Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Күріш жеуге тамағы жоқСу ішу үшін асқазаныңыз барМұғалім болу білімі болмасаЖазуға мүмкіндік барОл не.... Жауабы қандай комментке жазыңыз 
Сырты бұқа іші жұқа Жауап:  
Қандай жеміс дәмі жақсыЖәне шамға ұқсас,Бүйірі жасыл күнмен жылынуда,Ол сарғайып, қызылға айнала ма?(Алмұрт)
Бұл жеміс. Бұл шырынды, тәтті.Ол ағашта өседі.Жоғарыдан тар бұл жеміс,төмен қарай кеңейеді.(Алмұрт)
Қалың киімді ұнатадыШешіндірсең жылатады.(пияз) (лук)
Ағашта оның мекені,Піскенде түсіп кетеді.Алма
Сырты жылтыр, бұдыр жоқ,.Іші шырын қызыл доп. (қызанақ)
Құралы əрі ермегі –Тоқитын күн-түн өрмегі.(Өрмекші)
©  Серікбай Оспанов
Айнымайды шыныдан,Қорқады тек жылыдан.(Мұз)
©  Серікбай Оспанов
Қатқан қардай,Татсаң балдай.(Балмұздақ)
©  Серікбай Оспанов
Алтын қамшы аспандаЖарқ еткенде, жасқанба.(Найзағай)
©  Серікбай Оспанов
Құлағы жоқ. Тыңдайды.Əн салып, жыр жырлайды.Көңіліңді табады.Ол бармақтай болғанмен,Əрбір сөзі бағалы,Ұмытпайды барлығын!Компьютердің інісі,Қандай..
©  Серікбай Оспанов
Жалғыз ғана иық,Тұрады киім киіп.(Киім ілгіш)
©  Серікбай Оспанов
Өзіңе көмектеседі,Көзіңе көмектеседі.Оны өзі бірақ білмейді.(Көзілдірік)
©  Серікбай Оспанов
Төрт аяғы бар,Мінсең жүрмейді,Жүгірмейді.Тізесі бүгілмейді.(Орындық)
©  Серікбай Оспанов
Мойнына жұрт күледі,Екен қандай жүрегі?!Екі тауды қашандаАрқалап ап жүреді(Түйе)
©  Серікбай Оспанов
Үш көзі бар қырағы,Жоқ аузы не құлағы.Көшедегі көліккеƏмір беріп тұрады.(Бағдаршам)
©  Серікбай Оспанов
Желмен ұшып жетеді,Желмен ұшып кетеді.(Бұлт)
©  Серікбай Оспанов
Күтеді оны аталар,Ағалар мен апалар,Əжелер мен əпкелер.Ол өйткені жұмысқаТаңда, түсте апарар,Кешке сосын ап келер.(Автобус)
©  Серікбай Оспанов
Қос қанатты құс күндеЖүреді бұлт үстінде.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Жылы жақта ол болмайды,Биікке ұшып қонбайды.Құсқа бірақ ұқсайды,Қыста мүлде тоңбайды.(Пингвин)
©  Серікбай Оспанов
Жерден өсіп шығады,Жерден ұстап тұрады.Алуан бұйымға айналарБар болса адам құралы.(Ағаш)
©  Серікбай Оспанов
Ал демейді, бер демейді,Маңдайы бар,Терлемейді.Құлағы бар,Естімейді,Иесінсіз төрлемейді.(Құлақшын)
©  Серікбай Оспанов
Инелікке ұқсайды,Өз бетінше ұшпайды.(Тікұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Бетіне оның жазасың,Кино көре аласың.Баса білсең нүктесінКерегіңді табасың.(Компьютер)
©  Серікбай Оспанов