Келешекке үлгі болар ізгі даналық
Рақмет Камила
10 сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Ажибаева Ж.С.
10 сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Ажибаева Ж.С.
Тарих – ұлт тағылымы, кеше мен бүгінді байланыстырар асыл көпір, келешекке үлгі болар ізгі даналық.Тарих қойнауына жол тартсақ, дәуір көші болып табылатын заманның адамзат басына салған сан қилы дүрбелеңі мен сындарлы оқиғалар іздерін көреміз.Бұл іздер саны аспандағы жұлдыздан да көп, ал әр іздің түбінде теңізден де терең бір құпия тұнып жатыр.Тарих парақтарында жасырынған, уақыт еншісінде қала берген сол сырды ақтарып көрелік... Адамзат тарихындағы, ұлт тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – Ұлы Отан Соғысы. Бұл соғыс туралы білмейтіндер кемде – кем, себебі дәл осы оқиға достық пен жанашырлыққа, адал махаббатқа сын болды, дәл осы оқиға Отанды сүйе білуге, ұлт намысы үшін күресе білуге үйретті, дәл осы кезеңде ер – жігіттер қызу майдан даласында болаттай шынықса, қызыл гүлдеріміз ел басына түскен ауыр жүкті бөлісе көтерді. Азапты күндерде ажал құшып, азаттық үшін күрескен асыл ерлерді, сол ерлерді жүрегі қарс айрыла күткен темірдей төзімді алтын аналарды, сәбилік бақытын сұрықсыз тұрмыс қиындығына айырбастаған балаларды еске алсақ, зұлмат соғыстың қандай азапты да ауыр болғандығын ұғынғандай боламыз. Ұлы Отан Соғысы қарсаңының қазақтан шыққан жаңа батырларды іріктеген өмір емтиханы болғаны бізге аян.
Мысалы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі үлгі боларлық іс. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150 - атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25- те кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді. Бораған оқ арасынан ентелей өтіп, ел үшін жан пида етуге дайын болған Рақымжан ер сол кезде ұлт намысын, ер намысын қорғай алды және осы ерлігімен майдандас бауырларға рух берді. Рақымжан батыр қадаған ту тек Рейхстагқа емес, қазақ тұғырына тігілген ту болатын. Ұрыс даласында өткен көптеген айқастарға қатысып, сарбаздарға қолбасылық еткен Бауыржан Момышұлының аңызға айналған ерлік істерін санауға саусақ жетпес. Мен оның қару асынып қан кешкен ерліктерінен бөлек әркімнің қолынан келе бермейтін өнегелі істерін насихаттамақ ойдамын. Соның бірі оның әкеге, өз тегіне деген сыйластығының символы, батылдығының белгісі болған «Момышов емес, Момышұлы» деп атын құжатқа жаздыру үшін көптен күткен Кеңес Одағының Батыры атағынан бас тартуы болатын. Бұндай іске баруы оның атақ қумай, Отан үшін адал қызмет етуінің айғағы ретінде бағаланып талайды таңдай қақтырды. Осы сынды ерлігі аңыз болған танымал батырларымыз да, көп ерлігі білінбей іс-түссіз кеткен ер-тұлпарларымыз да көп. Жау оғын өр кеудесімен бөгеп, ауыр айқасқа түскен ерлер бір мезгілде сары аяздай қарыған сағынышпен, өртеген өкінішпен, қайраған намыс қайнаған кекпен, бойды билеген қорқынышпен, алыстағы сүйгеніне деген сезім отымен, суық хабар, сұмпайы сатқындықпен, күнде майдандас бауырлардың ажал құшқанын көріп қайғырумен де үздіксіз алысқанын айта кеткеніміз абзал.
Осылай өмір мен өлім арасында жүріп, арпалысқа түскен ерлеріміз болмаса, біз бәлкім осы бейбіт күнге жетпес пе едік?! Жә, сыз окоп пен сұрапыл соғыста жүрген ерлерді қоя тұралық та, сол ерлердің мұз жүрегін жібіткен, сағы сынғанда жылу беріп, бір жапырақ хатына бір жылға азық болардай махаббат пен жанашырлықты сала білген, осы хатын «Сағына күтем» деген сөзімен бекітіп, «Жеңіспен орал» деген сөзімен жігерлендірген нәзік жанды аруларға оралайықшы. Үлбіреген арулар өңі қуарып ауыр еңбекке араласты, жүрегі сыздай сүйгенінен хат - хабар күтті, қайғыға қайыспай, берілмей өмір сынынан өтті, қару алмаса да қанын берді, жігіт болмаса да жанын берді. Ал осы ару қыздарды да, асыл ерлерді де дүниеге әкелген ақ жаулықты аналарымыз қартайған шағында қызық көрудің орнына қайғыдан қара жамылды, бірі бауыр еті баласын, бірі өмірлік жарын күтумен болды, жолына телміріп, көз жасын көл қылды. Күнде «бүгін ұлым келеді-ау» деп таң атырған қайсар аналардың кейбірі қуанышын көре алмай дүниеден озса, көбісі қаралы хабар естіп гүлдей солды, ал енді біреулері сау күйінде соғысқа жіберген ұлдарын кесілген томардай мүгедек күйінде қарсы алды. Осы мезеттегі олардың қандай күйде болғанын елестетіп көріңізші! Бүгінгі бейбіт тіршіліктің ұсақ ауыртпалығына шыдамай, біз кейде өмірден түңіліп жатамыз, ал олар...олар болса осыншама қайғы-мұңды арқалап өмір сүрді, көкіректе мұз боп қатқан шерді ешкімге ақтармай ауыр күрсінумен дүниеден озды емес пе?! Таңның атысы күннің батысы жұмыс істеп ер орнына - ер, ана орнына - ана болып, өзінің де, өзгенің баласын асыраймын деп ауыр да азапты іс атқарған, кешке үйге келгенде суық пен аштықтан бүріскен титімдей балаларының түсіңкі қабағын көріп, ошақ басының отын өшірмеуге тырысқан аналарды қалайша батыр демеуге болады?
Рас, соғыс ешкімге де оңай тимеді, әсіресе бесіктен белі шықпаған жас бүлдіршіндерге ерте есею, тағдыр ауыртпалығын қабырғасы қатпай жатып көру аса ауыр болды.Жетімдік, аштық, еңбек пен кедейлікті көрген балалар кішкентай жүректерімен ел басындағы қиын кезеңді түсіне білді, бөлісе, төзе білді. Бірі әкесін, бірі ағасын асыға күтті. Солар үшін барын салып еңбектенді. Көп балалар қорғансыздың күйін кешіп, өмірден де,өзгеден де соққы жеп, бір үзім нанды арман етті, тас еденде ұйықтады. Көз жасын суалта жылаған ол бейбақтар сонда да жүрегінде иман, жүзінде жылу бар түсінігі мол жандар боп өсіп, еліне қызмет ете білді. Тойымсыздық пен жауыздықтан туған соғыс ешкімді де аямады, еңбектеген баладан еңкейген қартқа шейін езгіге салды. Одан көбі зардап шекті – тіпті. Табиғат – ана да бауырындағы талы мен баурайындағы гүлі отқа оранып, сұлу бейнесінен айырылды. Адамзатқа сый ретінде барын берген қайран тілсіз жер күңіреніп жата берді...Қаншама жан ажал құша жер бауырлап жатты, қаншамасы есінен ауысып жатты, қанша жетім еңірей жылап жатты. Міне, өмір деген осы, соғыс деген осы...
Иә, соғыстың қара бұлты келді, найзағайдай жарқыраған ұрыстар өтті, күндей күркіреген үрейлі кезеңдер туды. Дауыл күшімен ағаштар қалай жапырылса, адамдар тағдыр дауылымен алыса соқпақтарға барды, жау қолынан қаза тапқандар жай отымен жапырылған шөптей еді, дегенмен жауған нөсердің пайдасы болатыны сияқты осы кезең ел тамырын тәрбиемен суарды. Нөсер артынан күлімдеп жеңіс күні де көрінді, кемпірқосақтай шадыман өмір келді. Жеңіс бізге осылай келді. Қазір біз батыр халқымыз аңсаған бақытты, бейбіт шақта ғұмыр кешіп жатырмыз. Олардың ерлігі халық жадында мәңгілік сақталады, себебі біз рухы биік, айбынды жандардан патриот, шыдамды, қайсарлы, қайратты, еңбекқор болуды үйрендік. Біз барда сіздерден алған тәлім- тәрбие ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде жалғасын таба бермек. Мен бұған уәде беремін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Келешекке үлгі болар ізгі даналық туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Келешекке улги болар изги даналык на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Келешекке үлгі болар ізгі даналық