Күркіреп күндей өтті ғой соғыс
Төлеген Жанпейіс
9 сынып М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебі ОҚО, Түркістан қаласы
Жетекшісі: Жайкова Даметкен
9 сынып М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебі ОҚО, Түркістан қаласы
Жетекшісі: Жайкова Даметкен
71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды. Түн ұйқысын төрт бөліп, жанынан түңіліп жаумен айқасты. «Отан үшін!» деп ұрандап, жаумен шайқасты. Жан алып, жан беріскен ұрыстың қақ ортасында «Біздің ісіміз әділ, біз жеңеміз!» деген сеніммен шайқасты. Дұшпан оғы қарша борады. Жүрек жұтқан ерлер кеудесін оққа төседі. Кеңестер одағының халқы Отанымыздың жүрегі деп санаған Москва үшін шайқаста қазақстандықтардың үлесі көп болды. Қазақстандық генералмойор И.В.Панфилов пен комиссар А.С.Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизияның политругы В.Г.Клочковтың: «Россия – кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Москва», - деген сөзі ақтық сертте естілді. Сертінде тұрған қырандар Москва түбінде қасық қаны қалғанша шайқасты. Бірақ бір сүйем жерді жауға берген жоқ. Осы қиян кесті ұрыста Б.Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Автоматшылар тобын басқарған Мәлік Ғабдуллин ерекше ерлігі үшін Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Бородино селосының түбінде Амангелді батыр Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Батыр атағын алғандардың қатарында маңғастаулық Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Біләл Қалиев пен жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық иегері Кемел Оңғалбаев бар. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Маметова бар.
Біздің Құшата ауылының ұстаз ардагерлері Кадиров Махмуд, Шүленбаев Ыдырыс Байкенжеұлы, Айтуреев Әбілқасым, Рақымжанов Тәжібан, Жұматаев Әужентай, Түркістандық батырларымыз Расул Исетов, Файзулла Юлдашев, Құрманбай Ырысбеков, Абдулла Үсенов отан қорғауға өз үлестерін қосты.
Соғыс кенеттен басталғанмен Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Сол соғыста қыршыннан қиылған боздақтардың алдында бүгінгі ұрпақ мәңгіге борыштар! Сол борышты өтеу үшін соғыста қаза тапқан батырларымыздың ерлігін, кейінгі ұрпаққа жасаған жақсылығын ұмытпай, жадымызда мәңгі сақтауымыз керек.
Оқ пен оттан тірі шыққан асыл сүйекті ардагерлеріміздің қатары күн өткен сайын азайып келеді. Оларға үкіметіміз бен жергілікті басшылар тарапынан жасалып жатқан жақсылықтар аз емес. Әрбір майдан және тыл ардагерлеріне қанша құрмет көрсетсекте көптік етпейді. Қазіргі таңда атамекенге оралып жатқан ардагерлеріміз де баршылық. Осындай қариялар мемлекет қамқорлығына алынып, жайлы үймен , жақсы жағдаймен қамтылып , бақуат тіршілік етіп жатыр. Отан алдындағы борышын артығымен өтеген ақсақалдар өмірі мен өнегесі жас ұрпаққа тағылым болары сөзсіз. Жеңістің 71 жылдығына әзірлік барысында түрлі шаралар қолға алынуда. Себебі, ерлік пен еңбектің өтеуі - елдік құрмет! Ұлы Жеңіске байланысты өз өлең жолдарымды арнағым келеді.
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс..
Құтты болсын жеңіс күні ағайын,
Осындай бейбіт өмір сыйлаған,
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын!
Ағалар мен апаларға мың алғыс.
Ата-баба аңсап күткен бұл күнде,
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз,
Бейбіт күн жарқырасын ағайын.
Қазақтарды қыран құс деп санаймыз.
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз
Тек бейбіт күн жасасын әлемде,
Ән саламыз жасымыз да кәріміз.
Тәуелсіздік таңы атсын бар елде!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Күркіреп күндей өтті ғой соғыс туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Куркиреп кундей отиі гой согыс на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс