Әз Наурыз - ұлы дала тойы


      Халқымызбен жұмыла тойлайтын,қазақтың қанына сінген төл мерекеміз әз Наурызда келді.Бір жылымыз домалана өте шығып,жаңа жылымызбен қайта қауышып отырмыз.Самарқанның көк тасын жібітіп,жер жүзіне қайта тыныс беріп,тіршілік иелеріне жан беріп,бар шаһанды жаңартып өз нұрына бөлейтін бұл мереке біз үшін бәрінен айрықша.Наурыз тойы көктемгі күн мен түнің теңелу мерзімі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында аталып өтіледі.Бірақ иесі қазақ,ата-баба дәстүрін дәстүрін дәріптейтін көп отбасылар Наурызды қарсы алуды әдеттегі күннен бұрыңырақ, наурыз айынын он төрті Көрісу мейрамынан бастау алып тойлатады.

     Ұлыстың ұлы күні өз бастауын ежелден алған.Бұл күнді тек ғана қазақ жұрты емес әлем халықтарының көпшілігі тойлап келе жатыр.Наурыз мейрамы күн тізбелік ғұрыпқа жатады.Оның шығу тегі Шығыс халықтарының мұсылмандықтан бұрынғы табиғатқа табыну салтымен байланысты.Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде.Бірақ Кеңес үкіметі кезіңде тарихы сан ғасырдан тұратын Наурыз меркесін тойлауға үзілді-кесілді тыйым салған еді.Көктемнің шуақты мейрамы салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ отбасыларында ғана жасырын түрде аталып өтті. Осылайша қазақ жерінде алпыс екі жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы ел тәуелсіздігін алар шақта  қайта жаңғырды.

      Ұлы мерекенің болуының түп төркіні:Бір-бірін қыстан аман шығып,көктемге жеткедігімен құттықтайды,егер бірін-біріне өкпе назы болса,бұл күні ағайын-туыс,дос-жаран татуласып қайта табысады.Жаңару тазару белгісі ретінде көк шыға өсіп-өну басталады,адамдар жаңа киемін киіп үй ішін,сырт маның тазалайды.Ал бұл мейрамның ең басты ғұрпы- наурызкөже дайындау.

      Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қостанай облысы, Қостанай ауданы

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 

11-сынып оқушысы Арманқызы Аружан


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру