file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әйелдер тегін білім алып, өз кәсібін аша алады

Әйелдер тегін білім алып, өз кәсібін аша алады

Елордада көпбалалы аналар, жалғызбасты әйелдер және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар "Кәсіпкер ана" жобасы аясында білім алып, жаңа мамандықты игере алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Жоба ұйымдастырушысы Жұлдыз Байболованың айтуынша, бағдарлама курсқа қатысқысы келетін әрбір әйелге жаңа мамандық бойынша білім беріп, кәсіп бастауға бағыттайды. Осы уақытқа дейін 120 ана білім алып, арнайы сертификат алған. Әйелдер қазіргі заманға сай қажетті мамандық бойынша курстан өтіп, сүйікті істі бизнеске айналдыра алады.


"Кәсіпкер ана" жобасына Telegram желісіндегі @Kasipkerana_bot арқылы өтінім қабылданады. Ал бағдарлама жайлы қосымша ақпаратты @kasipker_ana инстаграм парақшасынан оқуға болады.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: әйел, кәсіпкер