Музыка | Сыныптан тыс музыкалық білім беру

 Музыка | Сыныптан тыс музыкалық білім беру

Мазмұны

К і р і с п е.............................................................................................................

I тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім берудің педагогикалық негізі......

II тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім беру әдістемесі..........................

Қорытынды.........................................................................................................
Әдебиеттері тізімі...............................................................................................
Қосымшалар

Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жџгі мол. Әрине, бұл жолда оқу–тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дџниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мџғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сџйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс тџсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық тџрі – сыныптан тыс тәрбие жұмыстары. Бұл мәселелерді зеттеуші педагогтарымыз А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Г.Аргажникова, Д.Б.Кобалевский, Р.Р.Жәрдемалиева, Қ.М.Меңдаяқова, З.Абиевалардың және т.б. өз еңбектерінде кеңінен қарастырған.
Дегенмен сыныптан тыс жасалатын жұмыстар жан-жақты талданылғанымен, уақыт ағымына, оқушылар қызығушылығына сай бұл іс-шаралардың тџрлерін толықтыра, оқу-тәрбие процесіне ендіру қажеттілігіне сезілуде. Осыған байланысты біз өзіміздің зерттеуіміздің тақырыбын айқындадық.
Зеттеудің мақсаты – сыныптан тыс жџргізілетін жұмыстар арқылы музықалық білім беруге тигізетін қолайлы жағдайды анықтау.
Зерттеу нысаны – мектеп оқушыларымен жџргізілген оқу-тәрбие џрдісі. Зерттеу пәні –музыкалық білім беру жолдары мен әдістері.
Зерттеудің міндеттері – сыныптан тыс музыкалық білім беру туралы мағлұмат беру оны оқу-тәрбие процесіне енгізу.
Әдіснамалық негізі – ғалым ұстаздардың музыка, психология, педагогика, музыкатану, музыкалық білім беру саласындағы сыныптан тыс жұмысқа қатысты ұсынған теориялары, әдістері.
- әдебиеттерді теориялық талдау;
- арнаулы тапсырмалар;
- өзіміздің жинақтаған іс-тәжірибемізді қорытындылау.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы – лекция-концерттерді, арнаулы мерекелік кештерді таным құралы ретінде енгізудің тиімділігін көрсете, әдістемесін ұсыну.
Зерттеу базасы: С.Сауранбаев атындағы орта мектеп. Диплом жұмысы кіріспе,екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.

I тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім берудің педагогикалық негізі

Бџгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде оқу-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Әр халықтың тарихы, ұлттық дәстџрлері бџкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады. Қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жџйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен тџсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сондықтан білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге џйрету, дџниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті, музыкалық талғамды бойына дарыту көзделіп отыр. Ал білім мазмұны – жеке ұрпаққа музыкалық эстетикалық білім-тәрбие беру ісініің мазмұнын тәрбиелеуге батыл шығармашылықпен кірісу мәселесі іспетті.
Білім мазмұны деп- жеке адамның ой- өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік - имандылық қаситтерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез- құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстџрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сџруге дайындайтын ғылыми- білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жџйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.
Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, ал тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезім, мінез –құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Байқап отырғанымыздай, халыққа білім беру қызметкерлерінің, яғни мұғалім соның ішінде музыка пәні мұғалімінің алдында жас ұрпаққа музыкалық, эстетикалық білім - тәрбие беру ісінің мазмұнын тәрбиелеуге батыл, шығармашылықпен кірісу мәселесі тұр.
Тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық џйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек џстел басындағы сұхбат, тақырыптық, кештер, кездесулер, айтыстар, пікірсайыстар, атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар, білімділер, өнерлілер, іскерлер сайысы, ғылыми- шығармашылық қоғамдар, достық-танымдық сапарлар, саяхаттар т.б. ұйымдастырылады. Сонымен, оқыту процесін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі, саналы іс-әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады.
Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл- ойы, талап- тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мџмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, џлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жџргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол џнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт тџрлі әлеуметтік кџштің бірлескен жұмысы арқылы жџзеге аспақ: отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы кџштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын–музыка мұғалімі.
Музыкалық білім беру дегеніміз- музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, кџнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, тџсініп бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге џйрету. Музыкалық білім берудің мақсаты - әр адамның ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым- қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Эстетикалық тәрбие жан- жақты дамыған, еңбек сџйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті жастарды тәрбиелеудің басты бір саласы.
Музыкалық білім - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың сұлулығын тану кезінде, адамдармен қарым- қатынас џстінде тәрбиеленеді. Өскелең ұрпаққа музыкалық білім берудегі біздің алдымыздағы ең басты міндет - оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын тџсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және тәрбиелік кџші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мџмкіндіктерін жақсы пайдалану қажет. Музыкалық тағылым мен эстетикалық тәлім- тәрбие беру жөнінде көптеген айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде оның тџрлері, ұйымдастыру әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және басқалардың зерттеулеріне көрініс тапты. Бџгінгі таңда оқушылардың музыкалық- эстетикалық білім беру, тәрбие мәселесі Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов, М.Балтабаев т.б еңбектеріне елеулі орын алған. Ал мектеп сахнасына арналған тәрбие жұмыстарының әр тџрлі формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр тџрлі тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және сынып сағаттарына сценарийлер жазып жинақтаған көптеген ақын жазушыларымызды атауға болады. Солардың ішінде Ә.Табылдиев, оның “Тәрбие очерктері”, “Көңілді кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың ”Мектеп кеші көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жџзер” т.б. жинақтарын айта кетуге болады. Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертеңгіліктердің , мектеп сахнасына арналған сценарийлердің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы жақтарымен оқушылар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған ел мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің қалыптасуына көмектеседі. Жеткіншек ұрпаққа музыкалық білім беру мәселелері бойынша материалдарда бџгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына қарамастан бұл проблеманың көптеген жџйелері әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер қазақ халқының музыка өнерін игеруде сабақ пен сыныптан тыс әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге тартуда қазақ музыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты бағытталған әдіс- тәсілдермен жџзеге асырылса, онда оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты әртџрлі жџйелерде пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізініде жұмыстар жџргізу, онда жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру, музыкалық тәрбие беруде бағалы жолдары болып табылады.
Ғалымдар эстетикалық білім беруді қоғамдық - мәдени өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің алдыңғы қатарлы дәстџрі мен тәжірибесіне сџйенеді. Әсемдік болмыста объективті тџрде өмір сџреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты.
Музыкалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысынан бастау жан- жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.

Музыкалық білім берудің міндеттері :
1. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын жџйелі тџрде дамыту. Осының негізінде қоғамдық өмір мен айналаны терең таныту және олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру. Олардың зейінін өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың тәртібі мен іс-әркетіндегі, тал бойындағы әсемдікті көре білуге аудару, өмірдегі шын әдемілікті жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға џйрету.
2. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық тџсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу, әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына бірге қуанып, бірге қайғырып әсерленуін, көңіл- кџйінің толқуын дамыту.
3. Оқушылардың көркемдік талғамын тәрбиелеу. Оларды жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөрекілікті, бір тџстілік пен ала-құлалықты ажырата білуге, өлең, ән, музыка, бейнелеу өнері шығармаларының не себептен ұнамайтынын аңғара білуге џйрету.
Музыкалық-эстетикалық талғам-өте кең тџсінік. Ол өнер шығармаларын тџсініп, нәр алу ғана емес, сонымен қатар табиғаттың, өмірдің, еңбектің, тұрмыстың, киімнің әсемдігін тџсіну және бағалай білу.
4. Оқушылардың кџшіне сай өзін өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға қажетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу, көркемдік- шығармашылық қабілетін дамыту.
5. Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің тағы бір мәнді міндеті жас ұрпақты жас ерекшелігіне қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға , молайтуға џйрету. Табиғаттағы әсемдікті өнердегі көрсеткіштер - ескерткіштер мен сәулет өнері туындыларын көзінің қарашағындай етіп аялауға баулу. Бұл адам еңбегін бағалауға, Отан, табиғат байлығын ұқыпты қарауға џйрету.
Музыка пәні мұғалімінің кџделікті тәрбие жұмысында төмендегі міндеттер көрініс табуы тиіс:
Оқушылардың жалпы мәдениетін көтеру қазақ халқының озық салт-дәстџрлері рухында тәрбиелеп, дџниетанымының дербестігін, мінез-құлқын жетілдіру көзделеді. Оқыту процесі сияқты тәрбие жұмысы да белгілі ұстанымдар негізінде жџргізіледі. Тәрбие ұстанымдары және тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімдерге және ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәжірибеге және ғылыми педагогикаға сџйенеді. Бұл ұстанымдардың идеялық негізі мектептің өмірмен тәжірибемен еңбекпен байланысына сай Әл-Фарабидың айтуынша: «Музыка теориясының негізгі принциптерін тек тџйсік тәжірибе арқылы білуга болады», - дегендей ғылыми педагогика мен халық педагогикасындағы тәжірибеде тексеріліп кеңейтілгені, музыка мұғалімінің сыныптан тыс жұмысын тиімді де нәтижелі атқаруына көп ықпалын тигізеді.
Мақсаттылық принципі. Оның мағынасы – тәрбие жұмыстары қоғамның жалпы мақсатына байланысты. Бұл ұстаным музыка пәні мұғалімінің өз жұмысының мақсатын дәл тџсінуді, тәрбие мазмұнын, тџрлерін, әдістерін дұрыс таңдап ала білуді талап етеді де, тәрбиені қоғамның идеологиясы рухында ұйымдастыруды қажет етеді.
Мақсаттылық принципі- тәрбие жџйесіндегі басты принцип болып есептеледі.
Тәрбиеде бұл принципті ескеру жастарға қанат бітіріп џйлесімді дамуына жол ашады, бағдар беретін халықтық педагогика баяғыдан отбасындағы, ауыл- аймақтағы бала тәрбиесінде басшылыққа алып отырған.
Тәрбиенің өмірмен,еңбекпен, тәжірибемен байланысты болу принципі. Бұл мақсаттылық принципінен туындайды. Халықтық педагогикада тәрбие өмір сџрген ортасын, ауыл –аймақта, отбасында іске асырылып, ата-ананың, ақылды қариялар мен әже, аналардың, ағалардың, есті џлкендердің џлгі- өнегесімен , кеңес- басшылығымен іске асырылады. Дұрыс тәрбиенің нәтижесі өмір сџру барысында еңбек џстінде көрініс табады.
Ұжымда тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мәні- жеке адамға ұжымның оң ықпалын, ұжымға жеке тұлғаның ықпалын, дұрыс қатынасын қалыптастыру. Ұжыммен жұмыс істеу жастармен жеке тәрбие жұмысын жџргізуді жоққа шығармайды. Тәрбие міндеті ұжымның оқушыға оң қатынасын тудыру емес, оқушының ұжымға жақсы қатынасын да қалыптастыру. Оқушыны ұжымға тарту ғана емес, оның ұжым мџшесі болуға талпыну тілегін тудыру, көпшілік мақсаты џшін кџресу сезімін тәрбиелеу. Бұл принцип халықтық педагогикада :”Ісім жақсы деме, көпке ойлат”, “Ұлға отыз џйден тыю, қызға қырық џйден тию”,” Жұмыла көтерген жџк жеңіл”,”Ақылды ауыл аймақты келер”,”Тентегін тиған ел берекелі”,”Елі џшін басы ауырып, балтыры сыздайтын азамат” етіп қалыптастыратынын атап көрсеткен.
Белсенділік принципі. Әрекетке ықтиярлы талпыну жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі болып табылады. Тәрбие ісі- екі жақты процесс: тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенділігін қажет етеді.
Тәрбие ісінде жастар, оқушылар кџш жұмсап, белсенді қатысқанда ғана нәтижелі болады. Халық педагогикасында :”Болатын бала пысық”, ”Бала кџлкіге тоймас, болбыр ұйқыға толмас”, ”Еріншектің ертеңі бітпес”,”Ештеңе сұрамайтын адам өмірден де ештеңе џйренбейді”, ”Болар бала бесігінде жұлқынар, болар құлын желісінде жұлқынар”- деп енжарлықтың нашар қасиет екенін , өмірде белсенді жастардың ықпалы зор болатынын дәлелдеген. Тәрбие сөзсіз өзін- өзі тәрбиелеумен ұштасады, бірақ ол өзінен- өзі іске аспайды, тәлім- тәрбие мазмұнының беретін бағыт- бағдарына, баланың өскен ортасына байланысты екенін “Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол”,- деп тџйіндеген. Жеке тұлғаны құрметтеу және жоғары талап қою принципі. А.С.Макаренко адамды мейлінше құрметтеу, мейлінше мол талап қоюды ұсынған. Құрметтеу де, талап ету де, оның кісілігіне сену, қамқорлық жасау, оқушының бойындағы жақсы қасиеттерінің, қабілеттерінің дамуына тірек болады. Құрметтеу мен талап қою бір-бірімен байланысты. Құрметтеу жастарға қамқорлықпен назар аудару, көмектесу, сезімталдықпен, ілтипатты қарым- қатынас жасауда көрінеді. Ал талап қою- адамды қарым- қатынастың екінші жағы, оқушының кџшін ескеріп, мақсатты , жџйелі, табанды тџрде талап қойып, тапсырманы орындауын қадағалау, бағалау.
Қазақ халқы ежелден жастар тәрбиесіне ұқыптылықпен қарап : “Ақырып айтқаннан , ақырып айтқан артық”,”Құрмет етсең, құрмет көрерсің”,”Џлкенге ізет,жасқа жол”,”Өсер жастың алдын кеспе”,- деп болашағына џміт арту,сыйлау керектігін меңзеген.Сол сияқты “Атадан жақсы ұл туса екен, ата жолын қуса екен”,”Тең құрбыңна кем болсаң, көрінгенге жем боласың”,”Ұлың өссе Кџндей болсын деп тіле, қызың өссе, Гџлдей болсын деп тіле” т.б. деп жастарға ақылды ,өжет,ел қамын ойлайтын ер,жайсаң, азамат бол деп талап –тілек қойып отырған.
Оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру принципі. Тұтас дамуына ықпал ету. Музыка пәні мұғалімі ең алдымен ұжымдық қатынасты қалыптастырудың ерекшелігін, оқушылардың жас арасындағы өзгешелігі,мен байланысын біліп, оны сынып ұжымының дамуымен бірлікте қарайды. Оқушыны ұжымнан бөліп ерекшелеп те, ал ұжымды жеке адамдардың өзіндік ерекшелігі жоқ “тобыр” деп те қарауға болмайды. Музыка пәні мұғалімі әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жџйке- жџйесінің қызметін, мінез- құлқын, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін негізге алуы ,сөйтіп әр тұлғаға жеке ықпал етуі абзал
Бұл принцип халықтық педагогикада да ескерілген : “Жаманнан жақсы туады, атасын айтсаң – нанғысыз, Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. ”, “Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу” – деп әр адамның жеке ерекшелігі,мінез –құлқы, ақыл- парасаты, қабілеті әр қилы екенін, сондықтан тәрбиеде әр балаға жеке келу қажеттілігн танытады. Соынмен бірге тәрбие жұмысында жас ерекшелігін ескеру керектігін:”Баланы бес жасқа дейін- патшадай қара, он жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңа бала”,- деп бағдар берген.
Тәрбиенің біртұтастығы, бірізділігі, жџйелілігі, џздіксіз принципі.Тәрбие- џздіксіз іске асырылатын біртұтас прицип.Жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін џзік- џзік, бөлек- бөлек тәрбиелеуге болмайды .(А.С.Макаренко өйткені тәрбиенің біртұтастығы, жџйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен , оқыту мен тәрбиелеудің және тәрбие бағыттарының арасындағы өзара логикалық байланыс кешенді жџргізуді талап етеді.
Халық бала дџниеге келгенде әр тџрлі ішкі кџшпен,мџмкіндікпен, қабілетпен типпен, темпераментпен, жџйе- жџйесіне келетінін :
“Бір бала атаға жете туады,
Бір бала атадан өте туады,
Бір бала кейін кете туады”,
дейді, осыған орай әр баланың даму дәрежесі, мінез- құлқы сан қилы болып қалыптасады. “Жетесінде жоқ жете сыйламайды”, ”Тентекке-келтек”, ”Көргенсіз бала көкірек”, ”Ана алдында – құрмет,ата алдында- қызмет”, ”Арсыз болса, қыз қорлық” сияқты қағидалар, әр тџрлі мінезді болып дамып келе жатқан жастарды тәрбиелеудің жолдарын, әдіс- тәсілдерін таңдап қолдану керектігін меңзейді. Сондықтан да оқу- тәрбие процесінде жеке тұлға, білім беру, дамыту, тәрбиелеу қатар жџргізіледі. Бұны іске асырудың шарты- ата- аналар мен педагогтардың оқушыларға қоятын талабының бірлігі. Оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы мен бірізіділігі , оқу, тәрбие мазмұны мен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларға жоспармен , жџйелі, џздіксіз ықпал ету арқылы шешіледі.
Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны орындаудың бірізді жџйесі жасалғанымен, музыка пәні мұғалімі тәрбиелудің негізігі әдістері мен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса , тәрбиені іске асыра алмайды.
Әдіс - алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері- тәрбие міндеттеріне жету џшін жасалған музыка пәні мұғалімі мен тәрбиеленушілер ұжымының өзара байланыс әрекеттерінің жолы. Егер тәрбие әдісі дұрыс таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі баийды, мінез- құлқы, қажетті әдет- дағдылары, іскерліктері қалыптасады. Сонымен оқушыларды тәрбиелеу әдісі- оқушылар мен музыка пәні мұғалімі өзара байланысты әрекеттерінің кџрделі комплексі. Әрбір әдіс оқушылардың сезіміне, санасына ықпал ететін музыка пәні мұғалімі қолындағы құрал ретінде көрінеді. Оқу-тәрбие әдістері нің бәрі бір- бірімен өзара тығыз байланысты, оларды классификациялау тек шартты тџрде болмақ.
Музыкалық-тәрбие ісі сан тџрлі формада ұйымдастырылуы мџмкін. Оны ұйымдастыру формасы кең мағынада және тар мағынада тџсініледі. Кең мағынадағы музыкалық-тәрбие жұмысының формасы тәрбие жұмысының тұтас ұйымдастырылуымен сипатталады: оқыту процесінде тәрбиелеу, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда тәрбиелеу, отбасында тәрбиелеу формасы тџгел қамтылады. Тәрбие процесінде сынып оқушылары тџгел қатысуы, қатыспауы, тџгел ұйымдастырылуы, топпен және жеке ұйымдастырылуы ғылыми негізде, педагогикалық әдебиеттерде қалыптасқан және кең тараған. Соңғы жылдары музыкалық-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары көрініс тапты : әр тџрлі клубтар, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеті, мектептегі көркем - өнер театры, кино студиялар, алқалы жиындар т.б жарыстар (“Ал, қанеки қыздар!”, ”Өнерпаздар жарысы”, ”Алтын сақа”, ”Мамандықты қорғау”, ”Ән жарысы” т.б.). Тәрбие сияқты кџрделі процесте бір формамен шектеліп, қанағаттануға болмайды немесе кез келген өмірдегі жағдайға байланысты тәрбиенің жаңа формасын қолдана беруге де болмайды. Қандай жаңа болса да, дайын бір ғана тәрбие формасы арқылы жас ұрпақты баулудың барлық мәселелерін шешуі мџмкін емес, сондықтан аталған тәрбие формалары џнемі бір- бірімен алмастырылып, кезектесіп ұйымдастырылады.
Еліміздегі көптеген мамандық иелерінің жеке тұлғасының “Сегіз қырлы, бір сырлы” дамуы алдымен сабақ процесінде (Әр тџрлі пәндерді оқу џстінде) іске асса, ал сыныптан тыс кездерде тәлім- тәрбиенің өзге формалары қолдану арқылы тџрлене тџседі.
Музыкалық білім беру жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:
1.Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жџргізілетін жұмыстар бірімен - бірі тығыз байланысты, кешенді тұрғыда, бірін- бірі толықтыра , бірізді , жџйелі жџргізілуі тиіс.
2.Адамды тәрбиелеу џшін оны жан- жақты тџгел зерттеп, психофизио
логиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мџмкіндігін біліп, оған жеке- дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
3. Ммузыкалық - тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін тџгел тескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.
4. Жеке адамға ықпал ету әдістерін таңдағанда оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.
Осы аталған тәрбие шарттары мен принциптерін ескеру, тәрбие әдістері мен формаларын дұрыс таңдау музыка мұғалімінің сыныптан тыс жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Музыка мұғалімі өз жұмысының арттыру џшін музыкалық оқу-тәрбие жұмысының ерекшелігі мен қиыншылығын білуі тиіс.
Бірінші ерекшелігі- тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі.Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, жұртшылық сияқты әлеуметтік кџштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.
Екінші ерекшелігі- тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленді, тәрбиеде тез табысқа жету мџмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай - талмай, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жџргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Џшінші ерекшелігі- тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.
1-сатыда: Отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез- құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.
2-сатыда: Этикалық тџсініктерді меңгеріп, кџрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: Дџниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, кџрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңдеп дамуы іске асады.
Бұл сатылар арасанда шек болмайды, бір- бірімен тығыз байланыста өрбиді.
Төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасында,тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте кџрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып тџсіндірілуі.
Бесінші ерекшелігі- тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Музыка пәні мұғалімінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен , ниетімен ,өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи џйлестік табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде де, музыка пәні мұғалімі де, оқушылар да белсенділік көрсетуі тиіс.
Алтыншы ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің кџшті болуының мәні зор .А.С.Макаренко “Тәрбие беру жұмысы ең алдымен ,ұйымдастырушының жұмысы” деп бекер айтпаған . Музыка пәні мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті зор болғанда ғана жеке оқушыларға ықпал етіп ,оқушылар ұжымының қарым – қатынасынын жолға қойып жұмылдыра алады .
Жетінші ерекшелігі- тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. (Жазбаша бақылау, шығарма, мазмұндама, ауызша сұрау, есеп алу т.б.) ал қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау қиын.
Сегізінші ерекшелігі- тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет.Бџгін мен мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы.
Бџгінгі жақын мақсат- болашақтағы ортаңғы және алыс мақсатқа жетудің негізі. Бџгінгі оқушы- ертеңгі азамат, маман, қоғамдағы дамытушы, алға апарушы, қоғам иесі.
Музыкалық-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың аталған ерекшеліктерімен қатар, өзіндік қиыншылықтары да бар. Атап айтсақ:
а) тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады.Оқу белгілі уақытта,сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие жұмысының уақытын музыка пәні мұғалімінің оқушылардың бос уақытын есепке алып өзі белгілейді.
ә) тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпылама жасалған, ал оқу процесінде әр пәннің жеке- жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мџмкіндік бермейді.Тәрбие салаларына байланысты тақырыпқа бөлініп жасалған бағдарлама, бағдарламаға байланысты құрастырылған хрестоматиялық жинақтар, әдістемелік құралдар тапшы.
б) тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, музыка пәні мұғалімі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып иснцинировка , жоспар жасайды. Бұл біріншіден музыка пәні мұғалімінің қыруар уақытын алса, екіншіден кџрделі, жан- жақты еңбекті талап етеді.
Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар музыка пәні мұғалімінен сан – салалы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.Өйткені, ол әр оқушының жеке басы қасиеттерін және сынып ұжымын зерттеп таниды. Тәрбие құралдары мен әдістерін таңдайды, сол арқылы олардың жеке дамуын, ұжымға бірігуін, ынтымағын, татулығын қамтамасыз етеді. Осы орайда, музыка пәні мұғалімі тәрбиені кешенді жџргізуге тырысады. Оның мәні - тәрбие ісінде мақсат, міндет, мазмұн, әдіс- тәсіл тџрлерінің бірілігігн сақтау, тәрбиені жоспарлау, есепке алу, нәтижесін ескеру, сана-сезімге, мінез- құлыққа бірдей тұтас ықпал ету, тәрбиелеу, тәрбиеде барлық әлеуметтік кџштердің бірілігін қамтамасыз етеді. Демек, тәрбиені кешенді жџргізу тәрбиеге бір жақты келуден, жџйесіздіктен құтқарады.
Халқымыздың ұлы перзенті Абайдың “Артыңа із қалдырғың келсе, кейінгі ұрпаққа білім нұрын сеп, білімге тәрбиелеу, болашағымызды өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап, тарихын терең тџсінетін болсын” деген өсиеті де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелудің қажеттігі мен маңыздылығын дәлелдейді. Бџгінгі оқушы, тәрбиеленуші- ертеңгі дџние тұтқасын ұстап, халық мәдениетін көтеретін азамат. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру