Кәсіби оқыту | Ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі

 Кәсіби оқыту | Ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ........................................................
Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны ...........................................
Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары..........................
Кәсіптік оқыту әдістемесі.......................................................................

ЖОБАЛАНАТЫН ОБЪЕКТІНІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ...........
Шығармашылық ізденістерді талдау.....................................................
Жобаланатын объектіге қойылатын талаптар.......................................
Объект үлгілерінің модификациясын жасау.........................................
Материалдарды негіздеу және таңдау...................................................
Материалдардың сипаттамасы...............................................................
Конфекциондық карта.............................................................................

ӨҢДЕУ ӘДІСІ МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ТАҢДАУ..................................
Өңдеу тәртібі............................................................................................
Құралдардың сипаттамасы және таңдау...............................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2].
Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.
Бұл зерттеулердің біз үшін халықтық құндылығы сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды еңбеке баулуда және оны жүзеге асыруда, ұлттық тәрбие беруде, мектеп оқушыларының ой- қиялын дамытуда, ұлттық талғамын қалыптастыруда жетекші құрал және зерттеу мәселемізге тірек бола алатындығында.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ тәрбиесіндегі халықтың құнды ой- пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады және ондағы адамгершілік, эстетикалық ұлттық тәрбие берудің әдіс- тәсілдері баяндалып, олардың қазіргі жағдайдағы тағылымдық мәні сараланып сипатталады. Әйтсе де, қазақтың сәндік - қолданбалы өнер туындыларын мектептерде бала еңбегінде пайдалануға байланысты іргелі зерттеулер аз. еңбектерінде көрсеткенін атауға болады. Алайда, мектеп жағдайында технология сабақтарында сәндік- қолданбалы өнерді оқытып үйрету арқылы оқушыларды еңбекке баулу оларға ұлттық тәрбие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасағанда талдау бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа дейін оның оқу-тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетеді.
Бұның бәрі біз көтеріп отырған сыныптың еңбекке баулу, бейнелеу өнері, технология сияқты сабақтарда оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқытып, үйрету арқылы ұлттық тәрбие беру, еңбекке баулуды жүзеге асыру жан-жақты шешімі әлі де болса табылмаған мәселе екендігін айғақтайды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулуға барынша дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педагогикалық теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арқасында қарама-қайшылық айқын көрінеді. Сәндік - қолданбалы өнердің педагогикалық ғылымда оқушы тұлғасын қалыптастыру мен ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің әліде жан-жақты толық зерттелуі қажеттілігімен пайда болған қайшылық негізінде сынып оқушыларына еңбекке баулу, бейнелеу өнері, технология т.б сабақтарда сәндік- қолданбалы өнерді оқыта отырып оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмысын диплом жұмысымның негізгі мәселесі екендігін туғызды. Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы мен мектеп бағдарламасына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-теориялық тұрғыдан шешімін табу менің дипломдық зерттеу жұмысымның тақырыбын «Оқушыларға технология сабағында сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру»-деп алуыма негіз болды. Оқушыларға еңбекке баулу, бейнелеу өнері, т.б. сабақтарда сәндік сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық дәстүрде ою-өрнектерді қолдана отырып сабақ беру күрделі үрдіс болғандықтан, оны білім берудің барлық сатысында салыстыра талдамай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мәселемізді кіші, орта буын аралығындағы сыныптар үшін бөліп қарастыруды жөн көрдім.
Диплом жұмысының мақсаты. Оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселерді ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны. Орта буын сынып оқушыларына технология сабағында сәндік-қолданбалы өнерді қолдана ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі отырып сабақ беру үрдісінде ұлттық тәлім-тәрбие беруді пайдалану.
Зерттеу пәні - орта буын оқушыларын технология сабақтарында оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы Егер, мектептерде этнопедагогика принципіне негізделген сәндік-қолданбалы өнер арқылы орта буын оқушыларын еңбекке баулуды жүзеге асыра берудің педогикалық мәні ашылып, оқу -тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса; еңбеке баулу, технология пәндерінің оқыту ерекшеліктеріне сәйкес сабақта оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытуда сәндік қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесі, оқушылардың іс- әрекеттері сәндік қолданбалы өнерді –меңгеруге бағытталса оның ішінде ою-өрнектердің элементтерін әрбір сабақта қолданса, онда оқушыларға технология сабағында оқушыларды еңбекке баулуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүрде тәрбие беру тиімді болады және ой- өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері, еңбекқорлығы, төзімділік қалыптасады деп есептеймін
Зерттеудің міндеттері. Оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы түрлі салт-дәстүр мен тарихи мұраларды, ою-өрнектерді сабақта қолданудың аясы ашылып теориялық негізін, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттарын ашу;
-«оқу, білім- тәрбие» жүйесіндегі еңбекке баулу сәндік-қолданбалы өнер арқылы өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларды технология сабағында жүзеге асырудың педагогикалық мазмұнын айқындау;
-Орта буын сыныптардың сабағында сәндік- қолданбалы өнерді оқыту арқылы оқушыларды еңбеке балудың үлгісін жасау, оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну және негіздеу; сынып оқушыларына сәндік қолданбалы өнер арқылы технология сабағында ұлттық дәстүр арқылы тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау, зерттеу нәтижесіне негізделген оқушыларға ұлттық дәстүр арқылы тәрбие беруді, еңбекке тәрбиелеуді жетілдіруге ықпал ететін ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын дайындау.
Дипломдық жұмысының әдістамалық-теориялық негіздері Сынып оқушыларына сәндік қолданбалы өнер арқылы еңбекке тәрбиелеу, дүниеге, қоғам жөніндегі түсініктерін ұлғайтады ой- өрісін, рухани талғамы мен танымын қалыптастырып, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейді. Сынып оқушыларына технология сабағында сәндік қолданбалы өнер арқылы еңбеке баулуды жүзеге асыру жолдарын анықтау, ұлттық талғамын қалыптастыру, оқушылардың елжандылығын халықтық мұра құндылықтарын бағалауы мен тани білу қабілетін арттыруға, еңбекқорлығын арттыруға, шеберлігін шыңдай түсуге әсер етеді.
Дипломдық жұмысының практикалык базасы. Тараз қаласы № 46 орта мектебі.
Зерттеу әдістері;Жетістіктері мен озық тәжірбилерді, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, мектеп бағдарламасындағы әдістемелік кітапшаларға тоқталу; оқушылардың көркем –шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оның ішінде ою-өрнектерді қолдану аясы және халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын талдау; озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу ; педагогикалық тәжірибе жүргізу; оқу- тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған іс-тәжірбие жұмысы бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алған нәтижиелерді көрсету
Зерттеулердің ғылыми жаңашылдығы:
- оқушыларға технология сабағында сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие берудің теориялық және практикалық жолдары мен тәрбие берудің теориялық және практикалық негізгі көздері ашылып, педагогикалық мүмкіндіктері мен іске асыру шарттары айқындалды:
- оқу тәрбие жүйесіндегі «ұлттық тәрбие» ұғымының мәні ашылып технология сабақтарында оқушыларға сәндік- қолданбалы өнерді оқыту, үйрету арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру түсінігі анықталып, бекітілді; оқушыларға технология сабағында сәндік қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің үлгісі ұсынылды және тәжірбиеге енгізілді.Практикалық зерттеудің маңыздылығы: әрбір оқу-әдістемелік құралдарға шолу жасалынды.
-«Халық мұрасындағы сәндік- қолданбалы өнерді оқыту мен үйретудің әдіс-тәсілдері » -оқу әдістемелік құрал пайдаланылды:
-« Халықтың дәстүрлі сәндік қолданбалы өнерлері –ұлттық дәстүрде тәрбие құралы»- оқу- әдістемелік құралы қолданылылды:
- « Қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен олардың ұлттық нақышта жасалуы т.б. еңбекке баулу, технология сабақтарының оқыту әдістемесі» күнтізбелік жоспарға енгізу бірлестіктің отырысында талқыланылды:
Сынып сабақтарында оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие беру, оларды өнерге үйрете отырып, тәрбие беру ұғымының мәні ашылып, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды және нақтыланды. Сынып оқушыларының сәндік -қолданбалы өнерге деген оның ішінде ою-өрнектерді бұйымда қолдануды, қызығушылығының деңгейіне ықпал ететін факторлар талданды. Оқушыларды көркемдік білімі мен ұлттық талғам деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, тәжірбиелер әзірлеу және тексеру жүргізілді, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру, жинақтаумен қорытындылау, әдістемелік жұмыстар жүргізу, жалпы білім беретін мектеп жұмысының нақты жағдайында олардың дәлелділігін тексеру жүргізілді, қортындыланды.
Зерттеу зерттеудің практикалық маңыздылығы; Қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық тәжірбилерді, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, мектеп бағдарламасындағы әдістемелік кітапшаларға тоқталу; оқушылардың көркем –шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оның ішінде ою-өрнектерді қолдану аясы және халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын талдау; озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу ; педагогикалық тәжірибе жүргізу; оқу- тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған іс-тәжірбие жұмысы бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алған нәтижиелерді көрсету.
Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі
Кіріспеде дипломдык мақсаты мен міндетін көрсете отырып, дипломға қойылатын жалпы талаптарды, қойылған мақсаттарды шешу жолдарын атап көрсету қажет. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны, Берілетін мағлумат жоба тақырыбымен тығыз байланысты болуы қажет. Кіріспе 3 беттен тұрады.

1 КӘСІПТІП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


1.1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны

Қазіргі кездегі ғылыми еңбектерде қазіргі білім мен тәрбие берудің даму өрісіне қойылатын негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылады:
1.Еркін тұлғаны тәрбиелеу:
2.Рухани тұлғаны тәрбиелеу:
3.Ізгі, адамгершілігі мол, тұлғаны тәрбиелеу. Бұл еңбектерде жеке тұлғаны рухани ізгілікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеп, жетілдіру мәселелерін «дәстүр сабақтастығы», «біртұтастық», «жүйелік», ұғымдарына сай қарастыру қарастырылған.
Мысалы: өнердің төрт түрлі қызметін атап көрсетейік:
1.Танымдық
2. Бағалаушылық
3. Жасампаздық
4. Шығармашылық.
Білім беруді жүйелеу және жеке тұлға үшін білімнің маңызы, құндылығы мен кәсіби қажеттілігін жүйелеу мәселелеріне талдамалар жасау арқылы адам санасы, оның қабілеті, материалдық әлемнің жүйелі, мағыналы, құндылығы мен кәсіби құрылымынан тұратынын дәлелденген.
Технология сәндік - қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық дәстүрде оқыту, тәрбие беру – кең ұғым. Сондықтан, осы еңбектерді басшылыққа ала отырып, жас өспірімдердің оқуымен тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын, халықтық сәндік- қолданбалы өнерін ұлттық дәстүрде оқытып, оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің орнын айқындайтын уақыт. Сынып оқушыларына халқымыздың сәндік- қолданбалы өнерін технология сабағы арқылы оқытуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүрде оқыту мен тәрбие берудің мәселелері, әдіс-тәсілдері қарастырылды[3,4].
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, оқушыларға халықтық этнопедагогика негізінде халқымыздың сәндік- қолданбалы өнерлері арқылы оқыту мен тәрбие беруде технология сабақтарындағы біліммен ұлттық тәрбиені үндестіре білсек қана қазіргі заманғы ғылым мен техниканың озық идеяларын ала отырып, ұлттық дәстүрдегі сананың, ізгіліктері, қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған білімді тұлға тәрбиелей аламыз. Өсіп келе жатқан жас буындар үшін басты міндет – ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесн дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті ж ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру