Түн туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 25
Жұмбақтар жинағы: 9
Балаларға арналған тақпақтар: 14
Ақын өлеңдері жинағы: 687
Қанатты сөздер жинағы: 11
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 47
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2

Түнде жүрген күндіз сүйсінер,Жасында үйленген қартайғанда сүйсінер.
©  Түркі халықтары
Түнде барлық мысықтар күкірт.
Күн ұзақ- істер көп , түн ұзақ-армандар көп.
Күндіз-ойлар, түнде-армандар.
Бір түнде ет шіріп кетпейді.
Түн кезе берсең, түбі шайтанға тап боларсың.
Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.

Осы мақалдың мәнін ашатын тағы қандай мақалды білесіз?
Барлық іске үлгеру үшін..
©  Гүлтас Құрманбай
Айлы түн адаспасқа жақсы.
Бір түннің мың ұрысы бар.
Ауруға ең қиыны — түн.
Ақыл — шам-шырағың түндегі,
Білімділік — жарық көзі күндегі
Айтады екен алуа, бал татқандар:
«Азанда аш қой түнде тойып жатқандар».
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Таңы атпастың,
Түні батпас.
Бөтен төсек жарты-ақ түн жатқызады.
Түн қараңғы болса да,
Алма түгел санаулы.
Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.
Түнде ұшқыныңды жасыра біл,
Күндіз түтініңді жасыра біл.
Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.
Жаманға түн де қараңғы, күн де қараңғы.
Аппақ динар қара түннің шырағы.
Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
Түлкіні түн асырайды.