Мақал мәтелдер мағынасымен туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 66

ӨЛІ ЖАРЫМАЙ, ТІРІ БАЙЫМАЙДЫ
Қазір бұл мәтелді ел «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп қолданып жүр. Өлі пәнилік ешнәрсеге мұқтаж емес. Ол ішпейді, ол жемейді, ол кимейді.Алайда..
©  Төрехан МАЙБАС
ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА, ЖҮЗ ЖЫЛДА ЖЕР ЖАҢА
Бұл мақал ел ішінде «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп қолданылады.Әдетте мақалдың логикалық қисыны, пайымы кемел болады. Мұнда соның көлеңкесі..
©  Төрехан МАЙБАС
 Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.

Жар таңдау – күрделі жұмыс. Адам өмірінің..
©  Гүлтас Құрманбай
 Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

Келіннің мәртебесі, отбасындағы рөлі туралы монолог әзірлеңіз. Сөз ішінде мақал-мәтелдерді пайдаланыңыз.
©  Гүлтас Құрманбай
 Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік – тай-құнаннан.
 

Біздің халқымыз жастарды, балаларды ерте жастан даналыққа, парасаттылыққа..
©  Гүлтас Құрманбай
 Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.

Адамның жанын жаралау деген оп-оңай нәрсе. Ауыр сөз, ойланбай айтыла салған сөз адам жанын жаралайды...
©  Гүлтас Құрманбай
 Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Мал шөпке тоқтайтыны рас, ал адам сөзге қалай тоқтайды? Мұнда халықтың айтпағы не?
Сөзге құлақ асу, сөз..
©  Гүлтас Құрманбай
  Ас тасыса майы төгіледі, Ашу тасыса, ақыл төгіледі.

Мақалдың тура мағынасын да, ауыспалы мағынасын да дәлелді сөзбен түсіндіріңіз.
Жағдаят..
©  Гүлтас Құрманбай
 Ашу тұрған жерде ақыл тұрмас.

Мақалды өз өміріңізге қандай жағдайда пайдаға жаратасыз?
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа..
©  Гүлтас Құрманбай
Азды алмаған, көптен құр қалар.

Қанағатшылық – жақсы қасиет. Адамдардың өз бағын өзі байлайтыны осы қанағатсыздықтан. Кейбір адамдар аз..
©  Гүлтас Құрманбай
 Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

Қай кезе де, кім туралы болса да жақсы сөз айтқан дұрыс. Жақсы сөз де, жаман сөзде иесіне әйтеуір..
©  Гүлтас Құрманбай
Көп алдында сөйлеген – көсемдіктің белгісі, Көпке сөзі ұнаған – шешендіктің белгісі.

Мақалдың мәнін ашатындай, «иә, ол сол адам..
©  Гүлтас Құрманбай
Аз қайғыны ас басады, Көп қайғыны дос басады.

Аз қайғы, көп қайғы дегенді қалай түсінесіз? Аз қайғыны неге ас басады?
Досыңыз қайғырғанда қол..
©  Гүлтас Құрманбай
Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең, Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

«Қажыту» деген қинау, мазалау дегенді білдірсе керек. Ондай көп..
©  Гүлтас Құрманбай
Ердің еңбегін күндегенше, Өзіңнің жігеріңді шыңда.

Көреалмаушылық, күндестік деген жақсы қасиет емес. Ол дерт сияқты. Адамның түр-түсіне әсер..
©  Гүлтас Құрманбай
Жаман болатын жігіт шегіншек келер, Кедей болатын жігіт еріншек келер.

Шегіншек келер дегенді қалай түсінесіз?
Еріншек адамның бай болғанын..
©  Гүлтас Құрманбай
Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.

Осы мақалдың мәнін ашатын тағы қандай мақалды білесіз?
Барлық іске үлгеру үшін..
©  Гүлтас Құрманбай
Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы ердің көңілін сақта.

Адамның көңілі қалса, ол –жаман. Со себепті де халқымыз: «қалған көңіл..
©  Гүлтас Құрманбай
Ынталының ісі лезде бітеді, енжардың ісі кейін кетеді.
Ынта, ықылас, пейіл деген мағынасы жағынан жақын сөздер. Қандай іске де адамның ынтасы..
©  Гүлтас Құрманбай
 Қос қылыш қынға симас.
*Шынында да қос қылышты бір қынға сайдыра алмайсыз ғой. Мәтелдің мәні не? Нені меңзейді? Өз сөздеріңізбен түсіндіріп..
©  Гүлтас Құрманбай
 Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылады.

Дана халқымыз осы сөзбен нені білдіргісі келді екен?
«Адамның күні адаммен» деген..
©  Гүлтас Құрманбай
     Қуантар болсаң асық, Мұңайтар болсаң сабыр тұт.

Сізге осы мақал ұнай ма? Адамдарға қуаныш сыйлау дегенді қалай түсінесіз?..
©  Гүлтас Құрманбай
 Ақылдың өлшемi –  парасат.
Парасат өлшеміне нелер, қандай қасиеттер сай келеді?
Ақылдың нәтижесі, көрінісі парасат болғаны ма?..
©  Гүлтас Құрманбай
  Сүйдiрген де ­ тiл, Бездiрген де ­ тiл.
«Сүйдірген», «бездірген» деген сөздердің мән-мағынасы қандай? Тіл..
©  Гүлтас Құрманбай
Адамның тiзгiнi ­ ақылы.
Адам   сөйлер   сөзін,   істейтін   ісін,   әрекетін  ..
©  Гүлтас Құрманбай