Журналистика | Асқар Егеубаев публицист
Әрбір журналистің бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі – ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Бағзы замандардан бізге жеткен балбал тастардағы жазбалар – тарихымыз бен мәдениетіміздің, рухани дүниеміздің қазынасына қосылған қаймағы қалың, құнарлы мұралар. Отандық баспасөз беттерін парақтап көрсек, елдің кешегісі мен бүгіні, ертеңі менен келешегі сара жолдай сайрап жатыр. Біздің осы өмір сүріп жатқан дәуірімізді ақпарат ғасыры деп ерекше әспеттеп жар салып жарнамалаймыз. Сонымен қатар жаһандану деген жаңа түсінік пайда болып, әлемдік ақпарат кеңістігінің өрісі кеңіп, дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықпен танысуға мүмкіндік туды. Осындай ақпарат тасқынының толассыз ағынына төтеп беру үшін жаңалық пен хабарды екшеп қабылдап, асылдан жасықты айыра білетін білік пен талғампаздық тағы да қажет болады. Осы орайда қоғамдық сананы, қоғамдық ойды қалыптастыруға публицистер еңбегі елеулі қызмет атқарады. Сондықтан мен бітіру жұмысымның тақырыбын «Асқар Егеубаев – публицист» деп алдым. Бітіру жұмысының негізгі тақырыбына көшпес бұрын ең әуелі публицистика мәніне тоқталып, түсінік бере кеткенді жөн санадым.
Публицистика ұғымына ғасыр басында алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов көсем сөз деген балама беріп: «Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көзем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады» деп оның қоғамдық маңызын дәл анықтаған болатын [1,48]. Көсемсөзшілер дәуірдің ең бір өзекті мәселесін, көкейтесті ісін шешудің жолын қарастырып қоғамға ой тастап, саналы салмақты сөз қозғайды. Әрбір қоғамның озық ойлы азаматтары өзі өмір сүріп отырған орта жайында ойланып, толғанып ой қорытпай тұра алмайды. Мұндайда публицистиканың атқаратын міндеті мен маңызы дардай қомақты.
Сонымен қатар публицистер өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ақиқат, шындығын айнытпай беріп, оны көркем оймен суреттеп көрсетеді. Көсем сөз зергерлері өмір құбылыстарын факт, детальдарды шығармашылығына арқау ете отырып, рухани, әрі ғылыми ойлар айта біледі.
Публицистика жөнінде осы саланың мамандары мен ғалым профессорлары өзіндік анықтамаларын берді. Осы салада алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде еңбек жазған профессор Т. Амандосов аталмыш түсінік туралы былай: «Публицистика – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... Публицистика адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап – түсіндіріп береді» дейді [2,128].
Көсемсөзшілер жалаң факті, құрғақ насихат пен ештеңе өндіре алмайды. Ол әрбір құбылыстың саяси, әлеуметтік мәнін аша тұрып, парасаттылықпен бағамдауға тиіс. Сөзімнің дәлелі ретінде белгілі ғалым Т. Қожакеевтің публицистика туралы пікіріне жүгінсем: «Публицистика белгілі бір болмыс – құбылысты тек әлеуметтік, саяси жағынан ғана алып бағаламайды, оны практикалық, рухани, моралдік, парасаттық жағынан да талдайды. Демек, ол өмірді, адам әрекетін бір-бірімен байланыста, өз-ара бірлікте алып қарайды.
Публицистика нақтылы өмірден алып отырған мәнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры» дейді [3,127]. Публицистика жөнінде көптеген ғалымдар мен теоретиктер өз анықтамаларын ұсынып, тұжырым жасаған. Жоғарыда келтірген үзінділер сол негізгі анықтамалардың бірнешеуі ғана. Осы ғалымдардың пайымдары мен анықтамаларындағы айтылған негізгі элементтер Егеубаев публицистикасының кез-келген саласынан кездестіреміз.
ХХ ғасыр басындағы Алаш көсемдері мен ұлт серкелері көсем сөзді қару етіп, халқына көп ой айта білді. Сол кезеңдегі ұлт зиялыларының кез-келгені көсем сөздің әккі шеберлері болды. Олардың барлығы да сөз ұстаған, тіл білімі саласының мамандары емес екені де тарихтан белгілі. Бұған қарағанда публицистика мамандық талғамайтын әмбебап кәсіп деуге де болады. Тағы да бір ерекше атап айтар мәселе сол алыптар шоғырының барлығы жан-жақты, әмбебап тұлғалар еді. Сонау алмағайып заманда өмір сүрмегенмен кеңестік жүйе мен тәуелсіз Қазақстан таңын қатар көрген Асқар Егеубаев әмбебап қаламгер еді. Бұл жөнінде қаламдас серігі Жүрсін Ерман пікірі мынадай: «Әмбебаптардың заманы өтіп кеткенін әбден жақсы білетін Асқар біле тұра, әмбебап болуға талпынды» [4]. Талпынғанына сай Егеубаев әмбебаптық қасиетке ие болып, сөз өнерінің бірнеше шыңын бағындырды. Ол – ақын, ғалым, сыншы, публицист.
Асқар Құрмашұлы Егеубаев 1950 жылы 6-наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының орталығында дүниеге келген. Ол 1974 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітіріп, аспирантурад оқиды. Көрнекті ақын, әдебиеттанушы-ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы Асқар Егеубаевтың еңбек жолы Зайсан ауданындағы Үлкен Қаратал мектебінде мұғалім болудан басталады. Одан кейінгі жылдары Марқакөл аудандық «Шамшырақ», Зайсан аудандық «Достық», «Қазақстан коммунисі» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппаратында жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мәдениет тану бағдарламасының жетекшісі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі секілді жауапты қызметтерде еңбек етті.
Асқар Егеубаев еліміздің әлеуметтік және мәдени дамуына қосқан үлкен үлесі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Құрмет орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік ХІІ фестивалінің лауреаты, Түркі дүниесі поэзиясы фестивалінің, Халықаралық Жамбыл қоры сыйлығының, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері.
Бітіру жұмысының мақсаты. Асқар Егеубаев публицистикасын зерттеп, бір жүйеге келтіріп, ғылыми айналымға енгізу. Мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген жарияланымдарын елеп екшеп, қазақ публицистикасындағы ғалымның өзіндік қолтаңбасын анықтау.
Бітіру жұмысының мазмұны. Кіріспеде «Асқар Егеубаев – публицист» тақырыбының өзектілігі, дипломды жазудағы мақсат айқындалды. Сонымен қатар ғалымның өмірі, публицистика туралы түсініктің мәні мен маңызы ашылды.
Негізгі бөлімнің І тарауы екі тармақшаға, яғни І.1. «Асқар Егеубаев публицистикасындағы тәуелсіздік тақырыбы», І.2. «Тұлғалар бейнесінің Асқар Егеубаев публицистикасындағы көрінісі» деп бөлінген. Ал, ІІ тарауы
да екі тармақшаға бөлініп ІІ.1. «Егеубаев ғылыми публицистикасындағы тарихи мұралардың зерделенуі» мен ІІ. 2. «Публицистің әдеби сын саласындағы еңбегі» деп аталады. Бұл тарауларда Асқар Егеубаев еңбегінің қазақ публицистикасындағы алатын орны мен рухани қазынамызға қосқан салмақты шығармалары сараланады. Мұнда тәуелсіздік ұғымына қатысты жазған публицистикалық жазбалары мен ұлтқа танымал тұлғалар бейнесін айқындаған мақалалары қамтылып, талданды. Сонымен қатар күллі түркі жұртына ортақ құнды жәдігерлер жөнінде толғаныс пікірлері мен ұлттық ой-сананың қалыптасуына әсер ететін сын еңбектеріне де тоқталдым. Дипломдық жұмыстың соңғы бетінде сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысын жоғары оқу орындарының студенттері көмекші құрал ретінде қолдануына болады.
Зерттеу әдісі. «Асқар Егеубаев – публицист» тақырыбын ашуда талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Біз бітіру жұмысына негізінен Асқар Егеубаевтың тәуелсіздік алғаннан кейінгі әр түрлі қазақ тілді басылымдарда жарық көрген мақалалары мен ғылыми еңбектерін басшылыққа алдым. Қосымша әдістемелік ретінде: Т. Қожакеевтің «Жас тілшілер серігі», «Жыл құстары», Т. Амандосовтың «Публицистика – дәуір үні», «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы», Б. Жақыптың «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», Т. Бекниязовтың «Журналистің шығармашылық шеберлігі» секілді еңбектерін пайдаландым.
Диплом жұмысының жаңалығы. Ақын, сыншы, ғалым ретінде қалың оқырманға танымал Асқар Егеубаевтың тағы бір қыры бұл зерттеу жұмысы барысында ашылды. «Асқар Егеубаев – публицст» деген тақырыпен қаламгердің көсем сөз саласындағы еңбектері жүйеленіп, ретке келтірілді. Осы уақытқа дейін ғалымның публицистикалық туындыларын зерттеп, топтастырған арнайы жұмыс болған жоқ. Диплом жұмысының жаңалығы осында.
Бітіру жұмысының көлемі. 33 бет.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау.
І.1. Асқар Егеубаев публицистикасындағы тәуелсіздік тақырыбы
Өзі өмір сүрген дәуірінің белді де белгілі публицтерінің бірі – Асқар Егеубаев. Баспасөздегі әуелгі қадамдарын сын саласында бастаған ол шыныменде көп қырлы талант еді.
Егеубаев публицистикасы – жалаң ақпарат пен жасанды насихаттан тұратын уақытша өтпелі құнсыз дүниелер емес, қоғамның бүгіні мен ертеңіне қажетті маңызын жоймайтын салмақты дүниелер. Екі бірдей қоғамдық жүйені бастан кешірген қаламгер тәуелсіздік жылдарында қалам қарымы бұрынғыданда аршындап, көсіліп жазып, көп ойлар айта білді.
Сонау сексенінші жылдары жас Асқар дүркін-дүркін талдау мақала, ғылыми еңбектер жазып қалың қауымға сыншы ретінде кеңінен танылған еді.
Тәуелсіз қазақ баспасөзінде Егеубаев қолтаңбасы тағыда өзіндік бет-бейнесімен танылып, жаңа бір қырларын ашты. Оның күллі түрік дүниесіне ортақ тарихи мұраларды аударып, қазақ оқырмандарына ұсынуы, әрі осы тарихи еңбектер жөніндегі жазған публицистикалық жазбалары Тәуелсіз Қазақстан баспасөзінде айрықша салмақты дүниелер, әрі соны тақырып болып есептеледі.
90-жылдардағы қазақ баспасөзінде көрініс тапқан негізгі әрі қазақ үшін өте маңызды тақырыптардың бірі – тәуелсіздік туралы еді. Міне, дәл осы тақырып төңірегінде Асқар Егеубаев та қалам тербеп, елдің ертеңіне көз жүгіртіп, шаңырағының шайқалмауы үшін қандай шаралар атқарылуы керек екендігін барынша бағамдап, оқырманға жеткізе білді. Қазақ халқының өшіп бара жатқан мәдени мол қазыналарын, қайта жаңғыртып, ел намысын оятуға рухани серпіліс жасау жолында қажыр-қайратын аяған жоқ. Кезінде ХХ ғасыр басында алаш арыстары «Оян, қазақ» деп ұрандаса, Асқар «Ойлан, қазақ» деп елдің елдігін, ұлттық рух, ұлттық мүдде мен мәдениетін сақтап қалу жолында барша қазақты ойлануға шақырды. Көптеген тарих бетіндегі ақтаңдақтар мен ұлт тағдыры, қазақи сананың қалыптасуы сияқты өзекті мәселелер жайында жазған еңбектері баспасөз бетінде үнемі жарық көріп отырды. Енді мен сол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылған мақалаларының біразына тоқталып, барынша талдап, саралап бағайын.
Асқар Егеубаев публицистикасының өзіндік бір қыры деп алып қарауға тұрарлық тақырып – тәуелсіздік ұғымы. Бұл – барша қазақ үшін ыстық, әрі маңызды, қасиетті ұғым. Осы тақырыпты жазғанда біздің авторымыз өзіндік ерекше бет-бейнесімен қалам сілтейді. Мүмкін ақындығына басатын болар. Ұшқыр ойлар мен жалынды тіркестер жаныңды тербеп, жүйкеңді серпіп өтеді. Мәселен: «Сахара қазағы ықылымда тәуелді болып көрген жоқ. Тарпаң болуы, бұла болуы хақ, тәуелсіздік тумысынан жат. Әсілі, адам баласы жаратылысынан тәуелсіз жаратылған. Тәуелді болу... жаратылыстың жарасымына, бір жаратқан иесіне тәуелділік» деп қазақ оқырманының қаншама ғасырдан бері жалғасып келген түз тағысына сай тарпаң мінезін оята кетуді мақсат тұтады [5]. Сахара серілерінің тікелей ұрпағы қазақтың еш уақытта ешкімге тәуелді болмағандығын, қанда бар қасиет екендігін автор бүгінгі ұрпаққа осылай жеткізеді. Бұл пайым бойынша қазақ тек бір ғана ұғымға тәуелді. Ол – жаратқан иесі. Журналист тәуелсіздік ұғымын барлығынан биік қояды. Осыған орай автордың тәуелсіздік туралы мына бір ойын үзбей мысалға келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. «Біз үшін: Тәуелсіздік – Ту, Тәуелсіздік – ауа, жер-су, Тәуелсіздік – ел дәулеті. Сондықтан да шығар, менің тәуелсіздігім – қазақтың тәуелсіздігі – қанды қыздырып, жанды қинардай күрделі, қатпарлы түсінік. Бұла қазақ баласында кіріптарлық, тәуелділік, тәуелсіздік ұғымының әмбеден болмағандығында шығар, ендігі кезекте тәуелсіздіктің қадірі артып тұр. Тәуелділік шідері адымды аштырмай, шыр айналдырып қойғандықтан шығар, Тәуелсіздік қазақ тірлігінің жұлын-жотасы сынды сезіліп тұр. Арқан мен тұсаудан шыққалы небәрі тоғыз жыл. Ол – күнтізбелік жыл» деп елдің егемендігін сақтап қалудың өзектілігін алға тартады [6]. Иә, әрбір қазақ осылай ойласа, осылай рухтанса дейсің. Қаншама ғасыр бабаларымыз армандап өткен тәуелсіздіктің мән-маңызы әрі оның құны жайында саналы құлаққа сіңетіндей салмақты әрі сарабдал тұжырымдарын жеткізе отырып, былай: «Тәуелсіздік көктен түспейді екен... Соны білдік. Тәуелсіздік хатпен келмейді екен... Соны аңғардық» деп тағы да ерекше мән беріп, сөз түйеді. Бүгінгі ұрпақты білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жерін қорғап келген ата-бабаның арманы болған тәуелсіздіктің мән-маңызы, қадір-қасиетін бағамдай білуге шақырады. Екі ғасыр тоғысында тұрып, тәуелсіздіктің тоғыз жылдығына байланысты жазған мақаласында автор неше буын ұрпақтың санасына сіңіп кеткен тәуелді сананың да бар екенін жасырмайды. Құжатта тәуелсіз деп жарияланғанмен адамдар санасында басқаларға жалтақтау, үреймен қарау болатынын айтып, ендігі жерде санамыз бен ойымыздың тәуелсіз әрі бағынышсыз болу керектігін атап көрсетеді. Тәуелсіздіктің аспаннан түспегендігін, оны ұлт болып, халық болып жұмылып, түзіп жатқанын қаламгер анықтап айтады. Мақала соңында былай: «Тәуелсіздік... Өкіндірмейтін тоғыз жылдық өмір! Өз тағдырымыз. Қуанышты жетістіктер де өзіміздікі, қазақтікі, сүріністі сәттер де өзіміздікі, қазақтікі. Тәуелсіздік – тұғырың, біліктілік – жұлының» деп ой қорытады. Демек, қаламгердің айтары анық. Ол Тәуелсіз Қазақстан ұғымының артында қазақ тұрғандығын осылай жеткізеді. Бұл тұрғыдан қарағанда әрбір мемлекеттік ірі маңызды оқиға немесе атқарылған істің астарында ұлттық мүдде тұратындығын да байқау қиын емес.
Уақыт керуені алға жылжиды. Алға жылжыған сайын өзгертулер, жаңалықтар пайда болып, қоғамға кірігіп отырады. Әр қоғамның озық ойлы, ұшқыр қиялды саналы азаматтары бар. Осы топтың қатарында публицистердің орны қашанда даяр тұрады. Ұлт үшін, халық үшін санасын сарқып, сөз мәйегін ұсынған өткен ғасыр басындағы алаш көсемдерінің ізін жалғастырушылардың көбісі – көсемсөзшілер. Кеңестік кер заманда да публицистер ұлттың жоғын жоқтап, қанатымен су сепкен қарлығаштай талай шарқ ұрды. Тәуелсіз Қазақстан баспасөзінің көшбасында із қалдырған көсемсөз шеберлерінің қатарында Асқар Егеубаев та тұр. Бұрынғы, соңғы көсемсөз шеберлерінің салып кеткен сара жолы Асқар Егеубаевты да өр мен ...
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Асқар Егеубаев публицист жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Асқар Егеубаев публицист