Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы

 Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы

Мазмұны

КІРІСПЕ ...................................................................................................... І
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................................................ 1.1
Бұқаралық ақпарат құралдары құбылыс ретінде ............................. 1.2
БАҚ-тың құрылымы мен қызметі ........................................................ 1.3
БАҚ – билік ресурсы ретінде.................................................................... II
БАҚ-НЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ .................................................................... 2.1
а. Баспасөз ..................................................................................................
б. Телевидение ............................................................................................
в. Радио ........................................................................................................
2.2 БАҚ-тың қазіргі Қазақстандағы өзекті тенденциясы .................
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................

Неге екенін білмеймін, осы өлең жолдарын оқығанда, мына жаһандану дәуіріндегі қазақ жастарының шешуін таппай бұлқынып жатқан мәселелері бір сәтке кейінге ысырылып, қазіргі жастарымызға деген сенімім пайда болады. Ылайым, жүрегінде – Иманы, аузында – Аллаһ деген сөзі бар қазақ жастары көбейе берсін деп тілеймін!

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН...

Смағұл Садуақасовтың «Ауылдағы жастар туралы» мақаласы «Еңбек туы» газетінде 1920 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған. Мақалада ауылдағы жастарды ұйымдастыру, қоғамға пайдалы жұмысқа тарту, олардың іскерлігін қалыптастыру мәселесі көтерілген. Осы еңбегінде Смағұл бұрындары құрылған ұйымдардың кемшілігін айта отырып, оны қайталамауды, өткеннен сабақ алуды ескертеді. Көсемсөзші қазақ жастарының ерекшелігіне қарай жұмысты жоспарлауды ұсынады. «Біздің Қазақстан – ауылдың республикасы. Қазақтың 99 пайызы ауылда. Сондықтан ауыл жастарының арасындағы жұмыс ең бірінші орында болу керек», – дейді. Смағұл ауыл жастарына менсінбей қарайтындарды, оларды алға жетектеудің орнына меселін қайтаратындарды: «Қазақтың ұлтшылдары ондай «төрелерге» тиісті баға берсе де, қазақ ішінде «төрелік» қалған жоқ. Күні бүгінге дейін шаһарлы жерде жүрген дұп-дұрыс адам секілді жігіт елге шықса, шіңкілдеп, тоқаңдап кетеді. Балалармен сөйлесу түгілі, жаман-жәутік қазақпен де сөйлеспейді» – деп сынайды. Смағұл осы мақаласында: «Осы күнгі заман – бірлескеннің, білгеннің заманы. Бірлестің, бірауызды болдың – сен күн көре аласың. Бытырадың, надан болдың – өлесің» – деп, ел жастарын ұйымдасуға, өрелілікке шақырады.
«Жастар съезіне» атты мақаласын қаламгер «Қазақтың саяси пікірінің тарихы – қазақ жастарының тарихы» сөйлемімен бастайды. Бұл еңбегінде С. Садуақасұлы аға толқынның кезінде топтаса алмағандығын, «көпке бірдей жақсы аты шыққан қазақтың азаматы аздығын», жастар содан сабақ алу керектігін сөз ете келіп, жаңа замандағы жас лектің мақсат-міндеттеріне және санадағы сауатсыздықпен күрес қайтсе жеңіске жететінін әңгіме етеді. Жастардың ұйымдасып отырғанын үлкен күшке балап, оларға мүмкіндікті қолдан жібермеу жөнінде ақыл-кеңес береді. Ұлтты қадірлеуді ескертеді.
«Мен – коммунистпін. Маған қазағы да, орысы да бәрі бір» деушілер табылады. Бірақ бұл секілді сөзді айтушылар орысқа да, қазаққа да пайдасыз адам болып шығады», – дейді Смағұл. Автор мақаласын: «Көтеріл, жастар! Ұйымдас, жастар!» – деген үндеумен аяқтайды.
Байқап отырғанымыздай, Смағұл осынау үш мақаласында да ұлт ертеңі жастардың қолында екенін сөз етеді. Смағұл идеясы қазіргі публицистикамен үндес.
«Көтеріл, жастар!» мақаласы «Еңбек туы» газетінің 1920 жылғы 13-қарашасында жарық көрген. Мұнда саясат пен ұлтшылдарымыздың аражігін ашып көрсетіп, мәселені келешек жастарға тірейді. Енді не істеу керек? Смағұл сары уайымшылдыққа салынбайды. Сол себепті төңкеріс тудырған дәуірден баз кешіп кетуді қаламайды. Оқығандар елден жырақтанса, мыңдаған халықты «саясатпаздар» құздан құлататынын Смағұл түсінеді. Ол: «Енді бізде кім бар? Алдымыздағы асқар таудай жүкті кім арқалайды? Ұлттың ісін, елдің жұмысын кім атқарады? Еңбекшілердің кім ақылшысы болып, кім оларға жолбасшылық етеді?» – деп қойған сұрағына өзі: «Жастар, жастар, жастар. Бұлардан басқа ешкімге сенім, ешкімнен үміт жоқ» – деп жауап береді. Қаламгер аға толқын өкілі ақын Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген пікірін негіздей отырып, алдағы істердің жауапты екендігін қаперінен шығармайды. Мақаладағы «Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет керек» деген Смағұл ойы 20-жылдары аса көкейкесті, сындарлы естілгені анық.
(Д. Қамзабекұлы. С. Садуақасұлы. Алматы. Қазақстан. 1996 жыл, 160 бет)
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамдағы жастардың проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше мәселелерін шешу қажеттілігіне тап болып отырды. Бұл проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді. Қазақстан қоғамы да бұл мәселеден тысқары қалған емес. Соның айғақты дәлелі – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың басында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі десек болады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «НҰР ОТАННЫҢ» ДАМУЫНДА ЖАҢА БЕЛЕС БАСТАЛДЫ
«...Бесінші басым міндет – жастармен жұмыс.
«Нұр Отан» мақсаткер жастарды партия жұмысына қатысуға қазіргіден де белсендірек тартуы тиіс.
Біздің саясатымыз «Нұр Отан» партиясында және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге қабілетті жас гвардияны қалыптастыруға бағдар ұстауы керек. Жас ұрпақтың күш-қуаты мен шамшылдық жігері партиялық белсенділікке қуатты серпін беруі тиіс.
Партияның жастар қанатын нығайту қажет. «Жас Отанды» құра отырып, партиямыз 200-ден астам жастар ұйымының күш-жігерін біріктірді. Бұл жастар арасында «Нұр Отан» жақтастарының саны нақты артуына мүмкіндік берді.
Енді «Жас Отан» еліміздегі жастар саясатының түпқазығы болуы тиіс. Партиямызға жастар қозғалысын жан-жақты қолдау жөніндегі саясат түзу керек.
Көктемде «Жас Отанның» съезін өткізуді ұсынамын. Оған Қазақстанның барлық аумағындағы жас партия мүшелерін жинап, жастар саясаты мәселелерін тақырыптық тұрғыдан талқылау керек болады.
«Жас Отанның» негізгі күш-жігерін жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеуге бағыттаған жөн. Партия жастарға реформалардың басты қозғаушысы ретінде сенім артып, оларды партия істеріне тартатындай себеп табу керек.
Партия патриотизмнің үлгісін көрсетуі тиіс. Жастарымыз ар-намыс, парызға сенімділік, парасаттылық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы жасампаздық сияқты жоғары құндылықтардың жолын ұстанып өсуі тиіс.
Өзіне қатысты талапшылдық, төңірегіндегілерге қатысты адалдық, елге қатысты сенімділік – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі шешуші сәттер, міне, осылар.
Жастарды есірткіқұмарлық, алкоголизм, әлеуметке жат мінез-құлық, құқықтық нигилизм мен коррупция сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстарға төзімсіздік рухында тәрбиелеу қажет.
Тұтастай алғанда, партия жастарды партияға тартуға, жастар проблемаларын, оның ішінде ауыл жастарының проблемаларын шешуге, патриоттық жұмыстарды нығайтуға бағытталған өзінің жастар қанатының іс-қимыл стратегиясын жасауы тиіс.
Ақтөбе облысының өкілі өзінің сөзінде кадрлар резерві мен «ой-пікір фабрикасы» жөнінде жақсы ұсыныс айтты.
Осыған байланысты менде жоғарғы оқу орнын бітірушілерден (мүмкін бұл болашақтықтар болатын шығар) 200-300 жастан топ құрып, жоғары басшылық қызметке жылжыту үшін тиянақты оқытумен айналысу керек деген ой туындап отыр. Осылайша елімізде басшы кадрлардың жаңа негізі құрылатын болады. Бұл – маңызды міндет».
Елімізде соңғы жылдары жастардың тәрбиесіне, олардың сапалы білім алуларына ерекше көңіл бөле бастады. Биыл парламентте 2004 жылы қабылданған «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік заңының қайта қаралуы бұл сөзімізге дәлел бола алады. Ұрпақ тәрбиесінде қоршаған ортаның, ата-ананың, білім ордаларының үлкен рөл атқаратыны белгілі. Қоғам дамуы бір орнында тұрмайды. Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастарымыздың қоғамның жаңару үрдісімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін біз олардың тәрбиесіне айрықша зор мән беруге тиіспіз. Осы қатарда жастардың құқықтық сауатын өсіру мәселесінің орны ерекше. Өйткені құқықтық тәрбие ең алдымен жаңа тұрпатты адамды, азаматты қалыптастыру ісіне қызмет етеді. Осы орайда бір ғұламаның «бақытты өмір сүргің келсе – заңмен жүр» дегені еріксіз еске түседі.
Ең бастысы жас жеткіншектеріміздің азаматтық санасын оятуға жол ашылады. Егер азаматтық деген ұғымның астарында мемлекеттің заңдарын ерікті де саналы түрде мойындау, қоғам мен мемлекеттік мүддеге қайшы келетін әрекеттерге тосқауыл бола білу, азамат ретінде өзінің де, өзгенің де құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына атсалысу сияқты іс-әрекет ету қажеттігі жатқанын ескерсек, бұл бүгінгі күнгі ашық қоғам құруға ұмтылып отырған біздер үшін өте маңызды тәрбие үлгісі болып табылады.
Бұл мәселеге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жас патриоттар форумында сөйлеген сөзінде ерекше мән берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға жасалған қамқорлықтарды айта келе, «жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» – деп нақты атап көрсетті. Осындай әкелік қамқорлық нәтижесінде 1999 жылы «Мемлекеттік жас¬тар саясатының» тұжырымдамасы бекітілді, «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік заң (2004 ж.) қолданысқа енді. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы өмірге келді. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша шетелдердің танымал жоғарғы оқу орындарында білім алған жастарымыздың саны жылдан жылға артып келеді. Жас ұрпақ тәрбиелеудегі бірізділік, сабақтастық деген жоғарыда көрсетілген құжаттардың мазмұнынан айқын көрінеді деп нық сеніммен айта аламын. Біз осы заң нұсқаларына өмірдің өзі ұсынған толықтырулар мен өзгерістер енгіздік. Олардың бірқатары қабылданып та жатыр.
ҚР білім беруді дамытуға бағыттал¬ған мемлекеттік Бағдарламада жалпы орта білім беру міндеттері өте айқын көрсетілген. Бұл білім сапасын көтеруді қамтамасыз етуге қажетті толық заңнамалық негіз болып табылады. Себебі, құжатта әрбір тәрбиеленушінің шығармашылық белсендігін ашуға, оны үнемі арт¬тырып отыруға және оның жоғары мәдениетін, эстетикалық-этикалық тал-ғамдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұстанымдар заң мәтініне енген. Адам ресурсына мемлекеттік тұрғыдан мән беру дегеніміздің өзі осы емес пе?
Біз қазір жастар арасында әсіресе, мектептерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындарында жас ізденушілердің қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық одақтар құруларына, олардың қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып өзара ақпарат алмасуларына, қажет десеңіз, әрбір аймақта жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының болуына мүмкіндік жасау қажет. Салауатты ойлай білген жас қана салауатты өмір сүруге бейім, салауатты бәсекеге даяр. Осындай сападағы жастар легі ұлтымыздың интеллектуалдық әлеуетін күшейтіп отыратын жүйе құрушы фактор және нағыз қазына болып қалыптасады деген сенімдемін. Бұған Елбасының өз бастамасы арқасында қолға алынып жатқан «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасы жауап беретін болады.
Жас ұрпақ, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері еліміздің ертеңі үшін барынша белсене қызмет етуге міндетті деп есептеймін. Келешекте кәсіби білікті мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруда шешуші роль атқара алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Біздің қоғам үшін жастардың саяси білім деңгейі жоғары, талғамы биік, аналитикалық ойлау қабілеті болғаны керек. Бұған тек ақпараттық-мәдениет қана емес, нақты практикалық іс-тәжірибе арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан Елбасының ұсынысы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жастар қанатының» құрылуы пар¬тия¬лық-идеялық сабақтастықты қамтамасыз ету шарасынан туған қажеттілік деп білеміз.
«Болашақ» бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан туған, ТМД көлеміндегі бірден-бір жастарға арналған және Нұрсұлтан Әбіш¬ұлының жеке бастамасымен қабылданған ерекше бағдарлама екенін ескерсек, бұл біздің жастарымызға бұйырған бақыт деп бағалауымыз қажет. Президент атынан берілетін «Болашақ» стипендиясы – бұл жастардың қабілеттерін саралаудың ең биік деңгейлерінің бірі болғандықтан үміткерлерге деген талаптың өте жоғары болуы орынды.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы арқылы жаңа буын мамандарды үздік шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау дер кезінде қолға алынған және оның Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын шешуші тарихи қадам болып отыр. Сол бағдарлама негізінде бүгінге дейін жүздеген жас буын өкілдері әлемнің атақты оқу орындарында білім алып, біліктіліктерін ел игілігіне жұмсауда. Бүгінгі күні ел экономикасы ертеңгі күннің сұранысына жауап бере алатындай бәсекеге қабілетті қалыпта дамып отырған болса, бұл жетістікте қазір әртүрлі салаларда қызмет атқарып жүрген «болашақтықтардың» да үлесі зор. Аталған бағдарламаның және бір тиімділігі – стипендиаттар қай елде білім алса олар сол елдің экономикалық моделінен, даму ерекшеліктерінен, тарихы мен мәдениетінен, ұлттық құндылықтар жүйесінен мол хабардар болып оралады. Жастардың таным-түсінік дең¬гейінің осынша өсуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын білікті¬лікпен жүзеге асыруда, интеграциялық процестерді байыппен жүргізуде қажетті интеллектуалды мүмкіндік болып табылады.
2005 жылдан бастап 4000-нан астам үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. «Болашақ» бағдарламасы түлектерін шетелде алған біліктіліктеріне сәйкес ел экономикасының басымдыққа ие салаларына жұмысқа орналастыру қолға алынуда. Әсіресе, жастарды ауылға тарту үшін ауылдық жерлерде осы заманғы әлеуметтік инфрақұрылымдар құра отырып, оларды жұмыс істеуге ынталандыратын түрлі әлеуметтік же¬ңілдіктер берілуі қажет. Бұл жеңілдіктер қатарында қосымша көтерме қаржылар төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысын көбейту мәселелері жақында ғана Мәжілісте қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак¬тілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылды.
Жоғарыда атап өткеніміздей жастар тәрбиесін пәрменді жүргізу мақсатында «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасының маңызы зор. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды әлемдегі ең бір әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капиталға ие елге айналдыруды» көздеп отыр деп нық сеніммен айта аламыз. Аталған жобаның жасампаз идеясын ұсынып, жас ұрпаққа Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізуде үлкен сенім артылатынын атап өтті. Қазақстан соңғы 15 жыл бойы ұдайы жоғары қарқынмен дамып келеді. Сол себепті болашақтағы басты міндет – қол жеткен экономикалық даму жетістіктерін төмендетіп алмау болмақ.
«Жастар болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді дана халқымыз. Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүние танымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Себебі жастардың өмірдегі ұстанымдары әркез қоғам мүддесімен тоғысып, мемлекеттің даму қарқынына ілесіп отырғаны абзал. Бұл үшін бірінші кезекте жастарды қоғамдағы құндылықтарды қастерлей білуге үйретуіміз қажет. Сондықтан келешек ұрпақтың парасатты да, мәдениетті болып, білімді, озық технологияларды, ғылымды жете меңгеріп, әсіресе елжанды азамат, білікті басқарушы болып қалыптасуы біздің болашағымыздың кепілі.
Дана халқымыз «Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей» деп айтады. Патриоттық сезімді ояту үшін баланың санасына жастайынан жоғарыда айтылғандармен бірге – ұлттық дәстүрді де сіңіру керек. Салтын, әдет-ғұрпын білген жас тұлға ұлтын да сүйеді. Өйткені ұлтты ұлт қылып ұйыстырып тұрған да осы – салт-дәстүр.


«ЖАС» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру