Жеңімпаз ұрпақ өнегесі-патриотизмнің қайнар көзі
Амонова Гулзамира
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж,
1 курс Рудный қаласы,Қостанай облысы.
Жетекшісі:Сүйінкина Пиалаш Балтақызы

Бүкіл адамзат тарихында мәңгі өшпейтін қасіретті беттер де орын алады. Солардың қатарында жиі еске алатынымыз-екінші дүниежүзілік соғыс. Елбасы Н.Назарбаев ол туралы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында былай деген екен: «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары үшін ол Ұлы Отан соғысы болды,өйткені Армия ғана емес,сонымен бірге бүкіл халық Отан қорғауға көтерілді» Бақайшағына дейін тас түйін қаруланған жау елімізге кенеттен баса көктеп кіріп,соғыс ашқан 1941 жылғы 22 маусым мен біздің халқымыз үшін Жеңіс Туы желбіреген 1945 жылғы 9 мамыр мәңгі өшпес тарихи даталарға айналды. Миллиондаған жазықсыз жандардың өмірін жалмаған сол қанды қырғынның басталғанына биыл 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл толады. Қасіретті болса да,тарихымыздың сол бір қаралы беті де ешқашан ұмытылмақ емес,себебі ол тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі болып қала бермек. Бұл күндер қазақстандықтар жадында әр кез жаңғыра беретініне Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздері де айғақ: «Қазақстан біртұтас халықтар арасында Ұлы Отан соғысына қатысты.
Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде-көпұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бір бөлігі». Ал,қасиетті тарихты білу, оны қастерлеу, өнеге тұту-азаматтық парыз, жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды құрауышы, ажырамас компоненті. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысында теңдессіз ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олардың ерлігі - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша өнегесі. Қазақ жерінен майданға аттанғандар арасынан 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Қас батырларды елге, әлемге танытуда қаламгерлер де көп еңбек сіңірді. Айталық, жазушы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы барша жер шарын шарлап кетті. Есімі аңызға айналған ұлт перзенті Бауыржан Момышұлы бұл жайында: «Ең алдымен сол кітап арқылы қазақ халқының ерлігі, оның бір ұлы - менің есімім Отанның іші, сыртына тегіс мәшһүр болды.Осы үшін оған мың мәртебе рахмет!» - деп айтқан екен. Сол секілді екінші бур жазушы, Александр Кривицкий де ұлы ерлікті өнеге етіп, өзі де ерлікпен барабар әрекет жасады.
Ел үшін еткен ерліктің бұл да бір түрі! Панфиловшы 28 батырдың атағын дүниежүзіне паш еткен А. Кривицкий «Москва түбегіндегі қарауыл» атты кітабының бір бетіне былай деп жазыпты: «Мен бақыттымын,маған тағдыр понфиловшылардың ерлігіне жақындауға, ұрыс картинасын қалпына келтіруге, батырлардың есімдерін тауып, олардың ерлігі туралы бірінші болып айтып беруге мүмкіндік берді. Адамдарды рухтандыратын бұл ерлік туралы бірінші болып айтып берушінің бақыты менің санамда өмірімнің соңғы минутына дейін сақталатынын мен білемін» «Сол батырлардың жиырма екісі қазақстандық та, төртеуі - Нарсұтбай Есболатов, Мұстафа Сенгірбаев, Асқар Қожабергенов, Әлікбай Қосаев - қазақ қой! Халқымыздан шыққан Совет Одағының тұңғыш батырлары!» деп мақтанышпен айтқан Бауыржан Момышұлы туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабын жазған қаламгер Әзілхан Нұршайықов екенін менің қазіргі құрдастарым біле ме екен?! Оқуға құлықсыздық басым болып тұрған заманда жастарды жеңімпаз ұрпақ өнегесі рухында тәрбиелеу тетіктерін тапқан абзал деп санаймын.
Мәселен, «Бір ел-бір кітап»акциясы аясында осы «Ақиқат пен аңыз» кітабын оқуды неге ұсынбасқа?! Осы кітап бойынша оқырмандар конференциясы жер-жерде өткізіліп жатса, жастар санасына қозғау салары анық. Себебі жеңімпаз ұрпақ өнегесі - патриотизмнің қайнар көзі. Осы шығарманы жазуға түрткі болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың журналистика факультеті, ЮНЕСКО кафедрасы, «Әріптес» қызметкерлерінің бастамасын елжандылыққа, қазақстандық патриотизмге баулудың көрінісі, шарапатты іс деп санаймын. Таяуда қостанайлық қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Сәлім Меңдібаевтың «Өшпес даңқ» кітабы жарық көрді. Кітаптың шығуына демеушілік көрсеткен - елімізге белгілі азамат, кәсіпкер Өмірзақ Ихтиляпов. Қазақстандықтар елімізді кеудесімен жауып, дүниені фашизмнен сақтап қалған аға ұрпақтың ерлігін ещқашан ұмытпайды, жеңімпаз әкелердің жалғасы екенін әрдайым мақтан етеді.Неше сан ұрпақтар мақтан тұтар майдангерлер қатарында мыңдаған қостанайлықтар да бар.
Сөз реті келіп тұрғанда айта кетейін, Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алғандар сапында Леонид Беда, Иван Павлов сынды жерлестеріміз де бар. Атаққа ілікпесе де, жаумен нағыз ерлерше шайқасқан қатардағы қарапайым жауынгерлер де халық жадында. Олай деуімізге себеп: журналист-жазушы Сәләм Меңдібаев қызмет істейтін «Қостанай таңы» газетіне Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеген өткен жылы облыс өңірінен екі жүзден аса хат түскен екен. Автор өз қолынан өткен жүрек тебірентер,патриотизмге толы хаттарды шаң басқан архивтерге жібермей,оқырманға қайта ұсынуды жөн көріпті. «Бұлар-келер ұрпақ үшін де қажет дүние», - дейді «Өшпес даңқтың» авторы. «Соғысқа қатысқан әр солдатты батыр деп бағалауымыз керек» деп, Баукең, Бауыржан Момышұлы айтқандай, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың әрқайсысына қатысты мәлімет, естелік атаулының бәрі де бізде үшін құнды, қастерлі. Оларды айту, жазу, насихаттау болашағымыз үшін қажет, неге десеңіз Қазақстан - Ұлы Дала елі - Мәңгілік ел болуға бет бұрды.
Сондықтан ұрпақтар өнеге тұтатын Ерлік шежіресі де мәңгілік болуы тиіс, сонда ғана қазақстандықтар отаншыл, елжанды болуды шын жүрегімен қалап тұрады. Қазақтардың батыр халық екенін өз көзімен көріп,мойындаған аса танымал тұлғалардың сөздерін келтірейік. Кеңес Одағының маршалы К.К.Рокоссовский: «Қазақ халқының даңқты ұлдары ұрыс даласында Отанға жақсы қызмет етті»десе, генерал-полковник П.Л.Романенко: «Қазақтаркеңпейіл, ақжарқын, ержүрек, батыр халық. Жауынгерлерім тек қазақтардан құрылса, мен әрқашан риза болар едім» деп, бекер айтпаса керек. Жүрек түкпірінен шыққан осынау шынайы сөздерді, ерлікті өнеге етуге үндейтін авторларды, олардың туындыларын шығармамның арқауы ете отырып, мен де ерлікті дәріптеуге тамшыдай болса да үлесімді қостым деп ойлаймын. Жеңімпаз ұрпақ өнегесінен нәр ала отырып, Мәңгілік ел болуға бет бұрған тәуелсіз Қазақстанымыздың ширек ғасыр тойын лайықты қарсы алуға, әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына қосылуға бар күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Жеңімпаз ұрпақ өнегесі-патриотизмнің қайнар көзі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женимпаз урпак онегеси-патриотизмнин кайнар кози на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңімпаз ұрпақ өнегесі-патриотизмнің қайнар көзі