Шығыстың батыр қыздары – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова ерліктерінің қазақстандық патриотизмді дамытудағы тарихи маңызы

 Шығыстың батыр қыздары – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова ерліктерінің қазақстандық патриотизмді дамытудағы тарихи маңызы

Жасырмай айтар болсам жан сырымды ,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті.

Қарақыпшақ Қобыландының,Асанқайғымен Абыздың,Есет – батырмен Әйтекенің,Әбілқайырмен Бөгенбайдың Ботагөз арумен Исатай Махамбеттің,Асау Барақтың рухы сінген топырақ-құнардан өніп шықты.Бұл қасиетті қазақ жерінің қай тұсында да бір құнар.Елімнің тәуелсіздік туын көтеріп онымен солын тани бастағаннан шақта, дәуірлер алмасып,құндылықтар таразыға түскен кезде кейбір тұлғалар қайта тіріліп,өшіпте қалып жатады.Бірақ бір нәрсе өшпейді.Ол ерлік – ізі.Ерлік елдің рухын асқақтатып,айбының асырады.Қаһарман ерлік иесі Әлия бар болғаны 19 жыл өмір сүрді.Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ел сүйенерлік ерлік жасап,артына аңыз қалдырды.Қаңды жекпе-жекте қаршадай қазақ қызының қол бастап,қан майданға шығуы қайран қалатын ерлік, кескілескен ұрыста Әлияның дауысы жауынгерлерге өлімді ұмыттырып,намыс жалыны болып шарпыды. Оның бейнесі көкейіміздегі сол кездегі қалпында ұялап,жадымызда мәңгілік сақталмақ.

Әлиямен Мәншүк – халық үшін егіз есім,бір ұғым.Қос ару шығыс елінің жаннад Аркі атанып, бүгінгі тарих төрінде бірін-бірі бейіктете , бірін-бірі асқақтата түсуде .Бұл есімдер халқымыздың қадір-қасиетін,ұлттық мінезін,патриоттық тәрбиесін аласартпайтын тұлғалар. Олар ақын айтпақшы «Қыз емес-қызыл от» от болып жаралған тұлғалар. Қазақтың екі асыл қызы өмір жолының , көз жасының тамшысындай бірдейлігі таңдандырып өмірлерін жалғастырады. Бүгінгі таңда Әлия мен Мәншүктің жасаған ерліктерін тарихын миллиондар жақсы біледі.Екеуіде анасынан жастай жетім қалды. Бірі ағасының , екіншісі нағашысының тәрбиесінде болады.Мәншүк 1943 жылы 16 қазанда 21жасында ежелгі орыс жері Невельді ,ал Әлия 19жасына жетпей 14 қантарда 1944 жылы Казачиха биіктігін қорғауда Новосокольники қаласын азат етуде мерт болып өздерін мәңгілікке , өшпес өмірге бастады емес пе? Отанға деген сүйіспеншілігі , басқыншыларға деген қаталдығы мен олар бүгінгі адамдарға мәрмәр мен қола ескерткіштерінің тұғырынан көрінеді. Мәншүк те Әлия да жас еді.Қыз болып бұландап бой жете алмай, ақ желек жамылып босағаны аттап келін болып түсе алмай , арманда кеткендер, байтақ елдің бостандығы жолында шыбын жанын пида етті, ал тарих оларға өз төрінен орын берді. Ендеше Әлия мен Мәншүк рухында , ерлігінде тарихи әрі табиғи құрандардан келе жатқан құдірет бар. Қазақтың барлық ардақтыларымен , аяулылары сияқты олардың есімдері де тәуелсіз отанының тамаша болашағына беттеген жас ұрпақтың және бір құбылнамасы, аяулы өнегесі ретінде халықпен бірге жасай береді.Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүктің ерлігі көзіңе жас алып тұрып мақтанатын , кеудеңді рух кернеп, көкірегіңді намыс оятатын ерлік.Екі тағдыр, екі аяулы ғұмыр .Кіндік Азия республикаларынан соғыста қару ұстанып,жаумен айқасқа түскен 500 қыз-келіншектерінің арасында қос қазақ-Әлия мен Мәншүк қана Кеңес Одағынын Батыры атанды.Екі өрімдей қыздың қысқа да мәңгілік ғұмыры өнеге толы.Рас , екі ер жүрек қыздың жер бетінде сүрген өмірі, жарығы аз . Десек те өшпес өнегеге толы қос тағдырды әрбір жас өскіннің жүрегінде тәрбиенің темірқазығы, отансүйгіштіктің, шынайы патриотизмнің , елді , жерді сүюдің нағыз үлгісі ретінде ,ата мен ананы , халықты , туған жерді құрметтеудің өнегесі ретінде қалдыруға тиіспіз. Бұл ұлт тұтастығын , ел ішіндегі бірлікті , халықтың бейбіт тірлігін , ұрпақтың кемел болашағын ойлайтын қазақтың мұраты һәм міндеті болуға тиіс.Өйткені Әлия мен Мәншүк – тәрбиенің діңгегі бұларға лайық аяулылар. Әлия мен Мәншүкті , осы аяулы қыздарымыздың қатарында қару ұстап жауымен айқасқан азаматтардың ерлік істерін жастарға үлгі етсек жарасады. Мәселен, мына естелікке қараныз: «... Ең бастысы , біздің жігіттер намысшыл еді ғой . Намысын жігері жанығандай шитінен тастүйін, кеудесіне кек қайнап, ең қиын тұста тұрды, соғыс өнерін жетік меңгеріп алды», -деп жазады Мәншүкті өз қолымен жерлеген Ұлы Отан соғысының ардагері Ахметқазы Болатов.Қазіргі қазақ жігіттері мен қыздарының бойында осындай намыс көргіміз келсе , неге осы азаматтарды үлгі етпеске... Олар ең бастысы елін, жерін , отанын сүйе білді. Сол махаббат оларды ғаламат ерлікке жетеледі.Олар ақ мамықтың үстінде бой күтумен емес ат үстінде азамат қатарында өсті. Екі елді , екі халықты біріктірген аяулыларымыздың , солармен бірге қан майдан даласында етігімен қан кешкені бізге мәлім де беймәлім боздақтарымызда танытуда ел тұтқасын ұстар ертенгі жастар үшін көп жұмыс жасаған болар едік. Әлия мен Мәншүк ерлігі әлі талай ұрпақтын тәрбиесіне өнеге болары лайық. Қазақтың « ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деген сөз бар. Бүгін бесікте жатқан ұрпақ Әлия мен Мәншүктің ерлігін естіп өссе, ертенгі ұлттың , ертенгі қоғамның отансүйгіш, ұлтжанды , өр рухты боларына күмән жоқ.Ал,өнеге болар батырлардың ерлігін паш етіп, тәрбиенің діңгегіне айналдыру- баршамыздың міндетіміз.

Әлия-Мәншүк-ер қыздары елімнің,

Әлия-Мәншүк –гүл қыздары жерімнің.

Әлия-Мәншүк аттары әнге айналған,

Әлия-Мәншүк –қос жұлдыз көкте жайнаған.

Батыс өңірден шыққан қазақтың батыр қызы екеу еді: Ақтөбеден-Әлия, Оралдан- Мәншүк болатын. Енді осыған Атыраудан –Хиуаз есімі қосылды. Әрине, біздің көпшілігіміз батыстың үшінші батыр қызы туралы біле бермейміз. Хиуаз есімі аңызға айналған ұшқыш. Оның ерлік мектебі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге ,ұлттық мақтаныш. Ендігі жерде бұл апамыздың есімі де Әлия мен Мәншүкпен қатар аталуға тиіс . Аспанды күшті жарықпен тініткілеп,зейнетшілер іске кіріседі.Содан аман құтылып,ұшақтан бомбаны тастап үлгергенде ғана штурманның мәртебесі аспақ. Хиуаз тастаған бомбалар діттеген жеріне дәл түсіп,жаппай отқа орап талай жау бекінісінің үнін өшірді Жазылып қалған деректерге сүйенсек ,қазақтың қайсар қызы Хиуаз осындай тапсырмамен 300-ден астам мәрте аспанға көтеріліпті.Соның бәрінде де жаудың төбесіне жасын ойнатып,аман оралып отырған. Ұлы Отан соғысында майданға кірген әйел ұшқыштардың арасында теңдесі жоқ ерлік!Соғыстың аты-соғыс. Осындай ұрыс кезінде өзінің де жараланған кезі ,тіпті ауыр жарақат алған шағы аз болған жоқ.Жанындағы құрбысының оқ тиіп опат болғанын да көрді . «Ертөстігі бір бөлек» дегендей ,қазақтың қаракөз қызы Хиуаздың жөні бөлек болатын. Батыр қыздың майдандағы ерлігін сипаттайтын әңгімелер көп. Оның бір сыпырасы өзінің ,замандастарының естеліктері , журналистердің зерттеулері арқылы орталық басылымдарда жарияланды. Қаһарман қыздың жасаған ғаламат ерлік оқиғалары одан да молырақ жылдарды қамтиді. Жиырма жасында ерлік даңқымен әлемді таңдандырған . Соғыс шежіресін жазып келген апамыздың бейбіт күндегі қызығы ұзаққа созылмайды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдарда ,Елбасымыздың жарлығымен батырлығы кезінде еленбей қалған Хиуаз Доспановаға 2004жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.Бір қуантарлығы -Хиуаз Қайырқызы марапатының оралғанын көзі тірісінде көріп кетті, омырауына тақты.2008жылы 86 жасында өмірден өтті.

Халықтың сан ғасырлар бойы жасаған саналы ғұмырын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу –қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ежелден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде , яғни шежірелік зердесінде тарих ұдайы әйгілі тұлғалардың бейнесі арқылы танылып отырады. Халықтың мәдени –рухани ахуалы танымал тұрғалардың болмысы арқылы көрініс табады. Сондықтан қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын , алдымен адам санасын шындауға көбірек мән беріледі. Дәл сол сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын , алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысан болып табылады.

Таулары тарих, даласы дастан қазақ елінің ерлігін тану үшін оның әйгілі тұлғаларымен анықталатын асуларына үнілесің. Тарих қойнауында көптеген адамдардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың қажеттігі осыдан шығар . Қазақ халқының тарихы сан алуан оқиғаларға толы. Осы сан алуан оқиғалардың басында болмыс –бітімі ерекше тұлғалар болғандығы мәлім.Тарих жүзінде қилы кезеңінде ерлігімен, өжеттілігімен, қаһармандығымен өшпес із қалдырған қыздарымыз аз емес.Қазақ батыр қыздарының барша болмысы халық өмірімен кіндіктес. Тарих сахнасында ғасырлар бойы азаттық үшін аттан түспеген ,халқын жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша жауға қарсы тұра білген небір батырлармен арыстардың болғаны белгілі. Солардың қатарында батырлығымен әлемді таңқалдырған қазақ батыр қыздарының есімдері де ескерусіз қалған жоқ. Ұмай ана , Томирис , Ай-қаған, Гүлайым, Айша бибі, Ботагөз , Әлия ,Мәншүк, Хиуаз сияқты аяулы қыздарының есімін халқымыз мәңгі ардақ тұтады. Қазақ даласында миллион жыл бұрын белгі қалдырған адамдар тіршілігі бір сәт үзілместен бүгінгі өмірмен жалғасып жатыр . Жусан иісі аңқыған қазақтың кен даласында халықтың терен жадында сақталмақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру