Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдер
Қасымқан Қуандық
9 сынып, Өлеңді орта мектебі,
Қостанай облысы, Науырзым ауданы
Жетекшісі: Турмагамбетова Гульсум Сабыровна

Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Б. Момышұлы
Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады. Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр Жеңіс күні.
ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар уақиғасы – 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 70 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалды. Олардың теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз.
Қазақстандық жауынгерлердің осы Жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Сталинград түбінде жаумен шайқасқан, генерал Панфиловтың дивизиясы құрамында Москваны қорғаған қазақстандықтарды біз мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысының даңқты шежіресіне алтын әріппен жазылған жауынгер жерлестеріміздің майдандағы ерлігін біз ерекше мақтанышпен бағалаймыз. Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі өнеге. Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен ауыр сын кезінде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар – ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады. Жалпы адамзат баласы үшін соғыс қажет пе еді? Осы соғыста қандай қайғы – қасіреттер болды десеңші! 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста мұз жастанып, қар төсенсе де, батырлық көрсетуден таймаған, ержүрек жауынгерлерімізді және қазақ деген батыр халықты әлемге танытқан батыр аталарымыз бен аналарымыздың ерлігіне бас иіп, 1 минут үнсіздік танытсақ артық болмас еді. Ұлы Отан соғысында асқан батырлығымен көзге түсіп, үкіметіміздің ең жоғары Совет Одағының батыры атағын алған жерлес аталарымыздың есімдерін атап өтсем, олар: Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, ұшқыш – Талғат Бигельдинов, Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз Доспанова апаларымыз, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов т.б. еді.
1942 жылдың 26 сәуірі қостанайлықтар үшін ұмытылмас күн болып қалады, сол күні олар 151 атқыштар бригадасының құрамындағы өздерінің ұлдары мен әкелерін майданға аттандырды. Кейін бұл бригада ІІ дәрежелі Кутузов орденді 150 атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. Майданның жорық жолдарын Қостанайдан бастаған 150 мен 171 атқыштар дивизиясының жауынгерлері талай қантөгіс ұрыстарды бастан кешіп, Берлинге жетті, рейхстагтың мұнарасына жеңістің қызыл туын тікті. Жеңістің туын тігушілердің арасында біздің қостанайлық жауынгерлер де болды. Соғыстағы ерлігі үшін мыңдаған жауынгерлер ордендер мен медальдармен марапатталды, Кеңес Одағының Батыр деген атағын алған жерлестеріміз: И.Ф.Павлов, Л.И.Беда, С.Баймағамбетов т.б. Әулиекөлдік И.Я.Сьяновтың ротасы Рейхстагқа бірінші болып жетті. Майдангерлердің аты-жөні жазылған 295 ескерткіш бар. 31 азамат Кеңес Одағының батыры, 9 азамат Даңқ орденінің толық кавалері атағын алған. 1999 жылы 7 мамырда Қостанайлық азаматтарына «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ұлы Отан соғысына 73500 қостанайлық қатысты. 16 мыңға жуығы хабарсыз кетті. Соғысқа қатысқан 75 мың қостанайлықтардың 40 мыңнан астамы қаза болғандардың, госпитальдарда өлгендердің, хабарсыз кеткендердің, концлагерлерде азапталғандардың есімдері облыстық алты томдық «Боздақтар» ескерткіш – зерделік кітабына жазылғаны бәрімізге белгілі. «Боздақтар» кітабының төртінші томында Ұлы Отан соғысында қаза тауып, туған жерге оралып, еңбек еткен ауылдық 22 ардагерлеріміздің есімдері жазылған. Қазір бұл кісілердің қатары жоқ, тек кейбіреуінің жұбайлары ғана тірі. Мектепте 9–мамыр мерекесінде ардагерлердің жұбайларын шақырып, кездесу сәтін өткізіп жүрміз. Ол кісілерге сый-сияпат жасап, құрметімізді білдіреміз. Бұл ардагерлеріміздің ұлы ерлігінің еш өлшемі жоқ және ол еш нәрсемен өтелмейді. Ардақты қарияларымыздың әрқайсысы даналықтың сарқылмас көзі, мәңгі тарихы.
Олар біздің сый-құрметімізге лайық, олардың бәрі 1945 жылдың жеңісті мамырынан. Естен кетпес отты жылдар жайында екінші дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен ержүрек қолбасшы, жазушы атамыз Бауыржан Момышұлының ғасырдан – ғасырға , ұрпақтан –ұрпаққа үлгі болар өнегесіне тоқталып өткенімді жөн көрдім. Атамыз малшы отбасында дүниеге келіп, 13 жасқа дейін ауылда, одан соң интернатта тәрбиеленеді. Мектеп бітіріп, біраз уақыт мұғалім болды. 1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендік өнерін үйренеді. Әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болды. 1941 жылы ССРО –Германия соғысы басталысымен генерал – майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы шайқастарда өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құраммен аман –есен дивизиясына қосылды. Өзі қаншама ұрыс тағдыры шешілетін жерде болды. 1950 жылы Бауыржан Момышұлы Кеңес Армиясы Бас штабының арнаулы Жоғарғы әскери академиясын бітіріп, дәріс оқумен қатар шығармашылық жұмыспен де шұғылданды. Ол «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «1-дәрежелі Отан соғысы», екі рет «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі», «Ленин» ордендермен, медальдармен марапатталған. 1976 жылы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1990 жылы Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы атағына ие болды. Отанын сүюді Бауыржан Момышұлындай өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің! Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды» - дейді.
Болашақ ұрпақ осы атамыздың айтқан қағидаларын әрдайым естерінде ұстап жүрсе екен деймін. Мен де жауынгер атаның ұрпағымын. Аты – жөні Тұрмағамбетов Қасымқан Бөрібайұлы Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1910 жылы Семиозер ауданы, Үшқарасу ауылында дүниеге келген. Кейін Науырзым ауданына қарасты Жамбыл ауылында тұрған. Науырзым деген киелі жердің сыйлы қарттарының бірі болған. Ұлы Отан соғысына 1943 жылы тамыз айында 33 жасында аттанған. Ленинград қаласында соғыста болған. Соғыс аяқталған соң, өз Отанына 1945 жылы мамыр айында қайтқан. Соғыстан оралғасын да ел үшін еңбек еткен жандардың бірі болды. Ауылға келгеннен кейін малшы, жылқышы болып жұмыс істеді. Атам Мықанқызы Азима әжеммен отбасын құрып, алты бала сүйген. Ол өте жақсы адам болған. Атамды барлық адамдар сыйлаған, әрдайым құрмет көрсеткен. Атам туған ауылында еңбек етіп, 1970 жылы зейнеткерлікке шыққан. Өзінің ерен ерлігі мен еңбегі үшін бірнеше мәрте орден, медальдармен марапатталған. Атам 1985 жылы 72 жасында қайтыс болды. Мен атаммен мақтана аламын, ол кісіні өзіме үлгі етемін. Болашақта елімнің адал патриот ұлы болғым келеді.
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға бас иемін,
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағыңның бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін –деген өлең жолымен өз ойымды аяқтаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ардагерлер ұзақ өмір сүріңдер туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ардагерлер узак омир суриндер на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ардагерлер ұзақ өмір сүріңдер