Музыка | Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру
Мазмұны
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік - педагогикалық мәні.
1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.
1.2. Оқушыларды музыкалық мәдениетпен таныстырудағы сыныптан тыс
жасалатын жұмыстардың түрлері.
II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың экспериментті ізденісі.
2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын жоспарлау және талдау.
2.2. Оқушылармен лекция - концерт өткізу үлгісі.
Қорытынды.
Әдебиеттері тізімі.
Қосымшалар.
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік – педагогикалық
мәні.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға , жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты делінген. Құжаттардағы аталған пікірлерге орай, қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдеріне дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім- тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан “Білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында” білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр.
Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезім, мінез –құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Байқап отырғанымыздай, халыққа білім беру қызметкерлерінің, яғни мұғалім соның ішінде музыка пәні мұғалімінің алдында жас ұрпаққа эстетикалық білім - тәрбие беру ісінің мазмұнын тәрбиелеуге батыл, шығармашылықпен кірісу мәселесі тұр.
Білім мазмұны жеке тұлғаны жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу, тәжірибені меңгерту үшін қызмет етеді.
Білім мазмұны деп- жеке адамның ой- өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік - имандылық қаситтерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез- құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сүруге дайындайтын ғылыми- білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жүйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.
Тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық үйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек үстел басындағы сұхбат, тақырыптық, кештер, кездесулер, айтыстар, пікірсайыстар, атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар, білімділер, өнерлілер, іскерлер сайысы, ғылыми- шығармашылық қоғамдар, бірлестіктер достық- танымдық сапарлар, саяхаттар т.б. ұйымдастырылады. Сонымен, оқыту процесін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі, саналы іс -әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезімі мен мінез- құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады.
Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл- ойы, талап- тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол үнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт түрлі әлеуметтік күштің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге аспақ : отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы күштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын –музыка мұғалімі.
“ Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді“ (Ғ.Мүсірепов ), сондықтан болашақ педагогтарда орта арнаулы және жоғары мектеп қабырғасында тәрбие құралы болып табылатын ана тілінің кәусарына қандырып, ұлт әдебиеті мен өнері туындыларына қанықтырып халықтық педагогиканы және халық музыкасын бойына сіңірту жағдайында ғана оқу- тәрбие жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Оқу- тәрбие жұмысының мазмұндылығын қамтамасыз ету үшін топқа сабақ беретін мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді. Оқу көмегін ұйымдастырады.
Оқушыларға мектеп пен отбасы тарапынан қойылатын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз етіп, ата- аналарымен байланыс жасап отырады. Сонымен бірге оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай туғызып, үлгерімі мен сабаққа қатысына қамқор болып, мінез- құлқын, тәртібін адамгершілік қасиеттерін дамытатын шараларды жүзеге асырады, болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін, дұрыс қатынасын қалыптастырады.
Музыка пәні мұғалімі оқушыларға музыкалық білім берумен қатар,
жан- жақты дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетіні жұмыстар арқылы үздіксіз ықпал етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың табысты болуы оны іске асыратын музыка пәні мұғаліміне және оқушылардың қабылдауы мен белсенділігіне байланысты. Олай болса, музыка пәні мұғалімінің жеке басы қабілетіне, жұмыс істеу ынтасына жоғары талап қойылады. Ол талаптарға теориялық, тәжірибелік дайындығының болуы, рухани байлығы, педагогикалық білімі мен біліктілігі т.б. жатады. Бұл талап музыка пәні мұғалімінің өзін- өзі тәрбиелеу процесінде жеке басының қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетудің құпияларын игеруін қажет етеді.
1.1.б)Тәрбие жұмысының ерекшелігі мен қиыншылығы.
Бірінші ерекшелігі- тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі.Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.
Екінші ерекшелігі- тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленді, тәрбиеде тез табысқа жету мүмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай - талмай, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелігі- тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.
1-сатыда: Отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез- құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.
2-сатыда:Этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: Дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңдеп дамуы іске асады.
Бұл сатылар арасанда шек болмайды, бір- бірімен тығыз байланыста өрбиді.
Төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасында,тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып түсіндірілуі.
Бесінші ерекшелігі- тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Музыка пәні мұғалімінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен , ниетімен ,өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлестік табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде де, музыка пәні мұғалімі де, оқушылар да белсенділік көрсетуі тиіс.
Алтыншы ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор .А.С.Макаренко “Тәрбие беру жұмысы ең алдымен ,ұйымдастырушының жұмысы” деп бекер айтпаған . Музыка пәні мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті зор болғанда ғана жеке оқушыларға ықпал етіп ,оқушылар ұжымының қарым – қатынасынын жолға қойып жұмылдыра алады .
Жетінші ерекшелігі- тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. (Жазбаша бақылау, шығарма, мазмұндама, ауызша сұрау, есеп алу т.б.) ал қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау қиын.
Сегізінші ерекшелігі- тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет.Бүгін мен мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы.
Бүгінгі жақын мақсат- болашақтағы ортаңғы және алыс мақсатқа жетудің негізі. Бүгінгі оқушы- ертеңгі азамат, маман, қоғамдағы дамытушы, алға апарушы, қоғам иесі.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың аталған ерекшеліктерімен қатар, өзіндік қиыншылықтары да бар.Атап айтсақ:
а).тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады.Оқу белгілі уақытта,сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие жұмысының уақытын музыка пәні мұғалімінің оқушылардың бос уақытын есепке алып өзі белгілейді.
ә).тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпылама жасалған, ал оқу процесінде әр пәннің жеке- жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді.Тәрбие салаларына байланысты тақырыпқа бөлініп жасалған бағдарлама, бағдарламаға байланысты құрастырылған хрестоматиялық жинақтар, әдістемелік құралдар тапшы.
б).тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, музыка пәні мұғалімі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып иснцинировка , жоспар жасайды. Бұл біріншіден музыка пәні мұғалімінің қыруар уақытын алса, екіншіден күрделі, жан- жақты еңбекті талап етеді.
Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар музыка пәні мұғалімінен сан – салалы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.Өйткені, ол әр оқушының жеке басы қасиеттерін және сынып ұжымын зерттеп таниды. Тәрбие құралдары мен әдістерін таңдайды, сол арқылы олардың жеке дамуын, ұжымға бірігуін, ынтымағын, татулығын қамтамасыз етеді. Осы орайда, музыка пәні мұғалімі тәрбиені кешенді жүргізуге тырысады. Оның мәні - тәрбие ісінде мақсат, міндет, мазмұн, әдіс- тәсіл түрлерінің бірілігігн сақтау, тәрбиені жоспарлау, есепке алу, нәтижесін ескеру, сана-сезімге, мінез- құлыққа бірдей тұтас ықпал ету, тәрбиелеу, тәрбиеде барлық әлеуметтік күштердің бірілігін қамтамасыз етеді. Демек, тәрбиені кешенді жүргізу тәрбиеге бір жақты келуден, жүйесіздіктен құтқарады.
Тән тәрбиесі .
Жеке тұлғаны жан- жақты дамытуда тәр тәрбиесі мен жан тәрбиесі ерекше орын алады. Олай дейтін себебі, адамзат қоғамы сан ғасырлардан бері жинақталған рухани және материалдық байлықты игеру, тәні, жаны таза, дені сау азаматтың қолынан келеді. “Денің сау болса жарлымын деме”,”Басы аманның- жаны сау”, “Тәні саудың- жаны сау” дейді халық педагоикасы. Бұл қағидалар жас ұрпақты дені сау, тәні таза, дене мүсіні сұлу, ақыл- ой толық дамыған, адамгершілік қасиеттері жоғары, табанды батыл, қайратты, ел қорғауға, еңбек етуге дайын етіп қалыптастыруды көздейді.
Тән - тәрбиесінің негізгі мақсат- міндеттері - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайтуға қамқорлық жасау,өмір тіршілігіне қажетті икемді қимыл әрекетке жаттықтыру, күш қуатын молайту, мәдени- тазалық дағдыларына баулу болып табылады. Дұрыс қойылған тән тәрбиесі әдейі ұйымдастырылған оқу, тәрбие жұмысы арқылы жас ұрпақтың дұрыс дамуына қолайлы жағдай жасап, денесін шынықтырады.
Тән тәрбиесі бүкіл организмнің қызметін дамыту үшін ғана қолайлы жағдай жасап қоймайды, ақыл- ойы шалымды, денсаулығы мықты, төзімді, жүйкесі берік болып жетілуіне , дене еңбегі мен ақыл- ой еңбегіне бейім болып қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
Халық педагогикасында денені шынықтырудың төс тоғыстыру, иық қағысу,маңдай сүзістіру,бел күшін сынау, соқыр теке, қыз қуу т.б және спорттық ойындарда бейсбол, волейбол, күрес, хоккей, шахмет, дойбы т.б. жарыстарда іске асырлады. Бұлар жастардың денесін шынықтырып, шымырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, еңбек қабілетттілігіне баулиды.
Дене тәрбиесі өзге тәрбие бағыттарымен тығыз байланыста жүреді, бірін- бірі толықтыра отырып жүргізіледі. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Музыка дипломдық жұмыстар, Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру