Жеңіс күні - мәңгі ұмытылмас күн !


Жеңіс күні – мәңгі ұмытылмас күн !

« Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген.
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын. »

Бұл сол кездегі елдің, енді соғыс болмаса екен деген тілегінен туған өлең жолдары болатын.
Соғыс. Неткен суық естілетін, сұсты сөз... Бұл сөзді естіген әрбір адамның бойында үрей ұялайды. Қазақ еліне ең ауыр тиген соғыс – екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы еді... Бұл соғыста қаншама, қайғы-қасірет жатыр. Тарихқа көз жүгіртсек, мың тоғыз жүз қырық бірінші жылдың , маусым айының жиырма екінші жұлдызында , таңғы төрт шамасында ескертусіз Фашистік Герман әскері Кеңес Одағына шабуыл жасады. Тәтті ұйқыда жатқан халықтың шырт ұйқысы бұзылып , мазасы қашты. Кеңес Одағының дикторы Юрий Левитан «Внимание! Говорит Москва!» - деп бастап, Ұлы Отан соғысының басталғаны жайлы радио арқылы хабарлады. Мұндай хабарламаны естіген азаматтар соғысқа жинала бастады, оның ішінде ақсақалдар да, жастар да , отбасының жалғыз асыраушылары да болды. Олар соғысқа аттанарда, артында әйел, бала-шағасы жылап, амандығын тілеп қалды. Қарап тұрсаңыз, өте қайғылы да ауыр сәт.
Ұлы Отан соғысы төрт жыл бойы жүрді. Соғыста қазақ батырлары ерекше көзге түсті. Атап айтсақ, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов , Рақымжан Қошқарбаев және батыр апаларымыз Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы да басқа ерекше ерлік көрсеткен қазақ батырлары көптеген шайқастарға қатысып Отан алдындағы борыштарын өтеді. «Отан үшін отқа түс, күймейсің ! » - деп Б.Момышұлы айтқандай, қаншама батырлар Отан үшін күресте қаза тапты. Мың тоғыз жүз қырық бесінші жылдың жиырма тоғызыншы сәуірінде Кеңес Одағының батыры Рақымжан Қошқарбаев рейхстагқа ту тігеді. Бұл тарихи сәт әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Біздің азаттығымыз үшін күрескен ата-бабаларымыздың арқасында соғыс жеңіспен аяқталды.
Кеңес Одағының құрамында болған барлық елдерде тоғызыншы мамыр – жеңіс күні тойланады. Бұл күні біз қанын төккен ата-бабаларымызды еске алып , тағзым етеміз. Ақындар өлең шумақтарын арнаса, біз секілді оқушылар шығарма жазып, еске аламыз. Ер есімі - ел есінде демекші, ел үшін жанын берген ата- бабамыздың ерлігін ұмытуға қақымыз жоқ. Біз оларға мәңгілік қарыздармыз!

Жеңіс күні – мәңгі ұмытылмас күн!
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, № 174 мектеп-гимназияның 8 «Е» сынып оқушысы Қайрат Әбдірахман


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: Жеңіс күні, шығарма