Мысық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 30
Ақын өлеңдері жинағы: 29
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 16
Ертегілер жинағы: 16
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Мысықтың мəулені мияулап туар.Бұл мақал мінез-құлқы əкесіне аумай тартқан балаларға арнап айтылады
©  Түркі халықтары
Өлетін тышқан мысықтың тасағын қасыр.Өлімі біреуге байланысты адам сол маңнан айналсоқтап кете алмайтынына арнап айтылады осы мақал.
©  Түркі халықтары
Түнде барлық мысықтар күкірт.
Жақсы сөз мысыққа да жағымды.
Жылан шағып алған мысық жіптен де қорқады.
Мысық үйге, ал ит иесіне бауыр басады.
Жолбарыстан қорқып қалған, мысықтан да қорқады.
Мысықтар жоқ жерде тышқандар тойлайды.
Тойған мысық тышқан ауламайды.
Мысық жоқта тышқан масайрар.
Тымырайған мысық тышқанды көп ұстайды.
Қараңғыда барлық мысықтар сұр болып көрінеді.
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.
Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.
Мысықты етке қарауыл қойды.
Жүз мысыққа бір тышқан.
Ашық құмыраны көргенде,
Мысыққа ұят не керек.
Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.
Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.
Мысықтың өлімі - тышқанға той.