Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Кіріспе Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.....
Мәліметтер қоры Ақпараттық жүйе және мәліметтер қоры дегеніміз – бұл пәндік саланың қандай да бір мақсатқа арналған модулі, яғни автоматтандырылған жүйені басқаруға қажетті пәндік сала жөніндегі фактілер мәліметтер қорынан көрініс табады. Жобалаушы мәліметтер қорын (МҚ) жобалауда осы күтілетін фактілерді сипаттап, ерекшелеп көрсету қажет, бұдан мәліметтер қорының пәндік саласының шекарасы айқындалады. Одан кейін осы фактілердің сипаттамадағы интерпретациясын орындау қажет. МҚ-на қатысты объектілер, олардың қасиеттері мен қатынастары белгілі болса, онда МҚ-ың пәндік саласы болып есептеледі. МҚ-ын жобалау пәндік саланы алдын-ала құрылымдаудан басталады. Пәндік сала - бұл нақты мәліметтер банкінің қолданылу аясы. Мәліметтер қоры қолданылу сферасына қарай: кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару, көлік, басқару, медицина, ғылыми зерттеулер және т.б. болып бөлінеді. Мәліметтер қоры - бұл өзінің құрамына пәндік саланың динамикалық, ақпараттық моделін сүйемелдейтін арнайы әдістері мен құралдарды қамтитын ақпараттық жүйе болып табылады.....
КІРІСПЕ Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталған. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпаратлық процестер мен факторлардың фундаментельды ролін мойындау болып табылады. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады. - оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау. - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін пайдалану әдістемесін жасау. - мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру. - оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету. - мектептің материалдық-базасын нығайту. Бірінші кезең – информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды. Екінші кезең – информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.....
КІРІСПЕ Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе. Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары. Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі. Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз. Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек. “Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi. Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Компьютерлік математика – ғылымы мен техникадағы жаңа бағыт .Ол кластикалық математика мен информатиканың тиісумен туындайды.Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның прогрммалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез-келген математикалық есептерді шешу қабілетінде .Компьютерлік математика жүйесі батыстың mathsost,Mathwors,Maple,Wolsrom сукілді фирмаларда жасалған.Mathcad ғылыммен білімніңң және техниканың әр түрлі аймақтарын автоматтандыру үшін математикалық есептеулеге арналған.Жүйенің аталуы екі сөзден құралған,яғни MATHematica ( математика) және САД (Computer Aided Desing –автоматты жобалау жүйесі немесе АЖЖ ).Сондықтан MATHCAD-ты математикалық автоматты жобалау жүйесі деп аталады. 2.MATHCAD-тың көмегімен кітап ,диссертация,ғылыми есеп дипломдық және курстық жобаларды тек әртүрлі үлгідегі сапалы мәтін мен ғана емес,ең күрделі математикалық формула жиынтығымен,есептеулермен,графиктік көрністермен дайындауға болады.MATHCAD программаның мұндай мүмкіндіктері электрондық сабақтар,лекциялар курсы,электронды кітаптар жазуда маңызы жабдыққа айналып отыр.сонымен бірге компьютерлік математика жүйесі көркем өнер, графика, линвистика саласында кеңінен қолданыс табылды.MATHCAD-тың жаңа нұсқасында құжаттардың көркем түсті эффектілі құрылғы және графикті аниммациялану,дыбысты қосып шығару мүмкінділігі қосылған.Осы артықшылықтарына байланысты мәтіндік,формулалық және графиктік редакторлар қуатты есептеуіш потенциялды орта жүйесімен беріледі.Өте күрделі тапсырмаларды шешу үшін математикалық және графикалық жүйелер және олардың біргуі қарастырылатын.Бұл жүйе әртүрлі математикалық,графикалық және офистік жүйе қатарымен кеңитетін интегралды қамтамасыз етеді.MATHCAD-ты тек қана математикалық есептерде үшін емес басқада қуатты инженерлік автоматтандырылатын жобалау жүйесін дайындаумен бірге,графиктерді MATHCAD жүйесінің файлдары .mcd кеңейтілуіне ие болады. Мұндай файлдар текстік форматта болады, сондықтан оларды кез келген текстік редакторда оқуға болады. MATHCAD файлдарының құжатында программаның толық тексті болады. File менюінің ішкі менюі. New – жаңа құжат құру. Open – дайын құжатты ашу. Close – құжатты жабу. Save – құжатты сақтау. Save as… - жаңа атпен сақтау. Colloborabory – жүйені құрушы фирмамен байланыс орнату. Internet Setup – Internet –пен модем арқылы байланыс. Send… - электрондық почтамен немесе Internet-пен құжатты жіберу. ....
Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт. «Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: ....
Ақпараттық жүйе – обьектіні басқару үшін қажетті ақпаратты жинақтау, сақтау, жаңарту, тасымалдау, өңдеу және шығару жүйелері. Ақпарат айналымын тиімді ұйымдастыру адамдардың күнделікті өмірінің табыстылығының шартына күн өткен сайын айналып келеді. Адамзат өмірінің тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін қажетті ақпарат мөлшері өндіруші күштер көлемінің өсіунен квадрат дәреже есе көп өсіп келеді. Көптеген дамыған елдерде ақпаратты өңдеу сласында жұмыс істейтіндердің саны нақты өндірістегі жұмыс күштерінен асып түседі. Ақпараттың айналымының барлық саласында автоматтандыруды қолдану экономиканың жаңа қарқын алып, үлкен жұмыс күші ресурстарын босатуға алып келеді. Осындай қарқынды өсім мен интенсивті айналым кезінде ақпараттың қауіпсіздігі, соның ішінде криптоәдістерді қолдану ерекше маңызға ие. Криптология ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданады. Ол криптография және криптоталдау (криптоанализ) деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл екі бағыттың мақсаттары қарама-қарсы. Соған қарамастан алдыңыздағы курстық жұмыста сол бағыттарды тең қолдана отырып, мен жұмысымды сипаттамақпын. Симметриялық шифрлау саласына жататын Вижинер кестесімен шифрлау, омофондар жүйесі және гаммалау арқылы шифрлау қазіргі заманғы ақпаратты өңдеу құралдарының дамуымен бірқатар басымдылықтарын жоғалтса бірқатар басымдықтарға ие болды. Төмендегі жұмыста сол айырмашылықтар және өзгертулер нақты көрініс табады. Курстық жұмыста программалар Delphi программалау ортасында жазылды. Бұл ортаның болашағы зор екенін ескере отырып, жасаған программалар уақыт ағысында өз мәнін жоймайды деп сенемін. Программаны қолдану барынша жеңіл және түсінікті. Осы жұмыс барысында негізгі пайдалану көзі болып табылатын ашық текст барлық өзгертілген күйінде энтропиялық анализге түсті және оны жасау үшін университет кітапханаларында бар материалды қолдандым. Жұмысты оқып шығу (тексеру) барысында қазақ тілінде осы сала бойынша материалдардың тапшылығын ескере отырып, кейбір аударудағы ауытқулар үшін алдын ала ғафу етемін. ....