Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Секіріп,Жүгіріп,ҚарғыпОйнадық мақтаны қар ғып.
©  Серікбай Оспанов
Төрде орындық тұр төрт қара,Айналады оны төрт бала.
©  Серікбай Оспанов
Дүкенге атай барыпты,Үш ақ орындық алыпты.Дүкенде сөйтіп барлығыЕкі-ақ орындық қалыпты.
©  Серікбай Оспанов
Түлкі қу емес,Қу – аю.Қурай гүл емес,Қурай– у.
©  Серікбай Оспанов
Төбесіне қораныңШығып кетті жеті ешкі.Ал, қораның төбесіƏбден тозған, өте ескі,Болғаннан соң өте ескі,Құлап түсті жеті ешкі.
©  Серікбай Оспанов
Жайылып жүр тұсақтар,Емес олар түсі ақ мал.Асқан жаңа бір жастанҚойдың төлі ол – ұсақ мал!
©  Серікбай Оспанов
Жең, жең емей, балақ па?!Жылқылардың бəрі ат па?!Ата-бабалардыңБарлығының тамы ақ па?
©  Серікбай Оспанов
Құлан – құла аң,Бұлан – бұл да аң –Үлкен мүйізді,Аша тұяқтыІрі аң!Қолға үйренгенЕмес пе бұғы аң?!
©  Серікбай Оспанов
Қонып таңнан атына атам,Жинап елден алты бақан,Құрып берді алтыбақан.Рақмет, алтын ата,Жем берейін атыңа ата!
©  Серікбай Оспанов
Ала сиыр, ала қарғаЖүр ғой, əне, ала қарда.Қарқылдайды қара қарғаЖалпылдайды ала қарға.
©  Серікбай Оспанов
Жесін биыл жаздаБіздің екі қазғаБір қап тары аз ба?Онда бос қап табайық,Екі қабын алайық.
©  Серікбай Оспанов
Қойды, бала, жарға айдама,Ұрма, босқа айғайлама!Сенде ақыл, ес, ой бар ма,Шыға алмайды қой жарға?!
©  Серікбай Оспанов
Ұлықбектің ұлыАйта алмайды «Ұ»-ны,Айта алмайды «Ү»-ні,Айта алмайды «Ы»-ны.Үйретем қалай мұны?!
©  Серікбай Оспанов
Айгүл алдына айна алып,Қарап отыр ойланып.Гүлнар оның жанындаЖүгіріп жүр айналып.
©  Серікбай Оспанов
Бұзау, қозы, тай, лақ таҚұлындар да, тайлақ таЖүрген жаңа сай жақта.
©  Серікбай Оспанов
Қорқушы еді қараңғыдан,Қаптап кетті қараң-құраң.Шыға келсе қайтер едіСайдан бір аң, қырдан бір аң?Қарай берді алаң-жұлаңҚараң-құраң..
©  Серікбай Оспанов
Қайнағанда əн салатынСекілді біздің құман.Далада қатты жел тұрғанда,Салады екен құм əн.
©  Серікбай Оспанов
Уақытты жол алар,Сонда да тез оралар.Асықпаса ол тағы да,Үйге бір күн қона алар?
©  Серікбай Оспанов
Мініп атқа қара қасқаАтам бүгін барады асқа.Атаңды сен қарсы алғайсыңЖоқ қой үйде бала басқа.
©  Серікбай Оспанов
Есікті кеп қақса ағайым,Сыртқа шығып қарсы алайын.
©  Серікбай Оспанов
Ойлап-ойлап бас қатты,Мініп кетті-ау басқа атты.Шабан ат қой жаман ат,Қырдан əлі аспапты.
©  Серікбай Оспанов
Сарқантта –Сары солдаттар да бар,Сарғалдақтар да бар,Солдаттарда шардақтар да бар,Сарғалдақтарда сары дақтар да бар.
©  Жәди Шәкенұлы
Қодар ожар болды ма,Ажар ажал болды ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Құр дарақты құрт, араққа берді ме,Ұлтарақты ұл – қараққа берді ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Жарыместің көтергені жарты мес емес пе,Жарты мес жарыместің шарты емес пе?
©  Жәди Шәкенұлы