Ауа райы туралы жұмбақтар


Ауа райы туралы жұмбақ


Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

***

Қанаты жоқ, ұшады, 
Аяғы жоқ, жетеді. 
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)

***

Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

***

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

***

Қонақтап күнде қонар су бетіне, 
Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай)

***

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, 
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. 
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, 
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Айзере
    Оқырман Айзере 17.04.2024 23:08
    0 + 0 -
    Атасы мен анасы
    Миллионнан көп баласы
    (Жұлдыз)
  2. Оқырман Айман
    Оқырман Айман 08.10.2022 20:43
    0 + 2 -
    Кеше ғана емес пе еді ғой деп ойлаймын және оның ішінде қазақ тілі терминдер сөздігі және оның құрылымы бекітілді