Жабылмаған есік


Бір замандарда әкім (уәли) қызметінде болған бір кісінің тамаша бақшасы бар еді. Түрлі-түсті гүлдермен безендірілген, нағыз жанның тыныш табатын, демалатын жер еді. Бір күні әкім осы бақшасына келеді. Бұл жерде бағбанның әйелін көреді. Бұл әйел өте сұлу болатын. Әкім бір сылтаумен әйелдің күйеуі болған бағбанды бір жұмыс тапсырып сыртқа жібереді. Әйелге:
    –  Бақшаның есіктерін жап. Ешбір есік ашық қалмасын!- дейді. Әйел ақылды әрі намысты болатын. Әкімнің өзіне жаман ниетті екенін түсінеді. Барып бір ағаштың артына жасырынып отырады да, біраздан кейін келіп:
   – Есіктерді жаптым. Тек бір есік қана қалды. Оны жабуға күшім жетпей жатыр. Қанша тырыссам да жаба алмадым,- дейді.
    –   Ол қай есік?
    –   Бұл есік, Аллаһу та'аланың бізді бақылаған есігі.
      Әкім бұл сөзді естігеннен кейін өкінеді де тәубе етеді. Өзін ғылым мен ғибадатқа бағыштайды. Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарының бірі болады. 


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: есік, оқиға