Әзілхан Нұршайықов

 Әзілхан Нұршайықов

Назарларыңызға қазақтың халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың ұлт тәрбиесіне байланысты айтқан нақыл сөздерін ұсынамын.
1. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.
2. Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
3. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
4. Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
5. Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.

Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай сыйласымды, тату-тəтті өмірді бастарынан кешіреді. Бұл жолда əйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады. Адам бойындағы, əсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тəрбиеден ғой.

Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді.

Жазғы салқыннан жаныңды аяма.

Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Баланы жастан жұмсап, жүгіртіп істете беру керек. Еңбекшіл азамат содан қалыптасады.

Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық – қырсықпен тең

Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: “Есті қыз етегін қымтап ұстар” деген мақал бар.

Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.

Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Көшеде көлденең тұра қылып бірінің ернін бірі жұлып жіберердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.









Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру