітіргендіргіштерге жауап беру реакцияларын «жалпы бейімделу синдромы» деп атады. Бұл реакциялар ең алдымен стресс факторы туғызған организмнің жаңа жағдайға бейімделуге бағытталған қорғаушылық табиғатымен сипатталады. Қоршаған ортаның жағдайларына бейімделу - өзін-өзі реттей алатын барлық тірі жүйелердің маңызды қасиетінің бірі. Организмде стресс әсеріне қарсы жауап реакциясы кезінде қорғау-компенсаторлық бейімделу механизмдері іске қосылады. [43]
Адам организмінің иммундық жүйесінің қызметін әрекетінің қарастырудың маңызы өте үлкен деуге болады. Оның себебі, осы жағдайда иммундық жүйе табиғи орта мен денсаулықты сақтау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады.[44]
Республиканың Оңтүстік аймағында қалыптасқан климаттық-географиялық жағдайдың өзіндік ерекшеліктері, қатаңдығы адам организміне қосымша талаптар қояды.
Алайда, адам организміне тек қана метеорологиялық себептер ғана емес, сонымен қатар антропотехногендік себептер де зиянды әсерін тигізеді. Осы жағдайда гомеостатикалық жүйелердің физиологиялық қалыпты жағдайда қызмет атқарудың үнемі жоғары дәрежеде сақтау организмнің иммундық жүйесінің қызметін қалыпты деңгейде ұстауға, адамның еңбек етуге қабілетін қажетті деңгейде қалыптастырады. Аты аталған мәселелерді зерттеу кешенді және жан - жақты қамтылған клиникалық - физиологиялық, биохимиялық, социологиялық зерттеулерді ұйымдастыруды қажет етеді. [45]
Жеке адамның денсаулығы мынадай негізгі қасиеттерге тәуелді: ішкі ортаның тепе -теңдігі, бейімделгіштік қасиет, қуаттылық, жан -жақтылық және қызмет атқаруға қабілеттік.
Адам организмінің қоршаған ортаның зиянды себептеріне қарсы тұрақтылығын анықтайтын қасиеттердің ең маңыздысы бейімделгіштік қасиет болып табылады. Организмнің әр кезеңдегі қызметтік мүмкіндігі, қоршаған ортаның әртүрлі өзгерістеріне белгілі дәрежеде даярлықта болады. Бұл жағдайда адамның бейімделу қуаты деген атпен айқындайды. [46]
Бейімделу тірі организмнің қоршаған орта жағдайына қарама - қарсы бағытта өрбитін үрдістердің күрделі арақатынасы болып табылады. Оның бірі, жаңа өмір сүру жағдайына бейімделуге байланысты туындайтын организмдегі өзгерістер, ал екіншісі организмнің өз ішкі ортасын бір қалыпта сақтап қалуға бағытталған ұмтылысы. Бұл жерде гомеостазды организмнің өткен кезеңдегі бейімделу деңгейінің көрінісі деп қарастырған жөн. Осының барлығы, тірі дүниенің бейімделуін зиянды себептердің әсерінен гомеостаздың деңгейінен ауытқып, организмнің сапалық тұрғыда қайта құрылуы деп есептеуге себеп болады. Жеке гелео-метерологиялық элементтер мен олардың ауа райылық -климаттық кешендері бір- бірімен белгілі дәрежедегі байланыста болады және үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Бұл өзгерістер ауа райылық –климаттық кешендерді түзейтін жеке элементтердің қуатымен айқындалады. [47]
Маусымдық кезеңдер ағзаның биоритміне тікелей әсер ететіндігі ғалымдармен зерттелген. [48]
Маусымдық кезеңдер күз-көктем айларының ауа -райының климаттық өзгерістері ағзаның физиологиясына тікелей әсер етеді. Соның бірі қанның антигендік қасиетінің әлсіреуі.
Уақыт не жергілікті жердің белгілі бір жағдайына және әсерлерге ұшырайтын физиологиялық жүйелердің қызметі климаттық себептердің организмге жайлы, жеткіліксіз немесе төтенше деп бағалайды. Табиғи құбылыстардың адам организміне тигізетін әсері ғылыми тұрғыда жан -жақты тексеріледі. Алайда, организмге түсіретін қысымы болмашы себептерді, оның ішінде радиация, магниттік толқындар мен атмосфералық электр қуатының әсері жете зерттелмеген. Бірақ бұл себептердің организмге түсіретін қысымы дәлелденген және ол элементтер ауа райылық -климаттық кешеннің құрамында өзіндік орын алады, қоршаған ортаның табиғи құбылыстары өмір сүру ортасын құрай отырып организмнің бейімделгіштік реакциясын туындатады. Организм атмосфералық ауаның құрамындағы оттегімен дем алады, күн сәулесінің радияцияларынан қуат алады. Сонымен қатар организм сыртқы ортаның өзгерістеріне сай бейімделіп, зиянды себептердің қуатты қысымынан қорғанады. [49]
Адам өмірінде жиі кездесетін стресс факторлары әсерлерін сақтау мен олардың зиянды әсерін төмендету үшін елімізде көптеген алдын алу, сауықтыру шаралары жүргізіледі. [50]
Стресс факторлардың қайталануына организмнің бейімделуі оның басқа да қолайсыз факторлар мен әртүрлі жүктемелерге төзімділігін арттырып қана қоймай, зақымдаушы әсерлерден қорғайтын кең көлемді әрекет танытады. Организмнің функционалды мүмкіншілігі ме оттегі тапшылығы және гиподинамия, басқа да стресс факторларына (физикалық жүктемелер, суық, ыстық, ғарыш факторлары т.б.) төзімділігін жоғарлату, сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алу мен емдеу мақсатында дене жүктемелерімен қоса газды ортаны өзгерту арқылы жүргізілетін гипоксиялық және бірлескен гипоксия мен гиперкапниялық жүктемелер (ғарышкерлер үшін барокамералы гипоксия және бірлескен гипоксия мен гиперкапния, спортшылар үшін тау гипоксиясы, «қосымша өлі кеңістік» (құралы, гермокамера) кеңінен қолданылады. Бұл мәселелер тек физиологтарды ғана емес, сонымен қатар медицина саласы қызметкерлерін де қызықтырып отыр. Гипоксиялық, сонымен бірге гипоксия-гиперкапниялық жаттығулар қанайналым, зат алмасу, эндокринді жүйелер және т.б. жүйелердегі бір қатар ауытқулардың алдын алу үшін тиімді және ауру туындаған жағдайда бұл оның ары қарай дамуын тежейтін шаралардың бірі ретінде қолданылады. [51]
Қысқа мерзімді күнделікті жүргізілген стресс факторларына бейімделген жануарларда организмнің жауап реакциясы белсенділігінің артуы мен қалпына келуі және стресс әсерінен организм жүйелерінің бұзылу процестері бір- біріне қарама - қарсы жүретіндігі анықталды. [52]
Созылмалы гипоксиялық гипоксия әсерінен организмнің тынысалуы күшейеді, жүректің соғу жиілігі мен бұлшықетінің жиырылуы, қанның ағысы мен минуттық көлемі артады. Қан жүйесі белсенді, эритроциттер деподан шығып, эритропоэз күшейеді, қанда эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері көбейеді, ұлпаларда оксигемоглобиннің диссоциациациясы жоғарлайды. Эритроциттердегі гемоглобин концентрациясының артуы организм үшін біршама қолайлы, өйткені осы кезде эритроциттердің тотықтырушы беті айтарлықтай үлкейеді. Қанның құрамы жаңарып, оның қышқылдық және осмостық төзімділігі жоғарлайды.
Тіршілік әрекетін қамтамасыз етуде оттегі режимі мен көмірқышқыл газының артық мөлшерінің өзгеруін бірлескен гипоксия мен гиперкапниялық әсерлері реттейді. Организмнің функционалды мүмкіншілігін жоғарылатуда және гомеостазды сақтап тұруда гипоксия- гиперкапниялық жүктемелерінің маңызы зор. Гипоксия мен гиперкапниялық әсерлердің бірлесуі физиологиялық қызметтерді реттеу процестерінде белгілі бір дәрежеде бірінің әсерін бірі күшейтетіндігі және гипоксиялық жаттығуларға қарағанда, бірлескен гипоксия мен гиперкапниялық жаттығулар көмірқышқыл газының белгілі бір қасиетіне байланысты клеткалық зат алмасу процестері мен жедел бейімделу механизмдерін пайдалана алатын, организмінің төзімділігін жоғарылататын бірден -бір тиімді әдіс екендігі анықталады. [53]
Сондай-ақ, адамдарға қосымша өлі кеңістік әдісімен күнделікті 20 күн қайталанған гипоксия мен гиперкапнияның бірлескен жаттығулары жүргізілгенде адамның тынысалу және жүрек -қантамыр жүйереріне оң әсер етіп, басқа жүктемелерге төзімділігі артатындығы ғылыми тұрғыдан дәленденді. Мұндай жаттығулар басқа жүктемелерге организмнің бейімделу реакциясының іске қосылуын жылдамдатқандықтан, гипоксия мен гиперкапниямен күресу әдістерінің бірі ретінде де қолданылады. Бұл жағдайда қосымша ауа алмаспайтын тыныстық көлемде жинақталған эндогенді көмірқышқылының тұйықталуы есебінен нормокапниялық немесе оларға жақын жағдайларды сақтай алады. Қосымша өлі кеңістік көмегімен тынысалу жүктемелері тоқтатылғаннан соң тынысалудың минуттық және тыныстық көлемі мен өкпенің максималды ауа алмастыруының жоғарлауы жалғаса береді. Ауаның кіруі мен шығуының максимальды жылдамдығы және газалмасуы да жоғары болып қала береді. Демек, жаттығулардан кейінде оның әсерінің тиімділігін байқауға болады. [54]
Әлемде теміртапшылықты анемияға 3 миллиардтан артық адам шалдыққан, ол жалпы жағдайдың нашарлауымен, ақыл-ой және дене бітімінің дамуына кері әсерімен, онкологиялық және жұқпалы аурулардың даму қаупімен сипатталады. Дене бітімі дамуының тежелуі бойдың өспеуімен, әлсіздікпен, төзімділіктің және спортпен толыққанды шұғылданудың төмендеуімен, белсенділіктің әлсіреуімен көрінеді. Психикалық дамудың тежелуі оқу үлгерімінің нашарлауымен, оқу материалын қабылдаудағы қиындықтармен, ұғымталдылықтың төмендеуімен күрделі логикалық тапсырмаларды, оған қоса тиісті ойындарды және т.б. шеше алмаумен бейнеленеді. [55]
Адам организмінің бейімделу мәселелерін экологиялық тұрғыда қарастырудың маңызы өте үлкен деуге болады. Оның себебі, осы жағдайда бейімделу мәселесі қоршаған табиғи орта мен денсаулықты сақтау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады.
Республиканың Оңтүстік аймағында қалыптасқан климаттық-географиялық жағдайдың өзіндік ерекшеліктері, қатаңдығы адам организміне қосымша талаптар қояды. Толық жетілмеген организміндегі бейімделу механизмдерінің нашар дамуы және олардың қоршаған орта өзгерістеріне дер кезінде жауап қайтара алмауы олардың организмнде әртүрлі аурулардың туындауына алып келеді. Сондықтан балалар организмінде аурулардың жиілігі мен климаттық-географиялық өзгерістердің арасында тығыз байланыс бар екендігі анықталады. [47]
Адам организміне тек қана метеорологиялық себептер ғана емес, сонымен қатар антропотехногендік себептер де зиянды әсерін тигізеді. Осы жағдайда гомеостатикалық жүйелердің физиологиялқ қалыпты жағдайда қызмет атқаруын үнемі жоғары дәрежеде сақтау организмнің организмнің өміршеңдігін қамтамасыз етіп, адамның еңбек етуге қабілетін қажетті деңгейде қалыптастырады. Аталған мәселелерді зерттеу кешенді және жан-жақты қамтылған клиникалық-физиологиялық, биохимиялық, социологиялық зерттеулерді ұйымдастыруды қажет етеді. [37]
Кеңінен таралуы тек орта және кәрі жастағы адамдарда байқалып қоймайды, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастардың да арасында кеңінен өріс ала бастағанын көрсетеді.
Жеке зерттеушілер осы жүйе ауруларының таралу себептерін жасөспірімдер мен жастар арасында іздеу қажеттілігін баса айтады.
Ал, студент жастар арасында таралған жүрек-қан айналу жүйесі ауруларын зерттеу жұмыстары өте сирек және оның барлығы дерлік клиникалық негізде орындалған болып шықты. Сондықтан студенттер арасында жүрек-қан айналу аурулары бойынша эпидемиологиялық зерттеу жұсыстарын жүргізіп, осы патологиялардың алғашқы профилактикасының ғылыми негіздерін жасау, оларға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыруды жаңа сапалық тұрғыда көтереді деуге болады. [28]
Есірткі заттар нерв жүйесіне әсер етіп нерв жүйесіне әсер етіп нерв медияторлары мен ішкі секреция безі бөліп шығаратын гормондардың бөлінуін өзгертеді, олар глюкокортикоидттар, жыныс гормоны және тиреотропты гормондарды азайтады. Бұл гормондар қызыл қан жасушасының түзілуін күшейтеді. Нашақорлардың тұрмыстық әдеті қызыл шайды өте ашты ішу. Шайды қайнатқаннан кейін ол танинді көбейтеді. Танин қан аздық тудырады. Сонымен бірге есірткі заттар иммунитетті тежейтіндіктен моноцит, макрофаг жүйесі және лимфацит жүйесінің қызметі әлсіреп қызыл қан жасушаларын өндіруде жасайтын түрткілік қызметін де әлсіретуі мүмкін. Есірткі заттар сүйек кемігіне тіке уыттық әсер көрсету арқылы, қызыл қан жасушаларының түзілуін тежеуі де мүмкін.
Есірткі заттар ақ қан жасушаларының әр түрінің түзілуіне әр түрлі әсер көрсететіндігін көруге болады. Лимфоцит пен моноциттің түзілуін тежесе, эозинофилдердің жасалуын жоғарлатады.осыған негізделгенде есірткі заттар ағзаныңимфоцит пен моноциттің түзілуін тежесе, эозинофилдердің жасалуын жоғарлатады. Осыған негізделгенде есірткі заттар ағзаның иммундық қабілетін тежейтіндігін көреміз.
Нашақорлар топтасып, бір шприцпен есірткі заттарды көк тамырдан енгізу барысында нашақорлар арасында қан арқылы жұғатын жұқпалы аурулар кеңінен таралған, солардың ішінде маңызды бірі С вирусты гепатиті. Бұл вирус тек бауыр жасушаларында өмір сүріп қалмастан,сүйек кемігінде және қан жасушаларында, моноцит/макрофаг жүйесінде де өмір сүреді. Сонымен бір уақытта оның қан аурулары бар науқастардың қан сарысуынан, қан жасушаларынан табылуы гематологтардың назарын аударуда. Вирус қан өндіруде реттеушілік рөл атқаратын цитокиндердің бөлінуін, эритроциттердің құрылысын өзгерту арқылы және гемоглобинопания тудыру арқылы қызыл қан жасушаларының жасалуы мен өмір сүруіне әсер етеді. [19]
Темір тапшы күйлер жасырын темір тапшылығы мен темір тапшы анемиясы Дүние жүзіндегі маңызды және өзекті мәселелердің бірі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының мәліметі бойынша жер шарының әрбір төртінші тұрғынында темір тапшылығы бар. [30]
Қазіргі кезде қоршаған ортада организмге зиянды әсері мол стресс факторлардың қатары жылдан жылға көбейіп келеді.
Организм үшін өте зиянды жедел стресс факторлардың біріне дене қимылын шектеу, яғни иммобилизациялық стресс факторы жатады. Ғылым мен техниканың, компьютерлік жүйенің, электронды машиналардың жедел дамуы мен жұмыс кешендерінің автоматтандырылуына байланысты дене қимылының азаюы қазіргі адамзаттың өмір сүру салтында жиі кездеседі. Қозғалыс әрекетін шектеу симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінің қызметіне кері әсерін тигізіп, жүрек-қан айналу динамикасына жалпы организмнің гормондық статусына, сонымен қатар клетка ішілік құрылымдар белсенділігінің төмендеуіне әсерін тигізеді. [51]
Қимыл –қозғалыс белсенділігінің төмендеуі органидмде суқозғалыс белсенділігінің төмендеуі органидмде су-тұз балансының бұзылуын, жүйкелік реттеудің зақымдануын туғызуымен қатар, онымен тығыз байланысты эндокринді жүйе бөлімдерін де зақымдайды.[52]
Организмге стресс факторлардың әсерінен мүшелер мен мүше жүйелеріндегі зат алмасу процесінің өзгерістері клетканы құраушы бөліктердің қызметі мен құрылымының модификациясына алып келеді. Кез келген стресс фактордың организмді зақымдау әсері ең алдымен клеткалық және молекулалық деңгейде байқалады. Гипокинезия әсерінен эритроциттер мембранасы мен қан плазмасында, ми ұлпаларында, әртүрлі мүшелердің клетка мембранасында липидтердің асқын тотығу процестерінің жүруі жоғарылайтындығы анықталды. Бұған эритроциттер мембранасында ацилгидроасқынтотығы, диенді конъюгаттар, шиф негіздері, малонды диальдегидтер тәрізді липиттердің ыдырау өнімдерінің жоғарылауы мен супероксиддисмутаза, каталазаның жоғарылап, глутатионредуктазаның төмендеуі сияқты антиоксиданттық ферменттер белсенділігінің өзгеруі дәлел болады. Сонымен, гиподинамияның клетка ішілік құрылымдарға әсерін липидтерінің асқын тотығу өнімдерінің артуы себепті липидтік қос қабатпен тығыз байланысты клетка мембранасының құрылымдық –функционалдық күйінің өзгерістерінен байқауға болады. [43]
Көптеген физиологиялық және патологиялық жағдайларда мәселені, оксиданттар мен антиоксиданттар арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуында бос радикалдар маңызды рол атқарады. Патологиялық жағдайлардың ішінде мембраналық құрылымдардың бұзылу механизмдердің негізгі түрі мембрана фосфолипидтердің асқын тотығуы болып табылады. Липидтердің асқын тотығуы нәтижесінде клетка мембранасының тотығу жүйелері бұзылып липопротеиндер мен басқа да липидті құрылымдар бүлінеді. [34]
Оттегің бос радикалдары әсерінен липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдары тотығып, зақымдалады. Тотығу белоктардың ыдырауына алып келеді және бұдан басқа белоктардың функциялды топтары полиқанықпаған май қышқылдарының тотығу өнімдерімен реакцияға түсуі мүмкін. [35]
Соңғы кездері организмде патологиялық өзгерістердің пайда болу себептерін анықтауда эритроциттер мембраналарының қасиеттерін зерттеуге көп көңіл бөлінуде. Эритроциттер оттегі концетрациясы жоғары ортада орналасатындықтан, липидтердің асқын тотығуына сезімталдығы өте жоғары болады. Сонымен қатар, олардың мембранасында полиқанықпаған май қышқылдары көп болғандықтан тотықтырғыш әсерлерге ұшырау мүмкіндігі де басқа клеткаларға қарағанда жоғары. Гемоглобиннің метгемоглобинге дейін тотығуы барысында супероксидті ион түзіледі. [55]
Адам мен егеуқұйрықтардың эритроциттері гемолизінің жүруіне оттегінің бос радикалдары ықпал жасайтындығы анықталды. Бос радикалдардың әсерінен туындаған эритроциттердің гемолизі кезінде мембрана сұйықтығы өзгермейтіндігі белгілі болды. Эритроциттердің осмостық төзімділігінің төмендеуі, мембранасы тұтқұрлығының артуы патологиялық процестердің белгілері және бауыр аурулары кезінде байқалады. Липидтерінің асқын тотығуының күшеюі сияқты биохимиялық процестердің кең көлемді әсерлері негізінде клетканың зат алмасуы бұзылуынан эритроциттердің осмостық гемолизі жүруі мүмкін. Липидтердің асқын тотығу процесінің белсенділігінің артуынан фосфолипидтердің жалпы саны өсіп, холистериннің құраушы бөлігі ұлғаяды, фосфолипидтердің құрамыда өзгереді. Көбінесе фосфатидилэтаноламин, фосфатидилсерин тәрізді аздап тотығатын липидтердің концентрациясы төмендеді.
Биологиялық мембрана қалпының бұзылуына алып келетін ферменттердің құрылымы мен қызметінің өзгеруі, белоктар, нуклеин қышқылдары, липидтер тәрізді макромолекулалардың қайтымсыз өзгерістері стресс факторлардың молекулалық деңгейдегі негізгі зақымдаушы әсерлері болып табылады. [17]
Әдеби шолу барысында, әлеуметтік ортасы әр түрлі адамдардың қанының морфофизиологиялық өзгерістері, жыныс, жас ерекшеліктеріне байланысты ауытқулар, маусымдық кезеңдер мен ұзақ уақыт антибиотик қабылдаған адамдардың қанының морфофизиологиялық өзгерістері бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстарының аз екендігі анықталды. Сондықтан, қанның морфофизиологиялық өзгерістерінің иммундық жүйеге әсері зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты болды.
1.3 Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен темір тапшылығының туындауы
Адам мен жануарлар организмінде эволюция барысында бөгде заттар мен ауру тудыратын агентгерге қарсы тура алатындық яғни олардан қорғана алатындық қабілет /иммунитет/, латын: immunis- босаған, бостандық алған/ қалыптасты. Осыған байланысты олар өздерінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтай алады. Қорғаныс механизмдерін спецификалық емес және спецификалық деп бөледі. Мұның әрқайсысының гуморальдық және клеткалық түрлері болады.
Спецификалық емес механизмдер шеңбері кең. Олар арқыли организм кез-келген бөгде денелерді, тіпті бұрын-соңды кездестірмегенді де залалсыздандырады. Бұл тұрғыдан оны тұқым қуалаған иммунитет десе де болады.
Спецификалық механизм бөгде агенттермен кездесуден пайда болған тәжірибеге негізделеді. Осыдан оларға деген қабылдамаушылық қасиет қалыптасады. Мәселен, белгілі бір ауруды тудыратын агент - антиген денеге түссе, онда антидене жасалады. Осы спецификалық қорғаныс заттары антигеннен қорғайды, оның әсерін нейтрализациялайды.
Өзінің табиғаты жағынан антиген табиғи немесе жасанды жоғарғы молекулалы полимер. Ол ірі белокты, полисахаридті немесе липидті молекуладан-тасымалдаушыдан және туатын аурудың спецификасын анықтайтын детерминанттық топтар- гаптендерден тұрады. Антиденелер қанның гамма глобулиндері болып есептеледі. Бұлардың бетінде антиген гаптенінің құрылымы мен конфигурациясына сәйкес келетін арнайы байланыстырушы учаскелер болады. Антиген мен антидене кездескенде аталған учаскелер бір-біріне кілт пен құлып тәрізді дәл келеді. Осыдан тұрақты кешен - антиген-антидене түзіледі.
Иммундік реакциялар организмге ауру тудыратын факторлар түскенде ғана емес, сондай-ақ олар сиыспайтын агенттер әсерінен де туады. Мәселен, қан ауыстырып құйғанда, органдар мен тканьдерді көшіріп қондырғанда, қан тобы үйлеспейтін екі қабатгылықта, т.б.
Спецификалық емес гуморальдық иммунитет қан плазмасындағы лизоцим, пропердин, интерферон, β-лизин, комплемент жүйесі тәрізді қорғаушы заттарға байланысты.
Лизоцим ферментгік және муколиттік белсенділігі бар белок. Ол ауру қоздырғыштардың өсуі мен дамуын тоқтатады, кейбір бактерияларды бұзады. Лизоцим сілекейде, көз жасында, ішек және мұрын кілегейінде болады. Көп мөлшері полиморфты ядролы лейкоциттер гранулаларында, макрофагтарда кездеседі.
Пропердин - бактерицидтік, антивирустық қасиеті бар белок. Интерферон қан плазмасының глобулині. Лейкоциттерде жасалады. Вирустардан қорғайды. Комплемент - 20-дан артық белоктардан тұратын ферменттік жүйе. Қабыну процесінде, қорғануда, бактерия клеткаларының мембранасын бұзуда /лизисте/ маңызды рөл атқарады. Комплементгің кейбір факгорлары гепатоциттерде, басқалары ішек эпителий клеткаларында немесе макрофагтарда жасалады.
Комплемент жүйесінің белсенділігі артса бөтен және кәрі /ескірген/ клеткалардың бұзылуы күшейеді, фагоцитоз бен иммундық реакциялардың жүрісі жанданады, тамыр қабырғасының өткізгіштігі жоғарылайды, қан ұю жылдамдайды. Ақырында патологиялық процестің тезірек жойылуы жүреді.
Комплемент жүйесінің белсенділігін арттырудың бастамасы антиген-антидене кешені мен бактериялық агенттер әрекетіне байланысты. Комплементті активтендірудің классикалық және альтернативті /баламалы/ деп аталатын механизмдерін ажыратады. Классикалық жолдың бірінші факторы С1, үш белоктан /С1q, С1г, С1s / тұратын күрделі қүрылым. Комплементгің басқа факторларын да "С" әрпімен белгілейді және оган акгивтеу тәртібіне сай етіп араб цифрларын қосақтайды. Мұндайлардың саны тоғыз /С1,С2,СЗ,С4,С5,С6,С7,С8,С9/. Активтенген фактордың цифрының үстіне көлденең сызықша қойылады. /мысалы, С1/.
Комплементгі альтернативтік жолмен активациялау үшін басқа факторлармен қоса плазмалық белок пропердин қажет. Активацияланғанда комплемент факторлары ұсақ және ірі фрагменттерге ыдырайды. Ірілерін "б" әрпімен, үсақ пептидтерді "а" әрпімен белгілейді. Ірілері клетка мембранасымен байланысқа түсе алады және комплемент факторлары қатарындағы келесісін активтендіреді. "а" фрагменттерінің хемотаксистік қабілеті бар және мембрана өткізгіштігін жақсартады. Сондай-ақ гранулоциттер мен макрофагтарды акгивтейді, қабыну реакцияларын жүргізеді.
Спецификалық емес клеткалық иммунитет. Гранулоциттердің, моноциттердің, тромбоцитгердің, лимфоциттердің фагоцитарлық белсенділігімен анықталады. Фагацитоз - бөтен денелерді немесе клеткаларды қоршап алып, жұту. Бұл құбылысты И.М.Мечников ашқан. Сол үшін оған 1908 жылы Нобель силығы берілген. Гранулоциттер мен моноциттерде лизосомдық ферменттер көп болады. Олардың фагоцитарлық белсенділігі айқын білінеді. Фагоцитоздың бірнеше стадиясы бар: 1. Фагоциттің лигандага /микробқа/ жақындауы; 2. Лиганданың фагоцит мембранасымен жанасуы; 3. Лиганданы жұту; 4. Фагоцитарлық. обьектіні қорыту немес жою.
Фагоциттердің бәріне амеба тәрізді қозғалыс тән. Лейкоцит қозғалысы тиісті субстратқа бағытталады. Оған жеткен соң бұл екеуі бір-бірімен тіркеседі. Осыны адгезия деп атайды. Осылай бекінген яғни адгезияланған лейкоцит қана фагоцитозға қабілетті болады.
Спецификалық клеткалық иммунитет. Мұнда негізгі рөлді иммунокомпетентті т-лимфоциттер атқарады. Бұлар айыршық безде /тимуста/ жасалып, қанға түседі. Осылардың бір бөлігі антигенмен байланысқа түсіп, оны бұзады /жояды/. Антиген- антидене кешені түзілетін себебі, Т-лимфоциттер мембранасында рецепторлық белок болады. Бұл реакция жүру үшін ерекше клеткалар - Т -хелперлер /көмекшілер/ қатысады Т-лимфоциттердің келесі бөлігі иммунологиялық есте сақтау Т-клеткалары деп аталады. Бұлар ұзақ өмір сүреді және бір кездескен антигенді ол қайталай түскенде бірден таниды. Осыған орай тиісті т-киллерлер саны жылдам көбейеді.
Спецификалық гуморалъдық иммунитет. Иммунитеттің бұл түрі В-лимфоциттер қызметімен байланысты. Иммунокомпонентті В-лимфоциттер антигенмен бірінші кездескенде екіге бөлінеді. Мұның бір бөлігі иммунологиялық есте сақтау клеткаларына айналып, бүкіл организмге тарайды. Лимфоидты органдарда /лимфа түйіндерінде, миндалинада, т.б./ қалған басқа бөлігі плазмалық клеткаларға айналады. Бұлар қан плазмасына өтетін гуморальдық антиденелерді /иммуноглобулиндерді/ жасайды. Бұл процестерге де Т-хелперлер қатысады. Пазмалық клеткалар антигенмен кездесуі қайталағанда қандағы иммуноглобиндер мөлшері кұрт өсіп, күшті және тез байқалатын гуморальдық жауап туады.
Адамда иммуноглобулиндердің /Jg/ бес класын ажыратады: JgА, JgG, JgМ, JgЕ, JgD. Бұлардың ортақ та, спецификалық та детерминанттары болады. Ең маңызды иммуноглобулин Jg болып есептеледі. Мұның қандағы концентрациясы 9-18 г/л -ге жетеді. Бұлар инфекцияға қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді, токсиндерді байланыстырады, фагоцитарлық белсенділікті күшейтеді, комплемент жүйесін жандандырады, бактериялар мен вирустарды агглютинациялайды /желімдеп, жабыстырады/, плацента арқылы ұрық қанына өтіп, онда пассивті иммунитетгі іске асырады.
А класының иммуноглобулиндері секреторлық JgА /синовиальдық, амниоттық, плевралық, ми-жұлын сұйықтықтары құрамында болатын/ және сарысу /фибринсізденген плазмада болатын/ и JgА деп аталатын екі түрге бөлінеді. Секреторлық JgА жергілікті иммунитетті /инфекциялар мен токсиндердің организмге түсер жолына тосқауыл болып/, ал сарысу JgА-жалпы иммунитетті қамтамасыз етуге қатысады. Иммуноглобулиннің басқа кластарының да организмді қорғау қызметінде атқаратын өз рөлдері бар. Иммунитеттің жоғарыда аталған белсенді түрлерімен қатар пассивті қалыптасатын да формасы болады. Ол ұрықтың плаңента арқылы ана қанындағы дайын антиденелерді алуына байланысты. Иммунитеттердің бұл түрін қолдан да жасап алуға болады. Ол үшін организмге белсенді иммунденген адамдар мен жануарлардан алынган иммуноглобулиндерді ендіреді. Организмді белсенді иммунизациялаудың бір тәсілі - вакцинация. Вакциндер туралы теорияны ХІХ-ғасырдың ортасында Л.Пастер ұсынган болатын. Мұның мәнісі - организмге өте әлсіреген микробтар мен вирустарды яғни қауіп туғызбайтын мөлшерде антигендер енгізеді. Бұған алғашқы иммундік жауап туады. Организм бұл антигендермен қайтадан кездессе, оның қанының плазмасындағы дайын спецификалық антиденелер қорғаныс ұйымдастырады, әрі клеткалық және гуморальдық қорғану механизмдері тезірек және тиімді іске қосылады.
Назарға алынуға тиісті келесі бір мәселе денеде қорғаныс кызметіне қатысатын басқа да клеткалар бар. Олардың бәрін біріктіріп, мононуклеарлық фагоциттік жүйе /МФЖ/ деп атайды. Бұрынырақ мұны ретикульді - эндотелиалдык жүйе /РЭЖ/ деп атаған. Бұл жүйеге дәнекер тканьнің гистиоциттері, бауырдың купфер клеткалары, сүйек майының, көк бауырдың қан тамырлары эндотелийінің клеткалары кіреді.
Иммунитеттің реттелуі. Иммундық жауаптың шамасы көп жағдайда организмнің нерв және эндокриндік жүйелерінің күйіне байланысты. Қыртыс асты құрылымдарды /таламус, гипоталамус, сүр төмпешік/ тітіркендіру арқылы антигендер енуіне туатын иммундік реакцияларды күшейтуге де, тежеуге де болады. Автономды /вегетативті/ нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің қозуы және адреналинді енгізу фагоцитозды, иммундік жауаптың шамасын күшейтеді. Ал парасимпатикалық бөлім тонусының жоғарылауы бүған кері реакцияларды тудырады. Стресс /ширығу/ және депрессия /тұнжырау, мұңаю/ иммунитетті әлсіретеді, түрлі қауіпті ісік ауруларына жағдай тудырады.
Гипофиз бен эпифиз "цитомедин" деп аталатын пептидтер көмегімен тимус қызметін реттеуге қатысады. Гипофиздің алдыңғы бөлімі негізінен клеткалық иммунитеттің, ал артқы бөлімі - гуморальдық иммунитет реттеушілері деп есептеледі.
Иммундік реттеуші жүйе. Мұны нервтік және гуморальдық жүйелермен қатар атауға түрарлықтай үшінші реттеушілер десе де болғандай. Иммунокомпетентті клеткалар морфогенезге -қатысады, физиологиялық функция барысын өзгерте алады. Т- лимфоциттер ткань регенерациясында аса маңызды рөл атқарады. Эритропоэз бен лейкопоэзге "хелперлік" жөне супрессорлық" әсер етеді. Лимфоциттер, моноциттер және макрофагтар бөлетін лимфокиндер мен монокиндер орталық нерв жүйесінің, жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс алу мен ас қорыту органдарының, бірыңғай салалы және көлденең жолак еттердің жыйырылу қызметгерін реттей алады.
Физиологиялық функцияларды реттеуде ерекше маңызды рөлді интерлейкиндер /ИЛ/ деп аталатын цитокиндер атқарады. Өйткені бұлардың организмде "араласпайтын" физиологиялық процесі жоқ ИЛ иммундік жауапты іске асыру барысында лейкоциттердің әртүрлі формалары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. Бұлар молекулалық салмағы 15000-30000-нан аспайтын ұсақ белокты молекулалар. Интерлейкиндердің ИЛ-1 ден ИЛ-12 дейін түрлері белгілі. Бұларды лейкоциттің түрлі формалары, басқа да антигенпрезенттеуші /антиген тұсауын кесуші/ клеткалар жасайды.
Иммундік жүйе гомеостаздың да реттеушісі. Бұл үшін онда аутоантидене жасалады. Олар белсенді ферменттерді, қанды ұйытатын факторларды және артық гормондарды байланысқа түсіреді.
Иммунологиялық реттеу бір тұрғыдан қарағанда гуморальдық реттеудің бөліп алып қарауға болмайтындай бөлігі тәрізді, дегенмен, келесі бір жағдайларда, ол нысаналы түрде, нервтік әсер тәрізді сипат көрсетеді. Осыған орай оны клеткалық-гуморальдық реттеу деп атау керек деген де ұсыныстар бар.
Н. Қ.Шаймарданов және әріптестері қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен иммундық жүйедегі өзгерістер иммундық жүйедегі өзгерістер жеткіліксіздік пен иммундық тапшылыққа әкеліп соғады деп тұжырымдайды. Авторлар иммундық тапшылықта аурудың нақты нозологиялық түрі, ал иммундық жеткіліксіздіктерде синдромдық өзгерістер дамиды деп санайды.
К.А. Уганич, Г.Н. Гусева, Е.Г. Меркулова және тағы басқа пікірлерінше иммундыкоррекцияны белгілі бір көрсеткіштерсіз кез-келген иммундық өзгерістерде қолдана беруге болмайды. Авторлар иммундыкорректорларды тағайындау барысында төмендегідей принциптерді ұстауды ұсынады:
1. Иммундық өзгерістердің көрінісін анықтап алу
2. Ем нәтижелігін клиникалық- иммундық өзгерістерге қарай отырып бағалау
3. Иммундық терапияны қолдану стратегиясын анықтап алу
4. Иммундыкорректорлардың тиімді дозасын анықтап алу
5. Иммундытропты емнің шипалылығын емдеу уақытына және науқастың жай күйіне қарай отырып бағалау.
Қалыптасқан көзқарастарға байланысты иммундық тапшылықтар алғашқы және салдарлық болып бөлінеді. Иммундық тапшылықтарды дер кезінде дұрыс анықтау иммундық терапияны қолдануға жол ашты.
М.Р.Сапиннің пікірінше, иммундық тапшылық лимфоидті тіннің мөлшерінің азаюына немесе лимфоциттердің, макрофагтардың және тағы басқа иммундық реакцияға қатысушы жасушалардың қарым-қатынастарының бұзылуына байланысты. Әсіресе, иммундық аппараттың жылдам, әрі тез инволюциясы қорщаған ортаның, өндірістің, тұрмыстық ( шылым шегу, алкогольді қолдану, артық эмоциялық стресс) зиянды әсерлерінен болады.
Қоршаған орта факторларының иммундық жүйеге әсерлерінен иммундық жеткіліксіздік және иммундық тапшылық дамитындығын ИТДД қолдану мүмкіндігін зерттеу қажеттілігі туындайды.
Р.М.Хайтов, Б.В.Пинегин ИТДД - иммундыстимулдаушылар, иммундысупрессорлар және иммундымодуляторлар деп үшке бөледі. Иммундымодуляторлар иммундық жүйенің бастапқы жай-күйіне байланысты
жан- жақты әсер етеді. Олар иммундық жүйенің қызметі төмендесе жоғарылатады, немесе шектен тыс жоғарыласа төмендетеді. ИТДД- ге әр түрлі топтарға жіктелген препараттар жатады:
Тегі микробтардан шыққан: бактерия лизаттары қосар және құрамында бактерия антигені бар иммундыкоррекциялық препараттар және арнайы емес иммундымодуляторлар , липополисахаридтер мен протеогликондар, ашытқы гидролизаттары.
Тегі тимустық препараттар: тимус препараттары, тималин, тактивин.
Тегі сүйек миынан шыққан препараттар- миелопид.
Цитокиндер және олардың синтетикалық аналогтары.
Синтетикалық иммундыстимуляторлар.
Ж.Ш.Жұмаділов , И.П. Савченко иммундымодуляторларға ағзаның қорғаныш күштерін белсендіруші препараттарды жатқызады.
Н.Қ.Шаймардановтардың пікірінше иммундық жүйенің фагоцитоз қызметінің бұзылуын реттеу иммундыкоррекциялық терапияны қолданудың маңызды бір бөлігі.
Г.М. Бориенкованың пікірінше радийтоксикалық заттардың тірі ағзаларға әсерін жан- жақты, әрі терең зерттеу осы анықталған патологияларға коррекциялық ем қолдануға жол ашты.
Л.М. Рожедественскийдің пікірінше, ЖСА - ның негізгі дәрі- дәрмектерге радийпротектор индралин, сәулелендіру қарсаңында және сәулелендіру кезінде, ал сәулелендірілгеннен соң- ерте емдеу дәрі-дәрмегі цитокин беталейкин және цитокин индукторы дезоксинат қолданылады. Радиациялық зақымдауларды емдеуде сәулелендірілген ағзадан алынған қан түзуші бастапқы жасушаны арнайы ортада өсіп- өндіріп, сонан соң қайтадан сол науқасқа қондыру арқылы жасушалық терапияны қолдану арқылы емдеу әдісі зерттелуде.
Зерттеушілер C. Heijnen және E. Elekes радиомиметиктер иондағыш радиация әсеріне ұқсас өзгерістер туғызады және олар иондағыш радиациямен синергиялық тығыз әрекеттеседі деп санайды.
Көптеген зерттеушілер ЖСА ерте емдеудің нәтижесіздігі күйік ауруының бастапқы сатыларында қандағы кортизол мөлшерінің шамадан тыс артуынан деп санайды.
Т.В. Лукьянова, Е.Н. Кирриллова сәулеленген тәжірибелік тышқандар мен егеуқұйрықтарға иммудыкоррекциялық препараттар миелопид және липамидтің әсерлерін зерттеп, емдеу нәтижесінің препараттарды ерте қолданғанда тиімді болатындығын анықтаған.
Е.А. Меньшикова және басқалар су өсімдіктерді ламинарияның иммундық жүйеге әсерін зерттеп, осы кезде жасушалардың фагоцитарлық белсенділігінің артуын, КАИК және IgE мөлшерінің төмендеуін байқаған.
Н.А. Муфазалова және әріптестері ИТДД тактивин, миелопид және токоферолды гербицид 2,4-ДА әсерінен болған бауырдағы өзгерістерге қолданып оң нәтижелерге қол жеткізген.
Ю.И. Солобоева көрсеткендей, соңғы жылдары қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен дамитын аурулардың алдын алу және аурудың даму тәуекелдігінен басқара білу үшін биопрофилактика шаралары қарастырылған. Зерттеулер көрсеткендей дұрыс таңдалған биопрофилактикалық комплекстер, ол препараттарды жеке қабылдауға қарағанда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Өсімдік шөптерден алынған фитопрепараттардың өзгерген қолайсыз жағдайлаға ұшыраған организмге адаптациялық және оттегі жетіспеушілігіне қарсы қасиеттері болашағынан үміт күттірерлік зерттеулерді қажет етеді.
Қол жеткізілген әдебиеттер шолуында қоршаған ортаның әсерінен туындайтын иммундық жүйе жеткіліксіздіктеріне иммундымодуляторлық фитопрепараттарды қолдану туралы мәліметтер кездеспеді. [68]
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары мен орындары
Зерттеулер Жамбыл облыстық ауруханасының гемотология бөлімінде, студенттер емханасында жүргізілді. Зерттеу объектілері ретінде қан жүйесінде ауытқулары бар студенттер зерттелді. Зерттеулер қанның қалыпты күйі мен ауытқуын салыстырмалы талдау арқылы жүргізілді. Жалпы 60 студент алынды.
Кесте – 3. Жалпы зерттелген адамдардың ерекшелігі.
Жыныстары | Ұл | Қыз |
Саны | 30 | 30 |
Жасы | 20-ға дейін | 20 дейін |
Схема – 1 Қанның морфофизиологиясының қалыпты күйі мен ауытқуы
Зерттеу схемасы
І кезең
ІІ кезең
2.2 Қанның формалық элементтерін зерттеу
Зерттеу барысында көзделген мақсаттар мен міндеттерді толығымен қамтып, белгілі дәрежедегі ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін қазіргі заманауи зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеу тәсілдері көрсеткіштерінің статистикалық талдануы Microsof Excel 2008 бағдарламасын қолдану арқылы тексерілді. Алынған мәліметтердің статистикалық өңделуі зерттелген көрсеткіштердің орташа мәнін М, орташа көрсеткіштердің стандартты қателіктерін m анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа көлем арасындағы нақтылық айырмашылығы t-Стъюдент белгісі бойынша анықталды. Корреляция әдісі қолданылды. [29]
Шеткі қандағы гемоглобин концентрациясын гемихорм әдісімен («Вектор-бест» ЖАҚ шығарған «гемоглобин- ново», Новосибирск обл.), ал эритроциттер санын фотометрлік әдіспен фотоэлектроколориметрде ФЭК-56М анықталды. Анемия кезінде фотоколориметрде эритроциттер санының кемуі мүмкін, сондықтан оны Горяев камерасында үндестірілу әдісі бойынша қайта саналды.
Реңдік көрсеткіш пен эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшерін (ЭГОМ) стандарттық әдіспен есептеп шығарылды. Эритроциттердің морфологиясын жалпы қабылдаған әдістеме бойынша қан жұғындысын бояп, жарық микроскоптарында қаралды. (Мик Мед 5)
Темір алмасу көрсеткіштерін зерттеу үшін көк тамырдан қанды науқастардан аш қарынға, таңертең (сағат 8-00 12-00 аралығында), ең кемінде 7 күн бойында темір препараттарын қабылдамаған жағдайда бір рет қолданылатын шприцпен алынды. [20]
Сау адамның қанының құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, ал кейбір кезде оның құрамында физиологиялық өзгерістер байқалады - ол адамның жасына, жынысына байланысты.
Қанның құрамының өзгеруі тікелей ағза өзгерістерімен байланысты, сондықтан қанның зерттеу әдістері аурулардың нақтамасында өте маңызды болып есептелінеді.
Сау адамның перифериялық қан құрамына толық дамыған жасушалар кіреді:
1) эритроцитгер;
2) лейкоциттер (нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдер, моноциттер, лимфоциттер);
3) тромбоциттер.
Эритроциттер - қанның пішінді элементгерінің негізгі массасын құрайды. Эритроцит құрамына гемоглобин пигменті кіреді. Гемоглобин - ол темір (Ғе) құрамды гем және глобин ақ уызынан тұрады. Адамның қанынының құрамында бірнеше түрлі гемоглобин болады:
Гемоглобин — гем (темірден) және IX прототопорфириннің комплекстік қосылыстарынан тұрады.
Темірдің 60% гемоглобинге кіреді. Глобин-тетрамер-ақуыз, екі полипептидті макромолекуладан тұрады.
Туылған нәрестенің қан құрамында гемоглобиннің үш түрі сақталады. Ал, нәресте бір жасқа толған соң, қанда тек НвА қалады.
Эритроциттердің аса маңызды қызметі - оттегін өкпеден жасушаларға тасымалдау. Ал, ұлпалардың оттегімен демалуы биологиялық тотығу нәтижелерінде энергетикалық процесстер жүреді және қанның қышқыл ортасын реттейді, буфер ретінде қолданылады. Оттегімен эритроциттағы гемоглобинді қамсыздандырады.
Гемолизденген, жойылған эритроциттердің орнын сүйек майынан шығып жетілген эритроциттер толтырады. Сау адамның қанындағы эритроциттердің саны қанда әйелдерде: 3,7-4,7*1612 ерлерде: 4,1-5,1*10'2 Нв мөлшері әдеттегі жағдайда қанда әйелдерде: 120-140 г/л (12-14г%)
ерлерде: 130-160 г/л (13-16г%) .
Лейкоциттер - сан бойынша эритроциттерден аз, бірақ маңызды қызмет атқарады. Олардың негізгі қызметі - ағзаны қауіпті агенттерден қорғайды, әр лейкоциттің өзінің атқаратын қызметі болады.
Лейкоцитер мынадай түрлерге бөлінеді:
- нейтрофилдер, эозинофилдер , базофилдер, моноциттер, лимфоцитгер.
Нейтрофилдер - ферменттердің көмегімен ағзаға енген бактериялар мен вирустарды және баска микробтарды немесе заттарды қорытып, жояды. Бұл процесс деп аталады. Фагоцит жасушалардың араларымен жылжып, жасуша мембранасынан өтіп, қабынған ошаққа жетеді. Олар қабыну кезеңдерінің барлық процестеріне қатысады. [21]
Эозинофилдер - нейтрофилдер сияқты фагоцитоз ролін атқарады, аллергиялық іс әрекетіне, гистаминнің алмасуына қатысады. Сонымен, тасымалдау процесін атқарады - оның сыртқы жағында уыз қалдықтары адсорбент ретінде орналасқан. Уыз қалдықтары - олар антигендер. Бұл уыз қалдықтары эозинофилдердің үстіне жабысып, сіңіп, лимфа бездеріне жеткізіледі, өздеріне қарсы денелердің пайда болуына әсерін тигізеді, уға қарсы пайда болу әсерінен бактериялардың өмір сүру қабілеті жойылады.
Базофилдер - түйнектердің құрамына гистамин кіреді. Гистамин эозинофилдер мен қатар базофилдер аллергиялық және қабыну реакцияларына қатысады. Сонымен бірге, базофилді түйнектерінің құрамына гепарин кіреді, ол қанның ұйымайтын қасиетін қамсыздандырады.
Моноциттер - жылжымалы жасушалар, фагоцитоз іс-әрекетіне
заттарды (ірі жасушаларды, безгек плазмодийларды, туберкулез микобактерияларды) қоршап алады. Сонымен, жасушалық иммунитет реакциясында өте маңызды роль атқарады.
Лимфоциттер - негізгі иммунологиялық қызметті атқарады. Т-лимфоциттер жасуша иммунитетінде аса маңызды ағзаны қорғау жөне В-лимфоциттерге қарсы денелерді шығарып, ағзаға түскен бөтен заттарды жояды (бейтараптандырады).
Лейкоциттердің өмір сүру уақыты олардың түрлеріне байланысты, ол бірнеше күннен (гранулоциттер) бірнеше жылға дейін (лимфоциттер) созылуы мүмкін.
Тромбоциттер плазманың әлсіз қимылдаған қабатында, фибриногенге бай, қан тамырларындағы қабырғаларында орналасқан. Қан ағымында эритроциттер ортасында жылжиды, ал қабырғаға жабысқан тромбоциттер олардың сыртқа шығуын шектейді.
Ағзада аса маңызды биологиялық қызмет атқарады. Олар гемостаз (қан тоқтау) іс әрекетіне қатысады.
Тромбоциттер бір-бірімен жабысып (адгезия), топтар құрып (агрегация), зақымдалған қан тамырларын бітейді - оны алғашқы тромб тығыны деп атайды, олар қансырағанда қанды тоқтатады.
Тромбоциттердің құрамына көп мөлшерлі ферменттер кіреді. Олардың әсерімен биологиялық іс әрекеттер күшейеді. Олар зақымдалған қан тамырының қысымын сақтайды, кан ұю іс әрекетіне қатысады.
Тромбоциттердің өмір сүру үзақтылығы 7-10 күн. [52]
Қалыпты жағдайда ересек адамның лейкоцитарлық формуласының көрсеткіштері: таяқшажа сұнақтық нейтрофилдер-1 -6%, сегментті жасұнақтық-45 - 70%, эозинофилдер-0-5, базофилдер-0-1%, лимфоциттер-18-40, моноциттер-2-9%
Лейкоцитарлық формуласы бойынша тек әр түрлі лейкоциттердің салыстырмалы көрсеткіштері ғана анықталынады (пайызды маңыздылығы). 1л қандағы лейкоциттердің белгілі бір түрлерінің саны абсолюттік сан деп аталады.
Абсолюттік санды шығару ушін 1л кандағы лейкоцитгердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.
Мысалы: 1л қандағы лейкоциттердің саны 6.109, сегменттік жасұнақгық нейтрофилдер - 55%. 1л қандағы абсолюттік санды келесі пропорциямен есептейді: 2,01-109 - 5,8-109; эозинофилдердің -0-0,3-109; базофилдердің 0-0,06-109; лимфоциттердің -1,2109-3-109; моноциттердің 0,09-109-0,6-109.
Қалыпты жағдайда сау адамның перифериялық қанының көрсеткіштері
Кесте – 4. Қалыпты жағдайдағы қанның көрсеткіштері
Қан көрсеткіштері | Жынысы | Қалыпты жағдайдағы қан көрсеткіштері |
қандағы эритроциттер | ер | 41012-5,11012 |
қандағы эритроциттер | әйел | 3 710'2-4,71012 |
Гемоглобин, г/л | ер адам | 130 - 160 |
Гемоглобин | әйел | 120 - 140 |
Түрлі-түсті көрсеткіштер | - | 0,86- 1,1 |
Ретикулоциттер, % | - | 2-10 |
ЭТЖ, мм/сағ. | ер | 1 – 10 |
ЭТЖ | әйел | 2-15 |
қандағы тромбоциттер | - | 18010'-320109 |
қандағы лейкоциттер | - | 4109-9109 |
Таяқшажасұнақтық нейтрофилдер, % | - | 1 -6 |
қандағы таяқшажасұнақтық нейтрофилдер | - | 0,01 10-0,3 10 |
Сегментті жасұнақтық нейтрофилдер,% | - | 45 - 70 |
қандағы сегментті жасұнақтық нейтрофилдер, | - | 2109-5,5109 |
Эозинофилдер, % | - | 0-5 |
қандағы эозинофилдер | - | 0 - 0,3-10 |
Базофилдер % | - |
|
қандағы базофилдер | - | 0 - 0,06109 |
Лимфоциттер % | - | 18-4 |
қандағы лимфоциттер | - | 1,2-10'- 3,010' |
Моноциттер, % | - | 2-9 |
қандагы моноциттер | - | 0,0910'-0,610' |
Лейкоциттерді сынау жалпы қабылдаған әдістеме бойынша Горяев камерасында жүргізілді, 0,02 мл қанға 0,4 мл 3 пайызды уксус қышқылын қосу арқылы. Жалпы лимфоциттер қан жұқпасын Романовский бояуы арқылы лейкоформуланы сынау кезінде анықталды. [13]
ІІІ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
3.1 Анемия
Қан сұйық ткань болып есептеледі. Ол қан жүретін тамырларды толтырып тұрады және әртүрлі затгарды бір органнан екіншілеріне жеткізу арқылы барлық органдар арасында сұйықтықтық /гуморальдық/ байланысты қамтамасыз етеді. Қанның қозғалуы нәтижесінде тканьдарға оттегі мен қорекгік затгар үздіксіз келіп тұрады және көмір қышқыл газын басқа да алмасу өнімдерін тканьдардан сыртқа шығару органдарына - өкпеге, теріге, ішекке апарады яғни қан транспорттық /тасымалдаушы/ рөл атқарады екен. Бірақ, тек мұнымен ғана қанның физиологиялық маңызы шекгелмейді.
Қан лимфа мен клеткаларды қоршап жатқан ткань /интерстициальдық/ сұйықтығымен бірігіп организмнің ішкі ортасы болып табылады /8-сурет/.
Бұл ортаның негізгі бөлігі судан тұрады. Судың үлесіне адам денесі массасының 75 %-і тиеді. Дене массасы . кісіде ткань сұйықтығы мен лимфа 30 % тей /20-./, клетка ішіндегі сұйықтық - 40 %-тей /27-29л/ және қан плазмасы 5%- тей /2,8-3,0 л/ болады. Плазма қанның сұйық бөлімі. Организмнің нағыз ішкі ортасы ткань сұйықтығы. Өйткені ол ондағы клеткалармен тікелей жанасады. Ал қан олармен ткань сұйықтығы арқылы ғана қатынас жасайды. Қан мен ткань сұйықтығы арасында тұрақты зат алмасу және су тасымалы жүреді. Қалыпты тіршілік процестері үшін ішкі орта тұрақтылығы /гомеостаз/ қажет. К.Бернар 1878 жылы "біздің ішкі ортамыздағы тіршілік жағдайларының тұрақтылығын сақтау - еркін және тәуелсіз өмірдің қажетті элементі" - деп жазған болатын. Американ физиологі У.Кеннон 1928 жылы "гомеостаз" /лат. Ноmоіоs - сол тәрізді, сондай және грекше Stаzis - тұрақтылық/ терминін ұсынды. Оның пікірінше, организмнің өз ішкі ортасы тұрақтылығын сақтай алушылық қабілеті ондағы жүйелердің салыстырмалы /относительді/ тұрақтылығының нәтижесі.
Ерекше механизмдермен реттеліп отыратын қан құрамы мен оның физика-химиялық қасиетгерінің түұрақтылығы организмнің өмір сүруі үшін және оның барлық органдарының қалыпты тіршілігі үшін қажет.
Қан құрамының өзгерісіне, әсіресе, кейбір белгілі қызмет атқаруға бейімделген клеткалар тобы, орталық нерв жүйелерінің жоғарғы бөлімдері сезімтал келеді. Осы кейінгілердің қатысуында қан құрамын реттеу жүреді.
Кесте-5.
Әйелде | Еркекте |
| 130-160 |
| 4,5-8,0 |
| 0,9-1,0 |
| 4,5-8,5 |
Анемия ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты организм қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра түседі. Әйелдердегі анемия дертін қоздыруға етеккір келген кезде немесе дұрыс тамақтанбай организмі әлсіреген әйелден босанған кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер салдары бар. Әсіресе анемияның ауыр түрімен құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауыруы мүмкін.Балаларда анемия олардың ішетін тамағында темір құрамдас заттардың жетіспеушілігінен де және оларды 6 айлығынан кейін қосымша тамақтандырмағандықтан да болады. Көбіне жас балалардағы анемия себептерін олардың нематодты паразит құрттарды жұқтыруы созылмалы іш өту және іш сүзегімен ауыруы туындатады.
Схема-2.
Анемия 3-ке бөлінеді
І жеңіл ІІ орташа ІІІ ауыр
90 гемоглобин 89-70 гемоглобин 60-тан төмен гемоглобин
Анемияның белгілері
-Терінің бозарып, қуарып өңі қашады
-Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады:
-Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады.
-Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады
-Анемияның ауыр түрінде бет аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін.
-Топырақ бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.
Қандағы темірді анықтау:
-қалыпты-12,5-28 ядролы
-патологиялық-12,5 төмен болады
-цветной ион-n-болады
1) гиперияхромия-1,0-ден жоғары
2) гипохромия- 1,0-ден төмен
3) нормохромия- 0,9-1,0
Анемияны емдеу және одан сақтану шаралары.Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дұрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек.
Анемияның қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты таблеткалары). Бұны, әсіресе, анемиямен зардап шегетін жүкті әйелдер ішуі керек. Анемияның барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспалы дәріні әдетте ектіру арқылы емес, таблетка түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ
Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.
Анемия ауыр формаға ауысып, ем қонбаған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көрінген жөн. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге қатысты.
Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дұрыс, әсіресе жүкті кезінде дұрыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады.
Қорытынды
Қан түйіршіктері деп қан құрамында кездесетін клеткаларды айтады. Қанның құрамында 3 түрлі клетка бар. Олар эритроциттер(қызыл түйіршектер), лейкоциттер(ақ түйіршіктер) және тромбоциттер(қан табақшалары).
Эритроциттер адам мен сүтқоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы, дөңгелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамасыз ету. Эритроциттердің негізгі қызметі олардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішін ерекшеліктерімен байланысты. Адам қанының " мөлшерінде 4,5-5 млн эритроцитгер. Эритроциттер сүйек кемігінде түзіліп, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Олар орта есеппен 120 күн тіршілік етеді
Лейкоциттер - ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологиялық күйіне байланысты көп шамада ауытқып отырады. Қабыну роцесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.
Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоцитгерге базофильдер, эозинофильдер жэне нейтрофильдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге - моноцит және лимфоцит жатады.
Организмде лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз құбылысы тән және лейкоциттер әр түрлі қорғағыш денелер түзуге, организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатынасады.
Тромбоциттер - ядросыз, майда, нэзік, ете тез бұзылатын торшалар. Қанның 1 мм3 мөлшеріндегі олардың саны - 200-400 мың, тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн. Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар канның ұю процесіне қатынасады.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
- тасымалдаушы қызмет – қан клеткаға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т. Б.) тасымалдайды. Қанмен бірге гормондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізіледі, клеткалардан көмір қышқыл газ алынып кетіледі;
- қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіліктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (клетка иммунитетті) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
- жылу реттеуші қызмет.толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді.Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
- байланыстырушы(коррелятивтік) қызмет.Әр түрлі мүшелер мен клеткалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездірі бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм клеткаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан әр түрлі клеткалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат – плазмадан және қан түйіршіктерінен (клеткаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктер (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60% -ын плазма, 40-45%-ын қан клеткалары құрайды.
Дененің жалпы массасының шамамен 6-8 пайызы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,5- қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде көбірек, ал семіз малда –азырақ болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Бектібаева Н.Ш. Жүрек – қан айналу жүйесі патологиялары мен қатерлі себептердің студенттер арасындағы таралу ерекшеліктері // оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Хабаршысы, 2004, №20, 166-169 б.
- Марин Р., П. Мейес П., Родуэлла В. « Биохимия человека» -ІІ том. 1989,- 35 стр.
- Дайырбекова М. «Адам анатомиясы» Оқулық, Медицина 2002
- Құлмұрзаева Л., Цой И. «Теміртапшылық» Биология және салауаттылық негізі,- 2008 №1. 25-26 бет
- Сәттерова М. Е.«Жамбыл облысының қоршаған ортасының адам денсаулығына әсері» Жас Ғалым -2009 атты ІІ халықаралық ғылыми практикалық конференцияның еңбектері, 14 том, 177-180 бет
- Сәдуақасова Ғ.С. «Сүт безінің қатерсіз және қатерлі ісіктері кезіндегі иммуно эндокриндік жүйенің ерекшеліктері» Автореферат
- Шубик В.М., Бронштейн И.Э., Королева Т.М. Эпидемиологические и иммунологические исследования при радиационных авариях и изпытаниях ядерного оружия Матер. II Междунар. экологического форума.- 2008.-215стр.
- Ярмоненко С.П. Низкие уровни излучения и здоровья. Радиобиологические аспекты. Мед. радиол. и радиацион. Безопасность. 2000.№ 3, 5-32стр
- Рябухин Р.С. Низкие уровни ионизирующего излучения и здоровья: системный подход. Мед. радиол. и радиацион. Безопасность.2000, №14 5-45 стр.
- Махамбетов К.О., Казымбет П.К., Козаченко Н.В. Влияние производственных факторов на иммунный статус работников ураноперерабатывающей промышленности. Матер. Междунар. конф. «Медико-социальная реабилитация населения экологически неблагоприятных регионов» Семей, 2006. 71 стр.
- Жетпісбаев Б.А., Базарбаев Н.Ә.,Сандыбаев М.Н.,Ілдербаев О.З. Комбинирлі цемент және 6гр Радиация әсері кезіндегі қандағы цитокиндердің өзгеруін зерттеу // «Экологиялық қолайсыз аймақтағы тұрғындардың медицина әлеуметтік реабилитациясы» атты II халықаралық конференция материалдары.-Семей -2008.-Б.29.
- Шарецкий А.Н., Суринов Б.П., Абрамова М.Р. Влияние иммуномодуляторов на иммуносупрессивные и аттрактивные свойства пострадиационных летучих хемосигналов. Иммунология. 2008. №2 84-86 стр.
- Торманов Н. «Қан тасымалдау жүйесінің даму эволюциясы», «Биология және салауаттылық негізі» журнал № 4
- Ижанова А.К.«Клинико-иммунологические особенности течения хронических заболеваний верхних отделов пищеварительного тракта у лиц пожилого и старческого возраста» Автореферат, Алматы -2010
- Измеров Н.Ф., Ткачева Т.А. «Экотоксиканты окружающей среды и здоровье работающих» ІІ Междунар. Конф. Посвященной 55- летию Семипалат. Гос. Мед. академии-Семей, 2008-с.60.
- Жаксылыкова А.К. «Структурная организация печени и ее регионарных лимфатических узлов при кадмиевой интоксикации и коррекции энтеросорбентом» Автореферат, Алматы -2010
- Меерсон Ф. З., Пшенникова Г. М. «Адаптация к стрессорным ситуациям и физическим нагрузкам» - Медицина, 1988 - 256 стр
- Байжанова К.Т. Темір жетіспеушілік күйлерде темір алмасуын бағалау тәсілдері//Клиникалық және теориялық медицинаның көкейкесті проблемалары Халықаралық ғылыми еңбектер жинағы, 2 том, 33-37 б.
- Байдурин С.А., Файзиева Т.Т. және т.б. О распространенности, факторах риска и особенностях клинического течения железодефицитных состояний у студентов Южного Казахстана // «Қазақстан 2030» жетекші стратегиясы ғылым және білім» Халықаралық ғылыми конференцияның еңбектері, Қарағанды 2000, 979-980 б.
- Альмухамедова А.А., Байжанова К.Т., Сейсенбеков Т.З.Темір тапшы анемиясымен зардап шегетін студенттердің жұмыс қабілеттілігін бағалау // Астана мед. Журналы, 2001 №4, 84-87 б.
- Бектібаева Н.Ш., Бөлешов Д.М., Бөлешова А.М. Жүрек – қан айналу жүйесі патологиялары бар студенттер денсаулығының және қатерлі себептердің әлеуметтік – гигиеналық тұрғыда зерттеу қорытындылары. // Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған жас ғалымдардың 2-ші Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы еңбектері. Шымкент 2004, 13-15 б.
- Керембеков Е. «Адам анатомиясы» Алматы «Раушан» 1992 59-63 б.
- Жұманбаев К.А., Жұманбаева Ғ.К., Байдүйсенова Ә.Ө. Клиникалық иммунология және аллергология. Қарағанды, Санат – Полиграфия, 2008. 354 бет
- Хайтов Р.М., Пинегин П.Г. Современные иммуномодуляторы основные принципы их применения. Иммунология, 2000. №5 4-7 стр.
- Хайтов Р.М., Игнатьева Г.А., Сидорич И.Г. Иммунология, Медицина, 2002. 466-475 стр.
- Черешнев В.А., Юшков Б.Г., Климин В.Г., Лебедева Е.В. Иммунофизиология Екатеринбург УрОРАН, 2002
- Қатшыбаева А.С., Омарова М.Н., Сулейманова Б.К., Қырбасова Г.Б. Балалардың физикалық дамуы мен денсаулығына темірдің экологиялық фактор ретіндеәсер етуі // Пидиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының 75 жылдығына арналған ғылыми еңбектер жинағы - Алматы 2007, 93-95 б.
- Битанова Э.Ж., Бижигитова Б.Б., Лоторева Ю.А. Опыт и перспективы иммуноэкологических исследований. Тез. Докл. II Междунар. конф. посвященной 55 –летию Семипалат. гос. мед. академии.- Семей, 2008 -281 стр.
- Құлқыбаев Ғ.А., Бөлшов М.Ә., Жетібаев Б.Қ. Қоршаған орта себептерінің тұрғындар денсаулығына тигізетін қатерлі әсерлерін бағалаудың жаңа технологияларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласының тәжірибесіне енгізу мәселелері // Кәсіптік патологиялардың өзекті мәселелері.-Қарағанды.-2005.-Б.31.
- Жетписбаева Б.А. Апсаликов К.Н., Сайдахметова А.С. и др. Радиоактивные загрязнения окружающей среды. Матер. Междунар. науч.практ. конф. гос. ун-та им. Шакарима - Семипалатинск, 2006.-426 стр
- Киричек Л.Т., Ганзий Т. В., Харченко Н.С. «Анализ механизмов адаптации сердечно- сосудистой системы к стрессовым условиям среды»- Бишкек, 1998.- 51-52 стр.
- Шакиева Р.А. «Теміртапшылықты қаназдық кезіндегі тамақтану туралы» Денсаулық- 2004, № 4- 29 бет
- Мирская Н.В. «Сроки адаптации школьников – северян к условиям южной здравницы» Гигиена и санитария. «Медицина». 1991 №1, 43-45 стр.
- Степанова Н. Е. Биоретмологические аспекты проблемы адаптации 1986. 69-84 стр.
- Бектібаева Н.Ш. «Студенттер арасында жүрек қан айналу жүйесі аурулары бойынша алғашқы профилактиканы және медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру. Автореферат-Алматы,2007 3-4 бет
- Жалғасбек Ф. «Опиынды нашақорлықпен астасқан жедел және созылмалы гепатиттеріндегі шеткері қан мен миеллограммалық көрсеткіштерінің бағасы» Автореферат-Қарағанды,2009 8-9 бет
- Байжанова К. Т.«Оңтүстік Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің темір тапшы күйлері және олардың терапевттік коррекциясына дәрілік өсімдіктерді қолдану» Автореферат- Қарағанды 2003 3-4 бет.
- Дрошкевич Н.А., Плынцев Ю.В., Кушлинский Н.Е., Амирагова М.Г. АКТГ, кортикостерон и В- эндорфин в плазме крови крыс в условиях длительного иммобилизационного стресса. Бюлл. Экспер. Биол. и мед.-1985.- №8 157-160 стр.
- Копанев В.И. Кровообращение при гиподенамии Матер. 4 всесоюз. Школы-семинара «Физиология кровообращения» -Симферополь, 1983, 103-110 стр.
- Мурзахметова М.К. Механизмы структурно-функциональных изменений и повыщение резистентности биологических мембран при экстрмальных воздействиях: дисс. на соискание уч. степ. докт. биол. Наук 03.00.13., 03.00.04.- Алматы, 2001. 232с.
- Богач П.Г. Структура и функция биологических мембран. – Киев, 1981-54с.
- Болдыров А.А. Биологические мембраны и транспорт ионов. –М: Наука, 1975-181с.
- Бергельсон Л.Д. Мембраны, молекулы, клетки. – Москва: Наука 1982.- с.42-46
- Сергеев П.В. Биологические мембраны. М: Медицина, 1973-246 с.
- Леднева И.Т. Мембраны эритроцитов-возможная модель для исследования. Физ.хим.биолог.биотехн. 1989 17-25с.
- Жалғасбек Ф. Опиынды нашақорлықпен астасқан жедел және созылмалы гепатиттеріндегі шеткері қан мен миеллограммалық көрсеткіштердің бағасы. Автореферат Қарағанды, 2009
- Аргынбекова А.С. Изменения обменных процессов в норме патологии при фитопрепарата Ве Гигиена, эпидемиология и иммунология.- Алматы. 2006.-№3, 135-138 стр.
- Цынко Т.Ф., Диагностика заболеваний по анализам крови и мочи Изд. 5-е, дополн.и перер.-Ростов н/Фиенекс, 2005 (медицина для вас)
- Несіпбаев Т. «Адам және жануарлар физиолгиясы» Алматы «Ғылым» 2005
- Ордабеков С.О. Генетика негіздері. ТарМУ, 2009, 215 б
- Бегімқұл Б.О. Медициналық генетика негіздері. Астана,Фолиант,2008,331 б
- Ағыбаева Н.К., Маратбаева З.К. Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу жолдары // Денсаулық.№6,2009,36 б
- Жаналиева М.К., Постнаталды онтогенез кезіндегі жасына, жынысына байланыстыадам несепағары мен қуығының лимфоидты түзілістерінің анатомотопографиялық ерекшеліктері. Автореферат Алматы, 2010
- Қаражанов Л.Қ., Жукушева Ш.Т., Абишева Қ.Н., Балтабаева Н.О., ЖИА жедел түрлері метаболикалық синдромы науқастарының кешенді антиаргрегантты терапиясы// «Экологиялық қолайсыз аймақтағы тұрғындардың медицина-әлеуметтік реабилитациясы» халықаралық конференциясы материалдары.-Семей,2008.-Б.214.
- Тұрғанбайқызы Ж.Ш. Жүректің ишемиялық ауруының метаболизмдік синдроммен үйлесімдігі гемостаз жүйесінің өзгерістері, қалыптастыру шаралары. Автореферат Алматы, 2010
- Қуандыков Е.Ө. Медициналық биология және генетика. КазУМУ,2004,256 б
- Базарбаев Н.А., Жетпісбаев Б.А., Даленов Е.Д., Сандыбаев М.Н., Ілдербаев О.З.,Арғынбекова А.С., Иондағыш 6 Гр гамма - сәулелерімен цемент шаңының қосар әсерлерінен иммундық өзгерістерге фитопрепараттық бетулин \\ Ғылым мен денсаулық сақтау.-2008.-№4.-Б.72-73.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру