Олжа туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 15
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 7

Жолдасы жақсының олжасы жақсы
©  Самет Оқанұлы
Таразыдан жеген тиын,Құйттай да болса – олжа.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қылмысына қарай жазасы,Еңбегіне қарай олжасы.
Орман көп болса — олжаң көп. 
Ең алғаш олжа тауыпты:Тал түсте шырақ жағыпты.
Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
©  Бауыржан Момышұлы
Босқа жүргенше, тегін еңбектен — үйренгенің олжа.
Алысқа барса, олжамен оралар.
Алары болар бергеннің,
Атқаны – олжа мергеннің.
Құзғын – қорқау қасқырдың олжаласы.
Қашқан жаудың олжасы -
Жолда қалған.
Аюдан жұлған жүн – олжа.
Озбыр олжа үшін өледі,
Күншіл күндеумен бүледі.
Артық олжа басқа еңбек.
Оңай олжа тұрмас қолда.
Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.
Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.