Асыл туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 19
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 62
Қанатты сөздер жинағы: 6
Әңгімелер жинағы: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Асыл пышақ қап түбінде жатпайды "Асыл пышақ қап түбінде жатпайды" деген. Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты – әйел деген.("Билер..
Алып анадан туады, асыл анадан туады 
Қымбат та болса асылы,Арзан да болса-жасығы.
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
* Қазіргі кезде адамдарды берген сыйлығымен бағалап, құрметтеп жатады. Ол дұрыс емес. Себебі материалдық дүние..
©  Гүлтас Құрманбай
Асыл тектi балапан ұясында ән салар.
 
Адамға меңзеп айтылған мақалдың мәні – баланы кішкентай кезінен өнерге баулу қажет.

Мақалдың..
©  Гүлтас Құрманбай
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
Асыл айнымас,
Алтын шірімес.
Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Дау ескірмейді,
Асыл шірімейді.
Саудагер асыл затын жол үстіне де жаяр.
Жасықтың көбінен де
Асылдың азы артық.
Жақсының жақсы білер сымбатын,
Жамандар қайдан білсін асыл менен қымбатын.
Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.
Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.
Асылдың бірі — адалдық.
Асыл - тастан, ақыл - жастан.
Асылдың сынығы —
Айдынның тұнығы.