Бұлт туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 7
Мақал-мәтелдер жинағы: 21
Жұмбақтар жинағы: 34
Балаларға арналған тақпақтар: 17
Ақын өлеңдері жинағы: 237
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 2
Баталар жинағы: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 5
Ертегілер жинағы: 5
Поэмалар: 1

Жалқауға бұлт (көлеңкесі де) жүк болар.
©  Түркі халықтары
Кейде бір бұлт та күнді жабады.
Жемісі жоқ ағаш-отын, жаңбырсыз бұлттар-түтін, ал ақылсыз адам — жануар.
Бұлт —Жаңбыр жаршысы. 
Бұлыңғыр күннің артынанБұлтты түре күн шығар. 
     Еріншекке есік те асу көрінер, Жалқауға бұлт та жүк көрінер.
* Осы мақалды есіңізде ұстаңыз. Өзіңіздің бойыңызда еріншектік пен..
©  Гүлтас Құрманбай
Жалпиған бұлт жауынға жарытпас.
Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.
Бұлт көтерілсе, бағбан бағын ойлайды.
Бұлт та бұйрықпен жауады.
Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.
Аяз болады, бұлт болады,
Өткен күндер ұмыт болады.
Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.
Жел еспей,
Бұлт көшпес.
Торлаған бұлтты боран қашырар.
Қара бұлтты жел ашар,
Қара құлыпты пара ашар.
Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.
Ит үреді,
Бұлт көшеді.
Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.
Бұлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.