Туған жер туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 68
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 371
Қанатты сөздер жинағы: 6
Әңгімелер жинағы: 9
Поэмалар: 2
Шығармалар жинағы: 4
Эсселер жинағы: 5

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын.

Туған жерге деген перзенттік парызды адам әкім болса да, қарапайым жұмыскер болса да..
©  Гүлтас Құрманбай
Иттің тойған жері бар,Туған жері жоқ.
Туған жердiң
Түйе жейтiн жапырағы да дәрi.
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрi.
Тауда туған құлынның екі көзі таста болады.
Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.
Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
Қараған өз жерінде гүрілдер.
Туған жердің кәдірін
Шетте жүрсең білерсің.
Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.
Жеріне қарай жемісі.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
Туған жерге туың тік.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.
Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
Елің - панаң,
Жерің - анаң.
Өз елің өзекке теппесі.
Ауылым - алтын бесігім.
Өз елің - алтын бесік.
Өз еліңнің иті де қадірлі.