Экономика | Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар

 Экономика | Әлеуметтік–мәдени  бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім :
1.Әлеуметтік мәдени бағдарламаларға жүмсалатын шыыстардың арналымдары мен мақсаттары.
1.1Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері.
1.1. Денсаулық сақтау саласның шығыстарының арналымдары.
1.2. Әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстарының мақсаттары.
1.3. Мәдениет саласын қаржыландырудың бағыттары.
1.Қазақстан Республикасының бюджетінен әлеуметтік-мәдени шараларға бөлінетін шығыстарын талдау .
2.1.Білім беру саласын қаржыландыру.
2.2.Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру.
2.3.Әлеуметтік қамтамасыз етудң қаржыландыру.
2.Әлеуметтік–мәдени бағыттарды қаржыландыру мәселелері мен шешу жолдары.
Қорытынды

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы
«Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар». Бұл тақырыпты таңдау себебім әлеуметтік–мәдени бағыттарға жұмсалатын шығыстар әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмсалатын мемлекет шығыстарының аса маңызды бағыты болып табылады. Әлеуметтік мәдени шараларға – оқу–ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, денешынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттің ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуға бағытталады .
Әлеуметтік–мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыра отырып, дара рынонктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.
Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі – мемлекеттік бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің табыстары есебінен жасайды.
Рыноктық қатынастар жағдайларында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Рынок жағдайында еңбек салымына, харекеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың бір бөлігі қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында – бұл кепілденгдірілген бюджеттік нормаларға қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда–ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту, әлеуметтік қорғауда– жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдар жасау.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерден тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби білім беру,, жоғары кәсіби білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыскерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес гранттар және кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті бейін мамандарын даярдау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі – студент – жоғары оқу орындары – Білім және ғылым министрлігі).
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды кіріктіреді; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаржылары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен өнердің бірқатар мекемелері (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстармен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен жардемқаржының сомасы белгіленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радиохабар таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар меициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27- сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау министрлігі – республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары – жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ішкі әскерлерінің әскериқызметшілеріне заңдарда белгіленге тіртіппен тегін , ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне заңдарда белгіленге тәртіппен тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Басқа қалғандардың барлығы ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл жұмыс рыноктық медииналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.
Денені шынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорттық қоғамдардың меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар – демеушілер, әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.
1.Әлеуметтік мәдени бағдарламаларға жүмсалатын шыыстардың арналымдары мен мақсаттары.
1.1.Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері.
Азаматтардың білім алу құқы Казақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-эконимкалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білмді алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерін білім беру қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.
Білім беру аумағындаы заңнамалар мемелекеттік саясатың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:
• Барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
• әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
• білім берудің діннен тыс сипаты;
• тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
• білім беру прцесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестігі;
• білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
• білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;
• оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
• білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма; тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларады іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі:
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – ол ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау.Оның басымды мақсатт ары болып келесілері табылады:
• білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
• тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, қнегелілік пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негізін қалыптастыру;
• азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конститутция мен қоғамағ қай-қайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
• тұлғның өз құқықытары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне қатынасуының қажеттілігін қалыптастыру;
• әлем отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекетік, орыс және шетел тілдерін игеру;
• білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру мен орталықсыздандыру;
• оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру;
• еңбек нарығында бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындау:;
• әр түрлі және көп функционалды білім беру мекемелерінің тиімді дамуына жәрдем беру.
Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негіз болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың– мемлекеттік білім беру гранттары табылады.
Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып мемлекет жыл сайын бюджеттік құраладар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда.
Бұл функционалдық топ құрамында мекетепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген.
Қаржыландыру көздері болып республикалық бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелерінің іс әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынана орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттіліг ең алдымен білім беру қызметінің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің ілеуметті-экономикалыө дамуындағы олардың рөлімен серттеседі.
Ал бюджеттен бөлінентін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәкес анықталуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктеледі. Оталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытта бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық білім беру бағдарламаларны іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трасферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиісіт білім беру бағдарламаларын іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады. Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі – ол қаржылық қамтамсыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар–дамудың басым бағытын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарынбилеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үйлестіру. Республикалық деңгей юойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің ір түрлі деңгейлерә бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде дамыған елдерді міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып табылады.
Дамыған елдерде мұндай шығыдардың үлесі барлық білім беруге арналған шығындардың ішінде 67%–дан (АҚШ) 89%-ға дейін (Жапония) құрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония) 27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге –0,3%-дан (Канада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекеттік қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі–ол мектепке дейін білім беруге арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы–27% және міндетті білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі–барлығы 50%, оның ішініде жалпы академиялық білім беруге – 38% жатады, кәсіптік білім беруге –қалған 12% жатады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процес ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық жән жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеу өте қиын. Тағы бір себеп – ол білім беру мекемелерді кәсіспорындар мен ұйымардың құарлдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында бюджеттің барлық деңгейлерінің құралдары арқылы білім беруге арналған шығыдары осы сала бойы қажетті барлық шығындардың 84 % құраған, ал қалған 16% кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халық пен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарын қамтамсыз етуін талап етеді. Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, діни қауымдардың өкілері қосылуда. Олардың білім беру жүйесін өз мүдделеріне сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес өоқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдес жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектірін көрсетуге құқы бар.
Демек білім беруді қаржыландыру ұосымша көздер тартылк арқылы іске асырылуы мүмкін, яғни білім беру мекемесінің өзінің кәсіпкерлік іс әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіпиік білім беру мекемелеріне бюджеттік құралдардан тыс қосымша ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:
• ғылыми-зерттеулік, өнеркәсіптік, онсалтингтік, сертификаттық іс әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;
• мемлекеттік билік мен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен, басқа заңды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрлар даярлау, қайта даярлау мен персоналдың біліктілігін көтеру;
• шеиел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалыптастыру;
• оқу оындарының әлеуметті инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы пайдалануға өту.
Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айтакетсек – ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халыөаралыө ынтымаөтастыө бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелеріне берілетін құралдар....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру