Бұл сол кездегі елдің, енді соғыс болмаса екен деген тілегінен туған өлең жолдары болатын. Соғыс. Неткен суық естілетін, сұсты сөз... Бұл сөзді естіген әрбір адамның бойында үрей ұялайды…
Өтетін күні: 25 мамыр 2020 жыл Өтетін уақыты: Сағат 9.00 Өтетін орны: Мектеп алаңы Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жайлибаева Гүлшат Қалиқызы
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жайлибаева Гүлшат Қалиқызы
Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықтай білуге және оны бағалай алуға үйрету.
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 - ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімнің адам үшін аса қасиетті екенін түсіндіру. Мектептегі бірінші күн, мектептегі алғашқы жиын, білім күні қалай өткенін еске түсіру. Мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай жасау. Ауызбіршілікке, мұғалімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту, кіріктірілген. Әдісі: топтастыру, топтық жұмыс, оқу, талдау, ән айту. Көрнекілігі: слайдтар. Сөздер, тапсырмалар. плакат гүлдер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Сыныпты 4 топқа бөлу. Қиылған неше түрлі түстер беріледі ол қағазда топтың атаулары жазылған. Қиылған түстерді жинастырып, сол топқа мүше болады.......
Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.
Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.
Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......
Жасырмай айтар болсам жан сырымды , Тағдырым қарауылға қанша ілінді. Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......
«Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау Н.Ә. Назарбаев Еліміз үлкен мереке қарсаңында. Ол - қазақ халқының ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздік мерекесі. Қазақ елінің бүкіл тарихында тәуелсіздік үшін күрес ешқашан ұмытылған емес. Менің түйгенім - ерте кезеңдерде қытай және қалмақ басқыншыларына қарсы күрестер, ата –бабаларымыздың ерлік істері ертегілеріміз бен аңыздарымызға, әдеби шығармаларымызға арқауы болып келген. Жуықта ғана шыққан «Жаужүрек мың бала» атты көркем фильмінде қазақ жастарының ел бостандығы үшін жан аямайтын күресінің бір бейнесі ғана көрсетіледі. Біздің Батыс Қазақстан өңірінде орын алған Сырым Датов, Исатай, Махамбет батырлар бастаған көтерілістер туралы өз оқулықтарымыздан, әдеби шығармалардан оқып білдім. Әсіресе, көтеріліс басшысы - Исатай мен оның жолдасы ақын Махамбет туралы біздің Жаңақала ауданының жеріндегі «Тастөбе шайқасы» жөнінде облыстық газетте көп жарияланып жүр. Жақында Ақжайық телеарнасынан осыған арналған қойылымды көрдім. Ата –бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы өнегелі істері көп. Солардың бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жалпы Кеңес халқының, соның ішінде қазақ жауынгерлерінің патриоттық ерліктері, тылдағы елдің балалардан бастап, еңкейген қарияларға дейінгі бейбіт еңбегінің нәтижелі белгісі. Біздің аталарымыз неміс-фашист басқыншыларынан елімізді қорғап қалды, көбісі қан майданда қаза тауып, елге оралмады. Сол соғыста Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларымыз ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар өз өмірлерін ел тәуелсіздігі үшін құрбан етті. Ертең тойлағалы отырған мерекеміздің орны ерекше. .....
... Авторы есімде жоқ. ұмытпасам «Жас алаш» газетінен ғой деймін, «Мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна» деп аталатын мақаланы оқығам... Ресей елінің Самара облысындағы Үлкен Киннель өзенінің жанындағы тік жарқабақ пен сол жарқабақтың үстінде орнатылған солдат Анасы мен оның тоғыз перзентінің құрметіне қойылған керемет ескерткіш бар екен. Мақаланы оқыдым, ескерткішті көрдім де, қайран қалдым, қараптан-қарап көзіме жас тығылды. Өмір бойы күйеуі мен балаларының тілеушісі болып келген қайран Ана жүрегі ғұмыр бойы күткен үмітінің бір-ақ сәтте тасқа айналғанын көтере алмады ма, әлде барлық аналық мейірімін соғыс ұрлаған қатыгез тағдырына налыды ма соңғы –«қара қағаз» келген күні бұл өмірден жүріп кетіпті. Сол анаға, ерліктің Анасына қойылған ескерткіш сонау көкжиекке – балалары кеткен жаққа сол күйі қалт етпестен қарап тұр. Кеудесі шыраққа, жанары үмітке толы, келбетінде арманын сағынышқа суарған мұң бар секілденеді. Өз халқына деген шексіз махаббаттан тұратын төзім арқалағандай... Ана мүсінінің үстімен мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна әлдеқайда тыраулап ұшып бара жатыр... Ана, қашан да Ана! Орыс солдаты Анасының жүрегіндегі асыл арманы, бойындағы ерлігі мұңы бір барлық Аналардың мұратымен астасып жатты. Қайнаған еңбек даласында жаулығы желбіреп, әлсін-әлсін көкжиекке көз тастап, бұлдыраған сағым арасынан қараңдаған сұлба іздеп үміттенген Аналардың бел қайысар қасіретін шертіп тарих беттері қан жылайды. Осы мақаланы оқи отырып, зілмауыр қасіретті, қайғыны нәзік иығымен арқалай білген қазақ әйелі, «Бала дәурен өтті ғой құйындаған, Балы менен шекері бұйырмаған», деп жылай жүріп, көкелерін сағына жүріп ержеткен соғыс жылдарындағы балалар, рухын құлатпаған, жігерлері жасымаған, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерліктерін еске түсірдім, түсірдім де «өзім жығылсам жығылайын, бірақ халқымның туы жығылмасыншы» деп өзін құрбандыққа шалған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының атынан бас иіп, тағзым еттім.......
«Бейбітшілік» деген - нұрлы сөз. Жанымызға жылылық сыйлап, көңілімізге бақыт ұялататын қастерлі ұғым. Бейбіт өмірге бұл дүниеде еш нәрсе тең келмейді. Бір кезде еліне шұрайлы қоныс, жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз да қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт күнді аңсаған еді. Атамыздың бұл арманы орындалып, халқымыз бірлігі жарасқан, тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз Қазақстан Республикасында, бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстандықтар бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Себебі өшпестей із қалдырған Ұлы Отан Соғысы әлі де еліміздің жүрегінде әрі есінде. Дүниені жаулап алмақ болған «фашизм» деген зұлымдыққа қарсы тұрған 61қаһарман мемлекет, сан миллиондаған адамдардың тілегі бір болатын. Ең ауыр да қаһарлы төрт жыл бойы абыроймен ел қорғаған батырлар, тылда қызмет еткен аталар мен әжелер, аналар мен балалар әр минут, әр сағат сайын жеңісті аңсаған еді. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолындамиллиондағаназаматтар қаза болды. Жаумен шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана баласын,жарын жоғалтып,бала әкесінен, анасынан айырылып, жетім атанды. Фашистердің тұтқынында қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қасіретін арқалады.Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Бұл халық рухының, ел жігерінің мықтылығын білдіреді. Биыл Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығы болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Жеңіс үшін барлық халықтар біріге, жұмыла отырып әрекет етті. Бұл соғысты қайсар жүректер, батыл білектер, шыдамды әрі төзімді мінездер жеңді. Бір мақсат, бір мүдде үшін күрескен азаматтар жеңді. Отанын қорғау ең негізгі парызы деп білген, жанын аямаған қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігі де барлық дүниеге аян.....
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! .....
Соғыс айтуға оңай... Ауыр зұлматты басынан кешкен адам ол уақытты ешқашан ұмытпайды! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Сұрапыл сұм соғысқа менің атам Мухажанов Сыдық Тәліпұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Мухажанов Сыдық 1926 жылы шілде айының он бірінші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Тарбағатай ауданы,Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 3 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, алғырлығымен көзге түскен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін,ақыл сөздерін аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым....
Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп туса –ел тірегі. Бауыржан Момышұлы «Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
Осыдан 75 жыл бұрын, дәл осы күні ерте таң ата бере фашистік Германия Кеңестікң Социлистік Республикалар одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес одағының батыс шекарасын күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды.Атақты Брест гаризонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен,шілде айында олардың көпшілігі елге әскерден қайтулары керек болған,бірақ жаудың шабуылы олардың жоспарларын талқан етті.Жау ішке қарай тез еніп,Брест қамалынан тірі қалған қорғаушылар,партизан қозғалысына қосылды.Олардың қатарында 190 қазақстандықтар болған,олардыңкөбінің сүйегі белорусь жерінде мәңгілік қалды.Соғыс кенеттен басталғанымен,Қазақстан бүкіл Кеңес одағы сияқты,алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды.Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер,ауыл мен қала тұрғындары да соғысқа өз еркіммен сұранды.1939 жылдың дерегі бойынша республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан,соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған,20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған.Фашистермен болған шайқастарда 328-ші,310-шы,312-ші,314ші,316-шы,387-ші,391-ші,8-ші,105-ші,106-шы каварелиялық девизиялар,74ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы,209-шы,Зайсан,219шы,минометтік,85-ші зениттік,662-ші,991-ші және 992-ші авмяциялық полктер ерекше көзге түсті......
«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы, Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Міне, биылғы жылы Жеңісімізге 71 жыл толмақ. Біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас. Жеңіс күні. Бұл күн адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы құрбан болды. Қазақстандықтар бұл сында қаҺармандық көрсете білді. Соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп өз үлестерін қосқан. Алдыңғы шептен бой тасалау сияқты әдептер қазақтың майданда соғысқан ержүрек ұлдарына мүлдем жат болған. Бұған сол отты жылдарға «Правда» газетінде былай деген: «…Қазақтар майданда қаймықпай батыл соғысады» дей келе Одақтың бас газеті олардың ерлік ісқимылдарына дүркін-дүркін оралып отырған. Осыдан 71 жыл бұрын бұл күні адамзат тарихы аңсаған жарқын күн, сарыла аңсаған сәт туды. Бұл бақыт Отанын шексіз сүйген, жеңіске сенімді ыстық жүректері лүпілдей соққан кешегі жігіт, бүгінгі айбынды тірек- өнегелі аталарымыздың арқасында келді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы , олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі бүгінгі бейбіт күн жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абырой мерекесі. Ұлы Жеңіске біз ерекше ғажап күшпен жеттік......
1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды.Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Тіпті біздің батыр ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауапсыздық,қан ішершілік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол соғыс жылдарында «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде:.....
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні, Жақсы үміттің шырағы жанды міне! Аспан бетін қаптаған қара тұман. Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні. Жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.1941 жылы 22 мауысымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Неміс басқыншылары шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі – кеше ғана елі 105 жылдығын атап өткен қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Анасы-Рәзия, әкесі-Момыш. Дүниеге ерлігімен танылған, Кең жауырынды, Талғардың тік иықты Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан. Қалтыраған атынан жау ордасы, Панфиловтың жорықтағы жолдасы, Даңқ туын майдандағы көтерген .....
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген, Оқ даусы мәнгілік жойылсын. Бомбаның орнын тегістеген, Күректер музейге қойылсын. Біздің ата – бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп; біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынанн, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Ашаршылық пен ауыртпашылық бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан куннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті......
Ұқсаттым өршіл тұлғаңды Ақша қар жапқан шыңдарға. Жүректен туған жырларды Асқар тау-ата тыңдар ма. Ә. Ысқақ Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес.....
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толады. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті.....
Жау кеп қалды қаңға ділгір Жапан түзде жортқан аңдай! Кернеп кетті салдыр – күлдір Кәрі дүние қақты таңдай. Д.Әбілев Адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін шайқастың аяқталғанына биыл жетпіс бір жыл болып қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес жауынгерлерінің қатарын біздің ұлан – байтақ елімізде тұратын ұлттар құрап, Отанымызды қорғауға бар күштерін салды. Сондықтан бұл соғыс – Ұлы Отан соғысы деп аталды. Отанын қорғаймын деп шайқастардан оралмаған, сондай-ақ өз аналарын, балаларын, қарттарын көре алмай соғыс алаңында қалғандардың саны шексіз: Текке өлмедік, жерге тек көмілмедік, Қып-қызыл қан бекерге төгілмеді, Біз де өлтірдік қырқысқан жауымызды.....
Есімің белгісіз болса да,ерлігің сенің мәңгілік С.Михалковтың Мәскеудегі белгісіз батырларға арналған ескерткіштегі жазуы Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күнінде елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымыздың басына төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қан құйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.....
Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында әрқашан қарыздар Н.Ә.Назарбаев. Көшсе де жерден жасыл шатырлары, Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі. Уақыттың дауылында ұрпағына, Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі – Қазақтың батырлары! - деп қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай, сайын сахараны дүбірлетіп өткен батыр бабалардың ұрпағы, 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған қан майданда мұз жастанып, қар кешкен, нәзіктігіне қарамай алыптың ісін жасаған, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлік өнегесі – мәңгілік таусылмайтын әңгіме, айнымас шындық. Елі үшін жанын пида етуге даяр, зиялы, мәдениетті ата-ананың тәлімтәрбиесі Мәншүкті биік мұраттарға жетелеген. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен, балалық арманынан ажырамаған Мәншүк оны іс жүзінде дәлелдейді. Әсіресе «Шығыс Шолпаны» атты деректі фильмінде «Егер менің әкемдей адал жан халық жауы болса, кім халық жауы емес?»- деп Сталинге дейін арыз жазып, майданға аттанған сәтінен әке алдындағы парызына деген адалдықты, өжеттікті көруге болады. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сыйлаған ең қымбатты ата-анасын қараусыз тастап, қарттар үйіне өткізіп, өмірінің жалғасы – ұрпағын сәбилер үйінде қалдырып жатқан жастар еріксіз есіңе түседі, олардың іс-әрекеттерінен қынжыласың, қорқасың, келешек жастар осындай жат қылықтан аулақ болса деп тәңірден де тілейсің.....
Тарих – ұлт тағылымы, кеше мен бүгінді байланыстырар асыл көпір, келешекке үлгі болар ізгі даналық.Тарих қойнауына жол тартсақ, дәуір көші болып табылатын заманның адамзат басына салған сан қилы дүрбелеңі мен сындарлы оқиғалар іздерін көреміз.Бұл іздер саны аспандағы жұлдыздан да көп, ал әр іздің түбінде теңізден де терең бір құпия тұнып жатыр.Тарих парақтарында жасырынған, уақыт еншісінде қала берген сол сырды ақтарып көрелік... Адамзат тарихындағы, ұлт тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – Ұлы Отан Соғысы. Бұл соғыс туралы білмейтіндер кемде – кем, себебі дәл осы оқиға достық пен жанашырлыққа, адал махаббатқа сын болды, дәл осы оқиға Отанды сүйе білуге, ұлт намысы үшін күресе білуге үйретті, дәл осы кезеңде ер – жігіттер қызу майдан даласында болаттай шынықса, қызыл гүлдеріміз ел басына түскен ауыр жүкті бөлісе көтерді. Азапты күндерде ажал құшып, азаттық үшін күрескен асыл ерлерді, сол ерлерді жүрегі қарс айрыла күткен темірдей төзімді алтын аналарды, сәбилік бақытын сұрықсыз тұрмыс қиындығына айырбастаған балаларды еске алсақ, зұлмат соғыстың қандай азапты да ауыр болғандығын ұғынғандай боламыз. Ұлы Отан Соғысы қарсаңының қазақтан шыққан жаңа батырларды іріктеген өмір емтиханы болғаны бізге аян. Мысалы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі үлгі боларлық іс. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150 - атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25- те кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді. Бораған оқ арасынан ентелей өтіп, ел үшін жан пида етуге дайын болған Рақымжан ер сол кезде ұлт намысын, ер намысын қорғай алды және осы ерлігімен майдандас бауырларға рух берді. Рақымжан батыр қадаған ту тек Рейхстагқа емес, қазақ тұғырына тігілген ту болатын......
«Сүйінші, халқым, сүйінші! Сүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, аға-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке.» Т. Жароков Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Ер есімі – ел есінде Сүйінші, халқым, сүйінші! Сүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, аға-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке. Т. Жароков Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. Б.Момышұлы Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды. Ерліктің арқасында бақ қарады....
Соғыс -қантөгіс , кінәсіз адамдардың жапа шегуі және батырлардың біздер үшін , жас ұрпақтар үшін ,қазақ үшін ,қазақ даласы үшін өз өмірлерін қиюы.Соғыста ерлік көрсеткен батырлар өте көп.Мен сол батырлар үшін бас иемін. Соғысты батырлар жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсап,ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына қайғы-қасірет әкелді.Соғыста барлық қазақстандықтар Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен мәлім. Ел қорғауға қазақ батырлары белсен қатысып ,майданда небір ерліктерін ,үлгі өнегелерін көрсеткен.Соғыс кезінде барлығы майдан үшін , жеңіс үшін деп өшпес өнеге қалдырған.Ол сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Біз кең байтақ өлкемізді қаскөй жаулардан қорғауға тиіспіз.Сол соғыс үшін аналар күйеуінен,күйеулері әйелдерінен,әкелері балаларынан,балалары әкелерінен,ал біздің ел ақылгөй қарттарынан айрылды.Біз соғысқа қатысқан әр бір сарбазға бас иіуге тиіспіз.Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігін ойлауымыз керек. Ұлы Отан соғысы 1417 күнге созылды. Сол күндер бойы батырлар бейбітшілік үшін күрескен.Біздің ардагерлеріміз соғысты көрген .Сол соғыста көрген –білгендерін жас ұрпақтарға,бізге үйретеді.Олардың тәлімтәрбиесін біз бойымызға жинап ,өскенде саналы болып өсеміз.Қазақтың ержүрек қыздары Әлия мен Мәншүк,қайсар ұлдары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаевтар батырлықтың , ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi....
Мен – Данияр Айданамын. Менің атам – Ахметов Данияр соғыс басталғанда небәрі бес жаста екен. Әжем – Ауанова Шаһар 1941 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген. Олар - соғыс көрмесе де, оның сұрапыл салқынын өз жүректерінен өткізген жандар. Әжемнің ағасы – Ауанов Әзімхан, яғни түп нағашым 1921 жылдың 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жөлек ауылдық округінде туылады. 4 сыныптық білімі болған. Нағашы атам соғысқа кеткенде, әжем әлі есін білмейтін сәби екен. Содан тілі шығып, есі кіре бастағаннан майданға кеткен бауырының аман қайтуын тілейді. Анасы Мәрия әжеміз екеуі қашан көзі ұйқыға кеткенше күбірлеп, жаратқанға жалбарынады. Әзімхан ата 1942 жылдың 29 мамырында 393- атқыштар полкінің құрамында ұрысқа кірген. Сол жылдың 20 маусымында жау қолына тұтқынға түседі. Оны тұтқыннан 1945 жылдың 9 мамырында Кеңес әскерлері босатады. 1945 жылдың маусымынан 1946 жылдың мамырына дейін 138 атқыштар полкінде әскери қызметін жалғастырады. Елге 1946 жылдың 10 шілдесінде келеді. Ешқандай жарақат, контузия алмаған деп жазылған құжаттарында. Ол туралы білетін аз – кем дерегіміз осы ғана. Атам елге келген соң үйленіп, балалы-шағалы болады. Үш ұл, үш қыз тәрбиелейді. Шиелі аудандық тұтынушылар одағында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарады. Көзін көрген кісілердің айтуынша, ол өте сауатты, орысша, қазақшаға бірдей, өз ортасына беделді адам болған....
Ұлы Отан Соғысы ... Кімге де болса қиыншылық көрсеткен сұрапыл жылдар. Ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен есіл ерлерде шек жоқ. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова т.б қазақ батырлары өлшеусіз үлес қосты. Осындай ерлік көрсеткен ұлы тұлғаның бірі- Мәлік Ғабдуллин. Ол 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. 14 жасынан бастап атақты Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1941-1945 жылдары Кеңес әскерінің генерал Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан Соғысына қатысты. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады....
«Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға, Жолыңды тосып ана жүр. Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар?» Сырбай Мәуленов Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл! 9мамыр – бұл мыңдаған саналы жаңа ұрпақ үшін ортақ қуаныш. Бұл мерейтой – біз үшін де ұлы күн! Ұлы Отан соғысы біздің әрбір соғыс тауқыметін көрген ата-әжеміз үшін жүрегіне өшпестей қара іздерін қалдырды.Ер есімі - ел жадында мәңгіге.Біз батырларымызды мақтанышпен әнге қосып жырлаймыз.Себебі, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге осындай өмірді сыйға тартты. Бұл жеңіске қол жеткізудің сыры Отанға деген сүйіспеншілік пен қайтпас қайсар ерлік, сын сағаттағы патриоттық сезімдерде жатыр.....
Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....
Отанын сүйген отқа жанбайды, Суға батпайды Міне, биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Еліміз бұл күнді атап өтетіні белгілі. Қан майданда біздің қаншама батырларымыз қаза тапты. Біз бұл жеңіске онайлықпен жеткен жоқпыз. Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Салқыны сан жылдарға созылған, сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның жеңісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, екінші дүние жүзілік соғыстың (1939 – 1945) құрамдас бөлігі. .....
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.......
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сан, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбсының өміріне жазылмасжараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының бірлігінің дәлелі еді. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда Германия КСРО – ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні еңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетеін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жетпіс бір жылдай уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали атамыздың мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр......
Бұл тақырыпта шығарма жазу үшін көп ойландым. Неге десеңіз, үш бет жазайын, жүз бет жазайын жүректе жатқан сол бір жараны тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Менің атам да Ұлы Отан Соғысының ардагері еді. оның айтқан әңгімелері есімде жоқ . Мен онда мен 3-4 жаста болатынмын. Анамның айтуынша атам 21 жасында майданға аттанған екен. Соғыстың қалай болғанын атам айта қоймапты. Есіңе түсіру атам үшін қиын болатын. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы былай деп жазады: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік». Қанша үйдің ұрлап адамын. Қанша үйде сөніп қалды оттар,- деп ақындар жырлағандай, әр шаңырақта, әр жүрекке салған жара 71 жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ. Өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жарлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кекпен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы « Ленинградтық өренім» Толғауы еді. .....
Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Б. Момышұлы Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады. Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр Жеңіс күні. ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар уақиғасы – 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 70 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалды. Олардың теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. Қазақстандық жауынгерлердің осы Жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Сталинград түбінде жаумен шайқасқан, генерал Панфиловтың дивизиясы құрамында Москваны қорғаған қазақстандықтарды біз мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысының даңқты шежіресіне алтын әріппен жазылған жауынгер жерлестеріміздің майдандағы ерлігін біз ерекше мақтанышпен бағалаймыз. Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі өнеге. Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен ауыр сын кезінде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар – ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.......
Данагөй халқымыз «Ел басына күн туғанда, ер етігімен су кешеді» деп бекер айтпаған.Елі үшін туған ерлер қалың қазақтың ортасынан оза шығып , отты майдан шебінде қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып өз Отанын қызғыштай қорғай білді. Халқымыздың маңдайына біткен ,елі үшін туып ,елі үшін жанын пида еткен жаужүрек жауынгерлері жетерлік .Осындай қаһарман ұлдардың бірі де бірегейі - Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов.Оны бүгінгі ұрпақ Ол 1920 жылдың сәуір айының 1- інде (кейбір деректерде 21 ақпанда) Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында шаруа отбасында дүние есігін ашқан.Орта жүздің Байғұлақ руынан шыққан.Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып, ес білген шақтан бастап аяулы апасы Зейнептің қолында тәрбиеленіп өскен.Себебі мына жалған өмірде жанына ең жақыны-ата-анасы - қалың қазақтың көгіне қара бұлт үйірілген ашаршылық жылдарында дүние салған екен. 1937 жылы Қояндыағаш ауылындағы Сұлтан оқыған мектеп төтеден келген тілсіз жаудың кесірінен отқа оранады.Амалдың жоқтығынан бала Сұлтанға ауылынан 7 шақырым шалғай орналасқан Қарақалпақ жеті жылдық мектебінен білім алуға тура келеді . Ең қызығы, болашақ батыр жас күнінен өжет,өршіл, қатал мінезді болған. Бала Сұлтанның мінезінің қиқарқылығы мен қыңырлығы оның 7 сыныпта оқуды еріксіз тастауына себеп болады.Мектептен шыққаннан кейін ,бір айдай оқымаған Сұлтан апасы Зейнепке шаруашылық жағынан көп жәрдемдеседі.Кейін сол жылы арада көп уақыт өтпей-ақ Сұлтанды Әулиекөл орта мектебіне 5 сыныпқа қабылдайды.Аталмыш мектепті ойдағыдай аяқтаған соң , отбасылық жағдайдың қиындығы мен түйткіл тіршілік тауқыметі әрі қарай білім қуып , арман-тілектерін жүзеге асыруға кедергі жасайды.Жасынан еңбекке қатты құштар Сұлтан пошта бөлімшесіне есепші болып ,жұмысқа орналасады. Араға көп уақыт салмай өз қызметін жауапты орындай білгендіктен, оны Құмсу ауылына пошта бөлімінің басшысы етіп тағайындайды.Кейін Әулиекөл ауылына көшіп келеді......
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Сөз соңында айтарым, мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Баласы Махамбеттің айтуынша Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысының әкімі болған кезде Елбасымыз алдына «Халық қаһарманы» атағын беруге ұсынған екен. Ол мәселе аяқсыз қалған. «Неге аяқсыз қалған?» деген сұрақ мені мазалайды. Былтырғы жылы Атырау қаласында көше аты берілген екен. Мұның өзі көңілге қуаныш ұялатады. Алайда Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алса, тіпті деректі фильм түсірілсе, халық Рақымжан Қошқарбаевты қалай таныса Кенжебай Мәденовті де солай таныса деймін. Әлі де болса іздестіріп өмірінің әрбір сәтін жүйелеймін. МХК – де қызмет атқарып жүрген кезіндегі атқарған істерін де зерттеймін. Бір деректерден құпия түрде Ағылшын - Ауған соғысына жіберілді деп естідім. Бірақ мұның беймәлім жақтары көп. Осы деректер менің қызығушылығымды оятады. Алайда Кенжебай атаның Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерінің өзі үлкен бағаға ие болуы керек деп ойлаймын. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе? Бүгінгі күннің жас ұрпағы атынан менің ұсынысым ел ағалары ол ерлікті бағалап Кенжебай атаның ел тарихында елеулі орын алуына, «Халық қаһармандарының» қатарына енуіне септігін тигізсе ата - бабамыздың аруағы бір аунап қалар ма еді?! Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан......
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Міне, қазақ халқының еркін өмір сүріп жатқанына аттай жиырма бес жыл. Осы аз уақыттың ішінде Қазақстан біршама жетістіктерге қол жеткізді,қаншама игілікті істер атқарылып жатыр. Осының бәрі Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың көреген саясатының арқасында деп білем. Сонымен қатар, бізге еркіндіктің туын аманат еткен, яғни қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жан алып, қан беріскен ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің ерліктерін айтпай кету мүмкін емес. 1941 жылдың 22 маусымы. Бұл күнді көрмесек те, өзіміз оқып жүрген кітаптар мен күнделікті ақпарат көздері куә. Барша әлемді дүр сілкіндірген осындай соғыста, жас жауынгерлер-басты қуатты күш болатындығы баршамызға аян. Қыршыннан қиылған қаншама жауынгерлер Отаны үшін жандарын беруге дайын болды. Жауынгерлер өз елі, жері үшін, халқы үшін жандарын пида етті. Отанды жаудан қорғап қалуға жандарын салды. Әлемді оқ пен отқа ораған бұл соғыста жеңіс туын ұстауға тырысты. Отанына, халқына деген махаббаттары, қажымас қайрат-жігерлері, асқан ерліктері, жеңіске деген шексіз сенімдері әрбір Қазақстан азаматтарының бойынан көріне білді. Мұның бәрі әр жанұяда жастайынан патриоттық сезімге баулып, тәрбие бергендіктің арқасы деп ойлаймын. Осы қанды соғыста жан алысып, жан беріскен, Отанының жолында жанын құрбан еткен ерлердің ерлік істері халық жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз. Өткен күндерге көз тастасақ, Қызыл әскер қатарында болған қаншама біздің бабаларымыз өз Отанын қорғап, отаншылық, ерлік үлгілерін көрсеткен. Қазақтың қос жұлдызы пулеметші Әлия мен снайпер Мәншүк апаларымыз асқан ерліктерімен көзге түскені белгілі. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев секілді батыр ағаларымыз елін, жерін қорғау үшін алдына жан салмады. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы бастады. ......
Бүкіл адамзат тарихында мәңгі өшпейтін қасіретті беттер де орын алады. Солардың қатарында жиі еске алатынымыз-екінші дүниежүзілік соғыс. Елбасы Н.Назарбаев ол туралы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында былай деген екен: «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары үшін ол Ұлы Отан соғысы болды,өйткені Армия ғана емес,сонымен бірге бүкіл халық Отан қорғауға көтерілді» Бақайшағына дейін тас түйін қаруланған жау елімізге кенеттен баса көктеп кіріп,соғыс ашқан 1941 жылғы 22 маусым мен біздің халқымыз үшін Жеңіс Туы желбіреген 1945 жылғы 9 мамыр мәңгі өшпес тарихи даталарға айналды. Миллиондаған жазықсыз жандардың өмірін жалмаған сол қанды қырғынның басталғанына биыл 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл толады. Қасіретті болса да,тарихымыздың сол бір қаралы беті де ешқашан ұмытылмақ емес,себебі ол тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі болып қала бермек. Бұл күндер қазақстандықтар жадында әр кез жаңғыра беретініне Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздері де айғақ: «Қазақстан біртұтас халықтар арасында Ұлы Отан соғысына қатысты. Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде-көпұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бір бөлігі». Ал,қасиетті тарихты білу, оны қастерлеу, өнеге тұту-азаматтық парыз, жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды құрауышы, ажырамас компоненті. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысында теңдессіз ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олардың ерлігі - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша өнегесі. Қазақ жерінен майданға аттанғандар арасынан 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Қас батырларды елге, әлемге танытуда қаламгерлер де көп еңбек сіңірді......
Ұлы кешке сенген күн, Фашистерді жеңген күн. Ағаларға ерген күн, Бақыт гүлін терген күн. Қадыр Мырза Али Ұлы отан соғысы... Не деген ауыр сөз. Осы сөзден біздің атабабаларымыздың қандай ерлікпен қаза болғанын көреміз. Олар елі үшін, жері үшін жан аянбай күрескен. Фашистік Германия мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Сол кезеңнен бастап Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Бұл соғысқа алты жүз мыңнан астамы қазақ батырлары болатын. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап – ақ жауға тойтарыс беру үшін зор үлесін қосты. Соғыс жылдарында республикамызда ондаған әскери құрама жасақталды. Атқыштар, атты әскерлер қанды майданда жанқиярлық ерліктің үлесін көрсете білді. Бес жүздей Қазақстандық ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие болды. Осы соғысқа қатысқан үлгі тұтарлық батыр қыздарымыз да бар. Олар: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова. ......
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы... Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы-қасірет, қантөгіс, өлім-жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған-туыстан, жақын-жорадан, қарулас досыңнан айырылу.Тарихта небір алапат соғыс болғанмен, солардың бірде-бірі екінші дүниежүзілік соғыспен теңесе алмайды Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды.Елімізде соғыс оты шарпымаған шаңырақ қалмады.Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да . Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт еді......