Түс және оны жору - 3 бөлім
- Қара бұлттардың көшуі—сырқаттан сауығу. 1017. Қара киінген адам—жақсылық емес.
- Қара қарға—жамандық хабаршысы. 1019. Қара қас көрсең—денсаулық белгісі.
- Қара сия—атақ-данқ пен үлкен мәртебені білдіреді. 1021. Қара сөз көрмек—халыс діншіл болмақ.
- Қара суық, аяз—реніш машақат. Егер біраз ғана орын- да көрсе—сол орынның халқына болмақ.
- Қара тон, кірлі тонмен жер қазушы көрмегі—Алла тағалаға жалғаншы болмақ.
- Қара түс—ұрыс-керіс, мұң.
- Қара түс: түсінде бетінің қарайғанын көру—оның өтірікші әрі дінінен бет бұратынын білдіреді.
- Қара шыбын—адамдардың шуласулары.
- Қарағай—қартайғанша денсаулық жақсы болады. 1028. Қарақұс—байлық.
- Қарама-қарсы нәрсе: сау адамның түсінде өлгенін кө- ру—ол адамның өмірден алатын нәсібін білдіреді. Өл- ген адамның сау жүргенін көру—ол адам ақыретте үлкен нәсіпке қауышады.
- Қараторғай көрсең—ұнамды адамыңа кезігіп, шатта- насың.
- Қарбыз: түсінде тәтті қарбыз жегенін көру—жақсылық пен пайданың белгісі. Түсінде қарбыз жеген кісі— өңінде қиыншылықтан құтылатындығын білдіреді. Үйінде өте көп қарбыздың бар болуы—үлкен бір пәле- ге кез келетіндігін білдіреді. Басқа түс жорушылар көп қарбызды көру—дүние-мүліктің көбейетіндігін білдіреді дейді.
- Қарға—мұң, қайғының белгісі.
- Қарға көрмек—пасық кісі болар. Оның үшін Пайғам- барымыз қарғаны пасық деп атады.
- Қарға құласаң—сүйіктіңнен алыстайсың.
- Қарға: қарғаның сізбен сөйлескенін көру—бөтен кісінің сізге жәрдем беруі және жақсы хабардың белгісі. Ала қарғаны көру—менменсінген әрі өтірікші кісіні білдіреді. Үйіңіздің ішінде қарғаның бар екендігін көру—қызметіңіздің жоғарылайтынын білдіреді.
- Қарғаның балапаны: түсінде қарғаның балапанын кө- ру—кедейшілік, жоқшылықты, біраз уақытқа ту- ған-туысқандармен қарым-қатынасты үзу керектігін білдіреді.
- Қарғаның қарқылдағанын есіту—біреудің айтқанына көніп, айдауына жүргеніңізді білдіреді. Ер адам мұн- дай түстен кейін айлалы әйелдің қармағына түсіп қа- луы мүмкін.
- Қария: түсінде қария кісіні көру немесе сәлем беру— жұмысының алға басатынын білдіреді. Түсінде сый- лы қарияның жақындағанын көрген адам—қайыр мен берекеге қауышады. Түсінде қарияның алғысын алу—адамдардың сізден разы екенін білдіреді. Түсінде танымайтын қарияның артына түсіп жүргенін көрген адам—молшылық пен жақсылыққа кенеледі. Жас жігіт түсінде қария адамға айналғанын көрсе—ол адам білім үйренеді.
- Қарлығаш—дүние-мүлікті немесе әдепті бір кісіні, әйелді немесе бір баланы білдіреді. Түсінде үйінде көп қарлығаш көру—тапқан табысының адал екендігін білдіреді. Өзіне қарлығаштың пайдасы тигенін кө- ру—ол кісінің досына жәрдемі тиетіндігін білдіреді. Қарлығашты ұстап алғандығын көру—бір әйелге зұлымдық етеді. Қарлығаштың етін жеу—жаман іс істейтіндігін білдіреді. Түсінде қарлығаш көру—бой- дақ кісі үшін сенімді, пысық, тәрбиелі бір әйелмен үйленетіндігін білдіреді.
- Қармақ: түстегі қармақ—біреудің сізге жәрдем ететін- дігін білдіреді. Қармақтың сынғанын немесе жоғалт- қанын көру—қиын жағдайға түсетіндігін білдіреді.
- Қару: түсінде қару көрсе—дұшпанын жеңеді. Қаруды құшақтап жүру—білімінің, күш-қуатының, кедей- ліктен құтылудың белгісі.
- Қаршыға көру—залым ұлығы болар.
- Қасапшы: түсіңізде қасапшы етті бөліктерге бөліп жатқанын көрсеңіз—хаттар мен құжаттар төңірегінде сақ болыңыз, репутацияңызға нұқсан келуі мүмкін.
- Қасқыр көрсең—ұрыс-керіске кезігесің.
- Қасқырды, қабанды, жолбарысты көру және оларды өлтіру—дұшпаннан үстем болуды білдіреді.
- Қасың ағарып кетсе—табыс.
- Қасыңмен кездесу—келімсіз жәйт.
- Қатынның жаулығы, сәлісі—күйеуі болады, күйеуі болмаса, жақыны.
- Қатынының тұлымдарын ұзын көрмек—бала болар. 1050. Қауын—уайым-қайғы.
- Қашар көру—сафар болады. 1052. Қисық жол көрсең—табыс.
- Қисық-қыңыр әйел—ауру хабаршысы.
- Қожайын: түсіңізде қожайыныңыз бар болса—бөтен адамдардың ыстық ықыласын аңсап жүргеніңіздің белгісі.
- Қозықұйрық көрсең—бала көтересің (әйелдер үшін), табыс әкеледі.
- Қой баласы—бір жақсы құрметті қатын болар. Ешкі һәм қой баласы орнына жорылады, бірақ ешкі қой ба- ласынан шарапаты артығырақ болады. Кей уақытта ешкі—сиыр орнына жорылар, яғни семіз мүйізді болса, жылдың тоқтығына, яки мүйізсіз арық болса, жылдың ашаршылығына.
- Қой етін жеп жүрсең—табысқа кезігесің. 1058. Қой етін көрсе—хал хауыфы болар.
- Қой көрсе—дәулет ниғматы артады.
- Қой отарын көру—мұндай түсті жақсы деп есептейді. 1061. Қоқыс көрсең—күтпеген ақша келеді.
- Қол жуу—мазасыздықтан арылу.
- Қол: әдемі қол—қызметте тез өсу мен атақты болу. Қол жуу—сәттіліктер. Біреудің қолына сүйсіну—қыз- ғаныштың құрбаны болудың белгісі. Қорқынышты қол—кездейсоқтық пен кедейлік.
- Қолғап: қолыңызға жаңа қолғап киіп жүрсеңіз, сізде қаржы жағдайына байланысты қиыншылықтар бола- ды, бірақ оны ойдағыдай шешесіз.
- Қолсағат—жаудан келетін қауіп-қатер.
- Қолтық түгінің ұзын болмағы—дұшманынан қуатты- лығы.
- Қоңыз көрсең—күткен қонағың келеді, қуанасың. 1068. Қоңыр түс—күткен адамыңмен жүздесу.
- Қора-қопсы көрсең—жаңа орынға ауысасың. 1070. Қорған көрсең—тілегің орындалады.
- Қорғанда өмір сүру—байлық.
- Қорғанның ішіне кірсең—күтпеген бақ-дәулет. 1073. Қоян—барлық тілектеріне жетеді.
- Қу ағаш көрмек—мұнафиқтарға кездесер. 1075. Құзғын көру—шаян секілді болып жорылады.
- Құлақ: түсіңізде құлақ көрсеңіз—жұмысыңызға зиян келтіру үшін өте нашар адам істеген ісіңізді аңдып жүргенінен хабардар етеді.
- Құлпынай жесең—әңгіме, сөз.
- Құлын көрсең—кіріс келеді, бірақ қиналысқа кезігуің мүмкін.
- Құлып—сенімсіздік белгісі. 1080. Құм, ұсақ тас көру—мал болады.
- Құмда жүру, топырақ—мал болады.
- Құмыра: түсінде құмыра көру—жақын туысыңыздан әдемі сыйлық алудың белгісі.
- Құмырсқа көру—бір нашар дүние жанды ер болады, егер көп болып көрінсе—әскер болады.
- Құмырсқа: түсінде құмырсқаны көру—отбасын әрі ұзақ өмір сүретіндігін білдіреді. Егер біреу түсінде бір құмырсқаның ауылға кіргендігін көрсе—ол жерге әскердің кіретіндігін білдіреді. Түсінде төсе- гінің үстінде құмырсқаның жүргенін көру—үбір- лі-шүбірлі, бала-шағасының көп болатындығының белгісі. Құмырсқаның ұшқандығын көру—ауру кісі болса, дүние салатындығын білдіреді. Құмырсқа—мол- шылық, рызықтың белгісі. Түсінде үйіне аузында азы- ғы бар құмырсқаның кіргендігін көру—молшылықты білдіреді. Ал егер үйінен шығатын немесе кірмей- тін болса—қиыншылық пен жоқшылықтың белгісі. Түсінде құмырсқа өлтіру—күнә бір іс істейтіндігін білдіреді.
- Құндыз—сүйіспеншілікті, махаббатты білдіреді.
- Құран аяттары: егер аят мейірім жайында болса, ал оны оқып отырған адам өлген болса—ол Алланың ра- хымына бөленеді. Егер аят қорқынышты, ал оны оқып отырған адам тірі болса—оны жаман істерден тыйыла- тынына жорылады. Сүйіншілейтін аят болса—түс иесін қайырлы іспен сүйіншілейді.
- Құран Кәрім: түсінде Алла Тағаланың кітабын көру— өте үлкен бақыт, әрі жақсылық. Түсінде Құран тың- дау—жақсылықтың белгісі, түсінде Құран жаттағанын көру—мол табысты білдіреді. Құран оқып, мағынасын түсінгендігін көру—ақылды, парасатты екендігінің белгісі. Тілімен Құранды жаттағынан көру—күнә істің белгісі. Түсінде Құран Кәрім оқу—жақсы, салих істерді және мәртебесінің өсетіндігін білдіреді. Кейбір кезде Құран оқуды—өлім деп те жорыған.
- Құран оқу: түсінде Құран оқығандығын көру—абырой- атаққа жететіндігін білдіреді. Күнәһар кісі болса, Алла тағала оның күнәларын кешіретіндігінің белгі- сі. Ал, егер кедей болса, байитындығының белгісі. Ал егер Құран кәрімді қате оқығандығын көрсе—ту- ра жолдан адасатындығын, сөзінде тұрмайтынды- ғын білдіреді. Оқыған Құранды жұртшылық тыңдап отырғанын көру—бір қызметке орналасатындығының белгісі. Түсінде амал дәптерінің оқығандығын көру— мол табысқа жететіндігін білдіреді. Құран кәрімнің бір бетін немесе қандайда бір кітапты оқу—біреуге мирасқор болатындығын білдіреді. Кітапты теріс оқып отырғандығын көру—көп қарызға бататындығын біл- діреді.
- Құранды жерге жазар көрсе—ол кісі төзімділік пен жақсылыққа кездесер.
- Құрбақа—тақуа және Алла Тағаланың әмірлерін орындап жүрген кісінің белгісі. Түсінде құрбақалар- дың арасында отырғандығын көру—туыстарымен және көршілерімен кездесетіндігін білдіреді. Түсінде құрбақа етін жеу—табыстың белгісі. Кейбір түс жорушылар құрбақа—жақсы мінезді, әдепті және кішіпейіл әйелдің белгісі деп жорамалдаған.
- Құрбан айт—жақсылықтың белгісі. Түсінде бұл ме- реке күнді көру—қуаныш, бақыттың белгісі. Бір за- тын жоғалтқан кісі осындай түсті көрсе—жоғын табатындығын білдіреді.
- Құрбандық: түсінде құрбандық малды, құрбандық шалатын жерге келгендігін көру—қиыншылықтан құтылатындығын, ауруына шипа табатындығын біл- діреді. Түсінде құрбандық көру—жақсылықтың бел- гісі. Түсті көруші жүкті әйел кісі болса, еркек бала туатындығын білдіреді. Бір кісі түсінде түйе немесе сиыр, яки қой құрбандық еткендігін көру—қарыздар болса, қарыздарынан құтылатындығын білдіреді. Ке- дей болса, байиды. Бұл түсті қажылыққа бармаған кісі көрсе, қажылыққа баратындығының белгісі. Адамдар- ға құрбандық етін тарату—қайғы-мұңның кететінді- гін, әрі абырой-атағының өсетіндігін білдіреді. Түсін- де құрбандық көру—әйелінің немесе күйеуінің ізгі іс істеуінің белгісі.
- Құрғақ жапырақ жинасаң—кедейлік.
- Құрғап қалған қайнар көрсең—үмітсіздік белгісі. 1095. Құрғау: түсінде бір ағаштың немесе гүлдің, қандай да бір нәрсенің құрғағанын көру—жоқшылықтың, қиыншылықтың белгісі.
- Құрдастар: түсінде құрбы-құрдастарын көру—жақ- сылықтың белгісі. Сауда-саттықта табысы мол бола- ды. Жақсы құрбысын көрсе—ұзақ өмірді, ал жаман болса—ұрыс-төбелестен аулақ жүру керектігіне жо- рылады. Түсінде құрбылармен айқайлап жүргенін көру—жасырын іс істегені үшін өкінетінін білдіреді. Науқастанып жүрген құрбысын көрсе—науқасынан құтылудың, ал досының тойында жүрсе—сүйгеніне үй- ленетініне жорылады. Досының жаназасында жүрсе— қандай да бір келеңсіз жағдай тудырмау үшін мұқият болу керектігін білдіреді.
- Құрма—жаңбырдың белгісі. Құрма жегенін көру—өзі- не ғана тиісті рызықтыңбелгісі. Құрма жеу—Құран оқуды және дінге пайдасын тигізуді де білдіреді. Сақтал- ған құрма—жиналған мал-мүліктің белгісі. Шашылып жатқан құрмаларды көру—уақытша қолға түсетін ақшаны білдіреді. Түсінде өзіне құрма берілгенін кө- ру—мал-мүлікке ие болудың белгісі. Кімде-кім құрма- ның ішіндегі сүйегін алғанын көрсе—ол адам балалы болады. Құрма—адал рызықтың белгісі. Кімде-кім әдемі құрма жегенін көрсе—ол адам жақсы сөз естиді, әрі мол табысқа кенеледі.
- Құрмет көрсету: түсінде өзіне немесе өзінің бастыққа құрмет көрсетіп жүргенін көру—адамдар жайында жақсы нәрсе ойлайтынын білдіреді. Құрбылар мен жұмысшылардың құрмет көрсетіп жүргенін көру— табысы көбейіп, жоғарылайтынын білдіреді.
- Құрсақ көрмек—мал, я бала болады. Құрсағының кішкене болмағы бала, малының нашар болуы, үлкен болуы мал баласының ұлық болуы, ішек те осы секілді. Егер түсінде ішектері шыққанын көрсе, малының ашық болмағы.
- Құрт жесең—жаңалық естисің. 1101. Құрт илеп отырсаң—қонақ күтесің.
- Құрт (жәндік): түсінде құрт көру—қыздың белгісі. Түсінде ішінде құрт барын сезу—туысқандарына келе- тін қиыншылықты білдіреді. Түсінде денесінен құрт шыққандығын көру—қиыншылықтың және қайғы- ның кететіндігін білдіреді.
- Құртты жайып жүрсең—аурудан айығу.
- Құрылысшы: жұмыс үстіндегі құрылысшыны көр- сеңіз—елеулі шығын шығатын үлкен өзгеріс күтіп тұр. Егер құрылысшыны жас қыз көрсе—тұрмыста жолыңыз болғалы тұр.
- Құс көрсе—дәулет, рахаттық болады.
- Құс ұстаған адам—өнер не билік қонады, дәулетті бо- лып, перзент сүйеді.
- Құс: түсінде құс көріп, қандай құс екендігін білмесе— Әзірейл (ә.с.) деп жорылады. Ауру кісі түсінде бір құстың үйінен бір затты алып көкке ұшқандығын көрсе—дүние салатынын білдіреді. Құстың төбеңізге келіп отыруы—үйіңізге қонақ келетіндігін білдіреді. Түсінде ақ түсті құс көру—әйелі жүкті болса, ер бала туатындығының белгісі. Түсінде құстың қанатын сындырса, дүниеге келетін баланың өмір жасы ұзақ болатындығын білдіреді. Түсінде құстардың төбесінде ұшып жүргендігін көру—қызметінің жоғарылап, тасының жоғары домалайтынын білдіреді. Көктен бір құс түсіп, жанына қонғандығын көру—сүйіншілі хабардың белгісі. Кейбір түс жорушылар ақ түсті құсты—жақсылыққа, қара түсті құсты—күнә іске, ала түсті құсты рия деп жорыған.
- Құстың жемісі, азығы: түсінде құстың азығын көру— халал жолмен табылған дүние-мүлікті білдіреді. Түсінде құстың азығын жегендігін көру—кейбір түс жорушылардың айтуынша, жақсылықтың белгісі, ал, кейбіреуі жамандықтың белгісі деп жорамалдаған. Кейбір кезде құс азығы—ақшаның белгісі.
- Құсу: егер түсінде жеңіл құсқандығын көрсе—ол кісі тәубе етуін, туралықты табуын білдіреді. Егер қан құсқандығын көрсе—күнә іс істеуден тоқталуын, ха- рам жолмен дүние-мүлік тапқандығына өкінуін, ама- натты иесіне беруін білдіреді. Қақырық құсқандығын көру—күнәістеудентоқталатындығынбілдіреді. Жеген тамағын құсу—өзінің жақсы көретін бір затын біреуге сыйлау керектігін меңзейді. Түсінде қандай да бір затты құсу—жақсылықтың белгісі. Өте көп қан құсқандығын көру—мол табысты, жанұясындағы бір баланың дүниеге келуін, сапарда болса, үйіне қайтатындығын білдіреді. Ауру кісі түсінде жылан құсқандығын көр- се—өлімнің өкшелеп келіп қалғандығын білдіреді. Дені сау адамның бұл түсті көруі—дұшпанына үстем болатындығын білдіреді.
- Құсы бар ұя—үлкен түсім.
- Құттықтау: түсіңізде туысқаннан құттықтау келген- дігін көру—жақсылықтың белгісі. Біреуге құттықтау қағазын жіберу—кедей-кепшіктерге жәрдем берудің белгісі.
- Құты, қорап: түсінде лық толы құты көру—молшы- лықтың, бос құты—жоқшылық пен қиыншылықтың белгісі.
- Құтылу: түсінде қандай да бір қиындықтан құтыла- тындығын көру—дертінен, ауруынан құтылатынды- ғын білдіреді.
- Құтыру: түсінде құтырған ит көру—алды-артын шо- луды, абайлауды білдіреді. Түсінде құтырған иттің тістеуі—көре алмаушылық, қызғанып жүрген адам- дардың белгісі. Ал түсінде құтырған итті өлтіру— дұшпандарыңызды жеңуді білдіреді.
- Құшақтау: түсінде құшақтауды екі түрлі жоруға бо- лады: жеңіс және махаббат. Біреуді құшақтағанын көру—жеңіс, үстемдікті білдіреді. Әбу Саид ал-Уайз- дың айтуынша, құшақтау—сүйіспеншілік пен достық- тың белгісі. Түсінде дұшпанымен құшақтасқанын көру—онымен достасатындығының белгісі. Түсінде бұл дүниеден өткен кісімен құшақтасқанын көру—аз уақыт құшақтасса, ол кісінің ұзақтау өмір сүретіндігін білдіреді. Ал өлген кісі құшақтап, өз тарапына алып кеткендігін көру—ол кісінің бұл дүниеден өтетіндігін білдіреді.
- Қыдыр түні: түсінде қыдыр түнін көру—жұмысының өрге домалайтынын білдіреді. Бұл түс—түстердің ең қайырлысы.
- Қыз бала: түсінде кішкентай қыз көру—молшылық- ты, атақ-абыройды білдіреді. Түсінде емшектегі қызды көру—жақсылықтың белгісі. Түсінде қыз бала тауып алу немесе отбасында қыз бала туғандығын кө- ру—түс көрушінің жамандықтан құтылатындығын, бақытты өмір сүретіндігін білдіреді. Ауру кісі қыз ту- ғанын көрсе—ауруына шипа табылатындығын біл- діреді. Әйелінің қыз тууы—арманына жететіндігін, жақсылық пен табысты білдіреді. Жөргектегі қыз баланың сізге сөйлеуі—жора-жолдастарыңыздың қыз- ғанатындай қызметіңіздің өсетіндігін білдіреді. Ал кішкентай қыздың ауыруы немесе өлуі—жоқшылық, жаманшылықтың белгісі.
- Қыз қууға қатысу—үйлену.
- Қыз қарбыз жеп жүрсе—алданады, қателеседі, уайымға кездеседі.
- Қыз түсінде босанып жүрсе—жамандық.
- Қыз: егер түсінде біреу тұрмысқа шықпаған қызбен кездескенін көрсе—дүние-мүлікке немесе саудасында зор табысқа ие болатындығын білдіреді. Түсінде бой- жеткен қызбен сөйлесу, қалжыңдасу, сүйісу—бақыт- ты, мол рызықты білдіреді.
- Қызғалдақ—жас, әдепті біреуге ғашық болатынды- ғыңыздың белгісі. Бұл гүлді өсіру немесе алу немесе тапқандығын көру—қуаныштың белгісі. Қызғалдақ гүлін басыңызға жағуыңыз—қызметіңіздің өсетіндігін білдіреді.
- Қызғану—бүлік, бәлекетті білдіреді. Кейбір кезде ашу- ызаны, менмендікті және жамандықты білдіреді.
- Қызғылт түс—сыйлық.
- Қызметші әйел—жақсылықтың нышанын білдіреді. Түсінде қызметші әйелі бар екенін және одан кіш- кентай кезінде тыңдаған ертегілерді айтып бер деп өтініп жатқанын көру—егер жәрдемге мұқтаж болса, жәрдем берілетінін немесе жұмысындағы табысынан да жоғары табысы мол жерге орналасатынын білдіреді. Қызметшісінің қолын сүйіп дұғасын алғанын көрген адам—Алланың разылығына бөленген адам екенін білдіреді. Бұл түс—дүние мен ақыреттегі істерінің оңды болатынын білдіреді.
- Қызыл жақұт, лағыл: түсінде танитын біреу бұл асыл тасты беруі—ол кісінің туысынан бір қызбен үйлене- тіндігін білдіреді. Тасты берген кісіні танымаса—ала- тын қызы танымайтын отбасыдан болатындығының белгісі. Түсінде бір әйелдің сізге бұл тасты беруі— жақсылықтың белгісі. Өзінің басқа біреуге беруі—ол кісіге үйлену ісінде жәрдем беру керектігін білдіреді.
- Қызыл көрпе жамылсаң—ауруға тап келуің мүмкін. 1128. Қызыл сақал: түсінде сақалының түсті болуы—бүліктің белгісі.
- Қызыл тұмсықты қарға—ойын-күлкі, сүйіспеншілікті білдіреді.
- Қызыл тұт: түсінде қызыл тұт алғанын көру—ақша және бала-шағаның көп екендігін білдіреді. Түсінде тұт жеу—көп табысқа кенелетіндігін білдіреді.
- Қызыл түсті киім кисе—ел билеген бастық болады. 1132. Қызыл түсті нәрселер—махаббат, сырқатқа кезігу. 1133. Қызыл шарап құйып тұрсаң—төбелеске тап боларсың. 1134. Қызылша—біреудің мазағы болу.
- Қыл көпір: түсінде қыл көпірдің үстінде тұрғанын көрген адам—дініне берік екендігін білдіреді. Қыл көпірдің үстінде аяғы таймай жүргенін көрген адам— үлкен істі тындырады. Қыл көпірден аяғы тайғанын көрген адам—күні істеп, ақиқаттан айрылады.
- Қылыш: түсінде қылыш асынғанын көру—үлкен бір мақамды білдіреді. Қылышының қатты ауыр- лауы—күшейіп және пайда көретінін білдіреді. Қы- лыштың бауы үзіліп жерге түсуі—қызметінен бо- сайтындығының белгісі. Түсінде біреу әйеліне қылыш бергендігін немесе әйелінің оған қылыш бергендігін көру—отбасында ер баланың дүниеге келетіндігін білдіреді. Ал егер әйеліне қынынан суырылмаған қылышты берсе—әйелінің қыз туатынын білдіреді. Егер қылыш өткір болса—онда сөйлеген сөзі ақиқат, дұрыс екендігін білдіреді. Жерде жатқан қылышты алғанын көру—ақиқатты іздеген кісіні әрі ақиқатты табатынын білдіреді. Түсінде біреуден қылыш алу— әйелінің белгісі. Қылышты қынына тығу—аманаттың белгісі. Қылыш сабының сынғанын көру—әйелінің немесе ағасының дүниеден өтетіндігін білдіреді. Қы- лышты жұтқанын көру—дұшпанының мал-мүлкін қолды ететінін білдіреді. Түсінде бір кісіні қылышпен ұру—ол кісінің мазасын алатындығын білдіреді. Бойдақ біреу түсінде қылышты қынына тыққанын көрсе—үйленетіндігінің белгісі. Қолындағы қылыш дұшпанының қылышынан ұзын болса—дұшпанын жеңетіндігін білдіреді. Қылышының өтпей қалуы—ол кісінің сөзін ешкім тыңдамайтындығын білдіреді. Егер біреу қылышпен ұратын болса, қылыштың ти- ген жерінен қан шықпаса—ол адамның айтатын сөзі ақиқат екендігін білдіреді. Қылыш—рызықты да білдіреді. Кейбір кезде қылыш көру—дүние мүлікті және білімді білдіреді. Қылышты істегендігін көру— білімді кісінің белгісі.
- Қымызды біреуге берсең—олжаңды бөлісу немесе оқу орнына бару.
- Қына: түсінде қына көру—әдемілікті білдіреді. Тү- сінде өзінің немесе өзгенің қолына қына жағу— жақсылықтың белгі. Қынаны ыдыста екендігін көру— дүние-мүлік пен жақсы хабардың белгісі. Қолы мен аяғын қынамен бояғандығын көру—үйіне мол табыс әкелетіндігін білдіреді. Сақалын қынамен бояғанын көру—құлшылыққа берілуін, жоқшылыққа шүкір етуін, ұзын және жақсы өмірді және Алла Тағала разылығы үшін жұмыс, қызмет етуді білдіреді.
- Қыр сиырының бұзауы—надандардың амалын хабар- лау.
- Қыран—дәреже.
- Қырау: түсінде қыс мезгілінде қырау көру—мұң- қайғының кетіп, дұшпаны мен күндеп жүрген адамда- рына үстем келетіндігінің белгісі. Түсінде қырау суды қатырып, ағаштарды сындырған болса—жоқшылық пен қиыншылықтың белгісі. Бір кісінің қырау басқан жерде жүруі—жаманшылықтың белгісі.
- Қырғауыл көрсе—барлық ісі ойдағыдай болады. 1143. Қыркүйек—істегі келеңсіздік.
- Қырманды сатып алу—жақында салиқалы қызбен үй- ленудің белгісі.
- Қырман: түсінде қырман көру—маңдай термен жи- налған мал-мүліктің белгісі. Түсінде өртенген қырман көру—қолыңыздағы мал-мүліктен айрылудың белгісі.
- Қыс: түсінде мезгілсіз қысты көру—қайғы-мұңның белгісі. Ал өз маусымында көру—жақсылықтың бел- гісі.
- Қыстыгүні жасыл жайлау көрсе—Құдайдың мейірімі түседі.
- Қыш құю—балалары көп болу. Қыш кірпіш—дүние- мүлік. Қыштан үй соғу—абыройы өсу.
- Лай су—реніш.
- Лай су ішсең—уайым келер.
- Лашынды көрсе—әкімдердің саясы түседі. 1152. Мазарат көрсең—тыныштық белгісі.
- Май басыңа жағылса—ақша аласың. 1154. Май көрсең—жақсылық, молшылық.
- Майды киімге тамызып алсаң—махаббаттағы сәттілік. 1156. Маймылды түсінде көрмек—бір ақылы кем кісіге кездесер, онымен әуре болуы кісі көзіне түсер.
- Мақтаның көшеті—білімдар, мейірімді адам. Мақта- ның шиті—қиыншылықпен қол жеткізген мал-мүлік.
- Мақта көрсең—байлық.
- Мақта терсең—үлкен табыс, қуану. 1160. Мал басы—молшылық.
- Маржан—қуаныш, табыс.
- Маса—дұшпан. Маса шағу—тісін батыра алмай жүр- ген қас дұшпан.
- Мәсжид жамиғны көру, кағбаны тауаф қылу—жоғары өкімет бастығы болмақ, дінінде тура болмақ.
- Мешіт—ғалым кісі. Мешіт салу—жақсылық жасау, сүннет іс. Мешітке кіру—күнәдан тазару. Мешітте на- маз оқу—жақсылық. Мешітте шырақ жағып отыру— білімдар болу. Мешіттегі шырақ сөну—білімді кісінің дүниеден өтуі. Мешіттің есігі жабық болу—таршылық.
- Мең—қуаныш, шаттық.
- Мейіз, жаңғақ жесең—олжалы табыс.
- Меруерт көру—Алла тағаланың адал перзент берейін дегені.
- Мирас—өткінші қиыншылық.
- Михраб көрмек—бастық, яки имам болмақ. Михрабта намаз оқымақ—сүйінішті хабар болады.
- Мойын көрмек—аманат болады, мойынның түсінде на- шар көрінуі—аманатынан, дінінен нашар болуы.
- Мола көрсең—күтпеген жақсылық.
- Моланы талқандап жүрсең—өлімнің белгісі.
- Монша ішінде намаз оқыр көрсе—қатынымен шағы- лыс қылмақ.
- Моншадағы жалаңаш әйел—реніш. 1175. Моншадағы қан—мезгілсіз өлім.
- Моншадан шығып келе жатсаң—қанағаттанасың.
- Молшылық—қиыншылықтан құтылу, қарыздарын өтеу.
- Мұғалім—білімі арту.
- Мұз көрсең—сәтсіздік белгісі.
- Мұздай су ішсең—денсаулығың жақсармақ. 1181. Мұзжарғыш көрсең—өлім туралы хабар келеді.
- Мұрнын сіңбіру, яки мұрын боғын көру—бала болады. 1183. Мұрт көрмек һәм кеспек—ізгі ғамал болады, ұзындығы—мәкруһ істегендігі.
- Мұрын қанамақ—харамнан кіретін мал болады.
- Мұрын қанауы—кісінің жақын қарындастарының ар- туы.
- Мұрын: өз мұрныңыз—кез келген істің шешімін та- бу. Егер түсіңізде мұрныңыз тым кіші болып көрін- се—жоғалту мен сәтсіздік. Қан аққан мұрын—бақыт- сыздық.
- Мұсылман нанымын алып қарайық: түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру—жақсы нышан.
- Мұхит көрсең—қанағаттанасың. 1189. Мүйіз көрсең—ақша аласың.
- Мүсінші—өңіңіздегі шектен тыс шығын сіздің мате- риалдық жағдайыңызға зиянын тигізеді.
- Мылтық көрсең—қауіп белгісі. 1192. Мыс теңге—уайымға батырар.
- Мыстан жүрген түс—сіздің жаныңызға жақын дос- тарыңыздың ортасында көңіл көтеретініңізді болжай- ды. Алайда сақ болыңыз, соңында сізді уайым күтіп тұр.
Қажетті сілтемелер:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: түс, түс жору, түс көру, түс жору кітапшасы