Еліміздің аспанында азат күн

 Еліміздің аспанында азат күн

Жақсылық Шұғыла
5 сынып, №251 М.Әуезов атындағы орта мектеп
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы
Жетекшісі: Бименді Ұ.М.

Соғыс -қантөгіс , кінәсіз адамдардың жапа шегуі және батырлардың біздер үшін , жас ұрпақтар үшін ,қазақ үшін ,қазақ даласы үшін өз өмірлерін қиюы.Соғыста ерлік көрсеткен батырлар өте көп.Мен сол батырлар үшін бас иемін. Соғысты батырлар жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсап,ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына қайғы-қасірет әкелді.Соғыста барлық қазақстандықтар Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен мәлім. Ел қорғауға қазақ батырлары белсен қатысып ,майданда небір ерліктерін ,үлгі өнегелерін көрсеткен.Соғыс кезінде барлығы майдан үшін , жеңіс үшін деп өшпес өнеге қалдырған.Ол сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Біз кең байтақ өлкемізді қаскөй жаулардан қорғауға тиіспіз.Сол соғыс үшін аналар күйеуінен,күйеулері әйелдерінен,әкелері балаларынан,балалары әкелерінен,ал біздің ел ақылгөй қарттарынан айрылды.Біз соғысқа қатысқан әр бір сарбазға бас иіуге тиіспіз.Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігін ойлауымыз керек.
Ұлы Отан соғысы 1417 күнге созылды. Сол күндер бойы батырлар бейбітшілік үшін күрескен.Біздің ардагерлеріміз соғысты көрген .Сол соғыста көрген –білгендерін жас ұрпақтарға,бізге үйретеді.Олардың тәлімтәрбиесін біз бойымызға жинап ,өскенде саналы болып өсеміз.Қазақтың ержүрек қыздары Әлия мен Мәншүк,қайсар ұлдары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаевтар батырлықтың , ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi. Өздерiнiң нәп-нәзiк қолдарымен жаралы жауынгерлердi отжалынның арасынан алып шыққан, ең соңғы бiр тамшы суын, бiр шөкiм тұзын жауынгер достарының аузына тосқан, белiне граната байлап жау танкiсiнiң астына түскен, фашист эшелондарын құлатып, балаларды аман алып қалған, кейде тiптi ерлердің өзін де ұрысқа бастап алып шыққан от жүрек жандарға бас иесің.
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді, - деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі. Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүк пен Әлиядай қыздар сан жүздеп саналады. Көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк пен Әлияға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлия,Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Еліміздің аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы.
Орындалып жас ұрпақтың қалауы,
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр.
«Мәңгілік от» ескерткіші алауы, - дей отырып шығыстың қос шынарының рухына бас иемін.
Ұлы Отан соғысы елдің елдігін,ердің ерлігін сынға түсірді.Алайда ол соғыстан көптеген адамдар қаза тапты.Жер бетіндегі барша баласын қатты алаңдатқан өткен ғасырдың ең қайғылы оқиғасы ретінде тарихқа кірген.Ұлы Отан соғысының аяқталғанына -71 жыл. Уақыт зымырап өтіп барады , дүниеге ұрпақ артынан ұрпақ келуде.Сол ұрпақтар соғыстан оралғандарды да,соғысқа қатысқан әрбір ардагерлерді де әрдайым есте сақтап , үлгі тұтып жүретін боламыз.Тарих жылнамасында екінші дүниежүзілік соғыс деген атпен қалған.Ұлы Отан соғысында милиондаған жазықсыз жандардың жанын қиып кеткен сол сұрапыл соғыста барша қазақстандықтар жауға қарсы «Ел үшін», «Жер үшін»! деген ұранмен қасық қандары қалғанша соғысты.Небір адамдар хабар-ошарсыз кеткен.Сол сұрапыл соғыс жылдары қазақ халқы Отанына,жеріне деген патриоттық сезімін ұлттық намысын дәлелдеді. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.Жүз мыңдаған ата-әжелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды.Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына бас иейік.Олардың ерлік істерін ешқашан ұмытпауға тиіспіз.Бұл жылдары әр азамат барынша күресе білді.Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Биыл Ұлы Жеңіске – 75жыл. Қанша дегенмен уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын жаудың мысын басқан ардагер қарияларымыздың қатары азаюда. Адамзат осыншама уақыт ішінде сандаған саяси қақтығыс пен төңкерісті бастан өткерді. Қазіргі кезде оның барлығы тарихи кезеңнің бір бөлігі ғана. Алайда "өткенсіз болашақ жоқ" демекші, әр адам өз елінің тарихын білуі тиіс. .
Елге қауіп төнбесін,
Себепсіз адам өлмесін.
Аман-есен болайық,
Соғыс қайтып келмесін!
Бейбітшіліктің туы желбіреген күніміз мәңгі жасасын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру