Ерлікке – тағзым!
Хусайын Айдана
6 сынып,Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі
Павлодар қаласы
Жетекшісі:Рахметова Л.Б.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! Биыл Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысының басталуының 75 жылдығына орай Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде оқу жылының басында әр сыныпқа Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап альбом шығару сайысы жарияланған болатын.
Сыныптар айларға бөлініп, ай сайын тәрбие бөліміне альбомдарын тапсыруда. Кенжекөл ауылының Ұлы Отан соғысы ардагеріне арнап 9 «Б» сынып оқушылары «Біздің ауылдың ардагері – Селищев Андрей Егорович» деп альбомдарын атап, атамыздың соғыстағы ерліктері жайлы паш еткен.7 «В» сынып оқушылары альбомдарын «Менің атам» деп атап, өз аталары Нуриманов Акрам Абдулаұлының батыр екендігін дәлелдеген. Жеңістің Ұлы мерекесіне орай 8 «Б» сынып оқушысы Суярова Сайда «Ерлікке - тағзым» деп альбомын атай отыра, атасы Бұхариден Серімовтың –Ұлы Отан соғысы ардагерінің өмір жолынан деректер жинап, атасы мен апасының Тәждік тойын , яғни қос қарияның шаңырақ көтергендеріне – 75 жыл толуына арналған салтанатты мәжілістен фото- суреттермен альбомын әшекейлеген, қос қарияның баларының ортасындағы суреттерін де альбомға өте сәтті орналастырған. 2 «В» сынып оқушылары әуе батыры – Луганский Сергей Данилович туралы, 3 «В» сынып Ұлы Отан соғысының батыры – Бабин Иван Васильевич жайлы,5 «В» сынып Мәлік Ғабдуллинге арнап: «Ерлік жасау үшін туған» деген атпен альбом жасапты. 1 «А» сынып Кеңес одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевқа арнап: «Жойылсын сол бір сөз, соғыс деген...» атты альбом, 1 «Ә» сынып Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов туралы, 1 «Б» мен 1 «В» сыныптары «Ұлы жеңістің батыры » деген атпен альбомдарын Рақымжан Қошқарбаевқа арнаған.3 «Б» сынып оқушылары «Батырлардың ерлігі өшпес» деген атпен өз альбомдарын Төлеген Тоқтаровқа арнаған.4 «Б» сынып оқушылары Кеңес одағыны батыры Әлия Молдағұловаға, 2 «А» сынып Ұлы Отан соғысының батыры Серікбай Мүткеновке, 6 «А» сынып Ұлы Отан соғысының батыры Тайшибаев Ғалымжанға, 4 «В» сынып Талғат Бегельдиновке, 6 «В» «Қолайсыз жағдайларға төзе білгендер» деген атпен альбом жасаған, тағы да Ұлы Отан соғысының батырлары Алимханов Сабихан, Иван Денисович Ворушин туралы, Қанаш Камзин жайлы альбомдарын мереке қарсаңында әдемі безендіріп, батырлардың ерліктерін көрсете білген. Мектепте мерекеге орай әр сынып оқушылары ашық сынып сағаттарын өткізіп, бастауыш сыныптар әскери сап түзеп, әннен әскери шеруге дайындық үстінде. 10-сынып оқушылары қала бойынша өткізілетін парадқа дайындалуда. Осындай игі істермен мектеп оқушылары Ұлы жеңіс мерекесін қарсы алмақшы.
Мұқағали Мақатаевтың “Аманат” өлеңінде соғысқа аттанған әженің буыны бекіп, бұғанасы қатпаған ботасын нарға балап, мықты мият, құрыштай қуат тұтып, үйдің ендігі тірегі екенін ескертіп, еркек кіндік бас ие санайтындықтан, арман-аманатын табыстайды. Ол аманат - күйреген қарт әжені, қайғыдан бүк түскен шешені, шиеттей іні- қарындастарын асырау, қатардан қалдырмау, жадатып-жүдетпеу. Бұл бұрыннан бар ата дәстүр, қазақы салт-сана. Ертегілерде, батырлық жырларда ер-азамат жорыққа аттанғанда, іштегі туылмаған перзентіне, бесіктегі ұлына қол артып, медет қылатыны, жерінің тағдырын, елінің хандығын, мыңғырған байлығын, қаусаған әке-шеше, сүйген жар, дүние мүлік барлығын табыстайтыны бесенеден бар. Яғни берісі отбасылық, әрісі елдік, жерлік мәселелер жас жеткіншектің осылай өмір мұраты болып белгіленіп, өзектестірілетін. Сөйтіп ұлы міндеттер ұл мен қызды ұзақ жолға, үлкен сапарға алып шығатын. Осы тұжырымның, әкелік аманаттың, ұлттық элементтердің танымдық тапсырманың сілемі жатыр өлеңде.
Біз әдебиет пәнінен жыр алыбы – Жамбыл атаның да Алғадай атты ұлына шығарған өлеңін оқып, талдап, ақынның баласына деген махаббатының қандай екендігіне түсініп, таңдандық. Ал менің өзегімді өртейтін мәселе: менің ұстазымның анасының арманы. Ол ардақты ана омырауына «Батыр ана » орденін таққан, он бала тәрбиелеп өсірген, кезінде еңбегі де бағаланып, «Еңбек ері» деген медаль иегері әкесін соғысқа шығарып салып, күні бүгінге дейін хабар күтуде өмір сүріп келеді. Алла жазса, сәуір айында сексеннің сеңгіріне шықпақ. Әкесін әскерге шығарып салғанда небәрі бес жаста ғана болған, бірақ көз алдына бүгінгі күні бәрін жақсы елестетеді. Ертіс өзенінің жағасында әкесін параходқа анасымен шығарып салған екен. Содан бүгінгі күнге дейін хабар күтуден жалыққан емес. Ал әкесі соғыстан оралмаған, хабар – ошарсыз кеткен. Мен сияқты осы тақырыпқа көптеген оқушылар шығарма жазарын білемін. Дегенмен, менің осы шығармам қағыс қалмай (көп шығармалардың ішінде) Ардақты Ана биыл 9-мамыр мерекесіне әкесінің атынан сіздерден алғыс хат алса екен деймін. Ол ана – Адыкешова Ақбала, Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар ауылында тұрып жатыр. Сонда мен де өзімді бақытты сезінер едім. Сол ананың қызы – менің қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, тіл мен әдебиеттің қыр-сырына үйретіп, тәрбиелеп келе жатқан ұстазым. Ол бізді анамызға деген махаббатқа шексіз кенелтіп, анасыз өмір сүру қиын екенін ұқтырды. Сондықтан мен ұстазыма өзімді қарыздармын деп санаймын. Менің осы шығармамдағы тілегім орындалса, мен қарызымның жартысынан құтылғандай сезініп, келесі шығарма сайыстарына ат салысып, міндетті түрде, қатысар едім. Алла тілегімді қабыл қылсын. Профессор Ахметова Ләйлә Сейсенбекқызының осы сайысты ұйымдастырғанына ризашылдығымды білдіремін.
Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай ,
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай.
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те,
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ерлікке – тағзым! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ерликке – тагзым! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ерлікке – тағзым!