Жолдас туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 98
Ақын өлеңдері жинағы: 63
Қанатты сөздер жинағы: 18
Әңгімелер жинағы: 12
Ертегілер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Көргенсізбен жолдас болма,Опасызбен сырлас болма
©  Самет Оқанұлы
Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,Қара басын дауға қалдырмайды
©  Самет Оқанұлы
Жолдасы жақсының олжасы жақсы
©  Самет Оқанұлы
Оразалымен оттас бол,Имандымен жолдас бол
©  Самет Оқанұлы
Жолдас болма қуға,Басың қалар дауға
©  Самет Оқанұлы
Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар,Жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар
©  Самет Оқанұлы
Жақсы жолдас – шарапат, жаман жолдас – кесапат Жақсы жолдас – шарапат, жаман жолдас – кесапат. Жолдасың жақсы болғанда, ақыл табар қат-қабат.("Қыз..
Әдісіңді ақылыңа жолдас ет.
©  Естеу ЖҮНІС
Қайратыңды әдісіңе жолдас ет.
©  Естеу ЖҮНІС
Мен бір рет көрдім-таныс; екі рет көрдім-жолдас; үшінші реті көрдім-дос
Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең, Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

«Қажыту» деген қинау, мазалау дегенді білдірсе керек. Ондай көп..
©  Гүлтас Құрманбай
« Жақсы жолдас ерттiм дегенше, Жарты жолдан өттiм де»
Адамның жас күнінде жолдастары көп болады. Бірге ойнаған да жолдас, бірге жүрген..
©  Гүлтас Құрманбай
Жолдасыңмен тату бол – өзгермесін ол адам.
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан.
©  Махмұд Қашқари
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
Бауырласың болмаса, жолдас ізде,
Жақсы жолдас — бауырлас.
Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.
Атасы басқамен жолдас болма,
Атарда жанына байланар.
Қыран құс – ер жолдасы.
Жолдас болма айғаққа,
Сүріндірер тайғаққа.
Жалғыздықтан гөрі,
Ақымақ болса да, жолдасың болғаны абзал.
Жолдасыңның қолымен жылан ұстама.
Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.
Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.
Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды.
Қорқақ тірідей өледі,
Жолдастары күнде көмеді.