Жамандық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 40
Ақын өлеңдері жинағы: 26
Қанатты сөздер жинағы: 38
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 2

Егер сіз жамандықты түзетпесеңіз, ол екі есе артады.
Жамандықты көп қуған,Бір пәлеге жолығар.Жақсылықты көп қуған,Бақ-дәулетке жолығар
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық ағаш басында,Жамандық аяқ астында
©  Самет Оқанұлы
Жақсылыққа жақсылық –Таңқаларлық іс емес.Жақсылыққа жамандық –Адамдықтың ісі емес
©  Самет Оқанұлы
Жақсылыққа жақсылық – әр жігіттің ісі,Жамандыққа жақсылық – нар жігіттің ісі
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық жер мен көктің арасында,Жамандық қас пен көздің арасында
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық жер мен көктің арасында, Жамандық қас пен көздің арасында.
©  Самет Оқанұлы
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын”.
©  Самет Оқанұлы
Көкке (аспанға) түкірсе, жүзіне түсер.Бұл мақал үлкендерге жамандық жасаса, өзіне де жамандық тиетінін ескертеді.
©  Түркі халықтары
Су ішкізбеске сүт бер.Бұл мақал жамандық жасаған адамға жақсылық жасауды насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Адам аласы ішінде,Жылқы аласы сыртында.Бұл өзі жағымды көрініп, жан дүниесіндегі жамандық пен арамдықты жасыратынсұрқия жандарға бағышталады.
©  Түркі халықтары
Жамандық пайда етпейді,Жақсылық зая кетпейді.
Жамандықты көп қуғанБір бәлеге жолығар.Жақсылықты көп қуған,Бақ дәулетке молығар.
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
©  Көпеев Нұрдәулет
Өзіңнен шыққан жамандық түбіңе жетеді.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсылықтың алды қайқаң, шығуға күш кетеді.Жамандықтың алды ілди, күш жұмсамай жетеді.
©  Естеу ЖҮНІС
  Егер өмір жақсы жағына өзгермесе, онда күт, жамандық тез келеді.
©  Жебірей
Ақшалы болудың жақсылығы бір тиынсыз қалудың жамандығынан артық.
©  Жебірей
Жамандық іздетпей-ақ табылады.
Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.
Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.
Өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге тілеме.
Жақсылық қылсаң жақсылық табарсың,
Жамандық қылсаң жамандық табарсың.
Жамандық көрмей, жақсы болмас.
Жамандық жақын, жақсылық алыс.