Дене шынықтыру | Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық әдіснамалық негіздері

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.
«Тәні саудың – жаны сау» демекші, дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жастарға, жалпы ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Вирустар және оған қарсы Антивирустық бағдарламалар

Вирустар – жансыз стихия, ол еш аяуды білмейді, барлық жерден өте береді. Компьютерді жаңадан пайдаланушыға бір қарағанда компьютер кез-келген жерден,тіпті желдің соғуымен де кіргендей сезіледі. Оның жұмысының қаншалықты зиян тигізетін салдары туралы барлық жерде айтылып жүр. Сондықтан болса керек компьютерді енді ғана пайдалана бастаушылардың вирустың шабуыл алдындағы қорқынышы еш дәлелсіз жоғары.
Алайда бұл қорқыныш, біздің байқағанымыздай, компьютер менгергендердің тең жартысының болып тұратын фаталистиналық босаңдықтың жағдайына пәлендей кедергі келтіре қоймайды. Бәрібір қалай дегенде құтқарыла алмайсың - жазмыш, тағдыр, түсінесіндер ме ....
Курстық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Мұнайды индустриялық контроллер базасында тасымалдау

Кіріспе
Қазіргі кезде магистралды мұнай құбырлары (ММҚ) мұнайды тасымалдау түрлерінің едәуір арзан және жоғары сенімді түрі болып
табылады. Олар жоғары өткізу жолағымен, құбыр желісінің диаметрі 530 - ден 1140 мм дейін және 50 км кем емес ұзындығымен сипатталады. Мұнайды тасымалдауға жеткілікті құбыр желісіндегі қысымды тудыру және ұстап тұру үшін, мұнайды тасымалдаушы станциялары (МТС) қажет болады. Қазіргі кезде, мұнайды тасымалдаушы жүйелерін жетілдіру үшін, сорғы станцияларына қуатты жиілікті – реттеуші электр жетегі (РЭЖ) енгізіле басталды, олардың әмбебвп мүмкіндіктерін автоматтау мен қуатты үнемдеу мәселелерін кешенді қамтамасыз ету құралдары ретінде дәлелдеді. ЦН-ның өнімділігін реттеу кезінде пайдаланатын қуатты үнемдеуден басқа, жүйедегі гидравликалық соққылардан тыс, агрегат элементтеріне жүктемелер мен ағып кетулерді төмендетумен анықталатын, қорды үнемдеу әсері де өте маңызды болып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Геология | 3750 м – ден 5000 м – ге дейінгі 3 ұңғымала-рын бұрғылау

КІРІСПЕ
Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қатарына жатады. Өлкеміздің басқа мұнайлы – газды алаптарымен қатар, Каспий маңы ойпатының территориясындағы мұнай мен табиғи газдың геологиялық барлау жұмыстарын жеделдету мақсаты алға қойылған [12]. Оның негізгі перспективасы тұз карниздері мен тұзүстіндегі палеозой және мезозой кешендерімен байланысты және бұл кешенге мұнай қорының айтарлықтай үлесі тиеді. Кенжалы - Жарлыоба құрылымы осы тұз карнизімен негізделген.
Тұрлан геофизикалық экспедициясы Каспий маңы ойпатының шы-ғыс ернеумаңы бөлігінде, әсіресе Ақтөбе – Астрахан күмбезінің іргетасын-да 1987 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ - 5150- ді пайдаланған. Диплом жобасы сейсмикалық материалдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған.
Әкімшілік тұрғыда жұмыс жобаланып отырған алаң Темір ауданы, Ақтөбе облысында орналасқан. Бұл диплом жобасын құрастыруға ертерек-те жүргізілген іздеу жұмыстары негіз болды. Осы процесте тұзастындағы Жақсымай, Шелекті және тұзүстіндегі Кенжалы, Үшбұлақ, Жаманағаш ло-кальді антиклинді кұрылымдары мұнай мен газ шоғырларын іздеуде тәжірибелік қызығушылық тудырды.
Бұл дипломдық жобада 3750 м – ден 5000 м – ге дейінгі 3 ұңғымала-рын бұрғылау көзделіп отыр.
Бұрғылаудың мақсаты – пермотриас шөгінділеріндегі мұнай мен газ шоғырларын анықтау, осы ашылған қимадағы мұнай мен газдың перспективасын айқындау, литологиялық – стратиграфиялық қима және жыныстардың жинауыш қасиетін зерттеу.
Бұл алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға көмектеседі және бұл аймақ бойынша жоспарланған мұнай мен газ қорларының өсуіне жол ашады.
Диплом жобасын құрастыруға диплом алдындағы өндірістік практи-када және геологиялық фондыдан жиналған мәліметтер негіз болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Кіріспе
Қазіргі уақытта информатиканың дамуы мен ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алатын орны ерекше екендігі белгілі. Бұлар өмірдегі барлық салада өз орнын тауып, қазіргі заманның айнытпас мәдениетіне енді. АКТ өте үлкен жылдамдықпен даму үстінде, яғни көптеген жаңа технологиялар пайда болып, ескілері тез жойылуда, бұл информатика пәніне де айтарлықтай әсер етуде. АКТ-ның үлкен қарқынмен дамуына байланысты программалауға деген қызығушылық та арта түсті. Программалау – тез дамып келе жатқан ғылым мен техника саласы. Программалау тілі дегеніміз – алгоритмдерді және алогритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл.
Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестердің бір бөлігі.
Қазіргі кезде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен көңіл бөлінеді. Мысалы, А.Скробов VB тілін пайдаланып, бірнеше есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В.Тихвинский VBA модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров объектілі-бағдарлы программалау тілінің Visual Basic.Net программасында қолданылуын зерттеді. Осы тәрізді зерттеулер біздің елімізде де жаңадан қолданыс табуда. Сол себептен программалау тілін оқып үйрету әдістемесін жетілдіру қажет. Әрине, программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін оқытудың әр түрлі әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Сонымен қатар, еліміздің зерттеушілері көбіне программалау тілінің ең оңай тәсілдерін оқыту әдістерін ғана зерттеумен шектеліп келеді. Зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілермен бірге әртүрлі тәсілдерді қамтиды. Олардың барлығы оқушыға тиімді, әрі жоғары білім береді. Осы тәсілдермен программалау тілдерін оқыту оқушыларға программалау тілін меңгеруде маңызы өте зор.
Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Программалау дегенде қандай да бір программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау негіздерін меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстанымдармен танысу. Американдық педагог ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама бойынша, программалау біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар дайын компьютерлік программалармен жұмыс істеп қана қоймай, әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, талапқа сай программаларды да құра білуі керек. Программалау тілдері күнбе – күн дамып отырғандықтан, оларды оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады. Сондықтан, компьютерлік программалармен жұмыс істеп, талапқа сай программаларды құра білу үшін және жалпы программалауға деген қызығушылықты тудыру үшін оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін құрып, оларды дамытып, жетілдіру қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | HTML-PHP-MySQL программалық құралдарын пайдалануы

КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы ¬– ақпараттандыру, яғни адам қыз¬мет¬і¬нің түрлі аймағына қазіргі компьютерлік технологияларды пайдаланып, ақпараттандыру. Қазіргі заманда технологиялық үрдістер өте жылдам қар¬қын¬мен дамуда. Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта адамдар¬ды хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол ақпарат көз¬дерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді. Ақпараттар теледидар, газет-жур¬налдар арқылы, әр жерлердегі түрлі жарнамалар арқылы таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең жас, ең тиімді түрінің бірі интернет желі¬сі болып табылады. Интернет желісі өте жақсы дамып келеді. Оның дәлелі желі ар¬қ¬¬ылы ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден шықпай, керек зат¬қа қол жет¬кізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам баласының қол жеткізген ең¬ үлкен табыстарының бірі[1].
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа пайда болған заттың да тез арада таралып, шығарған ком¬пବни¬ясына немесе фирмасына тез көтерілуіне көмектеседі.
Бұл жұмыс ақпараттандыруды интернет желісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған болып табылады. Соның ішінде медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Үлкен қалаларда өте көп дәрі-ха¬на¬лар бар, бірақ дәрінің құрамы, қан¬дай жағдайларда ішетіні туралы, қандай баға¬да сатылатыны туралы алдын-ала ақпарат ала бермейміз. Науқас адамдарға жылдам қызмет көрсетіп, жедел ақ¬пар¬ат¬пен қамтамасыз ету үшін web технология негізінде жасалған жүйе керек. Бұл жүйе фармация бизнесі үшін де таптырмас пайданың көзі болатыны айдан анық. Сонымен, бұл дипломдық жұмыс Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақ¬пар¬ат¬тық жүйесін жасауға арналған болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Macromedia Authorware қашықтықтан оқытуға электрондық оқулық жасау

КІРІСПЕ
Macromedia Authorware ең алдымен қашықтықтан оқытуға электрондық оқулық жасауға арналған. Мұның артықшылығы осында. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуға қысқаша тоқтала кетсек.
Қашықтықтан оқыту деп – бұл студентттің өзіндік жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашатын, мұғалім мен студент кеңістік немесе уақыт аралығында бөлініп тұрсада, телекоммуникациялық құралдардың көмегімен кез келген жағдайда тапсырма алып, оны орындай алатын соңғы үлгідегі технологиялармен қамтамасыз етілген оқыту жүйесін айтады.
Қашықтықтан білім берудің негізгі мақсаты – оқушы немесе студен кез келген уақытта ақпараттық кеңістікті еркін пайдалану арқылы жан – жақты білім алу болып табылады. ҚР СТ 34.016-2004 «Қашақтықтан оқытуды техникалық және бағдарламалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен 2004 жылғы 10 шілдедегі № 179 бұйрығымен бекітілген.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болады:
• кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
• кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
• оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
• білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар...
Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.
Қашықтықтан оқытудың негізгі элементтері мынандай:
• оқыту курстары;
• тестілеу;
• жаңалықтар;
• ішкі почта;
• форум;
• электронды деканат;
• есеп берулер;
Macromedia Authorware – (оқу курстарында) интерактивті мультимедиялық программаларды жасауға арналған. Authorware пакеті материалдарды сан түрлі формада: мәтін, сурет, бейне және дыбыс түрінде бере отырып пайдаланудыда қоса қамтиды. Authorwareнің құрамына енетін құралдар қазіргі заманғы талаптар тұрғысынан алғандағы мүмкіндіктерді береді. Authorware пакеті материал ұсынудың түрлі формаларын: мәтін, сурет, бейне және дыбыстық сүйемелдеуді пайдалануды есепке алған компактылы мультимедиялық қосымшалар жасауға арналған. Әрине, Сіз бұл аспапты басқа да пакеттредің көмегімен ‹‹әдеттегідей›› электрондық көрмелер (презентация), ұқсас тақырыптар даярлау үшін де пайдалана аласыз. Алайда Authorware ең алдымен, электрондық оқулық жасауға бағытталған. Осыған байланысты, көрме даярлауға арналған пакеттердің мүмкіндігіне қарағанда, мұның мүмкіндіктері анағұрлым кеңірек. Бұған қоса, мұнымен жұмыс істейтін пайдаланушы осы сияқты оқыту жүйесімен жұмыс істей отырып, Authorware туралы толық білім меңгере алады. Authorware пакеті арқылы оқыту курсын Ғаламтор желісі арқылы айқындауға да болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Macromedia flash mx программалау технологиясында электронды оқулықты құру

КІРІСПЕ
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған.
Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігіне байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты – «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына» сай «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша электрондық оқулық элементін құрудың программалық жабдығын құру. «Информатиканың теориялық негіздері» оқулығын жасау кезінде теоиялық мәліметтер және сондай-ақ қосымша материалдарды қолдана отырып, Macromedia Flash MX программалау технологиясының көмегімен электрондық оқулық элементі жасалды. Жұмысты орындау процесі толықтай Macromedia Flash MX технологиясының өзінде жасалынды.
Ақпаратты реттеп қана қоймай, сонымен қатар оның талдау процестерін оңайлату және керекті басқару шешімін қабылдау керек.
1. Дипломдық жұмыс 4 тараудан, негізгі бөлімі 51 беттен 20 суреттен тұрады. Жалпы бұл дипломдық жұмыста мен мынадай бірқатар әдебиеттер мен таныстым: Д.И.Тверезовский. Самоучитель Macromedia Flash MX 2004.-Москва – Санкт-Петербург – Киев, 2005. Жадаев. Самоучитель Macromedia Flash MX. – Москва: «Технолоджи -3000», 2005. К.З. Халықова, С.М. Кеңесбаев, Р.М. Мафухаев. Macromedia Flash MX технологиясы. Алматы, 2006.
Бұл оқулықтардан өзіме атап айтарлықтай дәрежеде тәжірибе жинадым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық