Қазақ тілі | Соматизм ұғымын анықтау

 Қазақ тілі | Соматизм ұғымын анықтау

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................
1 СОМАТИЗМ КАТЕГОРИЯСЫ....................................................................
1.1 Соматизмдердің тарихнамасы, зерттеу жолдары...........................................
1.2 Қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдерді талдау.....................................
2 ҚОЛ-РУКА СОМАТИЗМДЕРІ: САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ...........
2.1 Қол-рука соматизмдері фразеологизмдер құрамында....................................
2.2 Қазақ және орыс тілдерінде кездесетін сәйкестіктер......................................
2.3 Қазақ тіліндегі қол соматизмі бар фразеологизмдердің
ұлттық-мәдени ерекшеліктері............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................
ҚОСЫМША.............................................................................................................

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде генетикалық және типологиялық жағынан әр түрлі тілдердің лексика-семантикалық топтарын салғастырумен байланысты мәселелер әлі күнге дейін қарастырылуда. Тілдердің әр түрлі фактілерін салғастыру зерттеуге алынған тілдік құбылыстардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсінуге, тілдік құрылымды ұғынуға, бір ғана тілді зерттеу кезінде байқалмайтын ерекшеліктерді анықтауңа мүмкіндік береді. Фразеологияны зерттеудегі лингво-мәдени аспект ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Қазіргі тіл білімінде антропоцентрлік бағыттың пайда болуы құрамында соматизмдері бар фразеологизмдердің коннотативті семантикасын жеткізуде лингвистикалық және паралингвистикалық факторларды мұқият зерттеуді тудырды.
Құрамында соматизмдері бар фразеологизмдердің ұлттық-мәдени спецификасын зерттеу орыс-ағылшын, ағылшын-неміс, орыс-қазақ, қазақ-неміс, ағылшын-француз фразеологизмдеріне (Ю.А.Долгополов, З.К.Ахметжанова, Р.Е.Валиханова, М.Х.Абилгалиева, С.Г.Шафиков, т.б.) жүргізілген. Демек, құрамында қол-рука соматизмдері бар гетероморфты қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологизмдерді салғастыру, олардың ұлттық-мәдени ерекшелігін анықтау алғаш рет жүргізіліп отыр.
Зерттеудің мақсаты. Соматизм ұғымын анықтау. Отандық және шетелдік тіл білімінде соматизмдердің жолдарын қарастыру. Қол-рука соматизмдерінің лексикалық қорда алатын орны. Соматикалық фразеологизмдерді қызметіне қарай топтастыру. Құрамында қол-рука соматизмдері бар фразеолгизмдерді әмбебірліктері мен ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне қарай талдап көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарстырылған:
• Соматикалық фразеологизм, конвенционалды соматикалық фразеологизм, паралингвизмдер түсінігін анықтау;
• Құрамында соматизмдері бар конвенционалды фразеологизмдердің дифференциалды қасеттерін анықтау;
• Қазақ және орыс тілдеріндегі соматикалық фразологизмдердің қолданылу жиілігін анықтау;
• Конвенционалды соматикалық фразеологизмдердің коннотативті семантикасын сипаттау;
• Паралингвистикалық фразеологизмдердің спецификасын талдау;

Зерттеу нысаны. Қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен сөздіктерде берілген қол-рука соматикалық фразеологизмдері.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Салыстырмалы-типологиялық және конттрастивті талдау әдісі, соматикалық фразеологизмдердің ұлттық және универсалдылық қасиетін нақтылау үшін салғастырмалы талдау және лингво-мәдени әдіс.
Жұмыстың теориялық маңызы. Өзін-өзі тану арқылы әлемді ұлттық-спецификалық тануды сипаттайтын конвенционалды соматикалық фразеологизмдердің ерекшеліктері туралы лингвомәдени түсінікті кеңейту. Әр түрлі ұлт мәдениеті өкілдерінің пікірлесу арқылы қарым-қатынасқа түсу процесін қарастырумен байланысты пайда болатын мәселелер толып жатқан ғылым салаларын зерттеушілердің (психолог, философ, социолог, филолог және тағы басқалар) зейінін өзіне көптен бері ерекше аудартып келеді.
Қарым-қатынастың ұлттық мәдени ерекшеліктеріне байланысты мәселелерін көптеген зерттеушілер арнайы салаға бөліп қарастырады. Бұл орайда біз А.А.Леонтьевтің төмендегідей анықтамасымен келісеміз: ....пікір алысу арқылы пайда болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін арнайы салада бөліп қарастырудың мақсаты тек теориялық жағынан ғана емес, практикалық тұрғыдағы түсініктерімен де сипатталады.
Бұл жағдай ең алдымен әр түрлі елдер арасындағы мәдени байланыстардың шешуші мәселесі. Өйткені адамдардың іс-әрекеті мақсаты жайындағы айтайын деген пікірі туралы түсінігін, олардың әр түрлі ұлттық ерекшелігіне сәйкес ойлау ойлану деңгейін айқындап, адамдар арасында қарым-қатынасында, ұлттың әсіресе тілдік саяси мәселенің жүзеге асып шешілуі мүмкін емес».
Қазақ, орыс тілдерінің өзара бір-біріне белсенді түрде әсер етуі қазіргі Қазақстанның өзіндік бір белгісі болып табылады. Қазақстанның шет елдермен сыртқы экономикалық, мәдени байланыстары салыстырмалы бағытта ғылыми зерттеушілердің қажеттілігін көрсетуде. Демек, сондықтан жалпы тіл білімінің жетік зерттейтін аспектісі - соматикалық фразеологиялық тіркестерге назар
аудару бүгінгі таңда қажет деп танылып отыр. Біздер бұл аспектіні қазақ, орыс тілдердің ұлттық мәдени ерекшеліктері тұрғысынан қарастырамыз.
Соңғы жылдары ғалымдар адам дене мүшелерін сипаттайтын лексико-семантикалық сөздер тобын салғастырмалы түрде зерттеуге көп көңіл бөлуде, себебі қазақ тіл білімінде тілдік семантика мәселесі жаңадан дами бастады.. Зерттеуге алынған әр құрылымды тілдердің ерекше айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, сондай-ақ ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау жүйелі құрылымды салғастырмалы талдау арқылы жүзеге асады. Талдау фразеологизмдер құрамындағы лексико-семантикалық сөздер тобы - соматизмдерге жүргізіледі. Жүйелері әр түрлі тілдерді салғастырмалы талдау екі мақсатта жүргізілуі мүмкін:
А) олардың түпкі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау үшін қажет.
Ә) шет тілді аудиторияда оқыту методикасының лингвистикалық негізін жасау үшін.
Бітіру жұмысымның негізгі зерттеу нысаны дене мүше атауларының бірі қазақ және орыс тілдеріндегі қол-рука соматизмдері. Соматизмдерді зерттеу аталған лексемалар тобының семантикасы мен қызметіндегі әмбебап және спецификалық сипатын анықтау мүмкіндігін береді. Талдау барысында қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдердің құраушы бөлігі болып табылатын ұлттық-мәдени семантикалық жағына ерекше көңіл бөлінеді.
1 СОМАТИЗМ КАТЕГОРИЯСЫ

1.1 Соматизмдердің тарихнамасы, зерттелу жолдары.

Тіл бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын біртұтас жүйелі құрылым. Оның жүйелілігі құрамына енетін элементтерді бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп байланысып біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді.
Тілдің жүйелік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауда тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына жеке-жеке алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай ішкі жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады.
Адамдардың қоршаған ортасын, ондағы түрлі құбылыстарды, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін және өзін-өзі әр қырынан тануы тілде айрықша ізін қалдырып, сан мыңдаған лексемаларды дүниеге келтірді. Сондай сөздердің біріне әрбір тілдің байырғы лексикалық қабатынан орын алатын дене мүше атауларын жатқызуымызға болады.
Дене мүше атауларының қай тілдің болмасын лексикалық көне қабатынан орын алуы кездейсоқтық емес, өйткені адамның болмысты тануы ең әуелі өзін және өзінің бойындағы қасиеттерді, ерекшеліктерді қоршаған ортамен салыстыра тануынан басталады. Сондықтан белгілі бір тілдің көне қабатынан орын алатын сөздердің топтарын зерттеу, олардың семантикалық, морфологиялық, сөзжасамдық, т.б белгілерін айқындау сол тілдің және сол тілде сөйлейтін ұлттқа тән өзіндік ерекшеліктерді тануға мүмкіндік береді.
Лингвистикада дене мүше атаулары соматизмдер ( грек. soma - дене ) деп аталады. Олар шығу төркіні мен ипологиясына тәуелсіз барлық тілдерге тән сөздер тобы. Сөздердің бұл тобы тілде өте жиі қолдануымен, көп мағыналылығымен сөзжасамдық мүмкіндігінің жоғарлылығымен және фразеологизмдерді жасауда ұйытқы сөз ретінде жиі жұмсалуымен ерекшеленеді.
Соматизмдердің жиі қолданысы олардың қызметімен тікелей байланысты. Соматизмдер әрбір тілдегі сөздіктердің құраушы бөлігі. Олар танымдық, тәлімдік қасиетке ие. Адам өзінің дене мүшелерінің көмегімен ең алдымен өзін физиологиялық жағынан танып біледі.
Тәжірибелерге сүйенсек нәресте өз өміріндегі алғашқы “мама”, “папа”, “апа”, “ата”, “әже” сөздерін айтуымен қатар, “бас”, “қол”, “көз”, “ауыз”, “аяқ”, “мұрын”, т.б сөздерді меңгеруге тырысады.
Лексикографиялық еңбектерде дене мүшелерінің алғашында «арақашықтықты өлшеу құралы» болғаны, яғни «жақын-алыс» сияқты аралықты білдіргені айтылған. Мысалы: қол созым жер - рукой подать.
Орыс тарихи тіл білімінде бұл сөздер тобы тақырыптық белсенділігі жағынан қарастырылып, зерттеушілердің пікірінше, барлық тілдерге ортақ, ең кең тараған тақырыптық топ болып табылады.
ХI-ХIVғғ. тарихи лингвистикалық сөздіктерде, сондай-ақ И.И.Срезневскийдің «Материалы для словаря древне - русского языка» еңбегінде дене мүшелерінің мәнін беретін 200 жуық лексемалар берілген және тілдің дамуы барысында соматизмдер үзіліссіз қолданыста болған.
Мәселен, профессор Б.Хасанов: «метафораларды саралай келгенде, олардың адамға, оның дене мүшелеріне байланысты жасалғандарын көп кездестіреміз. Адам өзінің қасиеттерін табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерге ертеден-ақ теліген. Бұған қарағанда адамға байланысты метафоралар – ең көне метафоралар. Адамның метафоралары қолданылмайтын мүшесі жоқ, басынан бастап бақайына дейін, яғни барлық мүшесі түгел метафораланады,» - дейді .
Ә.Болғанбаев «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға сонша бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі,» - дейді. /1.6 /
Ғалым И.С.Козырев дене мүше атаулары туралы: «соматикалық лексика жоғары дәрежеде жүйеленген негізгі бөлігі анатомиялық терминдерден сәйкес келетін, өте тұрақты, тілде жиі қолданылатын, тілдің ішкі әсерінен дамитын, кең түрде метафораланған көне лексика... Компоненттері семантикалық тұрғыда негізінен мәндес болатын, кейде антонимиялық, синонимиялық байланысқа түсетін әрбір тілдегі соматикалық лексика бір ғана макрожүйеге бірігеді. Аталған макрожүйе бір-біріне тығыз семантикалық байланыста болатын бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлінеді», - деп жазды.
Тіл білімінде дене мүшелерін білдіретін сөздер тобының сипатын анықтауда ғалымдар арасында бірізділік жоқ, осыған байланысты олар әртүрлі анықталып, түрліше аталып жүр.
Мәселен, Г.С.Шур өз еңбегінде: «...ауру сырқауды, түр түсті адамның дене мүшелерін білдіретін терминдерге белгілі бір ортақтық тән, ол ортақтық лингвистикалық және эктралингвистикалық тұрғыдан алғанда - функция» - дей келе, дене мүше атауларын функционалды топ деп атайды.
Д.Н.Шмелев дене мүше атауларын тақырыптық топ деп көрсетіп, олардың бір-бірімен көбінесе тілден тыс, яғни өздерінің бейнелеп отырған заттарының арасындағы шынайы қатынастарға негізделе байланысатындығын айтады. Осындай пікірді М.Оразов еңбегінде де кездестіреміз.
Ғалым тақырыптық топтарға семантикалық байланысы жоқ, тек объектив дүниедегі заттардың өзара қатынасы негізінде топтасатын сөздерді жатқызады. Мысалы, қол мен көз, құлақ пен аяқ , бас пен қабырға.
Дене мүшелерін білдіретін сөздердің жиытығын Ф.П.Филин, П.Н.Денисов, И.А.Стернин секілді ғалымдар да тақырыптық топтар ретінде қарастырса, А.И.Кузнецова лексика-семантикалық топ деп атайды. Ал М.Бирвиш пен Ч.Дж.Филлмор дене мүше атауларын семантикалық өріс ретінде таниды.
Орыс тіліндегі дене мүше атаулары негізінде жасалған сөзжасамдық ұялардың құрылысын зерттеген Р.А.Қыдырбаева дене мүше атауларының бірнеше ортақ белгілерге ие екендігін көрсетеді:
1. «дене мүшелері» деген ортақ семантикалық тақырыпқа;
2. ұқсас синтаксистік байланыстарға ;
3. бірдей сөз жасамдық мүмкіндіктерге;
Осы аталған белгілер арқылы бұл топты микрожүйе ретінде қарастыруға болатындығын дене мүшелерінің жүйелілігін дифференциалды семалар негізінде нақтылана түсетін осы топтағы сөздердің бәріне ортақ бір семантикалық тақырыптың негізінде көрінетіндігін айтады.
Алайда ғалымдар дене мүшелерін білдіретін лексикалық бірліктердің тобын әр түрлі терминдермен атағанымен де, бұл топтың бөлшек бүтін логикалық қатынасы құрылатынына келгенде ортақ пікірде.
Осыған орай, адамның дене мүшелерінің сыртқы бөліктерін - соматика сөзімен көрсеттік лексика – семантикалық топқа салыстырмалы зерттеуде назар аудару, біздің пікірімізше, әр түрлі мәдениетке жататын адамдар қатынасының негізін зерттеу мәселесінен тікелей байланысты.
Соматизм лексиканың ертедегі көне қабаттарының біріне жататындығынан, екінші тілде зерттеу басталады, олар сөзжасамдық белсенділігімен, жиі қолданылуымен сипатталады. Соматизм әсіресе әдеби мәтіндерде жиі қолданылады.
Әдеби шығарманың соматизмдерге толықтылығына мысал ретінде М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді келтірейік: «Бейтаныс адам оған шоқпарын аяқ астынан алуға үлгертпей, шалды бас салып, үлкен қара тұмағын көзіне түсіріп жібереді. Жұмабай басын көтеруге қорықты, ол қарсыласып ұстауға жүрегі дауаламады, әрі оның уысынан шығып кетіп, қашу енді мүмкін емес еді. Жұмабай ақырындап түзеліп отырды да қалтырай маңдайына тұмағын көтереді.»
Соматизм барлық тілдер үшін универсалды категория ретінде жан-жақты және терең зерттеуде қажет етеді. Соматизм аспектілі лексикалық-семантикалық топтар ретінде ТМД және шетел мемлекеттері зерттеушілерінің назарын аудартады. Осы топтағы сөздердің әр түрлі қасиеттерін талдайтын әлеуметтер өте көп.

1.2 Қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдерді салғастырмалы талдау.

Салғастырмалы талдау ұзақ тарихқа ие. Салғастырмалы зерттеу XI ғасырда жазылған Махмұд Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» (Диуани лұғат ат түрік) еңбегінде жазылған.
Тілдердің жүйелі сипатын жасайтын салғастырмалы тіл білімі, сол тілдердің спецификасын, жүйелі тіркесімділігін анықтайды, сондықтан да салғастыру тілдің барлық элементтері мен жүйесіне жүргізілген. Салғастырмалы талдаудың нысаны - салғастырмалы тілдердің нақты ерекшеліктерін танып білу.
Менің жұмысымда талдауға қазақ және орыс тілдері түсіп отыр, яғни ондағы дене мүше атаулары - соматизмдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.
Бұл бағытта көптеген ғалымдар, ізденушілер еңбек еткен. Ж.Қ.Өміралиеваның пікіріне назар аударсақ: «.....Наиболее распространенными соматизмами в казахском и русском языках является лексемы голова, глаза, рук, рот, (язык), сердце, что вполне объяснимо, если мы представим человека как систему, пропускающую информацию через себя, посредством определенных частей тела. Основные функции человека (любой национальности) - это получение информации через видение, взгляд человека (глаза), сознательная обработка когнитивной информации в голове (разумом) или в сердце (чувствами), и естественная реакция человеческого организма через деятельность (рот, руки), что нашло свое отражение в большей распространенности… соматизмов» /2.86/. Яғни бітіру жұмысымның негізгі нысаны қазақ және орыс тіліндегі қол-рука соматизмдерінің қолданылу аясы өте кең......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру