Шөп туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 28
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 25
Жаңылтпаштар жинағы: 14
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 6
Ертегілер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Шіріген шөпті мал жақтырмайды,Шіренген адамды ел жақтырмайды
©  Самет Оқанұлы
Қыстың қонағы – от (көк шөп).
©  Түркі халықтары
Әр шөп өз тамырында өседі.
Су болса, шөп пайда болады.
Шалғындағы су-шабындыққа шөп шабады.
Көктен жауын жауады,Шөптен жұпар тамады. 
Шөптің басын сындырмас,Сындырса да тындырмас. 
Сортаң жерге шөп шықпас,Шөп шықса да, көп шықпас. 
Отты жаға білмегенПықсытады.Шөпті шаба білмегенҚоқсытады. 
 Жабайы шөп егіннің жауы, Еріншектік ердің жауы.

Еріншектік күллі өнердің жауы деген екен Абай дана. Сол сізге сіз келісесіз бе? Еріншектің..
©  Гүлтас Құрманбай
 Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Мал шөпке тоқтайтыны рас, ал адам сөзге қалай тоқтайды? Мұнда халықтың айтпағы не?
Сөзге құлақ асу, сөз..
©  Гүлтас Құрманбай
Малдың қонысын тапқан —Шөптің сонысын тапқан. 
Суды өзі кешіп ішпей,Мал қоңданбайды.Шөпті өзі орып жемей,Мал жонданбайды. 
Бұланға ерген шөпке аунар,
Доңызға ерген боққа аунар.
Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.
Көрген шөпті елемеу – көзге зиян.
Шөптен – аласа,
Судан – тайыз.
Қорада бұзау туса,
Далада шөбі өседі.
Көктемгі жауын көп болса,
Көкпек шөбі мол болар.
Жақсыға сөз ереді,
Жаманға шөп ереді.
Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.
Жел болмай шөп басы қозғалмас.
Сусыз жердің шөбі артық.
Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.