Адасу туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 14
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 60
Қанатты сөздер жинағы: 8
Әңгімелер жинағы: 4
Поэмалар: 2

Кім сұрайды, ол адаспайды.
Айлы түн адаспасқа жақсы.
Адаспасаң мақсатқа жете алмайсың.
Білгіші бар жаңылмас,
Жершілі бар адаспас.
Адасқанды сөкпеңіз,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ұрлағанды кешіңіз,
Тоғыз алып жапқан соң.
Адасқанның алдында еш нәрсе жоқ.
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Алдыңғы көштің адасқанын,
Кейінгі көш біледі.
Адасқанның артындағысы бiледi.
Жаңылғанның жанындағысы бiледi.
Адасқанның алды жоқ.
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Адасқан жігіт жол таппас.
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
Адассаң, көппен адас