Үйлену туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 29
Ақын өлеңдері жинағы: 22
Қанатты сөздер жинағы: 8
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 48
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 21
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 4

Түнде жүрген күндіз сүйсінер,Жасында үйленген қартайғанда сүйсінер.
©  Түркі халықтары
Бойдақ елу кез кездемеден дамбал тіге алмас.Өйткені жат адам (тігінші) оны аямайды, өзі күйінбейді. Сондықтан бұл мақал тезүйленуге шақырады.
©  Түркі халықтары
Барлық жылқылар сатылмайды және барлық қыздар үйленбейді.
Үйлену және өлім-әпкелер.
Үйленбестен бұрын жақсылап ойланыңыз, өйткені бұл түйінді шешу қиын болады.
Әкесінің ақшасымен үйленгенӘйелінің қадірін білмейді.
Көріктіні қалап алғанша,
Сүйгеніңді сұрап ал.
Мінсіз жар іздеген жалғыз қалар.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.
Қатын алсаң, отын ал.
Өзің сүйгенді алма,
Өзіңді сүйгенді ал,
Өзің сүйгеннен жапа шегерсің,
Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.
Аяғын көріп, асын іш
Анасын көріп, қызын ал
Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.
Көргені жаман оңбайды,
Айтқан тілді алмайды.
Алғаны жаман оңбайды,
Қағып төсек салмайды.
Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.
Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.
Екі қатын алғаның —
Өзіңді отқа салғаның.
Керенауды күлісінен білерсің,
Сүр бойдақты жүрісінен білерсің.
Қасық асым —
Қайғысыз басым.
Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.
Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Күндестің күні де күндес,
Күлі де күндес.
Бір қатын сылаумен қатын,
Бір қатын қынаумен қатын,
Бір қатын сынаумен қатын.