Экономика | Жалақы мәні,түлері, формалары және жүйелері

Кіріспе
Жұмысшының еңбекақысы бұл өндірістік процестегі еңбек ресурстарының бағасы болып табылады. Қазіргі таңда ол жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты, сонымен қатар оған таза нарықтық факторлар еңбекке сұраныс пен ұсыныс,құралған нақтыконьюнктура мен аймақтың аспектілері әсер етеді.
Нарықтың экономика еңбек ресурстарымен қамтылған аймақтық қолма-қолды жұмысшы күшін ұсынады. Нарықтың жағдайында жоспарлы экономикаға тән қатар регламент жоқ, сондықтан да әрбір кәсіпкер, кәсіпорын жетекшісі әрбір еңбек ақы төлеу жүйесі варианттарын тексеріп,сол кәсіпорын мақсатының қызметіне сәйкес түрін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Курстық жұмыстың тақырып - "еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру мен жоспарлау" деп аталады. Әрбір кәсіпкер өз қызметінде өндірістегі барлық факторларға төлем төлеу қажеттілігін кездестіреді. Ол – станоктар, машиналар, шикізаттар мен ресурстар сатып алады, сонымен қатар сол еңбек құрал-жабдықтар мен шикізаттарды іске қосып жұмысшы күшіне еңбегіне сай еңбекақысы төленеді.Еңбекақы – кәсіпкер үшін еңбек шығыны болып есептелінеді, ал жұмыскер үшін ЕА – бұл тікелей табыс қоры болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы
«Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар». Бұл тақырыпты таңдау себебім әлеуметтік–мәдени бағыттарға жұмсалатын шығыстар әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмсалатын мемлекет шығыстарының аса маңызды бағыты болып табылады. Әлеуметтік мәдени шараларға – оқу–ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, денешынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттің ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуға бағытталады .
Әлеуметтік–мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыра отырып, дара рынонктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бейнелеу өнері | Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Ертіс өзені - Өскемен қаласы тұсындағы гидрологиялық сипаттамаларды есептеу

КІРІСПЕ
Берілген бітіру жұмысында қарастырылып отпырған Ертіс өзені-Өскемен қаласы бекетінің жалпы физико-географиялық сипатын, климаттық факторларын, гидрологиялық зерттелгендігін және су режимінің жалпы жүру кезеңдері айқындалған.
Жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттеу жұмыстары кезіндегі мәліметтер бойынша есептік тұстамадағы өзен ағындысының барлық сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Қарастырылып отырған жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің орташа, ең жоғарғы және ең төменгі су өтімімен қамтамасыздық қисығы, ең жоғарғы су өтімімен күнделікті су өтімі алынып гидрограф тұрғызылды.
1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жер бедері
Жоғарғы Ертіс пен Жоғарғы Обь алаптары Қазақ қатпарлы елі мен Алтай-Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып, бүкіл Кеңестік Алтайды қамтиды. Жер бедерінің формасы әртүрлі және күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аумақ. Бұл территорияны орфографиялық жағынан қарасақ, абсолюттік биіктігі 200 м-ден 4500 м-ге дейін жететін қатпарлы-үйінді таулы облыс. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Еңбекті нормалау және оның еңбек өнімділігін жоғарлатудағу рөлі

Бақылаушы сағатпен тек бақылаудың басын ғана белгіленуге пайдаланылады.
Шартты белгілерде жұмыс уақыты шығындары категориясы индексін қолданады немесе шартты көрсетіледі.
Жұмыс уақыты шығындар индексі пайдаланудың детальдық зерттеу жағдайында қажет етеді. Бұл уақытты пайдаланудың терең сипаттамасын өткізілуіне жағдай жасайды және жұмыс уақытын жоғалтудағы жіберілген периодтарды анықтайды.
Берілген бақылаудың қайта жасалуы әр жұмысшылар мен жұмыс уақыты шығындарының категориясының есептелген санында қорытындалады, барлықбақылаулар мен бір мезеттік пайданың жұмыс уақыты әр қайсысының категориясы бойынша жалпы санын анықтау.
Уақыт шығындары категорияларының әр қайсысы бойынша бір мезеттегі соммасын минутқа айналдыру үшін бір мезеттің t Мн ұзақтығын орнату керек, жұмыс күнінің ұзақтығының қатынасы бақылаудың көлеміне
t Мн = Т см / Мн
Әр категория бойынша уақыт шығындарын анықтау үшін бір мезеттік санындағы әр қайсысын бір мезеттегі уақыт ұзақтығына көбейту керек.
Жұмыс уақытының нормалдық балансының жобалау реті және еңбек өнімділігінің мүмкінідігін анықтау келтірілген жалғыз және шоттық жұмыс күнін суретке түсіру бірдей.
Еңбек өнімділігінің жоғарлату мүмкіндігі коэффициенті
Кпт = М изл / (Мн - Мизл),
Мұнда М изл – уақыт жоғалтуына көрініс беретін адам – бір мезеттік тіркелген саны.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | КЕСТЕЛІК ШАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АЛГОРИТІМІ

Шамалар - информацияны өңдеу кезінде қолданылатын объектілер. Яғни, шамаларға алғашқы деректер (алғашқы информациялар) және нәтиже деректер (өңдегеннен кейінгі информация) жатады. Бұл жағдайда информацияның хабары маманың есімі ретінде, ал информацияның мазмұны шамаңың мәні ретінде қарастырылады.
Шамалар, өздерінің есімдеріне мәндер беру тәсіліне байланысты тұрақты шама және айнымалы шама болып екіге бөлінеді.
Егер шаманың мәні қолданып отырған қатынас тілінің жалпы интерпретациялау (түсіну) ережесін құрған кезде анықталса, онд мұндай шамаларды тұрақты дейміз. Демек, тұрақты шамаға атау берген кезде оның мәні бірге анықталады. Мәнімен бірге оның тип де белгілі болады. Мысалы, 1, 3 және 5 цифрларынан құрылған 135 тізбегін тұрақты шаманың атауы деп қарастырсақ, онда бұл шаманың мәні "бір жүз отыз бес" деген бүтін сан болады. Ал осы цифрлардан басқа тізбек 315 құрастырсақ, онда ол мәні "үш жүз он бес" деген бүтін сан болатын басқа тұрақты шаманың атауы болады. Осылардан мынадай тұжырым шығады:
Тұрақты шаманың есімі, мәні және типі өзгермейді, олардың барлығы бір мезгілде анықталады.
Енді айнымалы шамаға анықтама берейік. Егер шаманың атауына берілген мән өңдеу кезінде өзгеретін; болса, онда мұндай шаманы айнымалы шама дейміз.[1]
Әдетте, айнымалы шаманың мәнінің типі өзгермеуі тиіс. Ал олай болмаған жағдайда, осы шаманы өңдеу кезінде көп, мүмкін болатын шешуі қате шығатын, қиындықтар пайда болады.
Информатикада айнымалы шамаға атау беру үшін идентификатор деген ұғымды пайдаланады.Идентификатор - әріптен басталатын және әріптер мен цифрлардан құралған ұзындығы шектелген тізбекті айтады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Дүние жүзінің мал шаруашылығының негізгі салалары

Мал шаруашылығы адамдардың байырғы заманнан бері айналысып келе жатқан Кәсіптің түрі. Мал шаруашылығы адамның азық киімін тағы басқа қажетіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық түрі. Жеңіл өнеркәсәптің дамуындағы ең басты сала өзін-өзі жетілдіретін ең басты сала. Адамзатың байырғы уақыттан бері шұғылданып кележатқан шаруашылық мал шаруашылығының салалары өте көп. Мысалға алатын болсақ мал шаруашылығының басты салалары ірі қарамал шаруашлығы, қой шаруашылығы, жылқы шрашылығы түйе шаруашылығы құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы. Бұл шаруашылықтарының барлығы дерлік адаммен байланысты дамып қалыптасқан. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы, бұл шаруашылықпен дүнйе жүзінің түгелдей халықтары айналсады. Әр елде әр түрлі аймақтарда әр шаруңакшылықпен айналсатын өзіндік ерекшеліктері бар. Оның географиялық орналасуы мен табиғи жағдайларына байланысты қалыптасқан. Мал шаруашылығымен айналысқан елдерде көп несе жеңіл өнер кәсіп соның ішінде текстиль өнеркәсібі яғни мата өңдеу тоқыма, талшық өндіру өнер кәсіптері дамыды. Сонымен қатар ірі мал шаруашылығы барлық мал шаруашылығынан оның етін азық ретінде сүт жүнін тағы басқа заттарын алады. Бұл халықтың әл ауқатына әсер етеді. Ол тікелей ауыл шаруашылығының дамуына әкеледі. Сонымен қатар олардың эканомикасының дамуына ілгері ықпал жасайды. Адамзаттың көптеген қасиеттерін осы мал шаруашылығының өнімдері қамтамассыз етеді. Мал шаруашылығы ауыр күшті қажет етпейді, ашық аспан астында бағуға болады. Мал шаруашылығымен дүнйе жүзінің барлық елдері, барлық аймақтары түгелдей айналсады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инфляцияның мәні себептері және формалары

Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ФОРМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мүғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл — жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл өлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте — зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық, халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық жобалар да жасала береді ....
Курстық жұмыстар
Толық