Журналистика | Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Мазмұны
КІРІСПЕ..........................................................................................................6-9
I ТАРАУ ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН:...........................10-23
II ТАРАУ ОТАНШЫЛДЫҚ – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ:.......24-34
1.1 Қоғамды улаған рухани дерт:...........................................................35-38
1.2 Ұлттық арнаның баспасөздегі сипаты:..........................................39-42
1.3 Кітап мыңғасырлық тағылым....және патриоттық тәрбиедегі орны.............................................................................................................43-47
III ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН........................................................................................................48-53
ҚОРЫТЫНДЫ:.........................................................................................54-55
СІЛТІМЕЛЕР ТІЗІМІ:....................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:............................................57
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Бүгінгі БАҚ-да әсіресе, мерзімді баспасөзде патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса маңызды мемлекеттік істердің ең бастысы - халықтың өз Отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді іске қосу болса, біздің міндетіміз қазақстандық патриотизмді орнықтыруға, әрі қарай дамыта түсуге, яғни жастардың осындай сезімін күшейтіп, сол арқылы кез-келген азамат пен азаматшаны өз ұлтын, тілін, ділін, дінін сүюге бағыттау. Оларға патриоттық тәрбиені насихаттап, сол жолмен жүруге итермелеу. Бұл азаттыққа қол жеткізгеннен кейін елдің ел болуының, дербес мемлекеттің мемлекет болуының ең негізгі қозғаушы күші болуға тиісті мәселе. Яғни, қазақстандық патриотизмді орнықтыруды мемлекет тарапынан қапысыз қадағалау, түптеп келгенде, дербестікті нығайта түсудің және кемел қоғамдық қатынастар қалыптастырудың бірден-бір кепілі болып табылады. Мұның ақиқат шындық екеніне ешкім шәк келтірмеуге тиіс.
Сондай-ақ, оларды тәрбиелеудегі маңызды рөл атқаратын нәрсе - ол өз еліміздегі патриоттық, яғни қазақстандық патриотизмнің өркендеу, даму тұсы. «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті де өз кезегінде жастарды отансүйгіштікке тәрбилеу, тарихи тұлғалар арқылы үлгі-өнеге насихат жүргізу бағытындағы шығармашылық ізденістері көңілге қонымды. Расын айту керек, «Атырау» газетінің көтеретін жүгі салмақты, тақырыптары сан алуан. Әсіресе, «Заң және заман», «Атамекен», «Талбесік», «Ғибрат», «Бірінші байлық», «Ақжаулық», «Сымбат», «Күміс қоңырау», «Сыр қайнар», «Сұраңыз, жауап береміз» сияқты арнаулы беттер оқырмандарын бей- жай қалдырмайды. Әр оқырман ең алдымен өзіне, қызметіне қатысты мақалаларды іздейтіні даусыз. Осы ретте газетте оқырман сұраныстарының барлығы да қамтылады десек артық айтпаған болармыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Иә, қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани дамуымыздан ауадай қажетсініп отырған өзекті проблемаларының бірі- патриотизм болып табылады. Экономикалық қиыншылықтардан туындаған кедергілер мен әлеуметтік проблемалардың жиынтықталуы жағдайында қоғам мүшелерінің ертеңгі күнге деген сенімін ояту оңай емес. Мәселе осылай екен деп шарасыздық танытуға тағы болмайды. Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру- мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Оның көп факторлары бар.
Белгілі бір аймақта әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар адамның рухани сұранысын қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі екендігі анық. Елді рухани көтеру, ұлттың мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық қасиет қалыптастыру- тәуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңі үшін айрықша мәселе болып отыр.
Осы тұрғыда патриоттық тәрбие тақырыбын жан-жақты талдап, ол туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларды өзара сараптап, салыстырып кешегісі мен бүгінгісінің жағдайын ашық көрсетуге жұмыстандық.
Негізгі нысаны: Бүгінгі өскелең талап тұрғысынан келер болсақ, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үрдісінде әрбір адамның мүдделілік сезімі факторына ерекше назар аударған жөн. Ол үшін әрбір адамда, бүтіндей қоғамдық ортада мүдделілік сезімді ояту қажет, патриоттық қасиетті қалыптастыру деген сонда ғана шындыққа айналады.
Халқымыздың батыр перзенті Б.Момышұлының ғұмыр жолы ұрпаққа өнеге болса, ал ол айтты деген қанатты сөздің тағылым түйерлік мәні зор. «Барлық кезде патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудың, көбінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу қажет»,- деп түсіндіріп жазды ол.
Осы ретте патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті- өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынан да, шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты».
Сонымен қатар, әркім патриот болуы үшін өзінің ана тілінің қадір-қасиетін жете сезіне білуі керек. Осы өлшемді жүрегінен өткізе алмаған кісіден патриоттық қасиет талап ету бекершілік болар еді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Мақсатымыз және негізгі көздегеніміз бүгінгі ұрпақ бойына рухани өсуді, өркендеуді қалыптастыру. Ана тіліне деген сүйіспеншілікті дамыту. Осы мақсаттар негізінде диплом жұмысын жазу барысында алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
- әрбір жастың бойынан қазақи менталитетті табу;
- олардың шетел әндері мен киноларын бойларына сіңіруіне жол
бермеу;
- керісінше, жоғарыдағыларды болдырмау үшін рухани азық алатын
әдебиеттерді көп оқу;
- қазақстандық патриотизмнің дамуына өзіндік үлестерін қосуына
ықпал ету.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:
Жалпы диплом жұмысын жүйелі түрде жазып шығуға Қазақстан республикасының заңнамаларын және газет жарияланымдарын пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда патриотизм, әсіресе қазақстандық патриотизм айрықша маңызға ие болып отыр. Өйткені, тәуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуы үшін де бұл ерекше өлшемнің бірі екені даусыз.
Сондықтан болуы керек, біздің көзқарасымызша, соңғы жылдары патриотизм мәселелерінің ғылыми тұрғыдан сарапталуына, оның теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелуі керектігіне назар аударыла бастады. Бұл саланы зерттеген жазушы Жұмабек Кенжалин өзінің «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» деген кітабында саясаттану ғылымында проблеманың әлі зерттеле қоймаған өзекті тұсына былайша тоқталады:
- «Саясаттану ғылымында патриотизм тақырыбы ерекше орын алады. Ал зерделеп қарасақ, саясаттану ғылымының елеулі нысанына айналып отырған патриотизмнің қазақстандық ұғымдары кеше-бүгін пайда бола қалған жоқ. Сондықтан оның қалыптасуының себеп-салдарын, мән-мәртебесін жете байыптау және зерттеу керек екендігі байқалады».(1,)
Шыныменде, патриотизм, ұлтжандылық, елжандылық проблемасын тек қана соңғы он жыл көлеміндегі оқиғалармен, өзгерістермен орайластырып шектеп қалу жеткіліксіз. Бұл мәселе қоғамдық дамудың ілгерідегі кезеңдеріне де тән болған. Оны өрістетуде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси институттар белгілі бір роль атқарған. Бірақ кеңестік идеологиядағы ұраншылдық, науқаншылдық салдары патриотизм ұғымын жадағайландырып, оны әсіре-белсенділіктің құралына айналдырғаны жасырын емес. Сондықтан өткеннен сабақ ала отырып, бұл проблеманың саяси мәніне оның жаңа қоғамдағы алар орнын мұқият саралап қарастыру қажеттігі туындады. Себебі- өткеннің бәрі сабақ екендігі даусыз.
Жалпы, патриотизмнің мән-мағынасы, шыққан тегі, оның қандай да бір маңызға ие екенін жоққа шығара алмаймыз. Өз сөзінде зерттеуші мамандар оған төмендегідей сипат береді:
«Patriotes (грекше)- отандас деген ұғымды береді. Patris Отан, туған жер деген сөз. Патриотизм ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде әртүрлі өлшемдер қабылданған. Оның себебі, патриотизмнің әлеуметтік-тарихи, саяси құбылыс болғандығында және заманына орай әртүрлі әлеуметтік мәнге ие болуына байланыстылығында»,-деп мамандар түпкі ойларын білдіріп, әрі қарай былайша жалғастырады:
- «Тіпті, сонау кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, КСРО халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста патриотизм ұғымын жаңаша ұғындыруға ғылыми талпыныс жасалған. Сондай ұмтылыс қазақстандық сөздіктерден де байқалады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, әлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісін мақтан тұту, өзіндік және топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру, Отанға қызмет ету және оны қорғау өлшем бірліктерінің негізінде анықтама берілген»,-делінген. /2,/
Алайда, патриотизм өлшемдері бұнымен бітпейтіні анық. Біздің көзқарасымыз бойынша, патриотизм Отан-анаға деген сүйіспеншілік, адам бойындағы қабілет қарым мен күш-қуаты, білім мен білікті, ақыл парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ.
Расымен де, патриоттық қасиет қоғамдық ой-сана керуенінің ерекше бір бөлігі. Сондықтан ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай әртүрлі мазмұнда көрініс береді. Олай болса, патриотизмнің табиғи тамырларына, оның тарихи
кезеңдеріне тереңірек назар аударғанымыз жөн.
Осы мәселе турасында алыс және жақын шетел ғалымдары, қазақстандық әріптестеріміз өз көзқарастарын білдіріп, оның қоғамдық үрдістерде алар орнын айқындау бағытында ой-тұжырымдарын ұсынып келе жатқаны белгілі. Айталық, ресейлік ғалым В.В.Макаров:
- «Патриотизм кез келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтың ғасырлар бойғы тұтастығын қамтитын құбылыс» деп жазса, /3,/ Н.И.Губанов былай деп ой түйеді:
- «Шын мәніндегі патриотизм кім-кімнің болсада өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына құрметпен қарау болмақ. Ал мұндай қасиет іс әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы іспетті»,-дейді. Және де осы пікірді И.Е.Кравцов та қайталайды. /4,/
Бұл тұрғыда мәселені басқаша түйіндеген ғылыми зерттеулерге зер сала қарағанда патриотизмнің қоғамдағы атқарған функциясын жете бағаламаған әртүрлі пікірлердің орын алып келгенін анық аңғаруға болады. Ю.И.Дерюгин: «... патриотизм бұл жай ғана абстрактілі ұғым ғой десе», /4,/ П.М.Рогачев пен М.А.Свердлин: «патриотизм феномені ертеден келе жатқан түсінік екені рас, бірақ бұл ғылыми зерттеулердің арналарына жатпайтын үгіт-насихаттық жұмыстың ғана нысаны болуы керек»,- деп мәселеге біржақтылау сипат береді.
Бұл, әрине, патриотизм ұғымының мән-мазмұнын толық аша алмай тұр. Тарих қойнауына көз жіберсеңіз, патриотизм ұғымын нәсілшілдік көзқарас тұрғысынан түсіндіруге тырысқандар да болған. Мәселен, ғалым Н.И.Губановтың жазуынша, ағылшын лорды Х.Спурель «Патриотизм биологиялық көзқарас тұрғысынан» деген кітап жазған. Ол 1914 жылы орысшаға аударылып басылып шыққан. Спурель патриотизмнің түп-тамырын, тіпті, жануарлар әлемінің тіршілік түйсігінен іздеуге тырысады. Оның пікірінше олардың өз аталық сезімі патриоттық сезімнің баламасы бола алмақ.
Әдебиеттерде патриотизм ұғымын өзінше түсіндіру, тар мағынада қарастыру осылайша белең алған. Патриотизм мәселесі маңызды проблема ретінде Платон, Аристотель, Цицерон, Гегель, Ф.Энгельс еңбектерінен елеулі орын алған.
Қоғамдық дамуда техникалық прогрестің өріс алуы, цехтық шеберханалар мен мануфактураларды ығыстырып шығарып, капиталистік қатынастардың дүниеге келуіне ықпал етті. Сонымен қоса қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтерілді. Бұған өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруі себепші болады. Сөйтіп, патриоттық сана жаңа мазмұнмен толықты.
Кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырған. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді өз мүддесіне орай, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдаланған тоталитарлық жүйелердің мысалын да дүние жүзінен көп кездестіруге болады.
Белгілі саясаттанушы ғалым Л.Ахметова бұл мәселе жөнінде:
- «ХІХ және ХХ ғасырда патриотизм көбінесе үстемдік құрушы билік иелеріне қызмет етіп, бірте-бірте ол мемлекеттің бұқара арасындағы тәрбие жұмысының құрамдас бір бөлшегі болып келген еді. Қазір патриоттық тәрбие беру барлық қоғамдық саяси құрылымда да бар. Ал билік иелері елдің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешуде осы патриотизмге сүйенеді» деп жазады. /5, /
Біздіңше, автордың бұл пікірі кеңес қоғамындағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін зерттеуге арналған еңбегіне негізделгеніне қарамастан қазіргі қоғам үшін де құнды көзқарас.
Шын мәнінде өткен тарихқа көз салсақ, патриотизм мен интернационализм ұғымдары бүтіндей кеңестік идеологияның іргетасы саналды да ол шектен асып ұраншылдық, науқаншылдық сипат алған еді. Ал, сол идеологиялық құралдың үлкен бір механизмі саналған бұқаралық ақпарат құралдары бүтіндей билік иелерінің құзырына еніп, даурықпашылдық, көз бояушылық сарынға бой алдырғаны анық. Қоғамның кемшілігін дәл басып ашып жазудан гөрі, нақты жағдайды бұрмалап, боямалай көрсету, әсірелеп жазу сол жылдар басылымдарына тән болды.
Л.Ахметова патриотизмнің қазіргі тұрпатына сипаттама бергенде тәуелсіздік жылдарындағы оның науқаншылдық үрдістен ада табиғатын еске салып отыр. Патриотизм сырттан әкеліп таңатын жасандылықтан таза, әр қазақстандықтың шын мәніндегі тұлғалық қасиетін, сипатын бейнелейтін сезім болуға тиіс. Өйткені, оның бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты алғышарттары, негізі бар. Себебі бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары саясаттанушы ғалым Д.Жамбыловтың тұжырымы бойынша:
- «...азаматтардың саяси сауатын көтеруіне, өзінің адамгершілік сезінуіне, абыройын жоғары ұстауына, еркіндікке, әлеуметтік әділеттілікке ұмтылысына, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды» /6,/.
Біздің ойымызша, аталмыш мәселенің өзекжардылығы соншалық, бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, қазақ тілінде шығатын газеттер ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі