Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 614 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Еркек тоқты құрбандық

ЕРКЕК ТОҚТЫ ҚҰРБАНДЫҚ

(Тарихи әңгіме, болған оқиғаның ізімен)

Желтауда мешіт ұстап бала оқытып жүрген Бекжан сопының Шопан ата басында шырақшы болғанына да бір жылға жуық уақыт өтіпті. Тобыштардың қойымшылығы Шопан ата басындағы шырақшы кетіп ағайындары сұрағасын келген жайы бар. Бабықтың Әжібайынан тарайтын Мыңбай, Селбай ағайындары құсап бай болмаса да, Бекжан ескіше хат танитын, ерекше сауатты болатын. Сонысын қарап болса керек халық арасында Бекжан сұпы деген атпен танымал болатын. Атаның басына зиярат етуге келгендерге Шопан ата жайлы білгендерін, ескінің көзі халық жадында қалған уағыз әңгімелерді көп айтатын еді. Бәсеңдеу қоңыржай даусымен тыңдаушысын әп сәтте баурап алатын. Ресейде кеңес өкіметі орнап күшіне міне бастаған кез, Маңғыстауға әлі жете қоймады десе де болғандай. Бәлкім ен даладағы азғана ауылға әсерін әлі тигізе алмай жатырма, әзірше тыныш, бірқалыпты өмір өтіп жатыр. Жұбайы Сәрсенбибі Әбубәкір кердерінің жақын қарындасы болып келетін, Әбубәкірдің әкесі марқұм Боранқұлмен мұның әкелері үзеңгілес, әрі тумалас болатын. Кішкентайынан сол Әбубәкірдің жырларын жаттап өскен Сәрсенбибі бәйбіше бар білгенін қыздарына үйретіп әлек.
1920 жылдың көктемінде дүниеге келген қызы Оралжан да биылдары әкесінен дәріс алуға жарап қапты. Үлкен қызы Бақытта биыл онға толып отыр. Қолы бос уақытта көрші ауылдардың балдарын жинап алып арапша, латынша оқытады. Өзінің екі қызы да солардың ішінде. Латын әрпінің бір жақсысы өз ана тіліңде жазуға қолайлы болатын және арап әріптеріне қарағанда оңайлау көрінетін.
Биыл қолдан қашап жасаған үңгірді біршама жөндеп, сылап, ішін ақ тасты суға езіп ақтап алған. Іші жазда салқын, қыста жылы ұядай, қарамағындағы оншақты бала ішіне сиып кетеді. Шіркін Қазағымның пейілі кең ғой, қаншама жоқшылық деседе, тілеухана басында адам аяғы үзіліп көрмепті. Барын әкеліп садақаларын беріп жатқаны. Оқып жатқан балалардың да ата аналары келген сайын құр қол келмей, анау-мынауларын беріп кетеді. Биыл алла оңғарса тлеухананы кеңейтпекші, әйтпесе қазіргі жағдайы әйтеуір жоқтан жақсы.
Кеше сонау Кетік жақтан ат арытып Боранбай деген жолаушы келе қалғаны, мақсаты осында бір түнеп, әрмен қарай Бекет атаға зиярат етуге кетпекші.
—Інім алыстан келе қалыпсың, не хабарларың бар, айта отыр ел іші тыныштықпа әйтеуір.
—Біраз өзгеріс бар ғой аға, Кетік басы абыр-сабыр, Майлыбайдың Тәлпеңі ауылнай болғалы басымызға әңгір таяқ ойната бастады. Күнде бірдеме ойлап табады, онсызда әрең күн көріп отырған ауылға қырғыйдай тиуде, біресе ет салығы, біресе тері салығы дейме әйтеуір тыныштық беретін емес.
Қолына ұстап отырған кесесін төңкеріп тастады да жер шұқып отыра кетті. Бірдемені айта алмай кібіртіктеп отырғаны.
-Аға, сол неме өткенде бір сөзінде, Кетіктен атты әскер шығады екен деймеау, Маңғыстауды аралап Кеңес өкіметін орнататын көрінеді деймеау, малдарды жинап алып, қожа молдаларды ұстайды дейме ау, әйтеуір аузыңа қара қан толғырдың әңгімесі жаман екен, сақ болыңыз аға.
Боранбай келіп кеткелі Бекжан сопыдан ұйқы қашты, япырай мына заман не боп барады. Қара басын ойлап отырған жоқ, бес алты ұсақ жандығынан басқа малы жоқ. Елдің жағдайы, Бала шағасының жағдайы, жұбайы Сәрсенбибінің жағдай не болмақ.
Неде болса амал жоқ, көппен көрген ұлы той, жаратқан алла жар бола көр. Киік жортқан қу далаға солар келе қояр дейсіңбе, деп күбірлеп өзін өзі жұбатқан болады. Тек, өкінетіні екі-үш жылдықта рулас жамағайындары Мыңбай, Селбайлар Үстүртке көшкенде бізбен бірге жүр, жалғыз үй отырасыңба, айдалада?, дегенде тыңдай қоймап еді. Оның себебі аталарының өсіп, өнген, жатқан жерін қимағандық еді. Енді өзі олай, бұлай болып кетсе бала-шағасының, жұбайының жағдайы не болмақ?, деген беймәлім сезім ішін жалап бара жатқандай.
Отыз екі тістен шыққан сөз отыз екі елге жайылады демекші, малға санақ жүргізбекші, ишан, молдаларды ұстайды екен, деген әңгіме ел ішінде гу, гу етеді. Осыдан қорыққан ауылдастары балаларын оқытудан үзілді, кесілді бас тартты. Ендігі жерде сауаттары ашылып келе жатқан екі қызын оқытудан басқа ермегі қалмады. Жаратқан иеме не жаздым екен, артымда қалып ең болмаса өнерімді алып қалар бір ұл бермегені, деп іштей налитын, бар білгенін жат жұрттық болса да сол екі қызына үйретіп әлек. Көбінесе көп бүк түсіп, теріс қарап жатып алатынды шығарды, көзі ашық оқығаны көп Бекеңнің ойлағаны Ел тағдыры, замана жүгі болатын. Әскер шығатын болыпты дегелі атаның басына зиярат етушілерде азайған, бірен саран жолшыбай соғушылар болмаса, ел аяғы суыған.
1927 жылдың күзінде бір топ атты әскер Шопан ата басына сау етіп жетіп келді. Жолдан шаршаған, күздің салқын желі тоңдырған, келе сала тілеуханаға кіріп жайғасып алды. Ыссы шай ішіп, қарындарына бірдеңе барғасын кейбіреудері маужырап ұйқыға кетті. Камандері болса керек кекиген ұзын тұра описер ұлты татарма деймін, әй- шәйға қаратпастан Бекжанның қолына кісен салды. Онысы қашып кетер деп сақтанған түрі.
-Сен молдасың ба, шыныңды айт, тағы кімдер бар?, деп қуырып барады, қолында тізім, Әжігереев Бекжан молда, деп оқып қояды.
-Мен молда емеспін ескіше сауатым бар бала оқытамын, одан басқа ештеме білмеймін, деп отырып алды.
Оған көнетін әлгілерме ертесіне таң қылаң бере, бес, алты жандығын алдарына салып, өзін дедектетіп айдай жөнелді. Кіндік кескен туған жер, адал жары, екі шиеттей қыздары, киелі Шопан ата қонысы көзден бұлбұл ұшып қала барды. Бекжан сұпы төртпақ денелі, орта бойлы, қуатты мығым адам болатын, елуді енді ғана еңсерген тұла бойы даналықпен қоса күш қуатқа да толы болатын. Бесеуін, бес ұрып, мылтықтарын тартып алып, аяқ қолдарын байлап қашып кетсемба екен, деген содыр ойда келмеді емес. Бірақ артында қалған үй іші қолын жіпсіз байлады. Үш күн бойы тынбай жүріп отырған олар Кетік шахарына жетті.
Маңдайшасына қызыл жалау ілген барақ үй, іші абыр-сабыр, кілең қызыл жағалы, әскери адамдар, кейбіреулері шүлдірлеп орысша сөйлейді. Бірден дедектетіп тергеушінің алдына әкелді, қасында жалпиып Майлыбайдың Тәлпеңі отыр. Үлкен іс бітіріп жүрген кісімсіп қасындағы шикіл сары орысқа шала орысшасымен бірдеңелерді түсіндіріп әлек. Бекжан өзі жайлы әңгіме кетіп жатырғанын айтпай ақ түсінді.
-Саған молда екенін мойындасын, халықтың басын айналдырып улап жүргенін мойындасын, дейді описер мырза.
-Жоқ мен молда емеспін, халықты улағаным жоқ, қайта оқытып сауаттарын аштым.
-Онда неге сені сұпы дейді, өтірік алдайсың, мойындап қол қой мына қағазға. Жынданып түкірігіне шашалған Тәлпең орыс тергеушіден де асып түсті. Ұрып, соғыпта мойындата алмаған олар шарасыздықтан шаршап, алып кетің! , деп айқайлады. Қастарында тұрған қарауыл болса керек, сүйреп апарын тас түрмеге тоғытты. Есін жиып көзін ашса, қолқаны атарлықтай шуаш иіс, бөлме ішінде өзі сияқты отыз шақты адам. Ішінде өзі танитын Қаржау ишан, Жары молда сияқты біразы бар екен.
—Тізім жасап берген Тәлпең ит көрінеді, көріңде өкіргір түбімізге жететін болды, деп қарғанып отыр біреуі. Ит қорлықта жатқандарына үш төрт ай болды, 1928 жылдың көктемі де туғалы тұр, әйтсе де әлі де күн ызғар, өңменіңнен өтер суық жел. Таңертең ертемен барлығын шығарып портқа айдай жөнелді, ешкім ештеңе айтып жатырған жоқ қайда апартындары белгісіз. Ішіндегі Тәлпеңнің жамағайыны, сұрап қоймағасын, жер аударады сендерді деген күңкілі естілді. Әйтеуір атпайды екен, оған да шүкір, дейді кейбіреулері. Сонымен отызында қуып апарып жағада тұрған бу кемесіне тықты. Қара түтінін будақтатқан кеме батысқа қарай жол тартты. Екі күн, екі түн бойы ауыр кеме теңіз толқынын тілгілеп қозғалып келеді. Соңғы кезде баяулап кідірмелеуі көбейді, басқару каютасынан айғай естіледі. Бу қазаны істен шыққан, оның үстіне қырсыққанда телеграф байланысы да жасамай тұр. Ендігі жерде ғайыптан тайып жолшыбай кеме кездеспесе аман қалулары екі талай. Кеме үстіндегі әскери күзетшілерді, теңізшілерді де үрей басқан, дәрменсіздік жайлаған. Қамаудағыларға күнделікті беретін сұлы көжесі де қысқарған, күніне бірақ рет береді. Арадан бір апта өтті, камераға от жағуды доғарғалы бөлме іші азынап, күркілдеп жөтелушілер көбейді.
—Бұлай отыра берсек аштан өлеміз, бір айла істеу керек, кеме ботсыманы зар илеп отыр. Аяқ астынан қарауыл бастығы орыс описері бір шешімге келді.
—Тез арада тұтқындардан құтылу керек, әйтпесе көп ұзамай өзіміз өлеміз. Танауы желпілдеп, қанішердің көзінен от шашып тұр. Құдды осы шешімге келгеніне өзі дән риза сияқты.
Кеменің қамақ бөлмесінің есігін ашып, палаубаға шығыңдар, тез, деген ботсыманның даусы құлақты жарды. Аштықтан бұратылған тұтқындар еріксіз сүйретіле орындарынан тұрып төбеге шыға бастады. Бұлардың арам ойын бірден түсінген Бекжан қасындағылармен қоштаса бастады. Өзегін өртеген әттегенайлар, тұла бойын жайлаған шарасыздық, кеудесін қысып тұншықтырып барады. Кеңес үкіметімен бірге келген халқының басындағы тажал, сол тажалға қарсы тұрар дәрменсіздік өкініші өне бойын бір сәт шарпып өтті.
Бәрін кеме жағасына тұрғызып қойып, мылтық кезеніп секіріңдер, деп айқайлап тұр жаналғыштар. Амалдары құрыған тұтқындар жапа тармағай суға секіре бастады. Осылайша әп сәтте отыз адам көк теңізге шөміп жоқ болды. Еркек тоқты құрбандық деген осы.
Тұтқындарды тиеп шыққан кеменің келетін уақыты өткелі бірнеше күн болған еді. Баку гарнизонының бастығы алдарынан шығып іздеуге пәрмен берді. Үш күн өткенде барып толқын тербеп тұрған нән бу кемесінің үстінен шықты. Кеме басы тып—тыныш, жым жырт, тіршілік нысаны білінбейді. Іздеушілер камандирі палаубаға көтеріліп үнсіз состиып тұрып қалды. Кеменің тұтқындар қамайтын бөлмесі бос, үңірейіп үрейлі аузы ашық жатыр. Кеме экипажының бөлмесіне кіргенде барып болған жағдайды бірден түсінді. Аштықтан, суықтан қырылған экипаж мүшелері жайрап жатты, кеме капитанының көзі ашық қалыпты, көзі әлде үрейге, әлде өкінішке толы бақырайып қатып қалған.

Бейкүнә отыз адамның қаны жібермепті…

Насыреддин Қожырбайұлы

Әңгімелер
Толық

Әз Наурыз-ұлы дала тойы

Халқымызбен жұмыла тойлайтын,қазақтың қанына сінген төл мерекеміз әз Наурызда келді.Бір жылымыз домалана өте шығып,жаңа жылымызбен қайта қауышып отырмыз.Самарқанның көк тасын жібітіп,жер жүзіне қайта тыныс беріп,тіршілік иелеріне жан беріп,бар шаһанды жаңартып өз нұрына бөлейтін бұл мереке біз үшін бәрінен айрықша.Наурыз тойы көктемгі күн мен түнің теңелу мерзімі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында аталып өтіледі.Бірақ иесі қазақ,ата-баба дәстүрін дәстүрін дәріптейтін көп отбасылар Наурызды қарсы алуды әдеттегі күннен бұрыңырақ, наурыз айынын он төрті Көрісу мейрамынан бастау алып тойлатады.

Шығармалар
Толық

Ашаршылық байларды қудалаудан басталды - Үмбетхан Сәрсенбин

1931-30 жылдары халқымыз ашаршылықтан басқа да саяси оқиғалардың салдарынан еріксіз босқынға айналды. Оның бір себебі — байлар мен діни тұлғалардың институтын күштеп жою еді. 1928 жылы Ақтөбе облысынан 70-ке жуық байдың мал-мүлкі тәркіленіп, олар отбасымен Қарқаралыға жер аударылды.

Жаңалықтар
Толық

ОРМАНДАҒЫ АЩЫ ҮН

1941 жылдың күзгі мизам шуағы елескен тымырсық мезгілі. Шөп қурап басы тұқылдана салбырағанымен төңіректегі тоғай өңін бере қоймаған. Белоруссия майданы 2-ші соққы әскер девизиясының 5 -ші полк жаяу әскерін бөліп белгісіз қалың жынысты орман алаңқайына қазықтай қадады. Полк құрамында кеңес үкіметінің жығындағы әмбе нәсілдің түр-түрлісі құжынаған. Соғысты көзбен емес , құлақпен естіген 1500 дей кәрі -жасы аралас сарбаздар иық тіресіп етіктеріне шалынып жүргендері бір айдың жүзі . Төбедегі көкті гүрілдей тіле ұшқан жойғыш ұшақтың гүрілі демесең , майдан....

Әңгімелер
Толық

22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз....
Рефераттар
Толық

Мен жылтырақ тағатын қатын емеспін

Оспан батырды да Сталин кезінде өз жағына тартуға тырысып, қауіпсіздік министрлігінің барлау қызметінің басшысы генерал Ланфанг, кеңесшісі Греднев, Ішкі Істер министрінің кеңесшісі генерал Пахомов пен Моңғолиядағы Сәвет елшісі Ивановтарға батырмен байланысуды тапсырған. Осындай мақсатпен олар....

Әңгімелер
Толық

Тәуелсіздік - тұғырым

Сценарий тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі (хабарланбайды)

 

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары....

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жақып Ақбаев

Жақып Ақбаев - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.

1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауы­лының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.[2] 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан....

Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бір ғасырлық күрес

 Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады ....... 

Шығармалар
Толық

Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына тура 29 жыл толды

1949 – 1989 жж. Семей ядролық полигонында кемінде 468 ядролық сынақ өткізілді. Онда плутонийдің көп жиналғаны соншалық, 1996 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан, Ресей және Америка Құрама Штаттары радиоактивті материалдарды іздеу және жинау және көму бойынша бірлескен құпия операция жүргізді. 200 кг – ға жуық плутоний жиналды.
Сабақ жоспары
Толық

Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының ұлы перзенті

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі - мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынов болды.
Сабақ жоспары
Толық

Нағыз қазақ ұлтының мен жердің патриоты – Жұмабек Тәшенов

Жұмабек Тәшенов 1915 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында басшы лауазымдарда болғандықтан, ол өзін іскерлік атқарушы, жоғары дәрежелі мемлекет қайраткері, құзыретті және ақылды басшы ретінде көрсетті.
Сабақ жоспары
Толық

Ұмытпаймыз ешқашан!

Ұмытпаймыз ешқашан!
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.
Сабақ жоспары
Толық

1- мамыр бірлік күні

1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Әз Наурыз - ұлы дала тойы

      Халқымызбен жұмыла тойлайтын,қазақтың қанына сінген төл мерекеміз әз Наурызда келді.Бір жылымыз домалана өте шығып,жаңа жылымызбен қайта қауышып отырмыз.Самарқанның көк тасын жібітіп,жер жүзіне қайта тыныс беріп,тіршілік иелеріне жан беріп,бар шаһанды жаңартып өз нұрына бөлейтін бұл мереке біз үшін бәрінен айрықша.Наурыз тойы көктемгі күн мен түнің теңелу мерзімі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында аталып өтіледі.Бірақ иесі қазақ,ата-баба дәстүрін дәстүрін дәріптейтін көп отбасылар Наурызды қарсы алуды әдеттегі күннен бұрыңырақ, наурыз айынын он төрті Көрісу мейрамынан бастау алып тойлатады....
Эсселер
Толық

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер: Қазақты құртатын – «Шүкіршілдік»

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер, алғашқы қазақтілді бизнес-тренерлердің бірі. «Швабские колбаски” шұжық комбинатының иесі. “Асыл ағаш” (“Heaven House`) сауда маркасымен Павлодардағы жиһаз фабрикасын банкрот болып жатқан жерінен көтерген бизнесмен. 2001 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Кәсіпкерлерлер кеңесінің мүшесі болған. “Саржайлау” қымыз шұбат өндірісі компаниясының иесі және бас директоры. Семей-тері тон тігу комбинатының негізін қалаушы. Үржар ет комбинатын банкроттықтан көтерді. «Пестициды» ЖШС тыңайтқыштар сататын компанияның акционері.

Бірнеше бизнес-жобаның негізін қалап, жүзеге асырған қазақ кәсіпкері Ахметбек Нұрсила — соңғы жылдары интернет-аудитория, әсіресе, Facebook қолданушылары үшін жақсы таныс тұлға. Қазір "Бизнес Бастау" атты жас кәсіпкерлік мектебінің иесі. Qamshy.kz сайты кәсіпкермен сұхбаттасып қайтқан еді.

– Ахметбек аға, қазақтың кәсіпке икемі жоқ деген түсінік біздің санамызға сіңісті болып қалған тәрізді. Көзін малмен ашқан халықпыз дейміз, бірақ мал бағып, шалқып отқан қазақ аз. Бизнеске ол икеміміз аз дейміз. Той-тойлап, ел сынауға келгенде алдымызға жан салмай кетеміз. Қалай ойлайсыз, қазақтар шынымен кәсіпке икемсіз ба?....
Бизнес және қаржы
Толық

Шежіре: Орта жүз - Арғын руы

Орта жүздің Арғын тайпасы ірі-ірі екі рулық бірлестіктен: Мейрам және Момын бірлестіктерінен тұрады. Арғын тайпасының таңбасы көз:
Шежіре: Орта жүз - Арғын руы

ұраны «Ақжол».
Жалпы, осы кітапта шежіре-кестелердің бір-бір нұсқасы, үлгісі ғана келтіріліп отыр. Сондықтан да шежіре-кестелерді ақиқат үлгі деп қабылдамай, оларды көп үлгінің бірі ретінде салыстыру қажет.
Шәкерім Құдайбердіұлының халық аңыздары мен қазақ шежіресіне негізделген дастандарынан жоңғар шапқыпшылығы кезіндегі қазақ тайпаларының көшу жолдарын біршама аңғаруға болады.
Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы қайғылы хикаясын Ш. Құдайбердіұлы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі жағдайында өрбітіп, халықтың жадында қалған адамдардың есімдерін....
kz
Толық

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!

Н. Ә. Назарбаев

Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,
Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!
Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты.
Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі.
Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ,
Мәңгілік азат халық болуға тиісті!
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Шығармалар
Толық

Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін «автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын
пайдалану;
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының түсүну жане жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінің зардаптарын білу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Соғыстан кейінгі Қаз КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)
Сабақ тақырыбы: Соғыстан кейінгі Қаз КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;
9.4.1.1 – Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру;
9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты: - демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде
Сабақ тақырыбы: 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.7. ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
8.1.2.1. қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
Сабақ мақсаты:Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының себебін анықтау, салдарын талдау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
Сабақ мақсаттары: Қазан төңкерісінің орнауына қатысты Қазақстандағы оқиғаларды біледі және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды.
Тарихи дерек көздердің объективтілік деңгейін бағалайды.
Қазақстандағы қоғамдық–саяси үдерістерді біледі......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (2 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы
Сабақ тақырыбы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (2 сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өткен оқиғалардың салдарларын түсінеді. Алаш Орда үкіметі, Қоқан автономиясы және Қазақ АКСР-ң құрылу тарихын түсінеді.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.6.Қазахстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
8.1.2.1. қазақ зияларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2А Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы
Сабақ тақырыбы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өткен оқиғалардың салдарларын түсінеді. Алаш Орда үкіметі, Қоқан автономиясы және Қазақ АКСР-ң құрылу тарихын түсінеді.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.6.Қазахстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
8.1.2.1. қазақ зияларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кітап оқып жүрміз бе?!

Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбаев

«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»,- дегендей кітапта тұнған білім, ал білім сенің өмірің. Сен бұл дүниеде білімсіз жүре алмайсың. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» дегендей, надан, білімсіз көр соқыр болсаң көрер күнің қараң. Ал,сенде білім болуы үшін,саған кітап көмектеседі. Кітап - дүниенің есігі. Кітап - асыл қазына, баға жетпес көркемсөз өнері. Кітап ішінде мол дүниесі бар, әдеби берер тәрбиесі, өнегесі мол зат. Кітап бізге ауадай қажет. Себебі, бұл дүниеде болып жатқан жағдайдың бәрі кітапта бар. Кітап - білімнің қайнар көзі, ал білім өміріңнің мәні деп тұжырымдағып келіп тұр.

Кітаппен ел жанданар,
Біліммен ой толғанар.
Кітапты сүйіп оқыса,
Білім нәріне оранар! - дегендей, білімді болу үшін кітап керек болғанымен, сен кітапты оқи білуің керек және түсіне білуің ,оның мәнін терең ұғынуың өте маңызды. Кітап дегенде есімізге не елестейді?.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік жолында

Міне бүгін тәуелсіздік таңы атты.Қазіргі кезде біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз.Тәуелсіздікті ата-бабамыз арман еткен еді.Тәуелсіздік жолында қанша дана батырларымыз бен көркем бұрымдыларымыз қанын төкті.Өтіп кеткен 2015 жыл еліміз үшін аса мыңызды жыл.Бұл жылы Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атып өтілді.Осыдан 550 жыл бұрынғы болған оқиғаларды еске түсіру оңай емес.

XV ғасырда Қазақ жерінде бірнеше мемлекет өмір сүрген.Оның бір қатары Алтын Орданың құлауымен бөлініп шыққан.Көк орда Ноғай ордасымен Әбілхайыр хандаығына бөлініп кетті.Әбілхайырдан бөлініп шыққан Шыңғыс ұрпақтары Керей мен Жәнібек 1465 жылы Қазақ хандығы деген деген дербес мемлекет құрды.Қазақ хандығы Жәнібек ханның ұлы Қасым кезінде ерекше өркендеп өсті,"Қасым ханның қасқа жолы"деген заңдар жинағын шығарды.Хақназар,Шығай,Тәуекел хандар тарихта негізінен әсери жорықтарды ұйымдастырушы тұлғалар ретінде енді.Ал Есім хан тарихта реформа жасаушы ретінде ұлы хан ретінде аталды.Есім хан кезінде астана Түркістан болып,жүздер жүйесі қабылданды.Есім хан көз жұмғанан кейін Қайып хан кезінде 150 жылға созылған Қазақ-Жоңғар соғысы басталды.Қазақ халқы ненбір ауыр жағдайларды басынан өткізді.Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі "Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" атты ашаршылықты,Бұлантты және Аңқарақай секілді халқымыз ауыр шайқастарды өз көздерімен көрді.Алайда Сырым Датұлы,Исатай Тайманұлы мен Махаммбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы секілді батырларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен жауға тойтарыс берді.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қазақ халқы қайыршылық күйге түсті.Осыған орай ақпан,қазан төңкерістері болды.......
Эсселер
Толық

Біздің Тұңғыш Президент

Қазақ ұлтының қырық жаны бар екен... Мектеп сынды мекеннен білім алып жүрген оқушы деген атым бар, өз елімнің тарихи шежіресін білмесем, Тұңғыш Президенттің елі үшін жасаған ерен еңбегін білмесем, еңселі Елордамыздың жеткен жетістігін білмесем, біз үшін үлкен сын болады деп пайымдаймын. Ендеше, ұлтымыздың ұлы шежірелерін дәлел ретінде қолданып, қиялыма ерік берейін, қиял емес-ау, ішкі толғанысым болсын.

Иә, қиындығы мен қасіреті көп болған елдің, осы кезге дейін халқын Нұрсұлтандай данышпан басқарған өр халықтың ұрпағымын. Мен халқымның төзімділігі мен табандылығына қайранмын. Сұмдық аштық пен қайыршылықты, жаугершілікті, жойқын соғысты, қантөгісті, қанды оқиғалардың куәгері болды. Небір зобалаң заманды бастан кешкен қазақ халқы осы күнге де жетті. Ауыр күнді артымызға тастадық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент болды. Менің ойымша, ол өжеттік танытты. Қиын сәтте қиындықтан қашпады, туды ұстап тура жолға түсті, шалыс қадам баспады. Оған экономикамыздың қарыштап дамуы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, бастысы, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық куә......
Эсселер
Толық

Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер

Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікке аталардың қаны, бабалардың арманы, ұрпақтардың сан ғасырлық күресінің арқасында жеттік. Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілік пен қиыншылықты, қаншама қасірет пен қанды қырғынды, қаншама қара зұлмат пен тоқырауды басынан өткізді. Халақымыздың тарихына үңіліп, өткеннің естелігін таразыласақ менің халқымның көргенін, басынан кешіргенін ешбір халық көрмеген екен.
Жоңғардың шапқыншылығынан құтыламын деп Ресейдің қоластына паналағанда басқаға тәуелді боламын деп ойламаған еді. Қытай мен жоңғардан құтыламын деп Ресейдің отына түсерін аңғал халқым сезбей де қалды емес пе? Талай шұрайлы жері мен құнарлы өлкесін өзгеге беріп өзегі өртенсе де, сенімін жоғалтпады. Еркіндік үміті кешегі өткен Сырым, Махамбает, Кенесары сынды батырлардың көтерілісі кезінде жандана түсті. Бірақ бұл үкілеген үміт ұшқыны ер рухты батырлардың ажалы мен қазақтың қайғысын басынан кешіргенде жалыны өшкен оттай төмендеген кезеңдерді де өткізді.
Кеңес үкіметі орнаған жылдары қолына қалам алып күрескен қазақтың зиялылары Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан ағаларымыздың арманы да елімнің еркіндігі мен халқымның тәуелсіздігі үшін болған күрес емес пе еді?! Ұлтым деп еңіреген Алаш арыстары да, қазақтың азаттық, бостандығын жырлаған, кеңес үкіметінен көп нәрсені күткен ағалардың үміті де ақталмай кетті. Олар екі жолды таңдаса да, екі майданда күрессе де ,армандары бір, үміттері жалғыз-қазақтың еркіндігі еді.
Қазақ халқының кеудесіндегі оттың жалыны төмендегенмен, жүрегіндегі сенім ұшқыны өшпеген еді. Талай дауылды топандар мен қаралы қырғындардан аман қалған халықымның еркіндікке деген сенімі жоғалмады. Еңсесін көтеретін күнді асыға күтті, күресін тоқтатпады, сергелдеңге түссе де сенімін жоғалтпай, желтоқсанның ызғарында жас қыршын жауқазындарын үсікке шалдырып, аңырап қалған кезеңді көрді.
Міне, талай батырдың күресімен, талай ақынның жырларында жырланып, талай қазақтың қанымен жеткен Тәуелсіздікке 25 жыл болып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз жылдар бойы жетпеген жетістіктерге, шықпаған белестерге шықты. Еленбеген ерліктері ескеріліп, айтылмаған ойлар айтылды. ....
Шығармалар
Толық

Отан – қазағымның қара шаңырағы

Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды.
Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан
табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие
болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене
араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды
бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған
шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп,
еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі –
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Шығармалар
Толық

Олар өлді басқалар өлмесін деп

Соғыс айтуға оңай... Ауыр зұлматты басынан кешкен адам ол уақытты ешқашан ұмытпайды! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Сұрапыл сұм соғысқа менің атам Мухажанов Сыдық Тәліпұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Мухажанов Сыдық 1926 жылы шілде айының он бірінші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Тарбағатай ауданы,Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 3 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, алғырлығымен көзге түскен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін,ақыл сөздерін аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым....
Шығармалар
Толық

Сыйға тартылған бақытты өмір

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.....
Шығармалар
Толық

Ерліктің ғажап үлгісі

Есімің белгісіз болса да,ерлігің сенің мәңгілік С.Михалковтың Мәскеудегі белгісіз батырларға арналған ескерткіштегі жазуы
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күнінде елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымыздың басына төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қан құйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.....
Шығармалар
Толық

Біздерміз азат етер адамзатты

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сан, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбсының өміріне жазылмасжараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының бірлігінің дәлелі еді.
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда Германия КСРО – ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні еңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетеін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жетпіс бір жылдай уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали атамыздың мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің ертеңі

Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді...
2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан.
КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты......
Шығармалар
Толық

Отты жылдар жаңғырығы

Мен соғыстым, жоғалды жолдасым көп,
Өмірде жауыздықтар болмасын деп.
Мен жеңдім, жаралы ормандарға,
Жаралы құстар келіп қонбасын деп.
Мұқағали Мақатаев
Біздің халқымыз қай уақытта да өз намысын, өзініңелімен жерін, Отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған халық. Қандай да қиындыққа төзген, мойымаған, оны жеңе білген. Осындай зұлматтың бірі – Ұлы Отан соғысы. ҰлыОтан соғысы басталғанына биыл 75 жыл болды, ал Жеңіске 71 жыл толмақ. Осыншама жылдар өтсе де бұл қырғын соғыс, оның салған жарасы, халқымыздың естен кетпес ерлігі ұмытылмайды.
Рас, қайғы-қасірет бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен, әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, - деп ақын Мұқағали жырлағандай сол бір сұрапыл жылдар тарихта өшпес із қалдырды. Біз XXI ғасыр ұрпағы, қазіргі заманның жастары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы тек тарихтан ғана білеміз кітаптан оқып, кинолардан көреміз. Сол зұлмат жылдардағы халықтың тартқан тауқыметін соғыстан жеңіспен аман-есен оралған ата-әжелеріміздің әңгімесінен естідік. Елге қауіп-қатер төнген отты жылдарда, сын сағатта біздің Қазақстаннан барған ерлеріміз де Отан үшін, Ел үшін,Жеңіс үшін жандарын пида еткен. Қазақстаннан майданға шақырылған мыңдаған адамдардың көпшілігі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеңес одағы Батыры атағын алған 500қазақстандықтардың ішінде Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Батыр атағын екі мәрте, ал Шымкенттегі Чугуев әскери училищесінің түлегі И. Кожедуб үш мәрте иеленіпті.....
Шығармалар
Толық

Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Иә, адам соңына қалдырған тарихына үңілмей, алдындағы өмірін болжай да алмас.Сондай үлкен, маңызы бар тарихи оқиға-Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады.Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!» деген сөздермен аяқталды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қанқұйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Адамзат жаралғалы атам қазақ аттан түскен емес.Біздің елде аттан түсіп қалу азамат ерге - сын, намысына - нұқсан. «Аттан» дегенде, ат жалын тартуға жараған алты жасар балаға шейін жауға тұра шапқан.Ордалы елдің Отан қорғаушы ерлері осындай болған қазақта. Қазақ деген - батыр халық.Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды.Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.Осындай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерімен сынға түсті.Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші.Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Осындай ұлы халықтың ұлдары мен қыздары Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлық жасап, ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарынан жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады.Сол сұрапыл соғыс жылдары бүкіл әлем 50-млннан астам адамынан айырылды.Оның ішінде Қазақстаннан 1млн.800 мың адам майданға аттанып, соның жартысы елге, өз отбасына қайтып оралған жоқ.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді......
Шығармалар
Толық

Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына

Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!
Жеңіс! Бейбітшілік! Бұл қандай керемет сөздер десеңші. Бұл сөздердің астарында ашық аспан, бейбіт өмір жатыр. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Фашистік идеология кеңес үкіметінде тұратын халықты саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірлеп, шабуылға шықты. Бірақ одан түк шықпады.
Қаншама халық бір тудың астынаб ірігіп, күштерін бір арнаға салды Сол кездегі Кеңес үкіметінің халқында Коммунистік партия мен үкіметтің саясатына деген наразылыққа жеткілікті негіздер болды. Бірақ қатерлі қауіп төнген кезде халық реніштерін ысырып тастады. Халықты қасіретті тағдырдың ортақтығы, елдің тәуелсіздігінен айырылу қатері, бір Отанның адамы екені, ата-баба рухы біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. ....
Шығармалар
Толық

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Шығармалар
Толық

Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
М. Әміреұлы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады. Ол туралы кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс -Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан- Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін,
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім, – деп ақын ата Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ерлердің ерлігін халқымыз ұмытпақ емес, ұмытпайды да. .......
Шығармалар
Толық

Әлемдік дағдарыс

Мазмұны
1. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы
2. Ұлы Отан соғысының тарихы
3. Ұлы Отан соғысына 71 жыл
4. Қорытынды
1.«Ұлы Отан соғысы» ұғымы
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).
2.Ұлы Отан соғысының тарихы
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық.
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп болды. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты......
Шығармалар
Толық

Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық

Ұрпақ келешегі

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дегендей біздің ата-ағаларымыз, апа-әпкелеріміз, біздің өміріміз, бақытты келешегіміз үшін отқа төселіп, қиындыққа төзіп, бізге осында өмір әперді.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды.
Соғыс ! Қандай суық сөз бұл! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат мерт болды, қанша бала әкесісінен, қанша бала анасынан айрылды .Өмірден мән кетіп , сұрықсыз бір дүниеге айналды .
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып , жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге , әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды.
Сол күндері ата бабаларымыз бізге жемістің дәмін татқызу үшін жан аямай шайқасты. Сол жылы аталарымыз, апаларымыз, әпкелеріміз, ағаларымыз біз үшін күреспнгенде біз осылай отырар медік деген ой біздің ойымызға көп келеді. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. ......
Шығармалар
Толық