Сатиралық ертегі: Екі қарақшының бас қосуы
Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы.
– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты.
Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.
– Ал сенің атың – Майқап, менің атым – Жолдым болсын, – деп, өздеріне өздері ат қояды. Сонымен қатар келешекте өздерінің істейтін жұмыстарын бөліп алды. Майқап қораға кіріп, мал алып шығатын болды. Жолдым үйге кіріп, дүние, алтын алып шығатын болды.
Екеуі аралап жүріп, елдің көзіне көрінбейтін таса жер тауып алып, осы жерге дем алмақ болды. Және малды да осы жерге жинамақ болып, бір жардың қуысын үй қылып алды. Түнде от жақпайды. Күндіз жағып, күнелтетін болды. Кешке таман ауылдың сыртына келді. Ел ұйықтаған мезгілде Майқап қораға кіріп, бір семіз қойды алып шықты. Басқа ештеңе алмай, өздерінің бекінетін жерлеріне келді. Алып келген қойды көп ұзатпай-ақ, ертемен сойып жайғастырып, ашығып қалған екен, күлді көмеш қылып, пісіріп жеді. Бір қойдың еті не болсын екеуіне? Екі-ақ күнге жетті. Кешегідей емес, тынығып қалған екен, екеуі ертеңімен ауылды торуға келді. Бұл елде ұры болмаса керек. Мал иесіз жатады, жаңғыз-ақ мал күзеткен қыз-келіншектер ойнап жүр. Басқа малға қарап жүрген ешбір адамды көре алмады. Бұл күні қорадан таңдап жүріп, екі қойды алып шықты Майқап. Жолдым да қарап жатқан жоқ қой, біраз құрт пен май, екі шапан, төрт көйлек, қойшы қыздың білезігіне дейін алып шығыпты. Бұл сапар осымен қайтып, мекенге келді. «Бір-екі күн тағы тынайық» деген ақылға тоқтады.
Осы мекенде табандаған бес күн жатты, алтыншы күні қатты жаңбыр жауып, естері шығып, қайда паналарға жер таба алмады, өте қиын болды, күн бір күн, бір түн жауды. Далада ешқандай нәрсе су болмай қалмады, бәрі су болды. Осы жауынның салдарынан от та сөнді, жауындағы оттық та су тиіп, от алмай қалды. Екі күн, екі түн аш отырды.
Ел де бұлардың ұры екенін айтпай танып тұр, ұстап алады, онан соң құтылу қиын болады. Бармайын десе, аштан өлетін болды, «Қой, бүйтіп өлмейік, сен барып, от алып шық үйден», – деді Майқап.
– Жарайды, екеуміз барайық, қайтарда мал да алып келейік, – деді Жолдым.
Елдің бәрі жатып қалған, бір-ақ үйден от шығады. Ол үйде күлкі ойнаған қыздардың даусы естіледі. Бұл екеуі ойлайды – бұл үйде қыз ойыны, не болмаса, шілдехана бар ғой, қалай болады деп. Екеуі әңгімеге кіріседі.
– Қой, не де болса, барайық ауылға, – дейді.
Ауылдың төріне кіріп, Майқап қойдан қой таңдады, тап өзінің әкесінің еншіге берген қойдай топ қойды қосақтап айдап, шығып кетті.
Жолдым да от шыққан үйге таянып, ол жерінен, бұл жерінен сығалап жүр. Әбден анықтап қараса, қыз ойнақ та жоқ, құр қыздардың бастаңғы істеп отырған отау үйі екен.
Жал бақырмен біреуі қуырдақты қуырып отыр. Жолдым осы қуырдақты және от алып шықсам деген ойға кірді. Қуырдақты көргенде шыдап тұра алмады. Екі күннен бері қарны ашқан сабаз үйге кірсем деген ойды мықты сақтады.
– Ой, түсімді өзгертіп барайын, ешқандай бетіме қарай алмайды, – деп, есіктің алдындағы зор балшықты бетіне жағып, бөркін айналдырып киіп, үйге кіріп барды. Төрдің алдындағы отырған қыздар көріп: «Ойбай, көтек», – деп, жабырлап, қисая кетіпті. Қуырдақ қуырып отырған келіншек артына бұрылып қарап:
– Ойбай, Тәңір-ай, – деп, қолындағы бақырды тастай беріпті.
Жолдым бақырды алып, үстіне екі–үш шаланы салып, қисайып жатқан қыздардың екі бөркін қолтығына қысып, отты өшіріп, үйден аман-есен шығып, өзінің су бөркін отқа жауып, қыздардың бөркін басына киіп, қатты аяңға салып, жүріп кетті. Ай сондай қараңғы, көзге түртсе, білмейді. Ауылдан көп жерге шығып, аздап дем алып, қуырдақты жеп, ауыл жаққа құлақ салды – «Қуғыншы бар ма немене», – деп. Ештеңе жоқ, қыздар жылқышы деп, өздерінің ауылының жігіттерін атын атап, айғайлап:
– Бөркімді бер, сен-ақ же, қуырдағы құрысын! – деп, өздерінен көріп жатқан еді.
Жолдым қуырдаққа тойып, енді отты сөндірмей, алып барайын деген ойға кірді. Іздеп барып, өзі мекендеген жеріне келді.
– Майқап! – деп, дабыл қылды.
– Мен өзім, – деп, жауап берді Майқап.
Қойды сойып, ашқан қарынды таң атқан соң тойдырды. Жолдым отты қалай алып қашқанын баяндады. Тойып болған соң: «Қой, енді жата бермейік», – деп, екі күн төзіп, жал-қоны бар жылқы мен түйені алып, бір сыпыра жасады, тауып алып, он күннен кейін еліне қайтты. Бұл алып қайтқан малдары өздерінің ұстауына екі жылға толық жетерлік еді. Жиырма күн дегенде өзінің шыққан еліне қайтып оралды. Бұл жаздың айы еді.
Ұры сорлыда береке бар ма? Осы малды тез-ақ азайтып алды. Бұрыннан өтей алмай жүрген борышын өтеді және ел жақсыларына ат мінгізді. Кейіннен шыға қалса, сөзімді сөйлесін деп. Ешкім келген де жоқ, осы малдар тастай батып, судай сіңді. Бұлар айлалы – ендігі әкелген малды өзіміз пайдаланамыз, мынау – алды, ауыз бастырыққа берейік, – деген ой кірген еді.
Ақыры, ойынан шықты, екі айда мал да ада болды. Екі ат қалды, осыны ешкіге сатып, тағы ешкі айдамақ болды.
Жиырма шамалы ешкіні айдап, баяғы нан жеген жағына аяңдады. Жайлауға келген ел, бұл екі қарақшы келуін тоспай-ақ, өздері күздігүні қайтып көшіп кеткен болатын, оны бұл екі «мырза» есепке алмай, көрген жерде ауыл бар деп, азығын шамалап алып шығыпты. Алып шыққан ешкі таусылып қалыпты. Ешбір ел таба алмады. Олай ойлап, былай ойлап, ақыры, елдің көшкен ізімен жүрді. Жолдың қиыншылығын көрді. Бұл екеуі жемеген құрт, құмырсқа қалмады. Аштық, бір жағынан, жаяулық тағы бар, өте жол азабын көрді. Өлдім, талдым дегенде ел қарасын көрді. Мұның өзіне бұл екі «мырза» қатты қуанды. Ауылға баратын бұл жазғандарда бет бар ма? Көрініп тұрған ауылға бара алмады.
Алыстан көріп, соған қарындары тойып, мәз болды. Күн де бұларға ерегескендей жуырда батпай қойды. Асыққанда қандай бір күннің өзі бір жылдан кем тимеді. Бұлар асыққан екен деп, күн де тез бата қоймады, уағында барып батты.
Күннің батысы-ақ мұң екен, екеуі бүлкілдеп ауылдың сыртына келді. Олай-бұлай торуылдап еді, ешқандай нәрсені қолға түсіре алмады. Өздері сондайлық бай да ауыл болмай шықты. Егін салып отырған жатақ болса керек. Сауымдық сиырдан басқа ешқандай мал көрінбеді. Оны олар алғыза қоятын емес. Күзетші бар. Ешқандай көз ілмей, төрт күзетші отырды. Онымен бірге ауыл біткеннің иттері жатпай, біз қай жаққа шапсақ, солай қарап үрді де тұрды. Не амал істеу керек? Олай жүгірдік, былай жүгірдік. Қолына сынық мал да түсіре алмады Майқап. Діңкесі құрып, екеуі бір тасаға келді. Таң атқан соң мұны күндіз аңдиық деген ақылға келді. Ауылдың сыртынан баспалап, қарап отырды. Ешқандай шашау мал шықпады. Сиырды жұмысшылар ортасына айдап барып, сауып отырды. Бұзау ауылдың маңайынан шықпады. Бұрынғы аштық аштық па? Қарын енді жаман ашты. Мынау ауылды көрген соң және жайылып жатқан сиырды көрген соң, қарындары өте шұрылдады.
– Сен амалын таппасаң, менен қалған жоқ, – деді Майқап.
– Күн батпай, мен не істей аламын? Күн батсын, сонан соң ауылға тағы барып көреміз, – деді Жолдым.
Ауылдың сыртынан баспалап, көріп отыр. Қай жағынан кіру керек екен? Бір жалғыз үй тұр. Онда мал да жоқ, өзі анау ауылдан бірталай жер. Сол үйге бару керек кешке, – деп, Майқап ақыл берді Жолдымға. Жолдым:
– Жарайды, уағында көрерміз, – деп, жауап берді.
Күн батып, ел жатқан мезгілде бұлар да ауылдың сыртына келді. Түндегі қалпы, төрт күзетші отыр.
– Қой, бұл ауылдан ештеңе ала алмаймыз. Өзіміз отырып қалармыз, – деп, жағалап отырып, жалғыз үйге келді. Келсе, бұл үй тым-тырыс, ит те үрмейді, сөйлеген адамның даусы да шықпады. Құлағын олай салып, бұлай салып:
– Ұйықтаған екен, енді кіру керек, – деді Майқап.
– Жарайды, кірейін, – деп, жан-жаққа қарап, үйге қадам басып жөнелді. Сол қалпында Майқап тұрып қалды. Жолдымға тапсырғаны сол – «Көжесін күбісімен алып шық, өзің кешігіп қалма», – деді Майқап.
– Жарайды, кешікпейін, – деді Жолдым.
Есігі де сондайлық оңай екен. Кідірместен үйді аралап байқап еді, бір–ақ әйел жатыр. Басқа ешкім жоқ екенін біліп, аспай-саспай, өзі үйді аралап, керекті заттарды қапқа салып, енді ши жақты жағалады. Тамақ дегеннен болғаны сол – ертең жұмысшыларға деп істеп қойған бір күбі көжеден басқа ештеме таба алмады. Күбісімен алып шығуға күбіні көтере алмай, шелекке құйып алайын деп, шелек іздеп жүргенде есік ашылды. Кірпікшешендей жиырылып жатып, жан-жаққа бақылау жіберді.
Келген адам жан-жағына қарамастан, тақтайда ұйықтап жатқан әйелдің жанына жатты. Ойлапты өзінің байы екен ғой, ұстап алар ма екен деп қауіптеніп, құлағын тақтай жаққа салып, қарай-қарай Жолдым да отырыпты.
– Екі күннен бері неғып келмедің, жалғыз өзім алаңдап, жата алмадым, – деді әйел.
– Қайдан білейін, үйде ғой деп, қорқып келе алмадым, – деді жігіт.
– Ол кеткелі екі күн болды. Сол барған жағында бір ай шамасындай болмақ, бұдан былай келіп жүр, жаным, – деді әйел.
– Жарайды, келіп жүремін, сен ойыма түскенде не болғанымды өзім де білмей қаламын. Менің жаным сенде ғой, шыбын, – деп, әйелдің бетінен шөп етіп, бір сүйіп алды жігіт.
Осындай ғашық болып жүрген екі азамат өздерінше ғашықтық-махаббаттық жұмыстарын жүргізе бастады. Мұны көріп отырған Жолдымның ойынан аштық шығып, не істерін білмей, аузынан сілекейі ағып, тамсана беріпті.
Бұл екеуі құмарлық жұмысы біткеннен кейін ұзақ сонар алдағы күнді қалай өткізетінін айтып, ұйықтамай жатыпты.
Үйде қандай қызықтың болып жатқанынан шаруасы жоқ, әлгі барлық тамақтың тәттісін өзі ішіп, рақаттанып жатыр ғой деп, қарны ашып, мазасы кетіп, Майқап тұрды.
– Қой, мен де үйге таянайын, әлде көтере алмай жатыр ма? – деп, Майқап үйге қарай аяңдады.
Бұлардың барлық әңгімесін естіп:
– Мынау мынаның заңсыз байы екен ғой, бұл таң атқанша осында бола ма, жоқ, қайта ма? – деп, ойланып отырды Жолдым.
– Егер бұл таң атқанша болса, біздің қарнымыз ашып, өлеміз ғой ертеңге шейін, – деп, ұзақ ойға кетті. Осы кезде мынадай сұрақ қойды әйел өзінің заңсыз байына:
– Сен мені шын жақсы көресің бе? – деді әйел.
– Жанымнан да жақсы көремін сені, – деді еркек.
– Ондай болса, менің дүзге отырғым келді. Далаға көтеріп барып, дүзге отырғызшы, – деді әйел.
Тап осы кезде Майқап та жеткен еді. Бұл сорлы үйдегі қызықты білмейді. Көңілі көжеде отырған, көтере алмай келе жатқан күбі екен деп: «Жолдым, Жолдым, төкпе, күбіні мен алып келейін бе?» – деп, сарылдаған суды естіп, көже екен деп қалып.
Әйелді табалдырықтың үстіне тастап жіберіп, жігіт тұра қашты. Ойбайды салуға шамасы келмей, ыңқылдап, әйел де құйымшағы сынып, қозғала алмай қалыпты.
Әйелдің мұндай болып қалғаны екеуіне жаман болмапты. Қарны тойғанша көжені ішіп, үйдегі барлы-жоқты дүниені алып, екі бақыр өз жайынша қайтып кетіпті. Бұл екеуінің «кәсібін» ел естіген болса керек. Аман-есен мал алып, еліне қайтыпты.
Енді құйымшағы сынып жатқан әйелге келейік. Ертеңмен сусын алайын деп, жігіттер келсе, енеден тумай жалаңаш есіктің алдында жылап отырған әйелді көреді. Қашықтан тұрып:
– Саған не болды? – деп, айғай салыпты жігіттер.
– Денім сау, бірақ қозғала алмаймын, сендер келмесеңдер, үйде киімімді алып беретін бір әйел келсін, – деп, әйел ауылға хабар беріп, ауылдың бала-шағасы тегіс жиналады. «Не болды?» деп, сұрақтың үстіне сұрақ қояды.
Үйден көйлегін алып келіп береді. Өзін әйелдер киіндіреді. Тағы сұрай бастайды:
– Не болды саған? – дейді жиналған халық.
– Ұйықтап қалған екенмін, екі періште мені көтеріп алып, жоғары алып ұшты. Оянып, бұлқынып қалып едім, қолынан түсіп кеттім. Маңдайымнан сипап, екеуі өкінді. Даусым қалай шыққанын білмей қалдым, – деді.
Жиналған халық таң қалды. Бұл тегін адам емес, Құдайдың қалаған, сүйген құлы деп, бағынды. Түндегі істеген «жұмысын» жұрт қайдан білсін, бұлардың әулиесі түн болғанда, жаңғыз ойнас істейтін әулие болса керек. Сол отырған ауыл қошемет қылып бағыпты, оны естіп, жан-жақтан халық келіп, осы әйелдің үйіне түнейтінді шығарды. Бала таппай жүрген әйелдер көбірек түнейтінді шығарды. Мұнда жатқанда түс көреді, ойлап жүргені түнде түсіне енеді, осы әулиенің қасиетінен болды деп, онан жаман мадақтайтынды шығарды. Осы айтылған әулиені ауылдан бөлек алып бағыпты, алдына дәретсіз адам кірмейтін болды.
Сол төңіректегі ел болып жиналып, осы адамды күтетін адам қояйық, – депті. Кім лайықты деген сұрақтар туыпты. Өзінің заңсыз байы мынау еді, соны шақырып:
– Сен мына әйелді күт, – депті. Ол жазған қашсын ба?
– Мақұл, болады, – деп, өзінің ризалығын беріпті. Қойын сойып, қолдарын қусырып, намаздарын оқып, дәреттерін алып, әулиеге келді.
– Сізді біз пір тұтып, сізді бағып-күтушіге мынау бір пырадар адамды алып келдік, – деп, өзінің жасырын байын көрсетіпті.
– Дұрыс болар, Құдай деген адам екен, бағуға жарайды, – деп, ризалығын білдіреді.
– Маған бұдан бұлай еркекпен бір ұйықтауды қоспайды, сондықтан менің еріме әйел алып беріңдер, мен ризамын, – деді әйел.
Халық не болса, соған табынып, мақұл деп, қабыл алыпты. Құдайдың айтуы бойынша істейді ғой, таза «әулие» екен деп, бұрынғының үстіне онан жаман табынатынды шығарды.
Сорлы бейшара, халықтың айтқанынан шыға алмай, амалсыздан әйелінен айрылды. Жаңадан жөндеу әйел алды, онысына аса көңілі толмайды, қалған өмірді осымен өткізді аңқау сорлы.
Әйел өзінің қалаған байына қосылды, құйымшақтың сынғаны да жазылды, ойда жоқ жерден «әулие» болған соң жаңағы жігіт күндіз күтуші, түнде байы болып үйленіп, қойнында жатып, қызметін атқарды. Бұл екі бақыр көп уақыт өмір сүрді, амалмен ойдағы мұратқа жетті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Екі қарақшының бас қосуы туралы сатиралық ертегілер, сатиралық ертегілер текст, ертеги Еки каракшынын бас косуы туралы сатиралык ертегилер, Екі қарақшының бас қосуы