Журналистика | Түркістан газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Әсіресе, технологиялық үрдістердің қарыштап дамуы ақпарат алуды мейлінше жылдамдатып жіберді. Бұл тұрғыдан интернет парақшаларының маңызы өте зор. Ал, бұған дейін қасаң, ресми ақпараттарға мейлінше орын беріп, цензураның қармағына іліккен қазақ журналистикасы үшін ХХІ ғасырдың басында үлкен таңдау тұрды. Бұл – ақпараттық кеңістікті иелену, Қазақстан журналистикасында жетекші рөлге ие болу мәселесі еді. Қазақ ақпараты ХХ ғасырдың басынан бастап дамыды десек, кеңестік кезеңді артқа тастап, тәуелсіздік баспалдағына шыққан қазақ ақпаратының мәні мен маңызы, атқаратын рөлі, қамтитын тақырыбы мүлдем басқаша сипатқа ие болды.
Қазақ журналистерінің алдында ауыр жүк тұрды. Ақпараттық экспансиядан қорғану, өзге ұлттың өзге идеологияны көздейтін ақпараттық тасқынынан құтылу мәселесі алға қойылды. Дәл осы мақсаттың үдесінен қазақ баспасөзі қалай шыға білді?
1990 жылы республикада 552 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген болса, 1991 жылы оның саны 744-ке жетті, 1992 жылы бұл көрсеткіш 1052-ге жетті [1.18]. Қазіргі таңда екі мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Сөйтіп, 90-жылдардан бастап қазақ журналистикасының дамуына зерттеушілік, тарихи-танымдық бағыт анық орнықты. Бұл басқа журналистерге де үлгі болып, тұтас ізденіс негізінде, журналистік зерттеулер нәтижесінде тарих қойнауында жасырын жатқан деректердің беті ашылды. Бір айта кетерлігі бұл басылымдардың басым көпшілігі орыстілді. Қазақтілді басылым Кеңестік заманмен салыстырғанда, 2 есеге көбейгенімен, оның үлес салмағы мүлдем төмен еді. Күні кешеге дейін Қазақстандағы қазақтілді басылымдардың үлес салмағы 20%-дың о жақ, бұ жағында ғана болса, 2006 жылғы ақпаратқа сүйенсек, қазақтілді ақпарат 40%-дық үлес салмаққа ие бола бастапты.
Біздің бітіру жұмысына арнайы тақырып ретінде алынып отырған «Түркістан» газеті де осындай мақсатта дүниеге келген басылым болатын. Халықаралық саяси апталық «Түркістан» газетінің тарихы тәуелсіз Қазақстан тарихымен орайлас. Ел тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі жылдан соң, яғни 1994 жылдың 28-қаңтарында дүниеге келген. Алғашқы беттерін парақтап отырсақ, «Түркістан» газетінің ту баста алға қойған мақсаты – бүкіл түркі дүниесіне қатысты тақырыпты қамтуға арналған сияқты. Бірақ, бертін келе, анығырақ айтқанда 2000 жылдан бастап газеттің түр-сипаты, мазмұн-мәні іргелі өзгеріске ұшыраған. Әуелі газет саяси бағыт-бағдарды ту етіп алады. Яғни, саяси мәселелерді бірінші нысанаға алған. Газеттің алғашқы бас редакторы әрі ұйымдастырушысы, белгілі жазушы, драматург, марқұм Қалтай Мұхамеджанов ағамыз болған. Қалтай ағаның басшылығы кезінде газет беттерінде рухани-мәдени мәселелер басты назарда ұсталынған. Бұны «Түркістан» газетіндегі рухани-мәдени мақалалардың алғашқы беттен орын алғанынан аңғарамыз. Ал, 2000 жылдан 4 беттен 8 бетке көбейген ірі форматты газет бірінші планға саяси мәселелерді шығара бастаған. Қалтай Мұхамеджановтан кейінгі газеттің бас редакторы Шамшиддин Паттеев осы заманғы ақпараттық сұранысты дөп түсінген тәрізді. Сөйтіп газеттің бағыт-бағдарын басқаша сипатта өзгерткен.
Алдымен газеттегі ұлттық-мәдени тақырыптардың аясын қамтымас бұрын, еліміздегі мемлекеттік деңгейде қабылданған ұлт мәселесі туралы құжат, заң тұжырымдамаларында не айтылған, соған назар аударып көрелік. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған 1995 жылғы Конституциясында Қазақстан Республикасының унитарлы мемлекет екендігі айтылады. Осы Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Сондай-ақ, 1997 жылы қабылданған Тілдер туралы заңның 18-бабындағы «Қажетті тілдік ортаны жасау және мемлекеттік тілдің толыққанды қолданылу мақсатында, олардың меншік нысандарына қарамастан, олар арқылы мемлекеттік тілдегі берілімдердің көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі берілімдердің жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс» [2.8] деген баппен, «БАҚ туралы» заңның 3-бабының 2 тармағындағы «Телерадио хабарларын тарату арналарының меншік нысандарына қарамастан, олар арқылы мемлекеттік тілдегі берілімдердің көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі берілімдердің жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс» [3.5] деген сөйлем көп жағдайда басшылыққа алынды.
Ал, Мәдениетке қатысты ресми құжаттардың бірі «Мәдениет туралы» Заң 1996 жылы қабылданды. Онда «Осы заң мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық-экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді, қазақтың ұлттық өнерінің мәдениетін жасау, жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді» делінген. Ал, 2004 жылдан қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мәдени-рухани мұрамызды сауықтыру, осы бағыттағы мұраларымызды жинауға арналды. Бұл бағдарлама тікелей Елбасының бастамасымен өмірге келген болатын. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша, ұлт тарихына қатысты құнды жәдігерлік мұраларымыз әлем елдерінің мұражай, мұрағаттарынан алдырып, тасқа басылып, ел игілігіне жарап жатыр.
Ұлт және ұлттық мәдениет деген қасиетті ұғымнан кейбіреулер бойын аулақ салып, үркіп жүретіні болады. Бүгінгі таңда шыны керек, өз ұлтыңды, өз халқыңды, анықтап өзіңді сүюдің, өзіңді құрметтеудің несі айып, несі ұят, несі мін? Ал айып болмаса өзің қалаған, жүрегі сүйген, өзің туған ұлтыңның мәдениетін бар жан-жүрегіңмен, барша әлемге еркін дауыспен емірене тұрып, - Мен ұлтымды сүйемін – деп, осы уақытқа дейін неге айта алмай келеміз? Айта алмауымызға не себеп? Тіліміз келмей ме? Үніміз шықпай ма? Әлде біреуден секем аламыз ба? Байқасақ маңайдағы құбылыстың бәрі көретін көзіміз бар, көргеніміз ойлайтын сана-сезіміміз, түйсігіміз бар. Ешкімнен де, ешбір ұлттан да кем емес, кең әлемге кереметтей аты шыққан қазақ деген атымыз бар. Мақтанғымыз келсе ашық айтатын жақсы әдет-ғұрып та, салтымыз да бар. Тек шындығы сол, айтатынымызды айта алмай келе жатқанымыз.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашевтің «Қазақстанда қандай идеология қажет?» деп осыдан бірнеше жыл бұрын басталған аяқсыз әңгімені әрі қарай жалғастырса, мүмкін талай құнды пікірлер айтылар ма еді, кім білсін? Сөз жоқ, біреулер идеология қажет десе, оппоненттер қажет емес дегенді айтар. Оған дау жоқ. бірақ бір нәрсенің басы ашық. Бір ғасырға жуық коммунизм елесімен өмір сүрген халықты ешқандай идеалсыз қалдыру – теріс пиғылдарға бос кеңістік сыйламаумен бірдей екенін өмір көрсетіп отыр. Сонда бізде идеал деген болмай ма?» [4.67] деген ойын осы жерде тағы бір еске алып өткен жөн болар. Қазақстанның негізгі идеологиясы не, ұлттық идеологиясы не болуы керек? деген сұрақтар төңірегінде «Түркістан» газеті көп ізденген, ұлттық құндылықтардың жанашыры болған бірден-бір газет.
Газет бетіндегі саяси мәселелердің көбі ұлттық рух тұрғысынан жазылғандығының куәсі боламыз. Газет журналистері кез-келген саяси мәселелер туралы сөз қозғағанда, оның ұлттық мүддемен қабысып жатқандығына баса назар аударып келген. Егер, елдегі саяси реформалар болсын, қабылданып жатқан конституциялық маңызы бар заңдар т.б. да мәселелер жайында мақала жазылса, оның ұлтқа берер пайдасы не, зияны не, газет осы мәселені бірден екшеуге кіріседі. Егер, ұлттың ұлы мүддесімен қабыспай жатса, шенеуніктің де, депутаттың да бетін шиедей қылады. Сөйтіп, ұлттық тақырып мәселесі «Түркістан» газеті өмірге келген күннен бастап, негізгі мәселеге айналған. Бұл тенденция тек «Түркістан» газеті ғана емес, басқа да қазақтілді ақпаратта да орын алды. Бұлай болуы заңды да, өйткені, жаңа ғана тәуелсіздік алып, дамудың бағыт-бағдарын енді ғана айқындап жатқан жас мемлекеттің ұлттық даму жолын саралауы, оның баспасөзде көрініс табуы жазылмаған қағида. «Ел болашағына алаңдаған зиялы азаматтардың басым көпшілігі баспасөздің төңірегіне топтасты. Олардың қарапайым халық санасына сәуле түсірер салихалы ойлары ең алдымен газет-журналдар бетінен көрініс тапты» дейді тәуелсіздік жылдарындағы публицистиканы зерттеген филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып [1.9]
Ал, газет бетіндегі мәдениет тақырыбына келер болсақ, жоғарыда айтып өткеніміздей газет өмірге келген алғашқы жылдары рухани-мәдени мәселелер алғашқы планда болған. Бірақ, күн өте келе мәдениет мәселесі соңғы беттерден орын алатын дәрежеге жеткен. «Түркістан» газетінің мәдени тақырыптарды кеңінен қамтыған кезі – «Мәдениетті қолдауға арналған» 2000 жылдан басталады. Соңғы беттерге ысырылса да, газет театр, кино, өнер саласын үнемі назарда ұстап келген. Сондай-ақ, тек мәдени жаңалықтар мен ақпараттармен ғана шектеліп отырмаған, сонымен қоса, мәдениеттің дамуына не кедергі, не жетекші рөл атқарады, оған кімнің қандай ықпалы бар, мәдениеттің мұқтаждығы неде секілді сұрақтарға жауап беретін сараптама материалдар да жиі кездесіп отырады.
І тарау
1. «Түркістан» газетіндегі ұлттық тақырыптар мәселесінің, насихатталу деңгейі
1.1.Газет бетінде жарық көрген ұлттық мәселелердің тақырыптық ерекшеліктері
Біздің бітіру жұмысымыздың нысаны болып отырған «Түркістан» газетіндегі ұлт тақырыбындағы мақалалардың 2005 жылдан бері қарайғысын сарапқа салдық. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекеттік ұлттық саясат газетте жақсы көрініс тапқан. Атап айтар болсақ, мемлекеттік тілдің мәселесі, ұлт болып ұюдың алғышарттары, рухани-мәдени мұрамыздың зерттелуі мен қамқорлыққа алыну дәрежесі, ақпараттың қауіпсіздігі, отансүйгіштік, патриотизм мәселелері, ұлттық рух, жер мен дін, оралмандар мәселелері үнемі назарға алынып келген. Халықаралық саяси апталық «Түркістан» газеті беттеріндегі ұлттық мәселелерді тақырыптық тұрғыдан топтамас бұрын ең алдымен кейбір мәселелерді анықтап алуды жөн көрдік.
Біріншіден, ұлттық мәселе дегеніміз не? Ол – ұлттар, ұлыстар және басқа да этникалық топтардың мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынасынан көрініс табатын саяси, экономикалық, құқықтық және басқа да мәселелерінің жиынтығы.
Біз ұлттық идеяны тауып, ұлттық идеологиямызды жүргізе алуымыз үшін, ең әуелі, ұлтшылдық сөзіне позитивтік мағына беруіміз қажет.
Бүгінде қазақтың ұлтшыл сөзі – негативтік мәнге ие жағымсыз құбылыс, өйткені бізде нацистік ұлттық көңіл күйді беретін сөз жоқ. Бәрімізге белгілі, итальян тіліндегі – fascio – «күрмелген түйін», «байлам», «ұжым» сөзі кейін – fascismo – фашизм түсінігін қалыптастырды. Әуелі ұлтшыл және ұлтшылдық сөздеріне дұрыс анықтама беріп, мағынасын дәл белгілеп алу да – сол ұлттық идеяны қалыптастырудағы алғашқы қадамдардың бірі болар еді. Ұлттық идея – ұлтты кемелдендіретін, озық шығаратын жетекші идея және соны жүзеге асыруға қабілет-қарымы мен мүмкіндігі бар сара жол болуы тиіс.
Латынша nation – тайпа, халық деген ұғымды береді. Маркстік философияда ұлт – жері ортақ, экономикалық байланысы тығыз, әдеби тілі бір, мәдениеті мен ұлттық мінез-құлқының ортақ ерекшелігі бар халықтың бірлігі. Сонда біз бүгін – Қазақстанда тұратын ұлыстар кімбіз?
Белгілі көсемсөзші Нұртөре Жүсіп бірде Қазақстанда тұратын барлық ұлт «қазақ» деп жазылуы тиіс деген идеяны айтқан еді. Сонда біз тұтастыққа, бірлікке, тұрақтылыққа жетеміз деген ойды көлденең тартқан.
Ал, саясаттанушы Әзімбай Ғали «лингвоцентризмді» насихаттап жүр. Десек те, бүгінде қазақ мемлекет құраушы ұлт ретінде өзіне және Қазақстанда тұратын өзге халыққа қандай ұлттық идеяны ұсына алады? [4].
Екіншіден, ұлттық идея дегеніміз не? Ол – ұлттық мүдденің туындысы. Идеология сол ұлттық мүддені мейлінше анық белгілеген идеяға қол жеткізудің нақты әрекет-қимылына сілтеу жасап, бағыт-бағдар беретін үгіт-насихат мазмұны. Ұлттық идеяны насихаттау мәселесіне газет бетінде үнемі назар аударылып келді. «Түркістан» газетіндегі негізгі ұлт тақырыбындағы мақалалар ұлттық рухқа үндеу, ұлттық идеяны іздеу, ұлттың менін анықтау ұлтжандылыққа шақыру тақылеттес болып келді. Мысалы айталық, «Ұлттың мені немесе қазақ ұлтының болашағы күмәнді ме?» (№23, 9-маусым, 2005 жыл, авторы – Есенгүл Кәпқызы) деген мақалаға назар аударып көрелік. Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай ең алдымен ұлттың менін іздеуді мұрат тұтқан, екіншіден қазақ ұлтының болашағы бар ма, жоқ па деген сұраққа жауап қоюды көздейді. Яғни, бір тақырыптың өзіне екі мәселені сыйғызған. Ендігі жайт, журналист осы тақырыпты аша білген бе, жоқ па, дегенге саяды. Меніңше, бұл жерде журналистің нысанаға алған тақырыбын жеріне жете жеткізгендігі анық. Онда фактілер, деректер сөйлейді. Яғни, журналист жайдан-жай бұл пікірге жол беріп отырған жоқ. Елдегі саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлерінің өз ұлтына өзі қарсы шыққан пікірлерін көлденең тарта отырып, сілтеме бере отырып, сілкілейді. Қараңыз: «Өзге пост кеңестiк мемлекеттер сияқты, Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялаған күннен бастап, отарсыздандыру саясатын түбегейлi жүргiзуге кiрiспедi. Керiсiнше, «бұл недеген батпан құйрық? дегендей қалып танытты. Қара да, хан да тәуелсiздiкке дайын еместiгiн көрсеттi. Тiптi, Ресейдiң өзi тәуелсiздiгiн жариялап, жұртта қалып қойғанда да, тәуелсiздiк туралы қуана жар салған жоқпыз, оны жариялауға мәжбүр болған елмiз. Отарсыздандыру саясатын жүргiзгеннен гөрi, бiз 250 жылдан астам отарында болған Ресейдiң ыңғайына жығылуға бейiм тұрдық. Жетпiс жыл бойы жетiмдiк көрген тiлiмiздi, көрден суырып алғанның орнына, «асықпайық, аптықпайық, бәрi орнына келедi» деген жайбырақаттық таныттық. Қит етсе, Қазақстандағы орыстардың 30%-тiк салмағын көлденең тарттық. Бүгiнде Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы 59-60%-ке жеттi. Алайда, осы байырғы ұлттың құқығы аяққа тапталып жатқанын ешкiм ескермейдi. Бүгiнгi тыныштық қазақтың есебiнен жасалып отыр» [6] деп ашына жазады және қазақты ұлттың менінен айрылмауға шақырады. Қазақты қос өкпеден қысып жатыр. Бірі – Қытай, бірі – орыс. Оның ішінде іштегі жау бар. Қазақтың ұлттық менін жоғалтуға тырысып, болашағын күмәндандырып жүрген. Сондықтан, қазақтың алға қойған мақсат-мұраты зор болуы қажет. Бұл мақсат-мұрат бізді озық халықтардың қатарына қоятындай көп сатылы, әрі ұзақ мерзімді қамтуы тиіс. Үлкен мұратқа қарай жүрген жолдың әр кезеңде нақты шешіп отыратын мәселесі, қол жеткізетін қомақты ұлттық табысы, есеп беретіндей даму биігі анық көрсетілуі тиіс.
Ұлттық мүддені сақтап қалудың негізгі жолы – жаһандану процесіне қарсы тұратын ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев «Жаһандану кезіндегі ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігі» атты мақаласында «Қазақстан – болашағы бекем, елдік үміттері ақталмай қалмас жас мемлекет. Қазіргі жаңару-жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі – азат реңді, өршіл рухты қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алар өз орнын, енші-үлесін айқындау болып отырғаны шындық. Әрине, бұл елдік мәселенің оң шешім таппағы, дұрысы бағыттан ауытқымауы ақпарат кеңістігіміздің қауіпсіздігіне де тікелей байланысты. Бүгінгі күннің талассыз ақиқаты осы» [4.8] дейді. Яғни, ақпарат кеңістігіміздің қауіпсіздігі қазақтың ел болып ұюына, ұлт болып тұтасуына игі ықпалын тигізбек. Осы тұрғыдан келгенде, «Түркістан» газеті ақпараттың мейлінше қауіпсіздік шараларын қалай жүзеге асыру мәселелерін үнемі назарда ұстап келген. Бұған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты айдармен 2001 жылдан 2003 жылға дейін жазылып келген мақалалар сериясы куә. Мәселен, осы айдармен жарық көрген «Ақпарат кімге қызмет етеді?», «Ақпарат кеңістігінің қожасы кім?», «Саясат» өміршең бағдарлама ма?» атты мақалалар осы серия аясында жазылған. Бұл мақалаларда мемлекеттің ақпарат саласында жүргізіп отырған саясаты, оның жүзеге асырылу барысы, ұлттың ұлылығын ұлықтайтын телебағдарламалардың өмірге келмей отырғандығы, қаржы алпауыттарының оған жағдай жасамай жатқандығы сөз болады. Тіпті, тек қана қаржы алпауыттары ғана емес, жалпы мемлекеттің бұл саладағы самарқаулығы журналистерді ашындыруға мәжбүрлеген. Ақпарат – еліміздің ұлттық санасының бекуіне аса зор қызмет ететін сала. Бірақ, өкінішке орай, осы ақпарат саласы мәлтілдек. Журналистердің негізгі нысанаға алғаны да осы. Және нысана дөп тиеді. Ақпарат саласындағы шенеуніктердің бетің-жүзің бар демейді, осып-осып алады. Ойға алғаны жүзеге асқан. Қазір Қазақстанның отандық телеарналарында қазақ тіліндегі бағдарламалар көбейе бастаса, бұл – осы газет журналистерінің қажырлы еңбегінің арқасы.
Ұлттық мүдде – ұлттық құндылықтар. Құндылықтар ұлтқа берілетін анықтаманың әр параграфынан құралады: Атамекені, ана тілі, қалыптасқан ділі, бір діні, ортақ салт-дәстүрі, төл әдет-ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея – ұлттық құндылықтардың жаһандастыру дәуірінде қауіпсіз өмір сүре алатын жағдайын көксеген мұраттың көрінісі. Сондықтан, ұлттық идея - әрі мәңгілік, әрі кезеңдік ой-тұжырым. Ұлт өзін-өзі сақтау үшін үнемі сергек өмір сүруі қажет. Бірақ сергектік тек қана ұлттық дәстүрді сол қалпында сақтау ғана емес, сонымен қатар оны кемелдендіріп отыру пейілі, замана жетістігіне қарсы қою емес, керісінше, дәуірдің қол жеткізген игілік табысын өз пайдасына шешіп отыру пәлсапасы. Ұлттық құндылықтардың жазылу және насихатталу деңгейі газетте әрқилы. Бірақ, бір нәрсе айқын, кез-келген тақырыпқа қалам тербеген журналистер құндылықтардың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды. Мемлекеттік мәртебесі айқындалмаған тіл, кеудесі шұрқ-шұрқ тесік атамекен, жан-жаққа тартқан діни алауыздықтар, міне «Түркістан» газетінің негізгі шамшырағы, алған бағыт-бағдары. Мәселен, газетте ең көп насихатталған, көп зерттелген мәселе – тіл мәселесі. Экология мәселесіне онша назар аударылмаған, ауылшаруашылығы мардымсыз сөз болады. Ал, әлеуметтік және діни тақырыптар, білім-ғылым саласына арналған мақалалар жиі жарияланған.
Ұлттық идеяны қалыптастырушы негізгі күш тіл десек, «Түркістан» газетіндегі ұлттық идея өзегі – тіл тақырыбындағы мақалалар жиі көрініс ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Түркістан газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Түркістан газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі