Бейнелеу өнері | Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру

 Бейнелеу өнері | Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................
І.Тарау. Әбілған Қастеевтің касіби шеберлігінің қалыптасуы мен бейнелеу өнеріндегі шығармашылық құндылығы.
1.1. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келуі...............................................
1.2. Суретші шығармаларының бейнелеу өнері құндылығына қосқан үлесі..............................................................................................................
ІІ. Тарау. Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру.
2.1. Қастеевшығармалары арқылы оқушлардың шығармашылықбелсенділігі мен қызығушылығын арттыру ............................................
2.2. Суретші шығармашылығы арқылы бейнелеу өнері сабағы барысында оқушыларға көркем эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру .............................................................................................
Қортынд: .................................................………………………………………
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................
Көрсетілетін суреттер тізімі...............................................................................

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым.
Қазіргі ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізге алып отырған орны жеке адам мен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптастыруда, мұның өзі мәдени ортада жаңа құндылықтарға жаңаша көз қарас тудырады.
Қазақстан үшін алып қарағанда қазіргі біздің білім беру жүйемізде, ұлттық мәдени бастауларынан алыстап қана қоймай, әлемдік білім беру кеңестігінен де оқшаулануда. Яғни бұның себебі біз көп жылдар бойы орыс отаршылдарының ықпалында болдық. бұл кезде біз, ешқандай ұлттық мәдениеттің даму жолын, сайяси басымдылықтың ықпалында ауызға алып, жолға қоя алмадық.Онан кейін тауелсіздік алып, өз бостандығымыз қолымызға тиген кзде, не істерімізді білмей, бір талай уақыт бағыт – бағдарымызды түзей алмай сенделіп қалдық. Дәл осы сәтте тағы да әлемдік білім беру деңгейіне жете алмай қалдық. Сондықтан біз қазіргі сәтте, осы кемдіктің орнын толтыруға бет бұрдық.
Сол себепті Әбілған Қастеев шығармаларын зерттеу, ұлттық бейнелеу өнерімізге қосқан үлестерін, қысқасы көркем өнердегі алатын орнын дұрыс бағалау, бізге өте қажет болып отыр. Үйткені біз Қазақстан бейнелеу өнерін Әбілхан Қастеевсіз ойлап жете түсіне алмаймыз. Сондықтан да оның қызықты да қиыншылыққа толы өмір байанымен шығармашылық тәжірибелерін оқушыларға таныстырып, олардың біліктілігін, білімділігін жетілдіру, сурет салуға деген қызығушылығын, ынта жігерін арттырукерек. онымен
қоса көркемдік талғамдарын жетілдіру мәселесін де естен шығармау керек.Бұның бәрі оқушылардың өнер сүйгіштікке, ұлтжанды қасиеттерін күшейтіп, патриоттық сезімге бай болуға әсер етеді.
Онан бір өзекті мәселесі, Әбілхан Қастеев есімін, әрі оның таза, тұнық, қазақ рухнан туындаған, өшпес, өлмес, асқақ туындыларын, бүкіл қазақ халық арасына кеңінен тарату арқылы, иісі қазақ халқының, қазіргі кезге дейін қалып қойған орыс идеясының әсерінен құтылып, жаңа қазақ иісті халық дәстұрлерін қалыптастыру .
Тақырыптың зерттелу деңгейі:Бұл жұмыста суретші өмір баянымен шығармаларын зерттеп қана қоймай, оның оқушыларға беретін көркем эстетикалық тәрбие берудің метдодикалық әдістерімен қарастырылады.
Сонымен қатар тақырыптың өзегі болып жатқан, эстетикалық, философиялық, әлеуметтік, адамгершілік идеяларын зерттеу және суретші іс-әрекеттерін, жеке тұлғаның дамуындағы, философиалық және психологиалық қағидалары зерттеледі.
Ал қазіргі Қазақстан шығармашылық топтарының, Әбілхан Қастеев туралы қоғамдық салалар мен ақпараттық беттерінде зерттеліп, бағалануына келсек, онда олардың атқарған істері мынандай: Бірінші, Қоғамдық салада, ұлы суретші атына арнап, Алматыдағы ең үлкен сурет көрме мұражайын Ә. Қастеев мө есімімен атады. Онымен қоса көшелер мен мектеп аттарын да, суретші есіміне берді. Екінші, Көптеген ақпараттық салалар, Ә. Қастеев туралы шығармалық кітаптар басып шығаруда. Онымен қоса газет, журналдарда суретші жайында көптегекн зерттеу мақалаларымен құнды пікірлер жазылуда. Соның ішінде басты мына газет, журналдарды айта кетуке болады. «Жазушы»,атты журналда Ю.Домбровскийдің «Тұнғыш қазақ суретшісі»,деген мақаласы, 1997 жылғы басылымында суретші шығармасына арналды. одан кейін (Жас алаш), атты газетте Қ. Әмірғазинтің «Табиғатты тәңір тұтқан»,деген мақаласы, 1994 жылғы 21 шілде №:84,басылымында суретші шығармасына арналды. жәнеде (Жас Алаш), атты газетте Қ.Сарсенбайтің «Бейнелеу өнерінің Бейімбеті», атты мақаласы 2003 жылғы 19-сәуір басылымында суретші шығармасына арналған. 2003. Осы сиақты көптеген мақалаларды көрсетуге болады. Ал ол кісі туралы жазылған ең жақсы кітаптің бірі, әрі қазыр оқушылар көп қолданып жұрген Әбілхан Қастеев. «өнер» Алматы – 1986 жылығы басылымында жарық көрген кітап. Бұлардың барлығы, осы бір Қазақтың ұлы суретшісі үшін түккеде түрғысыз, сондықтан әліде көптеген зертеулерді қажет етеді.
Зерттеудің мақсат міндеттері: Зерттеу жұмысының алдына қойлған осы мақсаттары мыналар.
1. Мектеп оқушыларына Ә.Қастеев шығармалары арқылы көркем-эстетикалық талғамын қалыптастыру.
2. Жәнеде олардың сурет өнеріне болған қызғындылығын арттыру.
3. Ұлттық істердегі көркем өнерге болған ынтасын арттырып, ұлтжанды ұлағатты адам болуғатәрбиелеу.
4. Отаншлдық потриоттық сезімге баулыу .
Зерттеудің практикалық мәні: Біздің алып отырған «Әбілхан Қастеев шығармашылығын зерттеу» жұмысы арқылы мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарындағы студеттерге лексиялар оқуға. Арнайы бейнелеу өнері бағытындағы мектептерде үйренушілерді үйымдастыруға болады. осларға орай арналған.
Негізгі бөлім
І-Тарау
Ә.Қастеевтің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы мен бейнелеу өнеріндегі шығармашылық құндылығы.
1.1:Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келіуі.

Қазақстан бейнелеу өнерінде көпшілікке есімі мен шығармашылық тағдыры қызғылықты таланыт иесі аз емес, солардың ішінде Ә. Қастеевтің көптеген себептермен алдымен ауызға аламыз. Әрі суретші шғармасын бұрынғы деңгейде қарап қоймай, бүгінгі көз қараспен қайта үңіліп, оның өмірлік және шығармалық жолына көз жүгіртіп тұлғалық таланыттың мәні мен күш қуатын толығырақ сезінуге болады.
Әбілхан Қастеевтің алғаш рет өмір есігін ашып, бейнелеу өнер сағанасына келуде қыспақ өмір қақпанында өткен өмір байянын қысқаша айтып кету артық болмас. Ол кісі алғаш өмір есігін 1904 жылықаңтарда қазіргі Талдықорған облысы Жаркеніт ауданындағы Шежін аулында ашқан.
Арғы ата-бабалары, өзінің әке-шешелері диқандықты кәсіп етіп, еңбегін емген жарлы-жақпайлы қарапайым от басы. Әкесінен тым ерте айырылды. тағдыр тәлкегі оны сегіз жасында қыспаққа алды, табанынан тозып сиыр бақты. Шоқайын сүйретіп, күн шықпастан Шежіннің өрісіне сиыр айдайтын. бірақ осы бір жапа машақ жұмысқа бола, өзін қажытып өнбей өшкен жоқ қайта күн сайын аңғарлы өзені арқырай ағып, қыраны қалықтаған қүз-қиасы күн сәулесіне шағылысып, түрлі реңгі түске боялған, тік шаншылған шыңдағы шынарлар мен сыңсыған самырсындар, аспанға тірелген асқар шыңдар тәнітті болып, олардан тамаша әсер алып, болашақ кәсібіи өнерінің алғашқы елестерін көз алдында қалыптастыра берді.
Табиғат шіркін адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көленгедегі тамылжытатын боз торғайының үні, салқар соққан самалының қоңыр лебі, желбіреген желбіржекені, жұпар аңсыған жусаны мен жуасы, ойға ой қосады, сананы сәулелендіреді. Сол табиғат ананың ертегідей елітіп жаратылыстың таңғажайып құбылысын көріп дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алмаған адамның көкрегі шемен, Құлағы керең, жан дүниесі жарым жан болып қалмайма? Қаршадайынан ел арасында «Көзінің айнасы бар бала» аталған Әбілхан, тамашасы таусылмайтын осы бір тілсім табиғаттың сан түрлі бойауын санап, түрлі ағаш атаулы, жан-жануардың, өсімдіктің, тіпті, топрақтың түр түсін саралап өсті. Тілсім табиғат айнасынан, жалыт еткен көрністі қалыт кетірмей бақылап, көңіліндегі көп ойдың қоржынна салып отырған. Осы ойға жиналған көркем көрніс көреген көздіңқалтарысында қалып қоймай болашағындағы тамаша пейзаждарының таптырмас искіздерін жадысында жазып жүрді.
Өнері өміршең, табиғаты өзгеше жаратылған Әбілған Қастеев бір туар тұлға. Бейнелеу өнерін бедерлеуде ұлттық ұн қосқан ұлы суретші халқының өмір тіршілігін қаз қалпында бейнеледі. Өткен өмірдегі салыт- дәстүрлер, наным – сенімдер түрлі ырымдарды өнермен сабақтастыра білді. Оған шағын мысал ретінде суретшінің бала кездегі қызғылықты өмірін қыстыра кетуке болады. «кейін қойшы бала қойларын бір сәт жусатып тастап, жықпыл бойлап, аңғар аралап, асыл тастар іздеп, одан қойнында «қалашы» мол әжелерге, әсемдікке құмар әпеке-қарындастарына ұршық қуршақ жасап, түрлі моншақты маржандай тізп әкеп жүреді. Оның бұлақ басы болған бүл өнеріне әркім ақ қызыға қарайтын. Бірте-бірте ол тастан қашап түрлі мүсіндер жасауды үйренді. Алаң көңілді көкейін осы бір өнер кескен бала ұсталыққа, Зергерлікке аңсары ауып, бас көтермей талай рет алдындағы қойынан айрылды. Өзі қорлық көркен бай мен молдалардың мүсінін жасады. Одан жүрыт жағасын ұстап шошыды. Осыншама өмір қыспағына түссе дағы, өзінің өмір жолынан ешқандай адасқан жоқ. Бұдан сорақы болғанда «Әкет бәлекетті»,- деп, ағалары тер төккен тастарын шашты. Елді бұзар, шала сауат сәлделі молдалар: «Тірі адамның суретін салу күнә, кейін ақретте оған жан бітір деп қинайды»,-деп, бала талабына таң қалған жұрттың өзін қорқытты. Осы «күнәсі» үшін, ол талай рет сойдғада жығылды. бірақ асау ат жалынна жармасқандай. арманынан айрылмады. «өнерлінің қолын ұста, өнегенің жолын ұста»,- деп, Түргенбай зергерді ұстаз тұтады. Ослайша халық өнерінің қайнар көзі болған қолөнердің ғажайыптарынан сусындаған Әбілхан текемет, киіз басып, алаша тоқыған әжелері мен апаларының, әпегелері мен қарындастарының дала әуеніне толы әсем ою-өрнектерінен әсер алып, оны көңіліне тоқып, көкірегіне ұяалатып үсті. Суретші өз бойындағы бурқаған талабымен тек ауыл арасында ғана көрініп жүрді, әже апа, әпекелеріне ою-өрнек сызып беріп, түрлі әсем бұйымдар жасап алғыс алса, қайсы бір кертартпа жұрт оның өнерін құбжық көрді. Бірақ ол бұған бола салынын суға кетірмей одан ары шыңдала, шынығып шыға берді». ( «Әбілхан Қастеев» Альбом. Алматы 1986. 8.б ).
Біз бұлан нені аңғара аламыз, меніңше бұдан Қастеевтің әр қашан алған бетінен қайтпайтын қажырлы қайратын көруге болады, әрі суретшіні таза қазақыи өнердің арасында өсіп, сол өнерден тамыр жайып қаулай өскен тума таланыт иесі екенінкөруге болады.
Ә.Қастеев еш қашан иен даладағы тоқтау судай бір жерде қаңсып қалмай, өн бойындағы өнерге, өмірге деген көз қарасын кеңітіп, арман жолын ары қарай жалғастыру үшін, ол алғаш рет ауылдан аттанды. Аттанар алдында 13 жыл қой бақтым. Енді оқимын, Тайақ қуат болсада мұрат емес!- деп ақ тайақты лақтырып тастап, Жаркенітке жайяау жол тартады.
Арман жолы әр қашан оңай болушы меді, әр қандай өнерге келуші адам басында өмірдің ашты тұштысымен азап тозағына ілінетіні айтпасада белгілі, бірақ одан тартынбаған, бағыт бағдарын берік ұстай алатын адам ғана, қамалын бұзып шыға алады. Я дәл осындай тағдыр Қастеев өмірінде көп жолықты. бірақ оған арланбады. Жаркеніттегі бір татар байына жалшы болып, ауласын сыпырды. Біршама қала өмірімен танысып, тіршілігіне үйренеді Ослайша жүріп, сурет өнеріне, тіпті қатты аңсары ауады. Бірақ оған керек қағаз, бояу қайда?... Қаладан табылады, бірақ оған керек ақша қайда? Тапқаны тек тамағына жетеді, жан бағумен жанталасып жүр.
Талапты жас өнер мұраты үшін ештеңеден тартынбады.Татар байының жалғыз атты арбасын жалдап, бөшкелеп мөлдір бұлақтан су тасыды. Екі бетінен нұр тамған жігіт: «кімге су керек», деп көшені басына көтеріп айқайлап, шелегін бір тиннан сатып жүрді. өстіп тапқан азын-аулақ тин тебенге қағаз, бояу сатып алды. Содан кейін бояуларын жер майға араластырып, езіп, ұзақты күн, тіпті, таң атқанша сурет салып әуре болып жатты. Кейде: «Шамның майын» құрттың деп, қожайыннан сөз естіп қалған күндері де болды.
Біз бұдан Ә. Қастеевтің қай қырын сезе аламыз, меніңше Қастеев еш қашан өнерді, әлде бір алдамшы тірліктің қалқасында қалдырып қоймаған, қайта тіршілік тырбыңы тіріп еткізбей өзіне мойынсал қылмақшы болса да, оған қарсы дауылпаздай апға қарай ілгерлеп толқынын жара тоқтамай, өнер жолында ізденумен болды.Бұған мысал ретінде біз бұған мына бір өмір тарихын айта кетуке болады.
“ Әбілхан Қастеев Кейін есті біреулерге еріп, Жаркеніттегі жол құрылысна жолшы болып кірді. Бір іске кірісе білек түрініп, белсене жұмыс істейтін. Әбілханның бейнетқорлығы бала жастан бойына біткен асыл қасиет.
Жолшы болып жүріп, жолы болды, еңбегі еленіп, сыйлық алып, «Құрмет тақтаға», суреті ілініп қана қоймай, ізгілігі бар бір кісіге жолықты.
Ол Жаркеніттегі фотограф С. Саламатов еді, Саламатов Әбілғанның салған суреттерін көріп, өзінің ақыл кеңесін береді. Фотография мен бейнелеу өнерінің айырмашылығын ұқтырады. Содан кейін көргенін түгел нақпа-нақпа көшіруден арылды. Бояуларға тіл бітіріп, сөйлетуге әуестенді. Осындай әсерлі суреттерін Әбілханның ықтиярмен сұрап алып, сол кездегі Астанамыз Қызылордадағы оқу бөліміне жіберген де сол азамат Саламатов еді” («Әбілхан Қастеев». Альбом. Алматы.1986. 8 б.) Осылайша жанашыр өнер сүйер қауымдарының арқасында Әбілхан ақырын-ақырын бейнелеу өнерінің асқақ белестерге шыға беруге жол ашылды.
Сүретші тамшылаған ащы тердің, нағыз бейнеттің не екенін тау қопарып,тас жарып,Түркісібтің темір жолын салғанда білді.Ол еліміздегі ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру