Отан – қазағымның қара шаңырағы

 Отан – қазағымның қара шаңырағы

Әбішова Маржан,
Төле би аулы, М. Әуезов атындағы орта мектебі

Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды.
Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан
табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие
болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене
араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды
бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған
шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп,
еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі –
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Себебі Отан бәрімізге ортақ.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде
Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ұмытпағанымыз жөн. Жалпы аланда ұлттық
қауіпсіздік дегеніміз – аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз
егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. Отанға деген сүйіспеншілік, еліміздің
қауіпсіздігі мен гүлденуіне апаратын жалғыз жол. Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу
орындарынан алғашқы әскери дайындықты алып тастау – жастарға патриоттық тәрбие
беру, оларды армия қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізді. Ал
қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 1 қарашасындағы “
Алғашқы әскери дайындық” туралы қаулысына сәйкес, еліміздің барлық орта білім
беретін оқу орындарында арнайы сабақтар жүргізілуде. Армия бұл азаматтың нағыз
патриот, ел қорғаны болу жолындағы алғашқы мектебі болып табылады. Әскерде Отан
алдындағы борышын өтеп жүрген әр қазақ баласы, өзінің нағыз азамат екенін сезінеді.
Себебі Отан алдындағы борышын өтеу, әр азаматың міндеті.

Кешегі күнге көз тастасақ жаппай аштыққа ұшырау, қазақтардың өз тарихи
Отанынан көшіп кетуіне ықпал еткен сталиндік ұжымдастыру шаралары қасіретті із
қалдырған болатын. Осындай қасіреттің болғанына қарамастан, қазақ елі қаймықпай дәл
бүгінгі күнге жетті. Осы орайда, біз әлемнің барлық ресми тұрғыда танылған ядролық
державаларының Қазақстанға бірлескен және жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін беруіне
қол жеткіздік. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Патриотизм – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын
көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге
ұмтылуымен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын
болуын білдіреді. Патриотизм сезімі – өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін
мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриотизм,
сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік
махаббатты да білдіреді. Қазіргі жағдай да Республиканың әр азаматы Отанның
қауіпсіздігі, Қазақстан халқының бақыты мен гүлденуі оның қорғаныс қуатының
күшеюіне, біздің әскери ұйымның нығаюына байланысты екенін түсінуінің маңызы зор.
Қазақстанның қазіргі армиясы толық технологиямен қамтамасыз етілген.
Болашаққа көз жібертсек қазақ әскері темірдей берік, айбынды әскерге айналуда. Отан –
бәрімізге ортақ. Отан деген – қазағымның қара шаңырағы. Отанға деген сүйіспеншілік,
махаббат бәріне де ыстық. Себебі, Отан менің алтын бесігім.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру