Аналарға және әйелдерге кеңестер

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген...
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Баланы қырқынан шығару

Шілдехана кешінен кейінгі қуаныш кеші – баланы қырқынан шығару. 20-30 күн өтіп, буындары аздап та болса қатайғанша, нәрестені өз анасы мен әжесінен басқа адам ұстамаған, шомылдырмаған. Және сәбиді қырқынан шығармайынша, қолына алып жұбатқанымен, үлкен қарт кісілер оның бетінен сүймеген. Мұсылмандардың түсінігі бойынша қырқынан шығарғаннан кейін ғана баланың тәні тазарады-мыс. Баланы толық қырық күннен кейін ғана.....
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Бөлме гүлін баптау

? Бөлме гүлдерін күту оңай көрінгенімен, әсте, олай емес. Оның да өз ережелері мен құпиялары бар. Жалпы, гүл күтімінде неге мән берген жөн? Егер гүлдеріңіз көз қуантудың орнына күннен-күнге солып бара жатса, онда оның себебін тезірек анықтаңыз.

? Гүл өсіруші мамандар гүлді сатып алғаннан бір-екі ай уақыт өтпей жатып, ол сола бастаса, мұның себебі дұрыс күтім жасалмағаннан екенін айтады. Демек, жарықтың дұрыс түспеуі, гүлдің табиғатына сай орында тұрмауы немесе суаруда қандай да бір қателіктердің орын алғанын білдіреді. Ал егер алған гүліңіздің 2-3 ай уақыттан кейін сола бастағанын байқасаңыз, оның себебі – зиянкестердің пайда болуында немесе гүл отырғызған топырақтың құнарсыздығы. Бұл – мамандардың ойы. ......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Бет терісіне арналған табиғи нәрселер

Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи өнімдерді ұсынамыз.

✅ 1. Ас содасы теріні терең тазартып, безеу шығуға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Ол үшін аздап ас содасын алып, оған қоймалжың болатындай етіп су құйыңыз. Пайда болған қоспаны бет терісіне жағып, саусақтарыңызбен уқалаңыз. Бірнеше минуттан соң суықтау сумен шайып тастаңыз.

✅ 2. Бал мен аздап тұзды араластырыңыз. Егер теріні терең тазарту керек болса, тұз мөлшерін көбірек алыңыз. Қоспаны бетіңізде бірнеше минут ұстап, жылы сумен шайып тастаңыз. ......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Төсек қатынасында ер адамның көңілі неге толмайды?

Әйелдердің басты қателігі «төсек қатынасы-тек табиғи құбылыс» деп қабылдап, әрі қарай ізденбеуі. Бірақ әр әйел қимыл-қозғалысыңыздың нәзік болуын, «жараланып» қалмауын ойластыру керек. Әрі сол үшін тырысуы қажет. Бүгін ер адамдардың пікіріне сүйене отырып, төсек қатынасын бұзатын әйелдердің қателіктері туралы сөз қозғап, олардың шешімін табуға тырысып көреміз.
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Әйелдің төсекке деген құмарлығын не тияды?

Жақсы әйел, мейірімді ана, мінсіз «көңілдес»-осы заманнның жігіттері өздеріне осындай әйелдің портретін салып алған. Алғашқы екеуіне тағар мініңіз болмаса да, соңғысына көбінің көңілі толмайтынын мамандар дәлелдеп отыр. Шынтуайтына келгенде мойындау керек күйбең тірліктен соң әйелдердің тосек ойынына деген құлқы болмайды. Оларға арнайы «дәрі» де әсер етпейтін көрінеді. Бірақ жеген тамағыңыз пайдалы болсын, төсек қатынасындағы кедергіден құтылғыңыз келсе төмендегі тағамдардан қашыңыз.
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

3 жасқа дейінгі балаларға зиянды 10 тағам

Күнделікті балаларымызға ұсынып жүрген тамақтарымыз оның ағзасына пайдасыз, тіпті, зиянды болуы мүмкін. Сондықтан диетолог мамандар ата-аналарға баланың ас мәзіріне абай болуды, жіті қадағалауды ұсынады. Дүкен сөрелеріндегі көз сүрінетін картоп қытырлақтарының, газды сусындардың, фри т.б. зиян екенін барлық аналар біледі. Бірақ біз білмейтін зиянды астар саны мұнымен шектелмейді екен. Мамандар 3 жасқа толмаған сәбиге қажетсіз он тағамның тізімін қаперге салады.

*Еттен, балықтан дайындалған сорпа. Қайнау кезіндегі олардан бөлінген түрлі элементтер.......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ирина Хакамада: Бақытты отбасы құпиясы

Мен жартылай еуропалық, жартылай шығыс адамымын. Шығыстың адамдары су жиегінде отырып, өзімен өзі гармонияға келіп, кармасын күтіп отырады, ал еуропалықтар бір-бірін жаншып, жоғарыға қарай өрмелейді. Менде осы қасиеттердің барлығы да бар. Бірде мен Далай Ламамен кездескенде ол маған бір ақыл айтты: «Әр адам тек бір өмір сүреді. Бірақ осы өміріңді қайта-қайта есіңе алғың келетіндей, дәл сол өмірді бірнеше рет сүргің келетіндей ету қажет». Мен де сіздің өзіңіз дәл қазір өзгеріп, өміріңіз дәл ертеңнен бастап жақсарғанын қалаймын. Сондықтан сіздерге өзім түйген кеңестерімді беремін.
Ирина Хакамада

* Бақытты болу тек ер адаммен қарым-қатынасқа байланысты деген тәуелділіктен арылыңыз. Қандай да бір күдігіңіз болса, қазбалап, миды ашытатын сұрақтар қоя беру де ер адаммен байланысыңызды нығайтпайды. Керісінше, оны сенімсіздігіңізбен мезі етесіз. Оның орнына өзіңізді қолға алып, жеке әлеміңіздің барын жадыңыздан шығармаңыз. Күйеуіңіз сізді саналы, тәуелсіз жеке тұлға ретінде сыйлауы керек.
Байқасаңыз, ер адамдар мансабы мен хоббиіне көбірек уақытын......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық