Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Күн батылдарды, ал әлсіздерді құмдарды алады.
Сіздің істеріңіз-сіздің ескерткішіңіз.
Адамдар сені жақсы көруі үшін адамдарды сүй.
Кім сұрайды, ол адаспайды.
Кім раушан гүлін алғысы келсе, тікенектерге төзуі керек.
Тек мумия үнсіз зардап шегеді.
Егер сіз жамандықты түзетпесеңіз, ол екі есе артады.
Егер оны байланыстыратын тізбектер жағымды болса, әйел екі есе байланады.
Кім тым алыс көрсе, жүрегі мазасыз. Алдын ала ештеңе туралы мұңаймаңыз және әлі жоқ нәрсеге қуанбаңыз.
Ақыл-бұл күштен әлдеқайда көп нәрсе. Күш пайдасыз жерде ақыл көмектеседі.
Байдың шарапаты тиер тар жерде,МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде.***Қазы да қазы жегісі келеді. ***Батырын тарындырған жамағат жоқ,Қатынын бағындырған..
©  Ермахан Шайхыұлы
Оқысаң – озарсың,Оқымасаң – тозарсың
©  Самет Оқанұлы
Адалдан тапқаның өміріңе жетеді,Алдап тапқаның селге кетеді
©  Самет Оқанұлы
Темірді кеннен ізде,Бақытты терден ізде
©  Самет Оқанұлы
Орман тамырдан,ақыл сабырдан қуат алады
©  Самет Оқанұлы
Дүниеден озған мүминнің,Алды – пейіш, арты – кеніш
©  Самет Оқанұлы
Шіріген шөпті мал жақтырмайды,Шіренген адамды ел жақтырмайды
©  Самет Оқанұлы
Көргенсізбен жолдас болма,Опасызбен сырлас болма
©  Самет Оқанұлы
Шынайы екі дос иненіңжасуындай жерге де сияды
©  Самет Оқанұлы
 Ізгі іс істе де, міндет қылма
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адам – күншуақ,Білімді адам – шам-шырақ
©  Самет Оқанұлы
Толмай жатып «толдым» деме,Болмай жатып «болдым» деме
©  Самет Оқанұлы
Ұсталы ел озар,Ұстасыз ел тозар
©  Самет Оқанұлы
Сіз-біз деген жылы сөз,Тіршіліктің ғаниметі
©  Самет Оқанұлы