Отан туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 67
Балаларға арналған тақпақтар: 35
Ақын өлеңдері жинағы: 231
Қанатты сөздер жинағы: 26
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 10
Эсселер жинағы: 4

Отан – отбасынан басталады
©  Самет Оқанұлы
 Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
©  Самет Оқанұлы
Отан қуат Отбасы шуақ 
Отаны жоқ адам, ол әнсіз Бұлбұл.
Отан-туған анан, бөтен мемлекет-өгей ана
Ең жақсы дос-АНА, ең күшті мемлекет - Отан
Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.
Бөтен елде би болғанша,
Өз еліңде шопан бол.
Ұлтарақтай болса да
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбелiндей болса да
Туып-өскен ел қымбат.
Туған жердiң
Түйе жейтiн жапырағы да дәрi.
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрi.
Отаның Сүлеймен патшалығынан да сүйікті.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
Қараған өз жерінде гүрілдер.
Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.
Өз үйім өлең төсегім.
Туған жерге туың тік.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.
Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.
Есің барда елің тап.
Бөтен жердің гүлінен,
Туған жердің тікені артық.
Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.